Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.ru

1 Экономикалы~ теорияны~ ~алыптасу кезе~дері ж~не дамуы

Работа добавлена на сайт samzan.ru: 2016-03-30

Бесплатно
Узнать стоимость работы
Рассчитаем за 1 минуту, онлайн

1 ТАҚЫРЫП. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ: 

ПӘНІ, ӘДІСТЕРІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ

Жоспар:

1.1 Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері және дамуы.

1.2 Экономикалық теория пәні және әдістері. Экономикалық заңдар мен категориялар

1.1 Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері және дамуы.

Экономикалық ғылым практикамен байланысты. Біздің әрқайсымыз дайындығымызға байланыссыз күнде экономикалық көрініспен кездесеміз. Біз барлығымыз еңбектенеміз - кіріс аламыз, нарыққа бет бұрамыз, бағаны қадағалаймыз, тұтынушымыз. Экономикалық теория экономикалық адамды оның әрекетін және мүдделерін оқытады.

Ғылым да шамамен, құрылыс қалай салынады немесе ағаш қалай өседі, солай қалыптасады. Өткеннің ұлы экономистері экономикалық ғылымның негізін салды.

Экономика туралы алғашқы түсініктерді біз Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ежелгі ойшылдардың еңбектерінен көреміз. Алғашында экономикалық білімдер адамдардың мінез-құлықтарының жалпы ережесіне кірген, олар адамдардың қатынастарын қоғамдық ұйымдастыру мағлұматтарының жалпы жинағына қосылады. Ежелгі Грецияда Аристотель ғылымға «экономия» деген атауды кіргізеді. Бұл сөз гректің «эйкос» - шаруашылық және «номос» - заң деген екі сөзінен тұрады. Осыдан «экономиканың» мағынасы грек тілінен аударғанда «шаруашылық заңдарын» білдіреді.

Ұзақ тарихи кезеңде «экономия» алғашқыда «құл иеленуші» үйдің, кейіннен феодал жер иесінің шаруашылығын жүргізу және ұйымдастыру ережелері туралы жиналған және бекітілген білімдер мен пікірлердің жиынтығын білдіреді.

Феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, орталықтанған мемлекеттің құрылып шығуымен жеке емес жалпы ұлттық мемлекеттің шаруашылығын жүргізетін ережелерді анықтау әрекеттері пайда болды. «Экономия» түсінігі «саяси экономия» атауына айналды. «Саяси экономия» атауының өзін ең бірінші – француз экономисі Антуан Монкретьен (1575-1622) «Қоғамдық шаруашылықтың заңдары» («Саяси экономика трактаты») грек тілінен аударғанда – «қоғамдық ұйымдастыру» деген еңбегінде қолданады.

Саяси экономия қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып қалыптасады.

Саяси экономия өзінің пәнін (ХҮІ ғ. аяғы ХҮІІ ғ. басы) капитализмнің пайда болуымен суреттейді. К.Маркс «Капитал» деген еңбегінде: Буржуазия алғашында өндірісте емес, әлі феодалдық тәртіп билейтін айналыс саласында жұмыс істейді және сонда пайда болады», - дейді. Жаңа шаруашылықтық құрылыс, байлық тез пайда болатын, сауда мен ақша операцияларымен шұғылданатын «үшінші топ» адамдарда байқалады. Бұл байлықтың жаңа түрінің ең жарқын бейнесі болып алтын саналды. Сондықтан, бірінші, ХҮІІ ғ. басында Италияда, Англияда және Францияда кең тараған саяси-экономикалық ілім меркантелизм (итал. - саудагер) болды. Оның мәні:

Байлық сыртқы сауда нәтижесінде жиналады, сондықтан айналым саласын ғана зерттеу керек.

Меркантелизм екі кезеңде өтеді. Ерте кезеңде (ХҮ ғ.– ХҮІ ғ. басы) монетаризм формасында болды, оған байлықтың жалғыз формасы алтын мен күмісті дәріптеушілік (идеализация) тән. Монетаристер елден ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салуды ұсынып, «ақша балансы» теориясын шығарған.

Кейінгі меркантелистер ақша саласын емес тауар айырбасын зерттеуге көңіл аударады. Сөйтіп, олар елден ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салмай, өнеркәсіптік тауарлардың экспортын көбейтуді, шет ел тауларына жоғары баж салығын (пошлина) салуды ұсынады. Олар ұлттық экономиканы қорғауды жақтайды, яғни протекционизм (лат. – қорғаушылық, жақтаушылық) саясатын жүргізген. Меркантелизмнің өкілдері Томас Мен, Антуан-Де Монкретьен, У.Стаффорд және т.б.

Айналым саласында табысқа жеткен буржуазия өндіріс саласына кіре бастайды. Бұл әлбетте теорияда көрінеді: байлықтың көзі саудада емес, өндірісте екені дәлелденеді. Нағыз байлық ақша емес, тауарлар болып саналады. Осылайша классикалық саяси экономия мектебі пайда болды. Оның басын Уильям Петти бастаған.

Сол кездегі Еуропа әлі аграрлық ел болғандықтан көптеген экономистер өндірісті ауыл шаруашылығымен теңдестірді. Олар физиократтар (грек. Physis – табиғат, kratos - билік) мектебінің өкілдері болып саналған. Ол ХҮІІІ ғ. ортасында Францияда қалыптасқан. Оның негізін салушы Франсуа Кенэ (1694-1774). Өкілдері: Тюрго, Дюпон де Немур, Мирабо және т.б. Классикалық саяси экономиканың нағыз жарқын өкілдері Адам Смит (1723-1790) және Давид Рикардо (1772-1823) болған. 1777 жылы А.Смит «Халықтың байлығының себебі және табиғаты туралы зерттеулер» кітабын шығарған.

А.Смиттің негізгі идеялары:

  •  Мемлекеттің экономикаға минималды кірісуі;
  •  Бәсекенің әсерімен, сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасатын еркін бағаның негізінде нарықтың өзін-өзі реттеуі. Осы экономикалық реттеуіштерді (баға, сұраныс пен ұсыныс, ал негізгісі - бәсекені) ол «көрінбейтін қол» деп атаған.

Классикалық мектептің сіңірген еңбектері:

  1.  Зерттеудің негізгі объектісіне айналым емес материалдық өндіріс саласын алған, «халық байлығының» көзі дәл осында деп түсіндірген.
  2.  Барлық тауарлардың бағалығының өлшемі мен негізі ретінде еңбектің маңыздылығын ашқан.
  3.  Экономика нарықпен реттелуі керек екенін және оның өзінің объективті заңдары барын, яғни оны (экономикалық заңды) не президентпен не үкіметпен жоя алмайтынын дәлелдеген.
  4.  Қоғамның барлық топтары: кәсіпкерлердің, жұмысшылардың, жер иелерінің, банкирлердің, саудагерлердің кірістерінің көздерін тапқан.

Осының негізінде олар буржуазиялық қоғамның таптық (кластық) анатомиясын ашқан. Классикалық мектепті жүйелі жұмыс ретінде аяқтағанның бірі, - Д.Рикардо – капиталистік қоғамның кластық құрылымын ғана көрсеткен жоқ, сонымен қоса буржуазия мен жұмысшы кластың мүдделерінің және жағдайларының қарама-қарсылығын суреттеп оны «табиғи жол» ретінде көрді.

Экономикалық ғылымның әрі қарай дамуы қиын жолдармен дамиды. ХІХ ғ. екінші жартысының басында саяси экономия терең дағдарыста болды. Содан ол екі тармаққа бөлінді: марксизм және маржинализм.

Марксизмнің негізін салушы - Карл Маркс (1818-1883). К.Маркстің негізгі еңбегі «Капиталды» Ф.Энгельс «жұмысшы кластың библиясы» деп атады. Маркс өзінің зерттеуінің пәні, капиталистік өндіріс әдісі мен соған тиісті өндіріс және айырбас қатынастары деп санады, ал соңғы мақсаты - капитализмнің экономикалық заңдарын ашу. Маркс өз ілімінің ең маңыздысы, ол қосымша құн теориясы, оны өндіруге пролетариатты қанау жолымен жетеді, ал оны капиталиспен иемдену олардың байлығының көбеюінің тұрақты көзі болып саналады, - деп пайымдады.

А.Смит сияқты К.Маркс та нарық капитал қорлануының құдіретті жолы деп санады. Бірақ оның А.Смиттен айырмашылығы ол: «Бұл процесс кластық күрестің күшеюімен, шиеленісуімен және капитализмнің жойылуымен бітеді, өйткені оның қайшылығы сонша қатерлі, оны нарықтық механизм жеңіп шыға алмайды», - деп ойлады. Бұл идея осы күнге дейін дау-таласта, өйткені бұл сұраққа жай жауап болмайды.

Маржинализмнің (франц. тіл. ауд. - шекті) марксизмнен айырмашылығы - ол қанауға негізделген капиталистік өндіріс әдісінің мәнін зерттеуге мән бермеді (абстракцияланды).

Ол ХІХ ғ. 70-ші жылдары пайда болды. Оның өкілдері: Австрияда К.Менгер, Англияда У.Джевонс, Швейцарияда Л.Вальрас. Маржиналистер саяси экономияның міндетін, шаруашылықты рационалды жүргізу мен шектеулі ресурстарды бөлудің тиімді әдістерін іздеуден көрді. Өздерінің зерттеулерінде әлеуметтік бейтараптылықты көрсету үшін, олар «экономикстің» үлесіне байланысты «саяси экономия» деген түсініктен бас тартады. Мұны бірінші істеген У.Джевонс, содан кейін «Экономиканың принциптері» деген кітабын шығарған А.Маршалл.

Марксизмге қарағанда маржинализм идеялардың бәсекелі қысымында болды, ал ол оған жаңа ойлар мен әдістерді қабылдауға мәжбүр етті. Сөйтіп оның жақтаушылары, алғашқы болып өздерінің зерттеулерінде математикалық модельдерді қолдана бастады. Ал ХІХ ғ. 90-шы жылдары А.Маршал маржинализм концепциясына Рикардо теориясынан классикалық саяси экономия элементтерін қосты, нәтижесінде ол ұтып кейіннен, неоклассикалық жүйе деп аталды. Оның өкілдері: (американдық мектеп) Д.Кларк, (кембридж мектебі) А.Маршалл және А.Пигу және т.б.

Неоклассикалық жолды жақтаушылар, экономиканы ұйымдас-тырудың қоғамдық формасына байланыссыз өздерінің зерттеу-лерінің пәні ретінде «таза экономиканы» алды. Ал зерттеудің жеке объектісі ретінде - өзінің қызметінде тек қана жеке мүддемен, шығынды минималдау және кірісті максималдаумен, басшылық ететін «экономикалық адамның» субъективті себебі (мотивін) мен тәртібін алады.

Мұндай тәсіл микроэкономикалық деген атау алды. Кейінірек маржинализм өзіне Д.М.Кейнстің теориясын бойына сіңірді. Оның теориясы бойынша, нарықтық реттеулер экономиканы тұрақсыздандырады, сондықтан мемлекеттің кірісуі қажет деп санады.

Д.М.Кейнс (1883-1946), А.Смит және К.Маркспен бірге дүниежүзіндегі үш ұлы экономистердің бірі болып саналды.

Неоклассиктерден Кейнстің айырмашылығы, ол өзінің талдау пәні ретінде, жалпы халық шаруашылығын алып зерттейді. Бұл жол макроэкономикалық деп аталды. Ал 1936 жылы шығарған «Жұмысбастылықтың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген кітабында баяндалған бағыт – кейнсиандық атау деген алды.

Жалпы маржинализмді бағалай келе оның құндылығы ретінде, лайықты концепциялар қалыптасқан жаңа идеялардан аулақ болмағанын атаған жөн. Соның өзінде, оның негізгі ұғымдары болып шекті көлемдерді оқу болды: шекті пайдалылық (полезность), шекті кіріс, шекті шығындар және т.б. Бірақ та маржинализмнің елеулі жағымсыз жағы да бар: ол артығырақ математикаланған, абстракциялық ой-пікірлермен толған, график және формулалармен көп жүктелген. Ал негізгісі - әлеуметті емес.

Маржинализмнің әлеуметті мәселелерді шешуге қабілетсіздігіне реакция ретінде, институционалды-социологиялық бағыт шығады (лат. - мекеме). Оның өкілдері: Т.Вейлен, У.Митчел, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт, Г.Мюрдаль және т.б.

Осы теория бойынша экономикалық дамудың сипаты өзінен-өзі нарықпен емес, экономикалық институттардың барлық жүйесімен анықталады, мұнда нарық оның бір бөлігі ғана. Олар «әлеуметті береке» (рақат) идеалды қоғамын шығарды. Мұнда: әлеуметтік бағдарламалар, индикативтік жоспарлау, еңбекшілдердің меншік пен өндірісті басқаруда қатысуы және мемлекеттің кірісуінің басқа да формалары қатысуы керек. Белгілі шамада осы идеялар экономикалық дамудың «шведтік моделінде» іске асқан.

Қазіргі кездегі Қазақстанның экономикалық әдебиеттерінде төрт негізгі бағытты көруге болады. Біріншісі, маркстік концепцияның беріктігінен құрастырылады. Екіншісінің өкілдері марксизмді қазіргі кездегі кейнсиандықпен байланыстырады (неокейнсиондық). Үшінші тенденциясы батыс теориясын елдің ғылымына механикалық түрде көшіреді. Төртіншінің өкілдері принципті жаңа концепцияны іздеуде. Бұл ғылым басқалар да сияқты қазіргі кезде өзінің әрі қарай дамуында және жетілдірілу кезеңінде.

1.2 Экономикалық теория пәні және әдістері. Экономикалық заңдар мен категориялар

Бүкіл экономистердің көзқарастарында көне ойшылдардан бүгінгі оқымыстыларға дейін бәріне ортақ бір белгі бар: ол – қоғам байлығын арттыратын рационалды шаруашылық жолдарын зерттеу.

Латыншадан аударғанда «рационалды» - бұл тиімді, ақылға қонымды, орынды деген сөз. Қоғам өмірінің әр түрлі кезеңінде шаруашылықты рационалды жүргізу түрлі әдістермен атқарылды, бірақ негізгі байлықты жасаушы - еңбек адамына қатысты ол ізгі іс болмады.

Қарапайым техника мен мамандығы жоқ, төмен білікті еңбек заманында өндірістің нәтижелігін арттыру тек қанауды ашық күшейткенде ғана, еңбек және табиғат қорларын орынсыз, босқа шашу арқылы ғана мүмкін еді. Одан әрі, ғылыми-техникалық прогрестің дамып тарауы еңбек жағдайын жақсартып қоғам байлығын біршама арттырды. Ал мұның өзі табиғат байлығының азаюына, білікті мамандар дайындауға кететін шығынның өсуіне әкеп соқты. Тағы да шектеулі қорларды нәтижелі пайдалану мәселесі алдан шықты, сөйтіп ресурстарды, шаруашылықты тиімді (рационалды) жүргізу әдістері негізінен актуалды болып қала берді.

Шаруашылық қызмет пен адамдар арасындағы экономикалық қатынастар процесінің екі жағы бар - объективті жағы ол меншік қатынастарымен анықталады, ал субъективті жағы - әр түрлі шаруашылық субъектілерінің (жеке адам, фирма, мемлекет) экономикалық мінез-құлқынан көрініс табады. Сондықтан экономикалық теория осы қатынастардың барлық жиынтығын қамтиды. Олардың объективті жағы объективті экономикалық заңдардың әрекетімен байланысты, субъективтілігі - осы заңдарды танып-білуге шаруашылықты рационалды жүргізуге байланысты.

Осыменен жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, экономикалық теорияның мақсатын былай анықтауға болады:

Экономикалық теория шаруашылықты рационалды жүргізу заңдарын және шаруашылық субъектілерінің мінез-құлықтарын (поведение) әртүрлі тарихи кезеңде және әртүрлі шаруашылық деңгейінде оқытады.

Сонымен, экономикалық теория, біріншіден, экономикалық заңдарды зерттейді. 

Экономикалық заң дегеніміз не?

Экономикалық зерттеулер кезінде ғалымдарға жекеленген, бөлек фактілермен ғана емес, олардың көптеген топтарымен, көлемдерімен жұмыс істеуге тура келеді. Фактілерді топтастырып (классификациялау) жинақтап қорыту керек. Оған индуктивтік (лат. - бағыттау) әдісімен жетеді, яғни жеке, бірлік жағдайдан жалпы қорытынды шығаратын логикалық ой-түйіні, демек, фактілерден теория шығару.

Талдап қорыту дедуктивтік (лат. - шығару) деп аталатын қарама-қарсы әдіспен тексеріледі, яғни жалпы пікірден жеке қорытынды шығаратын логикалық ой түйіні, демек, ғылыми болжамнан оны тұжырымдауға көшу.

Осылайша бірнеше рет тексерілген және бекітілген экономикалық процестерді жинақтап қорытуды экономикалық заңдар деп атайды.

Олар экономикалық құбылыстар мен процестердің арасындағы қажетті, тұрақты байланысты білдіреді және олар (заңдар) объективті түрде болады.

Жекеленген және жалпылама қорытындыланған экономикалық фактілерде адамдардың экономикалық қызметі көрінеді және оның негізінде сол қызметтер процесінде адамдар бір-бірімен байланысқа түсетін қатынастары тұр.

Ендеше, экономикалық заңдар – бұлар экономикалық қатынастардың көріну формасы. Олар адамдардың қоғамдық қызметінің заңдары болып есептеледі.

Экономикалық заңдар әлеуметтік, қоғамдық заңдарға жатады, табиғат заңдарынан айырмасы да осында. Екінші айырмасы экономикалық заңдар тарихи шектеулі сипатта болады, ал табиғи заңдар мәңгілік.

Экономикалық заңдар өз әрекетінің ұзақтығына байланысты ерекше және жалпы боп бөлінеді.

Ерекше экономикалық заңдар әрбір жеке алынған формацияға тән. Мысалы, құл иеленуші немесе феодалдық дәуірдегі материалдық игіліктерді бөлу заңы.

Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық формацияларға тән. Мысалы, еңбек өнімділігін өсіру заңы, уақытты үнемдеу заңы, т.б.

Экономикалық теория пәнінің анықтамасында көрсетілгеніндей, екіншіден ол экономикалық заңдарды әр түрлі шаруашылық деңгейінде зерттейді.

Микроэкономикада анализдің (талдау) негізіне кіші шаруашылық бірлігі – жеке фирма, бірлестік т.б. алынады.

Мезоэкономика халық шаруашылығының салаларын (агроөнеркәсіптік кешен, әскери-өнеркәсіптік кешен, аймақтық экономика және т.б.) немесе ұлттық экономиканың белгілі жеке жүйелерінің заңдарын және мінез-құлқын зерттейді.

Макроэкономикада жалпы елдің экономикасы зерттеледі. Оның объектілері ретінде қоғамның табысы мен байлығы, экономикалық өсудің факторлары мен қарқыны т.б. қаралады. Макроталдау халық шаруашылығы мәселелерін шешуге: инфляциямен, жұмыссыздықпен күреске, іскерлік белсенділікті ынталандыруға т.б. бағытталған.

Мегаэкономика жалпы әлем экономикасының мінез-құлқын, заңдарын реттейді.

Экономикалық теория пәнінің анықтамасынан шығатыны, үшіншіден, ол түрлі тарихи дәуірдегі шаруашылық субъектілерінің мінез-құлықтары мен шаруашылықты рационалды жүргізу заңдарын зерттейді. Бірақ әлем тарихын әр түрлі дәуірге жіктеуде экономистер арасында бірыңғай ой жоқ. Мысалы, маркстік теория бес қоғамдық-экономикалық формацияны бөледі (алғашқы қауымдық қоғам, құл иеленуші, феодалдық, капиталистік, коммунистік).

Қазіргі кездегі ғылым әлем тарихын басқаша жіктейді және оны зерттеу үшін басқа жолдарды қолданады (8-тақырыпта айтылады).

Басқа да ғылымдар сияқты, экономикалық теория танымның әр түрлі формалары мен әдістерін пайдаланады, олар танымның методологиясын құрайды, ал соңғысына шаруашылық өмірді зерттеудің әдістері кіреді. Олар жеке және жалпы ғылымдық болып бөлінеді.

Жалпы ғылымдық әдістер дегеніміз - көне грек философтарымен негізделген, сосын кейінгі ұрпақ, ғалымдармен дамытылған диалектикалық-материалистік принциптер. Бұл әдістерге сүйенсек, барлық экономикалық процестер қарама-қайшылықта және үнемі қозғалыста болады.

Бұл процестерді зерттеуде тарихи және логикалық (теориялық) жолдардың байланысы пайдаланылады.

Тарихи жолмен құбылыстарды олардың пайда болу, даму, бір-бірін алмастыру кезегі бойынша талдауға болады.

Логикалық (теориялық) жолмен бұл құбылыстарды талдау олардың тарихи дамуының көрінісі болып табылмайды. Ол зерттелмекші құбылыстың өзара байланысын, мәнін терең ұғыну үшін абстракциялау әдісін қолданады. Яғни қосалқы, жанама қасиеттерге көңіл аудармау. Осының негізінде сол құбылыс туралы ғылыми көзқарас туындайды, басқаша айтқанда, логикалық түсінік немесе экономикалық категория пайда болады. Мысалы, тауар, баға, ақша, бәсеке т.б. Зерттеудің мұндай түрі ғылыми абстракция әдісі деп аталады.

Ғылыми танымның жеке әдістеріне жататындар: байқау, алынған мәліметті синтез және талдау (анализ) арқылы өңдеу, индукция және дедукция, заңдар жүйесі мен категорияларды жіктеу, оларды тексеру, эксперимент жүргізу, модельдер жасау, оларды математикалық формалау т.б.

Математикалық модельдер кескіндер (графиктер) мен математикалық теңдеулер арқылы жүргізіледі. Бірақ бұл әдісті дұрыс өңделген экономикалық көрсеткіштерге пайдаланған жөн.

Экономикалық теория тарихпен, философиямен, статистикамен, математикамен және т.б. ғылымдармен тығыз байланыста. Экономикалық ғылымдар жүйесінде ол орталық орынды алады.

Экономикалық теория маңызды үш функцияны атқарады: танымдық, методологиялық (әдістемелік), іс-тәжірибелік (практикалық).

Қоғамдық ғылым болғандықтан ол үш сұраққа: Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру? жауап беруі керек.

Нарықтық экономикада мемлекет тек үшінші міндетті, әлеуметтік бағдарламаны жасап және оны жүзеге асыру мен табысты қайта бөлуге қатысады. Қалған сұрақтың бәрі нарық арқылы шешіледі. Ю.А.Львов айтқандай, бірінші сұрақтың шешуі: фирмалар тек табысты көп әкелетін тауар шығарады. Ол үшін ең аз шығындалатын технологияны пайдалану қажет, бұл - екінші сұраққа жауап, ал халық өз табысымен тауар бағасын салыстыра алады, бұл - үшінші сұрақтың жауабы (Қараңыз: Львов Ю.А. Основы экономики и организации бизнеса. – Спб., 1992).

Қорытындылар:

  1.  Экономикалық теориялар шаруашылық практикасы қойған сұрақтарға шешімді іздеу кезінде дамыған. Теорияларды модельдеу барысында зерттеуші позитивтік (негізделген) пен нормативтік (мөлшер) тұжырымдарды қолданады. Позитивтік тұжырымдар не болды, не бар, онда не болмақшыны суреттейді. Нормативті тұжырым ол позитивтіктен шығады, яғни ол - не болу керек туралы ой. Теориялар позитивтік тұжырым түрінде құрылады.
  2.  Экономикалық теорияның негізінде экономикалық саясат анықталады. Оның міндеті – экономикалық мәселелерді шешудің варианттары мен механизмдерін табу.
  3.  Экономикалық саясатты іске асыру кезінде барлық экономикалық жүйе жетілдіріледі, ал осының өзі экономикалық теорияны жаңа сатыға көтереді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер

  1.  Әкімбеков С., Баймухаметов А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория.Оқу құралы.- Астана 2002.
  2.  Шеденов Ө.К., Жүнүсів Б.А., Байжомартов У.С. Жалпы экономикалық теория. – Алматы. 2002.
  3.  Экономикалық теория негіздері /Осипова Г.М. – Алматы. Каз.ГЭУ.2002.
  4.  Курс экономической теории. Учебное пособие/Под общ. ред. М.Н.Чепурина, Е.А.Киселевой.-Киров: АСА.
  5.  Курс экономической теории: Общие основы экономической теории.Микроэкономика.Макроэкономика.Основы национальной экономики: Учебное пособие / Под ред.д.э.н., А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова.- М.: Изд-во «Дело и сервис»,2001.
  6.  Макконнел К., Брю С. Экономикс.-М. Республика, 1992г.– Т.1. , Т.2.
  7.  Пол Хейне. Экономический образ мышления.- М.: 1992

Қосымша әдебиеттер

  1.  Андарова Р.К. Проблемы экономического роста в условиях рынка. Алматы, РИО ВАК РК Министерства образования и науки. 2000г.
  2.  Атапханов К.А. Фискальная система государства: роль и вопросы  совершенствования. Алматы: Гылым, 1998г.
  3.  Большой экономический словарь: 20000 терминов. Под ред. А.Н.Азрилияна.-4-е изд-е. М.: Институт экономики, 1996г.
  4.  Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник.-М.: Юристь, 2000г.
  5.  Валовой Д.В.  Рыночная  экономика.  Возникновение, эволюция и сущность. М. 1997г.
  6.  Веттерберг Г. Новое общество. О возможностях общественного сектора.-М.: «Ad Marginem», 1999г.
  7.  Долан Э., Линдсей Д. Макроэкономика.-С-Пб, 1994г.
  8.  Долан Э. и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика.-Бишкек:  Туран, 1996г.
  9.  Долан Э., Линдсей Д. Рынок: микроэкономическая модель.-М. 1993г
  10.  Истаева А.А. Экономика и планирование коммерческого предпринимательство. Алматы,2000г.
  11.  Учебник по основам экономической теории. В.Д.Камаев, М.В.Семенов, Д.Е.Сорокин, Ф.Ф.Стерликов и др.-Владос: Изд-во МГТУ им.Н.Э.Баумана, 1996г.
  12.  Микроэкономика. Учебник/Под ред. Е.Б.Яковлевой.-Москва,  1997г.
  13.  Мамыров Н. Макроэкономика. Алматы, 2000г.
  14.  Назарбаев Н. Стратегия развития Республики Казахстан на период до 2030 года  (Казахстан-2030). Алматы, 1997г.
  15.  Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики.-М., 2001г.
  16.  Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. –М. 1992г
  17.  Смирнов Н.К. Всеобщее и основное противоречие собственности. -Алматы: Гылым, 2001г.
  18.  Сорос Д. Кризис мирового капитализма, открытое общество в опасности.-     М., 1999г.
  19.  Фикс Д.Ж. Стоимость и капитал М. Прогресс 1993г.
  20.  Фишер С., Дорбуш Р., Шмалензи Р. Экономика: пер.с англ.со 2-го изд. –М.; «Дело ЛТД» 1995.
  21.  Шишкин А.Ф. Экономическая теория. Учебник для студентов экономических специальностей вузов.-2-е изд-е. –М.Владос, 1996г.
  22.  Харрис Л. Денежная теория. –М.: Прогресс, 1990г.
  23.  Экономическая теория в вопросах и ответах. Учебное пособие для студентов вузов и преп. экономических дисциплин. Отв. ред. В.М.Белоусов.-Ростов-на-Дону: Феникс, 1998г.
  24.  Экономика: Учебник / Под ред. Доц.А.С. Булатова.- М.; Изд-во БЕК 1997.
  25.  Эклунд К. Эффективная экономика (шведская модель).-Москва, 1991г.


Диплом на заказ


1. Гиперицин зверобой в лечении больных с симптомами депрессии и тревоги
2. Функции и виды цен
3. Лекция 9. Развитие европейского романтизма.
4. Лекция 3 Транспортная логистика
5. Производственная мощность предприятия
6. Павел I (1754-1801)
7. Про охорону праці
8. Політична система Аргентини
9. Головне завдання Партії Повернути українському народу віру в себе в те що ми ~ найкраща нація і з
10. Введение8
11. Тема. Разработка схемы участковой станции Цель
12. Реферат- Клиника и методы лечения почечной колики
13. моему такая погода и подталкивает людей на безумные поступки или наоборот заставляет слишком сильно задум
14. Тематичний план занять
15. Подниматься превосходить других в чем бы то ни было в какомнибудь отделе искусства науки или мысли есть с
16. Лабораторна роботаДОСЛІДЖЕННЯ ПРОЦЕСУ ПСЕВДОЗРІДЖЕННЯ ДИСПЕРСНОГО МАТЕРІАЛУ
17. совокупность административнопроцессуальных норм и основанная на них деятельность уполномоченных органов
18.  Описание принципа работы схемы электрической принципиальной 2
19. Концепция развития ОАО
20. Реферат- Устройство CD-диска