Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.ru

За~ды т~л~алар мен жеке к~сіпкерліктерді~ банкротты~ы туралы істерді сотта ~арау ерекшеліктері

Работа добавлена на сайт samzan.ru: 2016-03-13


 

Мазмұны

Кіріспе …………………………………………………………………………3-7  

1   Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы   

    мәселесін сотқа дейін шешу жолдары…………………………………7-14

  1.  Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу   

       жолдары.....................................................................................................15-29

  1.  Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін      

       шешу  жолдары………….........................................................................29-43

2   Заңды  тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы

    істерді сотта қарау ерекшеліктері.........................................................44-46

2.1  Банкроттық туралы істерді қозғау мен әзірлеу......................................46-59

2.2  Банкроттық туралы істерді қарау............................................................59-68

Қорытынды ....................................................................................................69-72

Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................73-75

Кіріспе

Әділ  бидің  елін  дау араламайды,

Әділ патшаның  жерін жау араламайды.

(Мәшһүр  Жүсіп Көпеев).

 

Таңдалып алынған тақырыптың маңыздылығын екі топқа бөліп қарастыратын факторлармен анықтауға болады.

Біріншіден, бұл дәрменсіздік тақырыбының жалпы маңыздылығы және дәрменсіздік туралы істерді қозғау ерекшелігі. Қазіргі кезде біздің ел, дәрменсіздік туралы істер бойынша ең бір ауқымды кезеңді бастан кешіп жатыр десек, біз қателеспеспіз.

Банкроттық тақырыбының маңыздылығы көптеген жаңа заң жобаларының шығуына ықпал етеді, ол өз жағынан банкроттық процедурасымен байланыста болады.

Банкроттық процедурасы ең алдымен несие берушілер мен заңды тұлғаның, егер ол банк болған жағдайда оның салымшыларына керек, себебі  несие берушілер мен салымшылар өз ақшалай қаражаттарын қысқа мерзімде қайтарып алуына сенімді болуы керек.

Не болғанда да белгілі, коммерциялық ұйымдар кредиторлары алдында қарыздарын  өтей алмайтын кездер болады. Осыған сәйкес экономикалық кризистен ең ірі деген ұйымдардың өзі де сақтандырылмаған. Солайша, 1999ж. Оңтүстік Кореяның Daewoo компаниясы банкроттыққа ұшырады, бұл сол кездегі дүние жүзіндегі ең ірі банкроттық болатын.1  Бір ғана менеджердің тәуекелі Ұлыбританияның бұрыннан келе жатқан «Беринг»2 атты ірі банкті банкроттыққа әкелді.

___________________

1 Кризис в Hyundai обрушал рынок\\ Ведомости, 30 мая 2000г № 94 с.62 Горькое лекарство для Кореи: банкротство Daewoo может   

  пойти на пользу экономике страны\\ Ведомости, 14 ноября 2000г. №210, 

2 Баренбойм П.Д.  Правовые основы банкротства: Учебное пособие, М.: 1995,  с.с. 52-54.

Борышқордың қаржылық қиыншылықтары оның контрагенттерінде көрініс табады және жағымсыз әлеуметтік жағдай тудырады (бюджетке салық түсімінің төмендеуі, жұмыскерлерді орнынан босату, т.с.с.).

Қаржылық қиыншылықтары бар борышқор мен  оның кредиторлары арасындағы қарым-қатынасты реттеу мәселелерін банкроттық  институты қарастырады, бұл нарықтық экономиканың тұрақты қызметінің бөлігі болып келеді.1 Дәрменсіздік (банкроттық) институты экономиканың жандануына әсер етеді, себебі азаматтық айналымнан жарамсыз коммерсанттар іріктеліп шығады. Сонымен қатар, банкроттық туралы заң борышқордың дәрменсіздігінен туындайтын  жағымсыз   жағдайларды  неғұрлым төмендетуге  бағытталған.

Құлиеленушілік қоғамның өзінде дәрменсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Төлем өтелмеген жағдайда  борышқор  кредиторлардың қолына берілетін болған.2 12 кесте заңы бойынша кредиторларға ерік берілді, яғни борышқорларға жұмыс істету, борышқорды құлдыққа сату, борышқорды қинау т.с.с. әрекеттерге жол берілді.

Ортағасырлық құқықтанушылар мынадай тұжырымға келеді, дәрменсіздіктің барлығы дерлік борышқордың мардымсыз жұмысынан ғана бола бермейді, борышқорды өте қатал жазалағанның өзінде банкроттық деңгейі төмендемейді.

Капиталистік (нарықтық) қатынастардың қарқынды дамуының кезінде кредиторлардың талабын қанағаттандырудың негізгі  тәсілі борышқордың меншігін шектеу  болды.  Белгілі бір конкурстық  процесстің (өндіріс) үлгісі құрылды. Сол кезеңдегі дәрменсіздік туралы неғұрлым  дамыған нормативтік акт 1877жылғы Германияның конкурстық Жарғысы болып есептелді, ол көптеген өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуімен 1999 жылдың 1-ші қаңтарына дейін жарамды болды. 3

_______________________________

1  Белых В.С.  Правовые основы банкротства юридических лиц. М. 1996г.с. 10.

2 Малышев К.И. Исторический очерк конкурсного процесса. С-П. 1996г. с. 3-5.

3 Степанов В.В. Несостоятельность (банкротство) в России, Франции, Англии, Германии. М.: «Статут» 1999 г. с. 34.

20 ғасырда банкроттық институтының жаңаша бір түсінігі пайда болады. Яғни, тәжірибе көрсеткендей борышқордың ісін жою кредиторларға тиімсіз болды, керісінше оның ісін жандандыру неғұрлым табысты болды. Солайша, жаңадан реабилитациялық әрекеттер жасалына бастады, борышқорлардың (мысалы: көліктік компаниялардың, муниципалды ұйымдардың, банктардың, биржалар мен сақтандыру компаниялардың)  жекеше категориясына қарай банкрот деп танудың ерешке кезегі болды және нормалар шығарылды.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері банкроттық туралы заң үш рет өзгерді. Алғашқысы 1997 жылы қабылданған еді. Қазіргі кезде Үкімет Парламентке кезекті түзетулер жобасын енгізуді жоспарлап отыр. Бірер жылдан бері республикада 900-ден астам кәсіпорын аукционмен сатылып кетіпті. Жалпылай алғанда, банкроттық жағдайдағы кәсіпорындардың үлесі 1,3 пайызды құрап отыр.1 Банкрот жариялайтындардың дені, негізінен, қоржынында еш активі жоқ, тек сатылу үшін құрылған фирмалар болса да, кейде мұның меншікті тартып алу құралы ретінде пайдаланылып, әлдекімдердің табысты бизнесіне айналып кететіні рас. Елімізде соңғы кездері жиілеп кеткен жалған және қасақана жасалатын банкроттық оқиғалары ел экономикасына ғана емес, ұлттық қауіпсіздікке де қатер төндіре бастады. Тіпті осыдан үш жыл бұрынғы деректерге сенсек, кәсіпорындардың жалған банкроттығы салдарынан экономикаға 5 миллиард 363 миллион теңге залал келтірілген. Жалған банкроттық бір жағынан, кәсіпорындардың салық, несие қайтару және басқа да қаржылай міндеттемелер сияқты көптеген қарызынан құтылуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, мүдделі тарап үшін борышкер-кәсіпорынның активтерін сатып алудың ең үнемді жолы болып табылады.

________________________

1 Аманжолова Б.   Банкротство – новое явление теневого сектора. Тураби, 1-2007. с. 77

Сондай-ақ жалған және қасақана ұйымдастырылатын банкроттық жалақы төлеуден жалтаруға және кепілді мемлекеттік заемдарды қайтармау үшін де пайдаланылады.

Жыл сайын Алматыда шамамен 200-300 компания банкроттық процедурасынан өтеді екен. Алдыңғы жылы Қазақстан кәсіпкерлері форумының ұйымдастыруымен болған дөңгелек үстел қатысушылары «Банкроттық туралы» заңға түзетулер енгізу жобасына қатысты 16 ұсыныс-кеңес әзірлеп, оны Парламент депутаттарына жөнелтті. Ұсыныстар бір жағынан шығынға батқан кәсіпорынды негізсіз жойылу мен банкроттың теріс мақсатта пайдаланылуынан қорғаса, екінші тұсынан борышкердің қаржылық жағдайын оңалтып, аяғынан тік тұруына мүмкіндік беруге бағытталған. Сондай-ақ, банкроттық туралы іс қозғалған сәттен бастап борышкердің активтерін сақтап, оның үшінші тарапқа негізсіз берілмеуін қадағалау да көзделген. Заңға ұсынылған бұл редакцияда белгілі деңгейде банкроттық процестің қатысушылары – сот, өкілетті мемлекеттік орган, ақтаушы және конкурстық басқарушы арасындағы өзара қарым-қатынастағы тепе-теңдік орнатылған. Банкроттық процедурасындағы маңызды тұс – мүдделердің тепе-теңдігінің сақталуы. Бір қызығы, банкроттық процедурасы Дүниежүзілік банктің әлемнің 175 елінде жүргізген зерттеуінде басты 10 индикатордың бірі ретінде қарастырылған. Олар осы елдердегі бизнестің ашылуы мен банкроттыққа дейінгілерін салыстырған. Банкрот жағынан Қазақстанды 2007 жылы сол 175 елдің арасынан жүзінші орынға қойыпты. Зерттеу кезінде банкроттық процедурасының күрделілігі мен ұзақтығы, оған кететін шығын мен борышкердің өз қарызын қайтару көрсеткіші есепке алыныпты.1 

________________________

1 Аманжолова Б.  Банкротство – новое явление теневого сектора. Тураби, 1-2007, с. 79.

Дәл қазір көптеген кәсіпкерлер бұл заңның маңыздылығы мен қажеттілігін түсініп отыр. Өйткені жаңа түзетулер дер кезінде қаржылық дағдарыстың алдын алып, кәсіпорындардың сауығып кетуіне мүмкіндік      жасауға басым мән береді. Жұмыстың эмпирикалық негізін: ҚР «Банкроттық туралы» заңы, «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы, ҚР Азаматтық кодексі, соттық тәжірибе, сот істерінің материалдары (шешімдер, қаулылар, ұйғарымдар, т.б.) құрады.

1  Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу  жолдары

Банкроттық түсінігінде тәжірибеде оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді:

  1.  Ұйымның шынайы банкроттығы – ол ұйымның өзінің және қарызға алынған қаражатын шынайы жоғалтқандығы салдарынан төлемқабілеттілігін қалпына келтіре алмауымен сипатталады.  Жоғалтқан капитал деңгейі жоғары  және қарыз көлемінің өте үлкен болуы ұйымға өзінің өндірістік-шаруашылық қызметін дұрыс атқаруға мүмкіншілік бермейді, соның салдарынан ұйым заңи түрде дәрменсіз (банкрот) деп жарияланады. Бұл жағдайда конкурстық өндіріс (ұйымның жойылуы) өткізілуі мүмкін немесе ұйымның активтері мен пассивтерінің нақты жағдайын саралай отырып заңды тұлғаны қайта құру шаралары жүргізілуі мүмкін.
  2.  Уақытша, шартты банкроттық – бұл ұйымның несиелік қарызы мерзімінің өтуімен, дебиторлық  қарыздың көптігімен, дайын тауар өндіруімен сипатталады, дегенмен мұнда ұйымның активтері сомасы оның қарыздары көлемінен әлдеқайда жоғары болады. Бұндай банкроттықтың түрі антикризистік басқару кезінде санация мен қаржылық сауықтандыру жұмыстарын дұрыс атқарған жағдайда ұйымның жойылуына соқтырмайды. Арбитраждық процедураларды жүргізу барысында ұйымның төлемқабілеттілігін қалпына келтіру әбден мүмкін.
  3.  Әдейі (қасақана) банкроттық – ұйым басқарушысы мен оның қатысушыларының ұйымның  төлем қабілеттілігін, оған өз мүдделері шегінде экономикалық залал (әртүрлі тәсілдермен ұйымның қаржысын жалтару) келтіріп,  қасақана жою. Ол белгілі болған жағдайда кінәлі тұлғаларды соттың қолына қылмыстық іс қозғау үшін тапсырады.
  4.  Жалған банкроттық – ұйымның төлем қабілеттілігі жөнінде жалған ақпарат айту, яғни кредиторларды бөгеу үшін, не өзіне қарыз төлеудің мерзімін ұлғайту, қарызына жеңілдіктер алу мақсатында жасалады. Бұл жағдайда да олар соттың қолына тапсырылады.

     Сонымен, Банкрот - дәрменсіздігі сот белгіленген борышкер , ал банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі; (1-бап).

Ұйымдар (кәсіпкерліктер) мемлекеттік тіркеуден өтіп, заңды тұлғаның атағын алғаннан кейін олардың белгілі міндеттері, жауапкершіліктері және құқықтың сыртқы субъектілері алдында құқықтары пайда болады. Банкроттық процедурасы жағынан міндеттері мен жауапкершіліктері- бұл өз міндеттерін уақытылы орындауы, қарыздарын толық көлемде өтеуі және дер кезінде өтелмеген қарыздары үшін жауапкершілік болып табылады.

Банкроттық  процедурасы жағынан құқық – бұл борышқордан өз қаражатын талап ету, қарыздарды өтеу және уақытылы өтелмегені үшін компенсация төлету мүмкіншілігі, яғни сот органдарына арыздану мүмкіншілігі.

Банкроттық процедурасын жүзеге асырудың басты мақсаттары, біріншіден, заңды және жеке тұлғаларға қарыздарын өтеу, екіншіден, болашақта кәсіпкерлік қызметін қалпына келтіру. Осыған орай алдымен ұйымның төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің жүргізілуі тиіс, ал содан соң кредиторлық қарыздарын өтеу кезегі басталады.

Ұйымның банроттығының жағымды да, жағымсыз да жақтары болады.

Жағымды жақтары:

  •  Борышқордың ұйымын жабу және кредиторларға мәдениетті түрде сот арқылы қарыздарын қайтару;
  •  Жаңа бизнестің басталуы;
  •  Жарамсыз басқарушыларды, ұйымның уақытша иелерін кәсіби басқарушыларға ауыстыру, ұйымды неғұрлым сенімді тұлғалардың қолына беру;
  •  Ұйымның активтерін тазарту, қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіру және жақсы бизнеске көшу масатында қайта құрылымдандыру;
  •  Ұйымды мемлекет меншігінен жеке меншікке беру және керісінше.

Сонымен қатар, ұйымның банкроттығы жағымсыз нәтижеге жеткізуі мүмкін, себебі ол көптеген заңды және жеке тұлғалардың мүдделерін көздейді.

Сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде борышкер-ұйымның  төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін кешенді шаралар қарастырылған, ал оның банкроттығы мейлінше жағымсыз шара ретінде қарастырылады.

Банкроттықтың жағымсыз жақтарына:

  •  Кредиторлардың өз капиталының жартысын жоғалтуы;
  •  Келесі банкроттық тізбегінің пайда болу қаупі;
  •  Кәсіпорын қызметкерлерінің қызмет ақысын уақытылы төленбегендігі нәтижесінде, олардың  материалдық жағдайының нашарлауы;
  •  Жұмыс орындарының қысқаруы,әлеуметтік қысымның ұлғаюы, содан төлемқабілеттілігінің төмендеуі, тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігінің төмендеуі;
  •  Тұтыну нарығының қысқаруы;
  •  Ұйымның меншіктілігін криминалдық жолмен шешу қаупі.

Банкроттық процедурасын экономикалық және заңи тұрғыдан қарастырған жөн. Экономикалық тұрғыдан қарағанда банкроттық – бұл ұйым қызметінде шаруашылық және кәсіпкерлік тәуекелдерді нашар есептеуі, ол ең алдымен басқарушының дұрыс шешімдерді қабылдамауымен , кәсіби, әрі сауатты қызмет атқармауының нәтижесінде туындайды.

Заңи тұрғыдан қарастырсақ банкроттық – бұл қарама-қайшылық туындаған жағдайда, мәселені сотқа жүгіну арқылы шешу мүмкіншілігі. Мемлекет кредиторлардың мүддесін қорғайды және оларға өз қарызын қайтаруға мүмкіншілік береді.

Коммерциялық қызмет атқаратын ұйым табыс табу үшін құрылады. Сонымен, коммерциялық ұйым  - бұл өзінің қызметін жүзеге асыру үшін сырттан қаржы тартатын және таза табыс табу арқылы сол қаржының өсімін қамтамасыз ететін заңды тұлға.

Ұйымның табыс табу процесі – бұл өндірістік-шаруашылық кешені және өзінің құрылымы, материалдары,  қаражаты, кадрлары, келісім шарттық негіздері болатын қаржы-экономикалық процесс.

Ұйымның қаржылық жағдайы  қаржылық ресурстарды дұрыс қолданудың жүйелі көрсеткішімен сипатталады. Бұл ұйымның қаржылық бәсекелестігінің (төлем қабілеттілігі) сипаттамасы, яки онымен мемлекет пен басқа да шаруашылық субъектілердің алдында міндеттерін орындауы.

Әлдегідей, кәсіпкерліктердің банкроттығының бірден бір себебі макроэкономикалық жағдайдың қолайсыздығы: дәстүрлі шаруашылық байланыстардың бұзылуы, сұраныстың төмендеуі, үкіметтің экономикалық саясатының  өзгерісін болжаудың күрт нашарлауы, гиперинфляция, саяси тұрақсыздық, т.б.  Дегенмен, сараптаманың нәтижесі кәсіпкерлердің өздері де, көп жағдайда дәрменсіздікке душар болғанына себепкер болатындығын көрсетеді.  Банкрот болған кәсіпкерліктің ретроспективалық саралануы әдетте, банкроттық белгілі бір мерзімде пайда болғандығын көрсетеді, яғни ол күрт басталмайды. Егер де қазіргі күні кәсіпкерлік өз міндеттемесі бойынша жауап беріп, ақысын өтей алмаса, бұл оның дұрыс саланы таңдамағандығының, нарық көлемінің қате бағалануының, тауар әкелуші мен тауар өткізетін жүйесінің өте ерте таңдалғандығының және басқарудың дұрыс жолға қойылмағандығының бір белгісі.

Банкроттықтың ішкі және сыртқы себептеріне бөлінуі оңай емес, бірақ бұрынғы қателіктерін көріп, одан бір нәтиже шығаратын болса, ол болашақта ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен басқа да жағымсыз факторлардан сақтандыратын нағыз кепілдік.

Ұйымдар өз қызметін, жарғылық капиталдың жиналуы нәтижесінде, жеке капиталы бола тұрып бастайды. Өз қызметі барысында ұйым білгілі бір көлемде табыс табады, ол табыс салық пен міндетті төлемдер төленгеннен кейін, жеке капиталды толықтырады. Жеке капиталына қосымша, ұйым өзіне белгілі бір дәрежеде ұзақ және қысқа мерзімді банктік займдар , кейінгі төленуімен тауарларды сатып алу, ақысы кейін өтелетін қызметтерді пайдалану түріндегі міндеттемелерді мойнына алады. Алынған міндеттемелердің жалпы соммасы ұйымның заемдық қаражатын құрайды. Заемдық қаражаттар ақшалай (банктік несие) және натуралды түрде (мыс. Ұйым өзіне 300 мың теңге көлемінде тауар сатып алды, бірақ ақшалай төлемін әлі өтеген жоқ), бірақ ақшалай эквивалентте  болады. Заемдық қаражаттардың өзге де түрі бар, ол мысалға екі ұйым өзара міндеттемелерін тауармен өтейді, яғни  бартер шарты бойынша. Бірақ, мұндай жағдайда есеп айырысуда  нақты қаражаттың болмауы, салықтық міндеттемелерді туғызады. Бұл жағдайда пайда болған, бірақ төленбеген салықтық міндеттемелер салықтық несие ретінде қалады, яғни мемлекетке қарыздар болады. Жеке капитал мен заемдық қаражаттар (міндеттемелер), капитал көзінің барлық жиынтығын құрайды немесе қаржылық – бухгалтерлік терминологиямен айтқанда, - пассивтері болып табылады.

Капиталдың көздері ұйымның  айналымындағы және айналымынан тыс активтерінде тұрақталады.

Айналымнан тыс активтер – табыс табуға мүмкіншілік беретін өнім (қызмет) өндірісін жүзеге асыратын базаны құрайтын негізгі қаражат (ғимараттар, құрылымдар, т.б.) болып табылады.

Айналымнан тыс активтерге сол сияқты  табыс әкелетін басқа ұйымдардың жарғылық капиталына құйылатын, аяқталмаған құрылыс нысандарына, материалдық құндылықтарға салынатын  ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды жатқызуға әбден болады.

Айналымдағы  активтерге:

  •  Өндірістегі қаражат – артық ақша ретінде сақталған, аяқталмаған құрылысқа, әлі табыс түсірмеген, яғни әзірге сатылмаған, қоймадағы дайын өнімдерге және тағы басқалай шығындарға  салынған  капитал.
  •  Есеп айырысудағы қаражат – бұл табыс табу мақсатымен жасалмаған өндіріске қатыспайтын, өндірістен тыс салымдар. Бұл алынған, бірақ ақысы төленбеген тауардың құны немесе нақты өнім мен тауар, қызметті қолданбай тұрып ұйыммен берілген аванстық төлемдер. Қаржылық – бухгалтерлік терминология бойынша – бұл дебиторлық қарыз. Бұған: сондай-ақ  берілген аванстар, қызметкерлерге берілетін әртүрлі ссудалар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар және де ұйымның кассасындағы және банктегі есеп шотындағы қаражаттар жатады.

Ұйымның тұрақтылығын  саралау үшін кәсіпкерлік қызметінің қаржылық моделін толықырақ қарастырайық.

Ұйымның капиталы жеке және заемдық қаражаттан құралады. Ол айналымнан тыс активтерге құйылады, оның ішінде негізгі қаражаттар мен айналымдағы активтер, егер артық қалатын болса ( бос ақша), онда ұйым оларды өндіріс арқылы қосымша дайын тауарлар немесе фондтық нарықта сатып алып бағалы қағаздарға айналдыруына болады. Осылайша, қосымша қаржылық табыс табады.  

Қаржылық ағымдардың тауар жеткізушіге өтуі, кредиторлық қарыздар арқылы жүзеге аспай қалуы әбден мүмкін, сол сияқты дебиторлық қарыздар да айналымға түсетін қаржының  қайтарымын бәсеңдетуі мүмкін. Сатып алынған шикі затты дайын тауарға айналдырып шығару еңбек ақыны төлеуге, аренданың ақысын өтеуге, коммуналдық төлемдерді төлеуге, сақтандыру, салықтарды төлеуге  кететін шығындарды көздейді.

Негізгі активтердің кейбір бөлігі уақыт өткендігіне (амортизация) байланысты бағасы төмендейді. Ақшалай қаражаттың  бір бөлігі әртүрлі әкімшілік шараларға кетеді. Ақыры, ақшалай қаражаттың көп бөлігі салық төлеуге, несиенің пайыздарын төлеуге және  басқа да қаржылық шығындарды өтеуге жұмсалады.

Егер ұйым сырт жобаларға белгілі бір салымдар салатын болса, онда олардан түскен қаражат,  ұйымға жүзеге асырылмаған қызметтен түскен табыс ретінде қайтарылуы тиіс.

Солайша, қаржылық қызмет  өзіне барлық ақшалай қатынастарды біріктіреді. Ұйымның төлем қабілеттілігі табысқа пропорционалды, төлем қабілетсіздік табысқа кері пропорционалды, ал міндеттемелер көлеміне тікелей пропорционалды.

Ұйымның капиталы толықтай жеке болса және міндеттемелер болмаған жағдайда, ол абсолютті төлем қабілетті ұйым болып табылады. Сонымен қатар, ұйымның капиталының негізгі бөлігін заемдық қаражаттар құраса да, егер өзінің міндеттемелерін уақытылы орындаса, ол да толық төлем қабілетті болып саналады. Барлығы, өнімнің өткізілу көлемі мен ақшалай қаражаттың уақытылы түсіп тұруына байланысты.  

Материалдар мен тауарларды сатып алу кезінде тауар жеткізушілердің алдындағы міндеттемелердің бірден басталуына, ал дайын өнім дайындалуы мен өткізілуі тек бірер уақыттан кейін болатындығына байланысты, абсолютті төлем қабілетті болу үшін резервте ақшалай қаражаттың болуы шарт және де сол резервтің дәрежесін ұйымда  үнемі сақтап отыру қажет.

Егер, белігі календарлық уақыт ішінде ұйым міндеттемелерінің өсу темпі табыс табу өсімі темпінен жоғары болса, онда ол мүмкін болатын төлем қабілетсіздік периодының бастапқы жолына шықты деген сөз.

Басқаша айтқанда, табыс неғұрлым аз болса, ұйымның төлем қабілеттілік дәрежесі де соғұрлым нашарлайды.   

Ұйымның төлем қабілетсіздігіне әсер ететін  жалпы себептері:

  •  Нарық сапасы төмендігіне, бағасы қымбаттығына байланысты, өнімге сұранысты төмендеткен кезді тауарды артық алу;
  •  Бәсекелестіктің әсері;
  •  Әкелінген тауар үшін төлем қайтарылымының төмендеуі;
  •  Тыйым салу, квота енгізу, кедендік барьерлердің енуіне байланысты нарықтың қысқаруы;

Бұл жерде себептері анық: өнімді (қызметті) алады, не алмайды, немесе  ақысын төлемейді, нарыққа кіруге жол бермейді.

Міндеттемелер көлемінің өсу темпі мынадый жағдайда байқалады:

  •  Ұйым, табыстың түсу өсімін жоғарылатпайтын тиімсіз ұзақ мерзімді қаржылық салымдар жасайды;
  •  Өндірісті артық (жұмыс істемейтін) запастармен толтырады, олар өндіріс көлемі мен табысты ұлғайтпайды;
  •  Қаражатты есеп айырысуда ұлғайтады, және олар табысқа ешқандай қатысы болмайды;
  •  Шығындар көтереді;
  •  Табысты қажетсіз мақсаттарға жұмсайды.

Көрсетілген кешен, міндеттемелері бойынша уақытылы есеп айырысуда қиыншылықтармен кездесетін барлық ұйымдарға қатысты төлем қабілетсіздіктің жалпы себептерін сипаттайды және бұл мемлекеттер мен елдердің  нарығына байланысты емес.

1.1 Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу

     Азаматтық – құқықтық қатынастарының субъектілері ретінде жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да танылады.

    Заңды тұлға – бұл меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

    Заңды тұлға институтының меншіктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін тәжірибелік мәні сонда, яғни заңды тұлғаны құрған азаматтар өзінің кәсіпкерлік тәуекелдерін өздерінің шамаларына қарай шектеуінде болып табылады.

    Зайырлы мемлекеттің билік етуі кезеңінде, азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың  негізі жөнінде әртүрлі пікірлер болды. Заңды тұлғалардың негізгі зерттеу объектілері ретінде - мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар қаралды, бұл экономикадағы мемлекеттік меншіктің басым болуымен байланысты.

    Академик А.В. Венедиктовпен берілген, заңды тұлғаның мемлекеттік ұйымдарға қатысты кең түсінігі заңи әдебиеттерде «ұйым теориясы (теория коллектива)» деген атпен енді.

    Қазіргі кезде заңды тұлғаның негізі жайында әңгімелер ғалымдар арасында аса актуалды емес.  Шетелде, заңды тұлғаға қатысты, қазір фикция теориясы мен шынайылық теориясы көп қызықтыруда.

    Заңды тұлғаның фикция теориясы герман заңгері, 19 ғасырда пайда болған тарихы құқық мектебінің басшысы К.Ф. Савиньи атымен байланысты. Ол «құқықтың субъектісі адам және тек қана адам»,-деген екен. Оның концепциясы бойынша, заңды тұлға фикция арқылы пайда болған құқық

субъектісі болып табылады, заңды тұлғада құқық қатынастарының нағыз субъектілері – жеке тұлғалар болып қалады, -дейді.

    Фикция теориясы Англия мен АҚШ-та кеңінен етек жайды. Мүшелері мен құрылтайшылардан тәуелсіз заңды тұлғаның бар екенін мойындау Англия мен АҚШ корпорациялары үшін негізгі құқық қағидасы болды. АҚШ-тың теориясы мен тәжірибесіне жоғарғы сот судьясы Д.Маршаллдың 19 ғасырда белгілі болған корпорация түсінігіне берген анықтамасы белгілі: Корпорация – бұл көрінбейтін, жалған құрылған, тек заңи көзқараста ғана жүзеге асырылатын ұйым».1

      Шынайылық теориясы, немесе органикалық теория, бұл 19 ғасырдағы герман заңгері Гирке атымен байланысты, ол заңды тұлғаны мемлекеттің дұрыс қызмет атқару үшін қажетті нақты жүзеге асатын құқық субъектісі ретінде қарастырды.

      Батыс құқығында заңды тұлға – ұйым, не кәсіпорын ретінде түсіндіріледі, ол азаматтық құқық қатынастарының жеке қатысушысы ретінде қабылданады. Бірақ, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға мүлде анықтама бермегенді жөн көреді (ФРГ-да 1978 жылға дейін «заңды тұлға» атты термин қолданбаған, Италияның АК-де 1942 жылы заңды тұлғалардың тек классификациясы ғана берілген, және олар «Жалпы ережелер» деп аталған), не болмаса заң шығарушы тек жалпы және өте қысқа фомулировкалармен шектеледі. Сөйтіп, 1907 жылы Швейцарияның Азаматтық нормасының 52 бабында заңды тұлғаға мынадай анықтама береді: заңды тұлға – тұлғалардың бірігуі, өзінің корпоративті құрылымы мен жеке ғимараты бар, белгілі бір мақсатты жүзеге асыруға бағытталған ұйым, делінген.

    

______________________________

1 Степанов В.В. Несостоятельность (банкротство) в России, Франции, Англии, Германии. М.: «Статут» 1999 г. с. 37.

 

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, заңды тұлға институтының азаматтық құқықта негізгі орындардың бірін алады десек қателеспейміз.

Заңды тұлғаның белгілері: заңды тұлғаның анықтамасынан шағатын болсақ, біз білеміз кезкелген ұйым заңды тұлға бола алмайды. Бұл атақты алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы керек:

  •  Ұйымдастырушылық бірлік;
  •  Оқшау мүлік;
  •  Жеке мүліктік жауапкершілік;
  •  Азаматтық қатынастарды өзінің атынан жүзеге асыру.

Ұйымдастырушылық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде қарастырады. Ұйым дегенде бірнеше тұлғалардың ұжымын түсінеміз, олар белгілі ережелерге бағынады және сол ереже негізінде қызметін атқарады. Ұйымдастырушылық бірлік дегенде заңды тұлғаның азаматтық құқық қатынастарда біртұтас ұйым болып, бір мақсатты көздеген құрылым ретінде түсінеміз.  

     Шетелдік тәжірибеге қарасақ, заңды тұлға ретінде бірнеше тұлғалар ұжымы емес, жеке тұлғаның өзі де қызмет атқара береді екен. Мысалы, 70-жж. басында ФРГ-да 42 мың ЖШС-тер жұмыс істеді, оның ішінде 9300, яғни 22 пайызы бір тұлғадан тұратын ұйымдарға айналып кетті.

     Оқшау мүліктің болуы – заңды тұлғаның негізгі белгісі болып табылады, одан мүліктік жауапкершілік туындайды. Заңды тұлға сол мүлігінің шегінде жауап береді, белгілі азаматтық қатынастарға түседі, т.б.

     Жеке мүліктік жауапкершілік- бұл ұйымның оқшауланған мүлігіне негізделген. Бұл белгі АК 44-бабында көрініс тапты, яғни әр заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша өзі жауапкершілікте болады. Оған қатысушылар да, мемлекет те жауапты емес. Заңда кредиторлардың мүддесін қорғайтын белгілі артықшылықтар бар. Өзге жағдайларда, заңды тұлға банкроттыққа ұшыраған уақытта субсидиарлы не солидарлы  жауапкершілік туындайды.

     Азаматтық қатынастарды өзінің атынан жүзеге асыру. Бұнда заңды тұлғаның өз атынан белігілі бір мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге, сотта жауапкер мен талапкер болуына қатысты мүмкіншіліктері.

     Заңды тұлғаның құрылуы. Заңды тұлға құрылтайшысының,  меншік иесі ретінде, ерікті қадамы. Меншік иесінің еркінен тыс заңды тұлғаның құрылуы мүмкін болмайды.

     Заңды тұлғаның құрылуының бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады:

  •  Ұйғарым бойынша;
  •  Рұқсат бойынша;
  •  Нормативті тәсілдері.

     Ұйғарым бойынша заңды тұлғаны құру құрылтайшының ұйғарымы негізінде жүзеге асады. Былайша мысалға, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдар құрылады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдардың құрылтайшылары болып тек, мемлекеттік меншікпен басқару ісін жүзеге асыруға уәкілетті органдар жүргізе алады. (АК 102 бабы).

     Рұқсат бойынша құру. Заңды тұлғаны құру үшін уәкілетті органның рұқсатиы қажет. Бұрын жүзеге асқан заңда бұндай шаралар тек, кооперативтер, әртүрлі қоғамдық бірлестіктерге қатысты жүргізілетін болған. Рұқсат берудің түсінігі, заңды тұлғаға тіркеуден өтуге рұқсат бермеуі мүмкіншілігімен сипатталады.

     Нормативті –қатысу реті бойынша құру. Бұнда ешқандай мемлекеттік органның рұқсаты қажеті жоқ. Осындай құрылу тәртібі қазіргі кезде коммерциялық мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қолданылады.

     Заңды тұлғаның жойылуы – бұл заңды тұлғаны мемлекеттік реестрден шығарғаннан кейін, оның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттілігінің тоқтатылуы. Жойылу кезінде қайта құру сатысындағыдай құқық мирасқорлығы болмайды. Жойылу ерікті және күштеу жолымен жүргізіледі. Ерікті жойылу меншік иесінің шешімі бойынша жүргізіледі. Күштеп жою соттың шешімі бойынша жүргізіледі.

Соттың шешімі бойынша заңды тұлға, АК 49 бабының  2 тармағына сәйкес жойылуы мүмкін:

  •  Банкроттық жағдайында;
  •  Заңды тұлғаның тіркеуін заңсыз деп таныған жағдайда;
  •  Заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына  қайшы келетін  әрекеттерді жүйелі түрде жасауы;
  •  Рұқсат алынбаған қызмет түрімен айналысқан жағдайда;
  •  Заңи актілерде көрсетілген жағдайларда, т.б.

      Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес заңды тұлғаларды түрлерге бөлу келесі негіздер бойынша жүргізіледі:

  •  Заңды тұлғаға немесе олардың меншігіне қатысты құрылтайшының (қатысушылардың) құқықтары;
  •  Заңды тұлғаның қызмет істеу мақсаттары;
  •  Заңды тұлғаның мүлігі қалыптасатын, меншік формасы.

Заңды тұлғаның оқшау мүлкіне қатысты, құрылтайшылар міндеттемелік немесе заттық құқықтарын сақтап қалуына болады.

      ҚР АК 36 бабына сәйкес қатысушылар өздерінің міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға: акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер және кооперативтер жатады. Ал, құрылтайшылары өздерінің меншік және өзге де заттық құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға: шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар,  және жедел басқару құқығында мүлкі бар казыналық кәсіпорындар, оның ішінде қосымша жауапкершілігі бар кәсіпорындар, құрылтайшымен қаржыландырылатын ұйымдар мен мемлекеттік ұйымдар.

      Құрылтайшылары мен қатысушылары ешқандай мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға: қоғамдық ұйымдар, діни бірлестіктер, қайырымдылық және тағы басқа қорлар жатады.

      Қызмет саласына байланысты заңды тұлғалар АК 34 бабына сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді. Зааңды тұлғаның негізгі көздеген мақсаты табыс табу болса, онда ол коммерциялық ұйым болады. Ал, егер ұйым ондай мақсатты көздемей, табысты қатысушылар арасында өзара бөліспейтін жағдайда ол коммерциялық емес ұйым болып табылады.

 Шаруашылық серіктестік.

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады.

      Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады (АК 58 б. 1т. ).

1998 жылдың 10 шілде айына дейін Қазақстан Республикасының заңы шаруашылық серіктестіктердің бес түрін атап көрсеткен болатын: толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам. Бірер мемлекеттерде акционерлік қоғам  шаруашылық серіктестіктер қатарына жатқызылмайды(мыс. Ресей Федерациясында, АҚШ, Англия). Тағы да Ресей Федерациясында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді серіктестіктерге емес, қоғамдарға жатқызады.

      ҚР «Акционерлік қоғамдар сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының заңи актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы 1998 ж. 10 шілдедегі заңы акционерлік қоғамдарды серіктестіктер қатарынан шығарып, оларға өзбетінше коммерциялық ұйым қызметін анықтады.

      Шаруашылық серіктестіктің мүлкі оның жеке балансында көрініс табады. Баланста көрсетілген заттар, меншік құқығы негізінде шаруашылық серіктестікке тиесілі болады.

       Шаруашылық серіктестік азаматтық құқықтың жекеше субъектілерімен құрылады. Бір жағдайда заңгерлер оларды құрылтайшы,-дейді, ал тағы біреуінде  қатысушылар,-дейді.

       Құрылтайшы мен қатысушы түсініктері жақын, бірақ бірегей емес. Қатысушы үлеске құқығы бар тұлға. Барлық құрылтайшылар тіркеуден кейін, заңды тұлғаның  қатысушылары болады. Бірақ, қатысушылардың барлығы құрылтайшы бола алмайды, себебі тіркеуден кейін серіктестіктің үлесін сатып алу оларға құрылтайшы болуға құқық бермейді. Заң шығарушы «құрылтайшы» терминін қолданғанда, қатысушыны шаруашылық серіктестікті құрғандығы туралы анық айтқысы келеді.

       Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғысы болып табылады. Егер, серіктестікті  бір адам құратын болса, онда құрылтай шарты жасалмайды және бұндай серіктестік жарғы негізінде қызмет жасайды. Серіктестіктің құрылтай құжаттары нотариуспен бекітілуі қажет. (АК 58-бабы 4-5 тт.).

Серіктестіктердің қайта құрылуы мен жойылуы.

       Шаруашылық серіктестік өз еркімен, қатысушылардың шешімі негізінде қайта құрылуы немесе жойылуы мүмкін. Басқаша қайта құрулар мен жойылу шаралары Азаматтық Кодекспен, шаруашылық серіктестіктердің жарғысымен, ЖШС туралы заңмен және өзге де заң актілерімен белгіленген. Бұндай негіздерге мысалы, ұйымға қатысушы мүшелер санының жоғары болуы(АК 77-бабы 1т. 2т.), кредиторларды жарғылық  капиталдың төмендеуі жөнінде хабардар етпеу, т.б.(АК 59-бабы 4т.).

       Шаруашылық серіктестіктердің бір түрі, басқа бір түрлі серіктестікке қайта құрылу мүмкіншілігі бар, немесе акционерлік қоғам, заңмен белгіленген ретте қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша өндірістік кооператив құруға да болады. Толық не коммандиттік серіктестіктің акционерлік қоғамға ауысқан жағдайда жауапкершілігі шектеулі не қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғамның қатысушысы  болған әр толық серіктес, жауапкершілігі шектеулі не қосымша жауапкершілігі бар серіктестік  екі жыл қатарынан міндеттемелері бойынша, өзінің барлық мүлігімен субсидиарлық жауапкершілікте болады (АК 62-бабы).

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

     Бұл шаруашылық серіктестіктердің ең кең тараған түрі болып келеді. Оның қызметі Азаматтық кодекс пен ЖШС туралы заңмен реттеледі.

    Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi. Осы ережеден өзгеше жағдайлар осы Кодексте және заң актiлерiнде көзделуi мүмкiн (АК 77 б. 1т. 1т.).

     Осыған жақын ереже « Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша әрбiр қатысушының салым салмаған бөлiгiнiң құны шегiнде ортақ жауапты болады» (77 бап 1т. 2т).

 Акционерлік  қоғам.

     Қазақстан Республикасының Акционерлік заңнамасы 1998 жылдың 10 шілде айында акционерлік қоғамдар туралы заң қабылдануымен байланысты,  1998 жылы күшті өзгеріске ұшырады.  Осы заңның қабылдануына байланысты Азаматтық кодекске де тиесілі өзгерістер енгізілді.

      Өзiнiң  қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. Акционерлік қоғам – коммерциялық ұйымдардың ең дамыған түрі.

     Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.       
      Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi. 

Соған сәйкес, заңды тұлғалардың банкроттық мәселесіне келетін болсақ, өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тарату туралы заңнаманы сот тәжірибесінде біркелкі түсіндіру және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысында шығарған қаулысында былай делінген: Заңды тұлғаны тарату Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылуы тиіс. 1  сноска

     Қазіргі таңда заңды тұлға болып табылатын банктердің қиын жағдайына ықпал ететін бірнеше жолы бар. Шетелдік зерттеушілер бұндай ықпал етудің үш негізгі стратегиясын атап көрсетеді: байқау (уақыт беру), жою (ликвидация) және балансын қайта құрылымдау (санация).

    Байқау стратегиясы, банктердің қиыншылықтары уақытша сипатта банктеріне қатысты қолданылған, 80-жж. дамушы мемлекеттердің қарыз көлемі ұлғайғаннан кейін және бірер жағдайларда қадағалау органдары банктерге біраз жеңілдіктер жасаумен аяқталды.

     Жою процедурасы жиі қолданылмайды, себебі бұл заңды тұлғаның бөлшектеп сатылуына әкеп соғады, ал ол өз кезегінде тікелей клиенттермен қарым қатынастарының жойылуына әкеледі, сондықтан ол көптеген шығындарды көздейді. Жапония мен Скандинавиялық мемлекеттерде бұл процедура банктік емес қаржы компанияларына қатысты қолданылады, АҚШ та жинақтаушы банктерге қатысты қолданылады.

     Баланстың қайта құрылымдануы (санация) капиталдың тікелей және жанама түрде ұлғаюын көздейді. Германия мен Швейцарияда келесідей тәжірибе орнаған, қадағалау органы бақылауды қатаңдата түсу мен моральдық ықпал ету арқылы акционерлер мен жеке меншік иелерін қосымша капитал бөлуін қарастырады. Сол процедуралардың нәтижесінде заңды тұлғаның төлем қабілеттігін қалпында ұстап тұру мүмкіншілігі туындайды.

     Борышкер өзін банкрот деп тануға қарсы жауабын және өзінің дәрменділігін дәлелдеу міндеттерін сотқа уақытылы жолдаған жағдайда, соттар борышкерге өз құқықтарын қорғау үшін мүмкіндік беру мақсатында істің қаралуын, «Банкроттық туралы» заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзім шеңберінде, бірақ осы заңның  34-бабында көрсетілгендей арыз сотқа түскен күннен бастап екі ай мерзімінен кешіктірмей, тағайындауы тиіс.

      Іс қозғалғаннан кейін 30 күн мерзімнен кешіктірмей, борышкердің дәрменсіздігін тану туралы жауабы немесе борышкердің банкроттық туралы іс қозғалған кезден бастап 10 күн мерзім ішінде өзін банкрот деп тану туралы өтініші банкрот деп тануға негіз болады.

      Сот оңалту рәсімдерін, егер борышкердің төлем қабілеттігін қалпына келтіру үшін нақты мүмкіндіктер болған жағдайда, тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолдана алады. Оңалту рәсімдерін қолдану тәртібі заңда белгіленген. Борышкер оңалту рәсімдерін қолдану туралы өтінішін, заңда көрсетілген құжаттарды қоса тіркей отырып, өкілетті орынға жолдайды. Өкілетті орган несие берушілер комитетін құрып, онымен бірге борышкердің өтінішін қарайды. Несие берушілер комитеті мен өкілетті органның оңалту рәсімдерін қолдануға  келісімі  сотқа  жіберіледі.

     Борышкерге қатысты оңалту рәсімдерін қолдану туралы мәселені шешкен кезде, соттар «Банкроттық туралы» заң мен ҚР АІЖК нің кейбір нормалары бір бірімен үйлеспейтіндігін ескеруі керек. Аталған заңның бірінші бабына сәйкес оңалту рәсімдері тек дәрменсіз борышкерлерге ғана қолданылуы мүмкін, сондықтан борышкер өкілетті органмен бірге сотқа, заңда көрсетілген қажетті құжаттардың барлығын қоса тіркеп, өзінің төлем қабілетсіздігі (дәрменсіздігі) туралы өтінішті жалпы тәртіп бойынша жолдауы және өзіне оңалту рәсімдерін қолдану туралы өтінішті өкілетті органға бергені туралы сотты хабардар етуі тиіс.

     Жоқ  заңды тұлғалар мен жоқ борышкерлер үшін заңнамамен таратудың арнайы негіздемелері мен жеңілдетілген тәртібі қарастырылған. «Банкроттық туралы» Заңның 1-бабының  18)тармақшасына сәйкес, жоқ борышкер – тұрақты  органның, сондай ақ заңды тұлға оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшыларының, қатысушыларының, менеджерлері мен лауазымды адамдарының тұрған жерін алты ай ішінде анықтау мүмкін емес борышкер. Заңды тұлға орналасқан жері бойынша немесе нақты мекен жайы бойынша болмаған, сондай ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған заңды тұлға АК-тің  49-бабы  2 тармағының  4) тармақшасына сәйкес таратылуы мүмкін.

     Жоқ заңды тұлғаны және жоқ борышкерді тарату тек сот тәртібімен жүзеге асырылады. Жоқ заңды тұлғаны және жоқ борышкерді тарату тәртібі оның несиелік берешегінің болуына не болмауына байланысты анықталады. Заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы (жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерімдер туралы) декларацияны немесе оңайлатылған декларацияны табыс етпеу несие берушілері және өзі жоқ заңды тұлғаны тарату үшін негіз болып табылады. Мұның өзі  АК-тің  49-бабы  2 тармағының  4) тармақшасына сәйкес заңнаманы өрескел бұзу болып табылады.

    Дәрменсіз борышкерді сотқа дейін тарату мәселесін былайша көрсетуімізге болады: Оңалтуды басқарушы банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн борышкер жасаған, екi жақ та толық  немесе iшiнара орындамаған шарттарды орындаудан мына жағдайлардың бiреуi болған кезде: 

1) шартты орындау борышкерге зиян келтiрсе; 

2) салыстырмалы жағдайларда жасалатын ұқсас шарттармен салыстырғанда

шартта борышкерге ауыр тиетiн жағдайлар болса; 

3) шарт ұзақ (1 жылдан астам) мерзiмге жасалса не борышкердiң нәтижеге жетуi тек ұзақ мерзiмдi келешекке есептелсе; 

4) борышкердiң шартты орындауы басқа кредиторлар үшiн жағымсыз жағдайларға әкеп соғады деген өзге де негiздер болса, бас тартуға құқылы. 
     Шартты орындаудан бас тартқан кезде контрагенттiң шартты бұзу арқылы келтiрiлген шығындарды нақты зиян мөлшерiнде өтеудi борышкерден сот тәртiбiмен талап етуiне не бас тарту негiзiне дау айтуына болады. 

    Солайша, сотқа дейін тарату жағдайы оңалту рәсіміне келіп тіреледі: Оңалту рәсiмiн, конкурстық iстi (таратуды) жүргiзу не соттан тыс тарату рәсiмiн өткiзу кезеңiнде банкроттық рәсiмдерiн, оңалту рәсiмiн және соттан тыс тарату рәсiмiн жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткiзу үшiн дәрменсiз борышкердiң барлық органдары оны басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару мiндеттерi оңалтуды не конкурсты басқарушыға (таратушыға) берiледi. Оңалтуды және конкурсты басқарушы (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр уәкiлеттi органы ретiнде әрекет етедi. Оңалту рәсіміне борышкердің өзі бастамашылық жасаған жағдайда борышкер мүлкінің меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген органның өтініші бойынша оны өткізуді уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің басшысына жүктеуі мүмкін. Бұл ретте ондай басшыға заңмен белгіленген оңалтуды басқарушының құқықтары мен міндеттері қолданылады. Оңалтуды және конкурсты басқарушыларды тағайындаудың тәртiбi мен ережелерi, олардың кандидатураларына қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен мiндеттерi, соның iшiнде сыйақы алуға құқығы, дәрменсiз борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк көлемi заңмен және уәкілетті органның келісімі бойынша кредиторлардың комитетi, олармен жасасқан келiсiммен реттеледi. Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган беретін лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсіпкер оңалтуды, конкурстық басқарушылар болып тағайындалады. Банкроттық туралы заңның 2-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған ұйымдардың банкроттығы рәсімдерін

жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган оңалтуды басқарушыны тиісінше тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған табиғи монополиялар субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың қызметін реттеуге уәкілетті органмен және тиісті орталық атқарушы органмен келісім бойынша, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісім бойынша тағайындайды.

   Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Оңалтуды, конкурсты басқарушы болып осындай қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган беретiн лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға тағайындалады. Мыналарды оңалтуды және конкурсты басқарушылар етiп тағайындауға болмайды: 
1) борышкер немесе кредиторлар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамы; 
2)    басқарудан шеттетiлген адам; 

3)    заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр    

жылдан астам басқа заңды тұлғаның басшысы болған адам.

 Аталған шарт осындай шешiм қабылданған күннен кейiнгi бес жыл бойы қолданылады;
4) егер шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам не кооператив дәрменсіз борышкер немесе оның кредиторы болса, осындай серіктестікке қатысушылар, акционерлік қоғамдардың акционерлері,кооператив мүшелері; 
5) жұбайы, тiкелей өзiнен тараған және шыққан тегi бойынша туыстары, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдардың туған аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi;

6) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам.  Оңалтушы және конкурстық басқарушылар лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған функцияларды жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс. Лицензиясынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.

    Уәкiлеттi органның банкроттық рәсiмiнiң жүргiзiлуiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн бақылауының нысанасы тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын сақтауы болып табылады.Бақылаудың мақсаттары банкроттық туралы  заңда белгiленген құқықтарды қорғау және тараптардың банкроттық рәсiмдерiнiң, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнiң мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету болып табылады. Банкроттық рәсiмiнiң тараптары, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi деп кредиторлар, борышкер, мүлiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген орган, кредиторлар комитетi, конкурстық және оңалтушы басқарушылар түсiнiледi.
Банкроттық рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқаруға лицензиясы бар тұлғалардың банкроттық рәсiмдерiнде тiркелу есебi;
2) төлем қабiлетi жоқ және дәрменсiз ұйымдардың мониторингi;
3)    камералдық бақылау;

4)   банкроттық рәсiмiнде, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнде тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау;

5)оңалтушы және конкурстық басқарушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген банкроттық рәсiмiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн сақтауын тексеру.

     Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың банкроттық рәсiмiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн сақтауын тексеру шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн бақылау болып табылмайды;

6) борышкердiң конкурстық массасын конкурстық сауда-саттықта сату кезiнде жариялылықтың, бәсекелестiктiң сақталуын бақылау.
     

1.2  Жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы мәселесін сотқа дейін шешу жолдары

Қазақстан тәуелсіз өмір сүру кезеңінде және Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына сай, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау республикамыздың экономикалық саясатының,әсіресе талапқа сай заңшығармашылық база құруда басым саласы болып танылды.

    Шағын және орташа кәсіпкерліктердің дамуының ерекше маңыздылығын ескере келе, ҚР Президенті Назарбаев Н.А. еліміздің кәсіпкерлерінің VI форумында делегаттардың алдында сөз сөйлей отырып,  баса айтты: «Қазіргі заманғы әлемдік цивилизация – бұл тек ядерлы энергетика мен интернет қана емес, ол алдымен орта таптың цивилизациясы.1

    Көпшілік кәсіпкердің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік дұрыс бағытының кепілі ретінде оның қоғамда орта тапқа жататындығынан көрінбейді, бұл оның игілігі мен сәттілігі неге негізделетіндігінде – нақ осы жеке меншік. Осыған байланысты орта тап – саяси демократияның ең басты әлеуметтік базасы болып табылады».

     Бәріне мәлім, нарықтық қатынасқа көшпес бұрын елдің экономикалық базасының негізін ірі өнеркәсіп алыптары құрады, ал шағын бизнес мемлекеттің мүддесіне кірмеді. Дегенмен, жоспарлы экономикалық өзгеруі кезінде, шағын кәсіпкерлік мемлекеттің стратегиялық  бағытының жүзеге асырылуының маңызды құралдарының бірі болды.

     Нарықтық экономика жолындағы елдерде шағын бизнес құру мен дамыту мемлекеттік деңгейде қойылған жоқ, себебі ол жүздеген жылдар бойы табиғи жолмен қалыптасты.

__________________________

1  http\\ www.kazakparat.kz

     Қазақстанда бұл экономикалық сектор небары бірнеше жылдар аралығында қалыптасты. Кәсіпкерлік туралы заңшығармашылықты дамыту жайында сөз қозғай отырып, 1-ші кезекте ҚазССР-ң  11желтоқсан 1990 жылғы, «Шаруашылық қызметтің  еріктілігі мен Қазақ ССР–ғы кәсіпкерліктің дамуы туралы» Заңын атап өтуіміз қажет.1 Осы заңға сәйкес кәсіркерлік, бастамашылық ретінде қарастырады, осы заңнама шеңберінде шаруашылық немесе басқа да қызмет өз есебінен, қарыздар және басқа да меншік пен қаражаттар осы қызмет саласының барлық қатысушыларының өзара тиімді нәтижелерге жету және табыс табу мақсатында жүргізілді. Бұл заң кәсіпкерліктің келесі ұйымдастырушылық –құқықтық нысандарын қарастырады:

- кезкелген нысандағы кәсіпорындар мен солармен құрылатын

        бірлестіктер;

- шаруашылық және басқа да ұйымдар мен серіктестіктер;

- фондтар мен басқа да қоғамдық ұйымдар кәсіпкерлік қызметті жүзеге

         асыруға  құқылы;

- жеке кәсіпкерлік.

    1991жылғы 13 ақпан айында ҚазССР-ң «Қазақ ССР –ғы кәсіпорындар туралы» Заң қабылданды. Осы заңға сәйкес кәсіпорындар заңды тұлға құқықтары бар дербес субъект ретінде танылды, өзінің шаруашылық-коммерциялық қызметін өз жарғысы негізінде және заңнамаға сәйкес жүзеге асырды. Ұжымдық меншікке негізделген жеке кәсіпкерліктер мен кәсіпорындар; мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпкерліктер; КСРО меншігі негізіндегі басқа да мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдік заңды және жеке тұлғалар негізіндегі кәсіпкерліктер; және шетелдік тұлғалардың қатысуымен болған бірлескен кәсіпкерліктер ескерілді. Бұл жабық тізім емес. Заңға қайшы болмаған жағдайда, заң кәсіпкерлік нысандардың басқа да түрлерінің құрылуының мүмкіндігін атап көрсетеді.

_____________________

1 Экономика и право, № 6, 14.03.1999, с.с. 24-26.

    Кәсіпкерлік түрлеріне келер болсақ, оның тағы да бір түрін атап өтуіміз керек, сол кездегі қолданыста болған заңнамамен көзделген – ол шағын кәсіпкерлік.  

    Оның пайда болуына 1990 жыл 8 тамыз айында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен құру жөніндегі шаралар туралы» КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы түрткі болды, соның негізінде 1990 жылы 31 қазан айында ҚазССР Министрлер Кеңесімен тиісінше №432 қаулысы қабылданды. Шаруашылық субъектісін шағын кәсіпкерлік категориясына жатқызу негізіне, бізге жұмыс істейтін адамдардың  санының қағидасын жатқыза аламыз. Мысалы, сауда-саттық саласында – 15 адамға дейін, ғылым саласында – 100 адам шамасында, құрылыс пен өндірістік саласында – 200 адам шамасында.

    Уақыт, шағын кәсіпкерлікті заңды тұлғаның бір құрылымына жатқызудың, қате екенін көрсетті, және олардың барлығы Азаматтық кодекспен көзделгендей 1998 жылдың 1-ші қаңтарына дейін коммерциялық заңды тұлғаның бір саласына қайта тіркелуіне тура келді.

    1991 жылдың 21 маусым айында Қазақ ССР-ның «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» заңы қабылданды. Бір айта кетерлік жайт, осы заңмен қатар Қазақстан территорисында 1990 жылғы 19 маусым айында қабылданған «Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар туралы» кеңестік жарғысы да бірге жүрді. Осылайша, заңды тұлғалардың бір құрылымының құқықтық жағдайы көрсетілген екі нормативтік актілермен анықталатын және де бірей емес болатын.

     Жергілікті халық депутаттары кеңесінің атқарушы органдары қоғамдарды да, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді де бір мезгілде тіркеген болатын. Дегенмен, мұндай жағдай көпке созылмады – яғни, кейін 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы күшіне енді.

     1993 жылдың 12 сәуір айында «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» заңына өзгерістер енгізілді. Заңның атауы өзгерді: «қоғамдар» сөзінен кейін «компаниялар» сөзі пайда болды. Акционерлік қоғамдар, компаниялар ендігіде бір құрылтайшымен құрыла беретін болды. «Алтын акция» атты түсінік жаңадан кірістірілді.

Жалпы ережеге сай акционерлер енді өздерінің бір ғана міндеті болып табылатын акцияға төлем жүргізуден босатылмайтын болды.

     Қазақстан заңшығармашылығы кәсіпкерліктерді құқықтық реттеуге үлкен көңіл бөледі. 1992 жылдың 4 шілде айында «Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау туралы» заңын қабылдады. Заңмен жеке кәсіпкерліктің шекарасын белгіледі десек болады: яғни, жеке кәсіпкерлікке заңды тұлғалардың қызметі кірмейді, оның бақылаушы акциялар бөлігі және пайдық салымдардың көп бөлігі мемлекетке тиесілі болып келеді. Жеке кәсіпкерлік 2 формада қарастырылды: заңды тұлғаны құрмай және заңды тұлғаны құру жолымен жүргізілді. Бірінші топқа жеке тұлғалар(жеке кәсіпкерлер) мен азаматтар тобы(жай серіктестік, еңбек және крестьяндық шаруашылық) кірді. Жеке кәсіпкерлік формасына заңды тұлғаны құру арқылы бір жеке тұлға болады (жеке индивидуалды кәсіпкерлік), немесе жеке және заңды тұлғалардың ұйымы (жалға беру арқылы, ұйымдық, кооперативті кәсіпкерлік, шаруашылық серіктестік және акционерлік қоғам, шаруашылық бірлестіктер жіне тағы да басқалары).

Осы Заңның  кейбір қасиеттерін айта кететін болсақ:

  •  шарушылық субъект ретінде  мемлекеттік тіркеу бір мезгілде оны

сыртқы экономикалық қызмет субъектісі ретінде тіркеу болып cаналады.

  •  тіркеудің жеңілдетілген түрі енгізілді: мемлекеттік тіркеу туралы

куәлікті шартты түрде заңмен көзделмеген құжаттарды (құрылтай шарттары, жарғысы, жарғылық қордың болуы жөніндегі банктің кепілдік анықтамасы, рұқсат қағазы (лицензия), жерді пайдалану актісі, экологиялық сараптаманың қорытындысы және т.б.) және де белгілі бір мемлекеттік органдардан (санитарлық, өрт сөндіру мекемесі, техникалық қадағалау, ішкі істер мекемелері және басқалары) шаруашылық субъектіні құруға рұқсат алуды (қарсылықсыз) талап етумен беруге тыйым салынды, қолайсыз жайттарға байланысты тіркемеу.

  •  мемлекеттік билік және басқару мекемелеріне жеке кәсіпкерлерге

тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) жеке тұтынушыларға тасу мақсатымен жасалатын тапсырмаларды  беруге, тауарларды республиканың бір аймағынан екінші аймағына тасымалдауды    шектеуге тыйым салынды.

  •      шетел валютасын оның соммасына қарамастан шеарадан өткізу,   

  шығару және беріп жіберу жеке кәсіпкерлермен жүзеге асырылатыны

  анықталды.

    Ұлттық заңшығармашылық қызметтің дамуы туралы қысқаша түсінік бере отырып, 1994 жылдың аяғына таман Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің құрылымы күрделі әрі қиын регламенттенген болатын. Осы сұрақтарды жеңілдету мен кодификациялау қажеттілігі туындады. Бұл мәселені шешу үшін 1994 жылы 24 желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі қабылданды, және де басқа нормативтік құжаттар тізімі қарастырылды.

    Қоғамның  бір бөлігінің ептілігі мен бастамашылығына байланысты мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кепілдері өз жемісін бере бастады, оған дәлел шағын кәсіпкерлік субъектілерінің екпінді өсімі және олардың осы жылдар бойы мемлекет экономикасына қосқан үлесінен байқалады.

    1996 жылдың 14 маусым айында және 1997 жылдың 29 қаңтардағы  толықтырулар енгізілген «Кәсіпкерлік қызметтің дербестігі жөніндегі мемлекеттік кепілдемеге байланысты қосымша шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарлықтары кәсіпкерліктің қарқынды дамуына елеулі әсерін тигізді.1 Сонымен қатар, 1997 жылғы 6 наурыз айындағы «Шағын кәсіпкерліктің дамуын жеделдету мен мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы» және 1998 жылдың 27 сәуір айындағы «Кәсіпкерлік қызмет дербестігіне азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау туралы» жарлықтары ықпал етті.

 ____________________

1  Шиманский М.   КазПравда, 01.10.2006, с.12  

     2003 жылдың 4 тоқсанында ҚР Статистика жөніндегі агенттігімен  құрамында 50 адам шамасында жұмыс істейтін 62 мың шағын кәсіпкерліктердің қызметіне сараптама жүргізді, оның ішінде ҚР қызмет істейтіндер көлемінің 64% құрады. Олардың көпшілігі (40,2%) сауда-саттықпен, автокөлік жөндеу және тұрмыстық заттармен айналысатыны анықталды. Сауда-саттық қызметі олар үшін ең жеңіл әрі жетімді болып келеді, себебі көп қаражатты талап етпейді және тауар айналымын жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Өнеркәсіп саласында тек 12,5% айналысады, ал ауылшаруашылық қызметінде – небары 6%. Сонымен қатар, жалпы еліміздегі шағын кәсіпкерлік құрылымдарының саны ұлғайды, ол тіркеу шараларының жеңілдетілуіне байланысты. Соның нәтижесінде, тұрғындардың еңбекпен қамтылуы өсті. Сонымен, 2003 жылдың басында шағын кәсіпкерлік саласында жарты миллионнан астам қызметкерлер жұмыс атқарды, ол 2002 жылмен салыстырғанда 26 мың адамға көп болып келеді.

Жалпы алғанда, 2003 жылдың соңына қарай Қазақстанда шағын кәсіпкерліктер құрылымы келесідей болды:

  •  шағын кәсіпкерліктердің 5,9% ауылшаруашылық және орман    

      шаруашылығы саласында қызмет істейді,

  •  өндіріс саласында 12,5%;
  •  құрылыс саласында 11,4%;
  •  сауда-саттық және қызмет көрсету саласында 40,2%;
  •  көлік және байланыс саласында 5,4%;
  •  жылжымайтын мүлік операцияларын жүзеге асыру саласында 17,9 %;
  •  коммуналдық, жеке және әлеуметтік қызмет көрсету саласында 3,3%;
  •  басқа да салаларда (балық аулау, балық өндірісі, қонақ үйлер мен

      мейрамханалар, қаржылық қызмет) 3,5%.

     Мемлекеттің шағын бизнеске соншалықты көңіл бөлуі, оның  қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік саласында жақсы нәтижелерге жетуге ұмтылысымен  түсіндіруге болады.

     Оның экономикалық нәтижесі мынаған түйінделеді, шағын кәсіпкерлік бәсекелестік ортаны құрайды, нарықты отандық тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінің толуына ықпал етеді, орта және ірі бизнес үшін нағыз «қоректі орта» болып табылады.

     Саяси нәтижесі, бұл шағын бизнес қоғамның тұрақты негізі, және  орта таптың пайда болуы, неізгі қайнар көзі болып табылады.

     Әлеуметтік нәтижесі, шағын кәсіпкерлік тұрғындардың еңбекпен қамтылу мәселесін шешуге ықпал етеді.

     Жалпы қоғамды, саясаттағы демократия мен экономикадағы либерализмге жетелейтін ауқымды кәсіпкерлік туралы айтуымызға болады. Қазіргі таңда, елімізде орта тапты және оның консолидациясын құру мақсатында шешуші ұмтылыстар жасалған. Глобальды институционалды реформалар жүргізілді, қажетті заңшығармашылық база құрылды, жанжақты саяси, ғылыми және моральды қолдау көрсетілуде.

    Кәсіпкерлік саласы Қазақстан экономикасына икемділік беруде, оның дамуының шешуші факторы болып табылады, дегенмен шағын бизнестің дамуының қыр-сырын саралау, бұл процесс бірегей емес және мемлекет жағынан үнемі қолдауды талап ететінін куәландырады.

     ҚР Конституциясының 26 бабы әрбір азаматқа кәсіпкерлік қызметті ерікті жүргізу құқығына, өз меншігін кезкелген заңды кәсіпкерлік қызметке ерікті қолдануына кепілдік береді.

    ҚР Азаматтық кодексінің 10 бабы кәсіпкерлік түсінігін азаматтар мен заңды тұлғалардың бастамашылық қызметі ретінде анықтайды, оның меншігінің қатыссыз, жеке меншікке немесе мемлкеттік кәсіпкерлік жүргізуге шаруашылық құқығы негізінде тауарға сұранысты қанағаттандыру жолымен таза табыс табуға бағытталған. Кәсіпкерлік қызмет біреудің атынан жүргізіледі және тәуекел үшін кәсіпкердің меншіктік  жауапкершілігімен болады.

     Жоғарыда аталған кәсіпкерлік қызметтің анықтамаларының ішінен келесі белгілерін бөліп көрсетуге болады:

А) ол өнеркәсіп және нарықта тауарларды, қызмет көрсетуді ерікті сату жолымен болған табыс табуға бағытталған.

Б) ол өз бастамашылығымен атқарылуы керек, яғни кәсіпкердің өз еркімен белгілі көзқарастарына байланысты жүргізілуі керек. Осыдан шығатын түйін: белгілі бір бұйрық арқылы жасалатын немесе тікелей талап ету ақылы жүргізілетін қызметті кәсіпкерлік ретінде санауға болмайды.

В) бұл қызмет кәсіпкердің толық меншіктік дербестігі негізінде жүргізіледі.

Г) кәсіпкер азаматтық айналымда өз атынан жүргізілуі керек.           

     Дегенмен, аталған белгілердің бәрі барлық кәсіпкерлерге тән деп айтуымызға болмайды. Бұл, кәсіпкерлік  қандай меншік түрі негізінде дамуына байланысты. Неғұрлым толық  қарастырылған белгілер  жеке кәсіпкерлікке тән, яғни жеке меншік негізінде құрылған  кәсіпкерлік, кәсіпкер ретінде жеке азамат немесе мемлекеттік емес заңды тұлға екеніне байланысты емес. Солай дегеннің өзінде толық аталған белгілер мемлекеттің меншігіндегі кәсіпкерліктерде де көрініс табады. Мемлекеттің өз өкілетті мекемелерінің атынан мемлекеттік кәсіпкерліктердің бастамашылығын шектеуге және кәсіпкерлік  қызметтің ортасын шектеуге құқылы.

     Шағын кәсіпкерлік келесідей әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешімін таба алады. Өмір сүру сапасы мен тиімділігінің жоғарылауының бір факторы болу.  Инновациялық  негізде өнеркәсіпті құра отырып, тұрғындардың сұранысына нарық конъенктурасының өзгеруіне икемдірек бола отырып, еш басқарушылық аппартсыз прогрессивті икемді құрылым арқасында өнімшығармашылықтың керітартпалықтарын төмендету, кәсіпкерлік кейпіндегі шағын кәсіпорындар жоғары сапалы инновациялық өнімдерді және еңбекшығыны мен материалшығыны төмен қызмет көрсетуді шығаруға мүмкіншілік бар.

    Шағын кәсіпорындар шынайы иегерлерімен, кәсіпкерлердің, менеджерлердің құрылуы процесін жеделдетеді. Кейбір ерекше қабілеттерден басқа, өнеркәсіп агенттері белгілі тәжірибе жинауы тиіс. Мұндай тәжірибе жинау ірі кәсіпорындар, ірі корпорацияларда жинау кезкелген уақытта бола бермейді, әрі тәуекелді талап етеді. Осындай тәжірибені шағын жұмыстан, шағын құрылымдарда жинай бастаса, уақыт өте келе тәжірибе  жинақталғаннан кейін жұмысты біле отырып, ірі кәсіпкерлікке жеңіліс табамын деген қауіптің аз ғана пайызымен ірі кәсіпкерлікке ауысуына болады.

     Шағын кәсіпкерлік экономиканың ауыспалы құрылымында маңызды роль атқарады. Мемлекеттің ғылыми реттеуі нәтижесінде өнеркәсіп саласындағы тәжірибені пайдалана отырып, басқа да ұйымдастырушылық-құқықтық  шағын және орта кәсіпкерліктер түрін құруға болады (яғни, серіктестіктер, кооперативтер, т.б.). Халықтық шаруашылық саласында, басқа да салаларда және стратегиялық маңызды аймақтарда болашақ экономика келбетін анықтайтын шағын кәсіпкерліктер өсімін жеделдетуге болады. Оларды инновациялық өнеркәсіптерді құру саласына бұруға болады.

     Ресей Федерациясының шағын кәсіпкерліктерінің даму бағытын қарастыру қызықты әрі пайдалы. Біз білеміз, шағын кәсіпкерлік секторына әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттің қаржылық мүмкіншіліктері әсер етеді. 1998-1999 жылдар аралығында болған кризис конъюнктураның нашарлауына, банктік жүйенің әлсізденуіне, тұрғындардың төлеу қабілетінің төмендеуіне және бюджеттік табыстардың қиындай түсуіне себепші болды. Осының барлығы шағын кәсіпкерлік секторының мәселелерін одан әрі қиындата түсті және де шағын кәсіпкерліктерді «көлеңкелі» экономикаға кетуіне әкеп соқты.

    Осы сатыда Ресей Федерациясының Үкіметі шағын кәсіпкерліктерді мемлекеттік қолдау жөнінде бір қатар бағдарламаларды қабылдады.1 Осылайша, Федеральды бағдарламада қажетті шаралардың  реті көзделген. Олардың ішінде:

  •  көптеген әкімшілік бөгеттерді жеңе білу;

____________________

1 Бюллетень №8, с. 15.

  •  салықтық қысымды төмендету және салық салу жүйесін барынша жеңілдету;
  •  шағын кәсіпкерліктердің дамуының басымшылығын қамтамасыз ететін немесе шағын кәсіпкерлік секторының дамуына экономикалық  жағдай жасайтын заңшығармашылық және нормативтік құжаттарды жасау;
  •  шағын кәсіпкерліктерді өзара қаржыландыру және несиелеудің негізі ретінде несиелік одақтар мен кооперативтердің құрылуына қажетті құқықтық жағдай жасау және т.б.

     Федеральды, аймақтық және муниципалды сатыларда шағын бизнесті қолдау, арнайы инфрақұрылымды объектілер жүйесінің дамуы мемлекеттік саясаттың басым бағыты және шағын кәсіпкерлікті қолдауда мемлекеттік және  муниципалды бағдарламаларға  негізгі мәселе ретінде қосылуы керек деп, «Ресей Федерациясындағы шағын кәсіпкерліктерді мемлекеттік қолдау туралы» Федеральды заң бекітті.

     Шағын кәсіпкерлік саласындағы мәселелер көбінесе аймақтарда шешілуі керек. Шағын кәсіпорындардың басым көпшілігі тұрғылықты тұтынушыларға деген ниетпен бағытталған локальды нарықта қызмет істейді және өзінің шығармашылық шикізаттарын қызмет істеу аймағының жақын маңында іздестіреді.

     Ресей Федерациясының көпшілік субъектілерінде қазірдің өзінде федеральды және жергілікті сатылардағы шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру мезетінде құралатын элементтері бар  шағын бизнесті қолдаудың тиімді жүйесі қалыптасуда.

      Тәжірибе көрсеткендей, осы заманғы экономикалық жағдайғағы ірі кәсіпкерліктер стратегиялық дамуын анықтау кезінде және шығармашылық бағдарламаларды құруда шағын бизнестің қажеттіліктеріне көңіл бөлмей қоя алмайды.

      Дағдарысты өткеру, рубль бағамының тұрақтылығы, банктік жүйенің қалпына келуі, шағын кәсіпкерлікті кешенді және жүйелі қолдау Ресей Федерациясындағы шағын кәсіпкерліктер санының ұлғаюы мен дамуына алып келеді.  

       Кәсіпкерлік белгілі бір ұйымдастырушылық-құқықтық формаларда жүргізіледі. Қандай форманы таңдауы көптеген факторларға тәуелді болып келеді: қызмет ету ортасы, билік етуші субъектілердің қаржылық мүмкіншіліктеріне, басқа да формалардың салыстырмалы басымдылығына байланысты. Әр елде кәсіпкерлікті ұйымдастыруға байланысты өз заңнамалары жүреді. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибеге сай кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары бар.

Оларға: толық және коммандитті серіктестіктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (қоғамдар), акционерлік қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар. Әр елдерде кәсіпкерлік субъектілерін кірістіретін осы негізгі формаларының  өзінің  модификациясы бар. Әрі қарай Қазақстанда ҚР Азаматтық кодексімен және басқа да заңдармен реттелетін кәсіпкерлік ұйымдарға қысқаша мінездеме берсек.

    Заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық-құқықтық формасы – түсінігі, жақын арада заңшығармашылыққа және тәжірибеде, ұйымдардың мінездемесіне кеңінен қолданылатын – экономикалық қызмет субъектілерінің өз бетінше болуы, оның ішінде кәсіпкерлік. Онда заңды тұлғаларға, әртүрлі кәсіпкерлік ұйымдарға ортақ болып келетін ұйымдастырушылық және құқықтық белгілер айқындалады. Бұл белгілерді екі топқа бөлуімізге болады. Біріншісі кезкелген заңды тұлғаның құқықпен, заңшығармашылықпен ұйымдастырушылық байланысын көрсетеді.

      Біріншіден, заңды тұлға тек заңмен белгіленген тәртіппен құрыла алады. Бұл тәртіпті бұзған заңды тұлға өзінің құқықтарынан айырылады.

     Екіншіден, кезкелген заңды тұлға тек заңмен бекітілген ұйымдастырушылық-құқықтық формаларда ғана құрыла алады. Осы берілген ұйымдастырушылық- құқықтық формалардың түрлері ҚР Азаматтық кодексінің бірінші бөлімінде келтірілген.

     Үшіншіден, заңды тұлға тек үш жағдайда ғана қызмет істеуге құқылы, бұл заңды тұлғаның қай ұйымдастырушылық-құқықтық форманың түріне жататындығын көрсетеді. Төртіншіден, барлық заңды тұлғалар олар қай ұйымдастырушылық-құқықтық формаға жататындығына қарамастан өз қызметінде заңдылық қағидасын ұстануы қажет.

     Ұйымдастырушылық-құқықтық форманың екінші топтағы белгілері экономикалық, кәсіпкерлік қарым-қатынас қатысушысы ретінде заңды тұғаның мінездемесінің негізгін көрсетеді.

     Біріншіден, белгілі бір ұйымдастырушылық-құқықтық форманың түрі заңды тұлғалар соның арқасында құрылып, сол негізде қызмет істеп жатқан меншіктің қайдан пайда болғандығы жөніндегі сұрақтарға нақты жауап береді.

     Екіншіден, ұйымдастырушылық-құқықтық форма заңды тұлғалардың ішкі меншіктік қатынастарын ашып береді: меншік құрамы, оған заңды тұлғаның құрылтайшыларының қандай да бір қатысы, меншікті пайдалану қандай жолмен жүргізілетіндігі, т.б.

    Үшіншіден, заңды тұлға өз міндеттері үшін қандай меншікпен жауап беретінін айқындап алуға болады.

    Сонымен, заңды тұлғаның формасын анықтайтын ұйымдастырушылық және құқықтық белгілерін білу, барлық кәсіпкерлік, экономикалық  қатысушыларының  көпшілігінің арасында дұрыс бағытта жүруіне ықпал етеді. 1

     ҚР заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік формасында заңды тұлғаны құрмай-ақ, жеке тұлғаның (жеке кәсіпкерлік) немесе белгілі тұлғалар тобының (жай серіктестік, шаруа қожалығы және фермерлік шаруашылық) атынан қызмет жүргізуге болады.  

    Сонымен бірге, заңды тұлғаны құру арқылы кәсіпкерліктің тағы бір формасы айқындалады.  Кәсіпкерліктің осы бір формасында жеке тұлға

______________________

1 Кудинов О.А.  Предпринимательское право, с.с. 41-43.

(жеке кәсіпекрлік) немесе жеке және заңды тұлғалардың ұжымы (жалға беру арқылы, ұжымдық, кооперативтік кәсіпкерлік, шаруашылық серіктестік және акционерлік қоғам, шаруашылық бірлестіктер жіне басқалары) жүргізе алады.

     Жеке кәсіпкерлік түсінігі Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 19 маусым айындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 1 бабында көрсетілген.1 1998 жылдың 10 шілде айында және 1999 жылдың 26 шілде айында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Бұл өз жағынан азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін қосып алғанда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10 бабында көрсетілген кәсіпкерлік түсінігіне сәйкес келеді.

     Заңның 1 бабында көрсетілгендей  жеке кәсіпкерліктің түсінігінде «табыс табуды көздейтін, азаматтардың өз меншігінің негізінде жүргізілетін  азаматтардың бастамашылық қызметі». Бұл анықтамада жеке кәсіпкерліктің неғұрлым толық белгілері айқындалған.

     Осылайша, жеке кәсіпкерлік қызметі келесі белгілердің жиынтығымен анықталады:

А) бастамашылық қызметті  көрсетеді;

Б) табыс табуға бағытталған;

В) кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың өз мүліктері негізінде;

Г) өз тәуекелдеріне азаматтардың атынан және солардың меншіктік  

         міндеттемелерінен жүзеге асырылады;

     Айтылғандардың негізінде мынаны ұсынуға болады, жеке кәсіпкерлік қызметті басқа да азаматтар қызметінен ерекше бөліп қарауымыз қажет, оларға табыс әкелетін, бірақ кәсіпкерлік болып табылмайтын, яғни бұл қызмет саласында кәсіпкерлікке тән белгілері жоқ.

_______________________

1 ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы, 1997ж. 19 қаңтар.

    Мысалы, кәсіпкерлікке еңбектік жалдамалы жұмыс туралы шарттар жатпайды, себебі жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастары ҚР 1999 жылдың 10 желтоқсан айындағы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңымен реттеледі.

    Сонымен қатар, егер осы қызметкерлердің өз ісінде емес немесе солардың бастамашылық қызметі болмаса, ал жұмыстар мүліктік контрагендік базада жүргізілетін болса азаматтардың өз еңбегімен азаматтық-құқықтық келісімдер негізінде орындалатын жұмысты кәсіпкерлік деп санауға болмайды. Бұл қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің 22-24 тарауларымен реттеледі.

    Ендігі ретте, еңбек сарапшысы, кеңес беруші қызметкерлердің авторлық шарттарымен атқарылатын жұмыстар да кәсіпкерлікке жатапйды. Мысалы, тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша заңжобалары жұмысын атқаратын еңбек етуші тұлға. Бұл қызмет саласы белгілі нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.

     Осылайша, біз кәсіпкерліктің белгілері жоқ жеке кәсіпкерлік туралы заңнама белгілі қызмет түрлеріне таралмайтынын көруімізге болады.

     Осы нормативтік акт негізіндегі жеке кәсіпкерлік бір азаматпен өзбетінше жүзеге асырылады. Ал, біріккен кәсіпкерлік азаматтар тобымен, заңды тұлғаны құрмай-ақ жүзеге асырылады. Бұл талаптар жоғарыда көрсетілген заңның сараптамасынан шығып отыр.

     Сонымен, біріккен кәсіпкерлік формаларына мыналар жатады:

А) бір меншік негізінде жүзеге асырылатын - ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;

Б) шаруа қожалығы меншігі негізінде немесе жекешелендірілген тұрғын үй меншігінің негізінде жүзеге асырылатын - жанұялық кәсіпкерлік ;

В) кәсіпкерлік қызмет ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын – жай  серіктестік.

     Осылайша, жеке кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналысуы керек, құқықтар мен міндеттерді алуымен қатар жүзеге асыруы керек және ол тек өз атынан жүргізілуі міндетті. Ал, біріккен жеке кәсіпкерлікте ҚР 1997 жылғы 19 маусым айындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңының 25 бабында көзделген жайттардан басқасы кәсіпкерлік қызметке байланысты барлық келіссөздер біріккен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларның атынан жүргізіледі.

     Алғаш рет, ҚР 1997 жылғы 19 маусым айындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңының 15 бабында кәсіпкерлік іс түсінігі қалыптасты.

      Кәсіпкерлік іс – бұл «меншіктік құқықты қосқанда меншіктің жиынтығы, соның негізінде кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асырады. Жалпы алғанда кәсіпкерлік іс немесе оның бөлшегі сатып алу-сату объектісі, кепіл, жалға беру және басқа да шарттар объектісі бола алады, құқықтардың өзгеруі, бекітілуі және жойылуына байланысты болып келеді».

     Шаруашылық қызметінің субъектілері – жеке  кәсіпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтарының құқықтық жағдайын ескере отырып банкроттық рәсімдерді қолдану ҚР Азаматтық кодексінің 21 бабымен және «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңының 38-45- баптарымен реттеледі.

  «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 38-бабына сәйкес борышкер жеке кәсіпкердің ақшалай міндеттемелері бойынша несие берушінің талаптарын қанағаттандыра алмауы, сондай ақ өзіне тиесілі мүлік есебінен бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмауы оны банкрот деп тануға негіз бола алады деп көрсетілген. Бұл жағдайда дәрменділік, барлық мүліктің құнын ескере отырып, анықталады.

      Жеке кәсіпкерлік құрылымы заңды тұлғамен салыстырғанда қарапайым болып келеді. Сондықтан кәсіпкерлік өз мойнына өте көп жауапкершілікті ала бермейді. Заңды тұлға болып табылатын жеке кәсіпкерліктердің таратылуы өз мүмкіншіліктері шегінде заңды тұлға өтетін  процедураларлан өтеді.

2 Заңды  тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы туралы істерді сотта қарау ерекшеліктері

Азаматтық іс жүргізу – бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен реттелген, азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі.1 Іс жүргізу құқықтары мен міндеттері  процесс барысында жүзеге асырылады.

Азаматтық іс жүргізу нысанына тән белгілер:

  1.  Сот істерін қарау және шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізуде құқықтың нормаларымен белгіленген;
  2.  Істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады.
  3.  Сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.

ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді 4 түрге бөледі:

  •  Бұйрық бойынша іс жүргізу істері.
  •  Талап қоюмен іс жүргізу істері.
  •  Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері.
  •  Ерекше іс жүргізу.  

___________________

1 Егембердиев Е.О. Азаматтық іс жүргізу.  Астана 2006, 23-27бет.

Азаматтық істерді қарағанда арызды қабылдағаннан кейін судья істі сотқа қарауға әзірлік жүргізеді. Оның мақсаты іс уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету үшін. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы судьяның және өзі мынадай әрекеттер жасайды:

  1.  Талап қоюшыдан талаптардың мән-жайы жөнінде сұрастырады. Онда жауапкер жағынан болуы мүмкін қарсылықтарды анықтайды, қажет болса қосымша дәлелдемелер тапсыруды ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
  2.  Қажет болса, жауапкерді шақырып, одан істің мән-жайы жөнінде сұрастырады, оның талапқа қарсылықтарын қандай дәлелдермен қуаттай алатындығын анықтайды, ерекше күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсініктер беруді ұсынады, оған оның іске қатысу құқықтары мен міндетерін түсіндіреді.
  3.  Үшінші тұлғаларды және өзге қатысушыларды іске қатыстыру туралы мәселелерді шешеді.
  4.  Іске прокурордың қатысуы туралы мәселені шешеді. Белгіленген  тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кеткен, ақылының ауысуы немесе есінің кемдігі салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамның, неке бұзу туралы істері бойынша жауапкердің мүліктік құқықтарын қорғау үшін, сондай-ақ балалардың мүдделерін қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы органдарын процеске қатыстыру мәселесін шешеді.

Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша қажет болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және т.б. қатыстыру мәселесін шешеді. Судья, іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.

Бұл сатыда сот (жеке дара) сот отырысында іс материалдарын қарайды, істі мәні бойынша шешеді немесе іс бойынша өндірісті қысқартады. Жалпы ереже бойынша шешім қабылдаумен аяқталады.

Заң күшіне енбеген сот шешімдерімен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық өндіріс).

Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші тұлғалар келіспесе, олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ, олардың келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы саты бойынша істі қараған сот  соттың қаулысын шығарады.  

Сот шешімінің дәлелсіздігі немесе материалдық не іс жүргізудің құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы, сол шешімді бақылау ретінде бұзуға негіз болады.

2.1  Банкроттық туралы істерді қозғау  мен әзірлеу

    Банкроттық туралы істерді сотта қараудың процессуалдық негізін ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі мен ҚР банкроттық туралы заңы құрайды. Сипаттамасы бойынша жалпылама және қағидалы болғандықтан, Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормалары банкроттық туралы істерді қарауда процессуалдық негізі болып келеді. Дәрменсіздік (банкроттық) туралы заңның нормалары ерекше сипатқа ие және сотта өз ерекшеліктерін ескере отырып, Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормаларына қосымша ретінде қолданады.

Борышкердің, несие берушінің немесе заңның 26-бабында көрсетілген жағдайларда, прокурордың арызы негізінде сот дәрменсіздік (банкроттық) туралы іс қозғай алады.  

Ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001жылғы 23 қарашадағы №1508 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті банкроттық рәсімдердің жүргізілуіне бақылау жасайтын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Комитет осы ереженің 14-тармағының 6) тармақшасына сәйкес тек конкурстық өндірістің мүддесін көздеп арызбен сотқа жүгінуге, соттың конкурстық өндіріске қатысушылар арасындағы дауларды қарауы кезінде сот отырысына қатысуға құқылы, бірақ ол сотқа борышкерді дәрменсіз (банкрот) деп тану туралы арыз беруге құқылы емес. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкімшілік белгілейтін уәкілетті органдар да осындай құқықтар мен өкілеттіктерге ие.

Егер несие берушілердің борышкерге талаптарының жалпы сомасы жүз елу айлық есептік көрсеткішінен жоғары болса, сот осы қаулының үшінші тармағының бірінші абзацында аталған адамдардың борышкерді банкрот деп тану туралы арыздарын қарайды. Істің сотқа қарастылығы туралы мәселені шешерде сот, арыз берген кезде несие берушінің талаптары сомасы, олардың орындалмағаны үшін санкцияларды айыппұлды, өсімді, шығындарды санамағанда, ақшалай міндеттемелерінің сомасы бойынша анықталатынын ескеруі керек. Егер борышкерден оны банкрот деп тану туралы арызды қабылдау кезінде сот арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойған не осы адамның өкілеттігін растайтын құжаттар мен Заңның 18,19-баптарында  көрсетілген құжаттар қоса тігілмеген деп тапса, онда сот мұндай арызды аталған заңның 21- бабының  1-тармағына сәйкес кері қайтарады. Борышкердің сотқа жолдаған өтініші Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша міндетті болған жағдайларда, сот арызды өз өндірісіне қабылдауға, ал жетіспей тұрған құжаттарды істі сот талқылауына дайындау тәртібімен арызданушыдан сұратуға міндетті. «Банкроттық туралы» Заңының 22-бабына, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 38-бабына сәйкес азаматтық құқықтық міндеттемелер бойынша заңды немесе жеке тұлға несие беруші өтініштерінің негізінде, сондай ақ салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салық органдарының тарапынан банкроттық туралы іс қозғалуы мүмкін. Несие берушінің өтінішіне оның өкілі қол қоюы мүмкін. Мұндайда «Банкроттық туралы» Заңының 22-бабына сәйкес  өтінішке өкілдің несие берушінің атынан сотқа тиісті өтініш беруге өкілеттігін растайтын несие берушінің сенім хаты қоса тіркеледі. Несие беруші борышкерге қойған бірнеше талапты бір өтінішке біріктіруге құқылы немесе бірнеше несие берушілердің талаптары бір өтінішке біріктірілуі мүмкін. Егер борышкерді дәрменсіз деп тану туралы несие берушінің өтініші, сотта  басқа несие берушінің өтініші негізінде сол борышкерге қатысты іс қозғалғаннан кейін келіп түссе, онда сот іс бойынша шешімді шығармай тұрып, өтінішті біріктіріп қарау үшін, оны қозғалған өндіріске қосу туралы ұйғару шығарады. Сот  борышкерді банкрот деп тану туралы шешімді шығарғаннан кейін және конкурстық өндіріс қозғалғаннан кейін келіп түскен өтінішті, ҚР АІЖК-нің 153-бабына сілтеме жасап, қабылдамайды.

Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы өтініштер ерекше өндіріс тәртібінде қаралады, сондықтан борышкерді дәрменсіз (банкрот) деп тану үшін қажет негіздердің бар жоғы сотқа шағымданған кезде анықталады. Соттың борышкерді банкрот деп танудан бас тартуы немесе заңда көрсетілген негіздер бойынша (борышкерді таратумен байланысты іс жөніндегі өндірісті қысқартқан жағдайдан басқа) іс жөніндегі өндірісті қысқарту  сол борышкерді банкрот деп тану туралы кейін келіп түскен өтініштерді қабылдамауына негіз бола алмайды.

     Банкроттық туралы істерді сотта қарауды екі сатыға бөлуге болады: істі сотта қарау және банкроттық процедурасы.

     Бірінші сатысы борышкерді банкрот деп тану туралы арызды беруден бастап, борышкердің дәрменсіздігі немесе дәрменділігі жөнінде заңи фактіні анықтайтын соттың актісін (шешім, ұйғарым) шығарумен аяқталатын сот процесін көздейді.

      Банкроттық процедурасының екінші сатысының міндеті – сот актісін жүзеге асыру болып табылады.  

       Сотқа арыз беру үшін екі белгінің болуы шарт: кредитордың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi салықтық берешегi бойынша талабы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса; өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы iстердi сот қарайды.

     Бұл процестің ерекшелігі талапкер мен жауапкер түсінігінің болмауы, яғни сәйкесінше арызданушы мен  борышкер атаулары кездеседі.  Дәрменсіз деп тану туралы арызды  кредитор да, сол секілді борышкердің өзі де бере алады. Арызды кім бергеніне байланысты, заң арызды толтыру реті мен мазмұны жөнінде әртүрлі талап қояды. Солайша, борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша түрде берiледi. Оған борышкердiң - заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарына сәйкес оның орнындағы адам қол қояды. 

Борышкердiң өтiнiшiнде мыналар болуға тиiс: 

1) өтiнiш берiлетiн соттың атауы; 

2) азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлардың, олардың тұрғылықты жері және борышкерге қойған талаптарының сомасы көрсетілген тізбесі;

3) моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн борышкердiң өзi жауап беретiн азаматтардың талап етуi бойынша берешегiнiң сомасы; 

4) борышкердiң қызметкерлерiне төленуге тиiстi еңбекақы мен өтемақылар бойынша берешек сомасы; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша берешек сомасы; авторлық шарттар бойынша төлеуге есептелген сыйлықақы сомасы;

5) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек сомасы; 

6) кредиторлардың талабын қанағаттандыру мүмкiн еместiгiне негiздеме;

7) борышкерге талап-арыздарды соттардың iске қабылдап алғаны туралы, сондай-ақ, даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер; 

8) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде жалдаудағы және лизингтегi кепiлге берiлген мүлiк туралы, банктiк шоттарда жатқан ақша туралы мәлiметтер; шоттардың нөмiрлерi және банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген тізбесі туралы мәлiметтер; 

9) борышкердiң өтiнiштi берген күннен бастап бiр жыл iшiнде орындалуы керек болатын мiндеттемелерi туралы мәлiметтер; 

10) банкроттық туралы iске қатысу үшiн еңбек ұжымының өкiлi (қызметкерлердiң өкiлi) туралы мәлiметтер;  

10-1) борышкер қызметінің табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкер тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға; ие болған нарық субъектісі болып табылатыны туралы ақпарат; 

11) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi.

     Егер банкроттық туралы iстi қарауға қажет болса, борышкердiң өтiнiшiнде өзге де мәлiметтердiң, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар өтiнiштер көрсетiлуi мүмкiн.

     Борышкер уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi (18-бап). Тіркелуге тиісті құжаттардың тізімі «Банкроттық туралы» заңның 19-бабында көрсетілген. 1

     Азаматтық-құқықтық мiндеттемелер бойынша кредитор (кредиторлар) өтiнiштерiнiң негiзiнде банкроттық туралы iс қозғалуы мүмкiн. 
Кредитордың өтiнiшi сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жалпы ережелер бойынша берiледi.

__________________

1 ҚР Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 3 нормативтік қаулысы. ҚР соттарының банкроттық туралы заңды қолданудың кейбір мәселелері туралы.    

Кредитордың өтiнiшiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:

  1.  өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы;

2) борышкердiң атауы және оның тұрғылықты жері;

3) өтiнiш берген кредитордың атауы және оның тұрғылықты жері;    

4) борышкердiң  кредитор алдындағы оның талабынан туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi;

5) осы кредитордың борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы;

6) мiндеттеме бойынша берешек сомасы және орындамағаны үшiн айып-ақы (айыппұл, өсiм) және борышкерден өндiрiп алуға жататын зияндар осы сомаға есептелген сыйақы (мүдде);

7) кредитор талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (сот шешімі, бұл талаптарды борышкердің мойындауы, ал олар жоқ болған кезде - кредитор талаптарының негізділігін және олардың сомасын растайтын дәлелдемелер);
8) борышкерде бар мүлiк туралы кредиторға белгiлi мәлiметтер;

9) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi;     

10) борышкерге талаптар қою айғағы;

Осыдан келе, кредиторлардың тарбынан берілген арыз бойынша істі қозғау тәжірибесі өзімізде өте  кең таралған десек болады. Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта қаралған істер бойынша көп мысал келтіруге болады.  Арадағы бірер жылдың тәжірибесін қарасақ 2007 жылы сотқа жалпы саны 3654 мыңнан аса экономикалық істер келіп түсті, оның ішінде банкрот деп тану туралы істердің  жалпы саны 261. Ал 2008 жылда, осы күнге дейін банкрот деп тану туралы істер бойынша 183-тен аса арыздар келіп түскен.

    Көпшілік арыздар әрине, салық комитетінің тарабынан болып жатады, оған көптеген мысалдарды келтіруге болады: 2008 жылдың басында Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Астана қаласының Сарыарқа аудандық  салық комитетінен «Трактор-Трейд» ЖШС банкрот деп тану туралы арызы келіп түсті, арызда кредитор келесідей дәлелдемелерді келтірген: ЖШС 2002 жылдан бастап салық есебін ұсынбаған және салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлемейді делінген. Борышкер жалпы сомасы 9 257 911 тг қарыз.

     Кредитор, бұл жағдайда салық комитеті Салық кодексінің 49-бабына сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданған: банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу бойынша,  бірнеше рет инкассалық бұйрық жіберілген, бірақ ешқайсысыда өндірілмеген.

     Қолма қол ақша есебінен: бұл шара бойынша да өндіріп алу мүмкін болмады, себебі борышкер қызмет жасамайды және тіркелген мекен жайы бойынша табылмаған.

    Дебиторлар есебінен: бұл шара арқылы да өндіріп алу іске аспады, борышкер қызмет жасамағаны мен тіркелген мекен-жайында жоқ болғандығы себебінен.

    Оқшау мүлкінің есебінен: ЖШС атында мүлік жоқ екені анықталды. Солайша, осы келтірілген мәліметтер есебінен ҚР «банкроттық туралы» заңының 94 бабын басшылыққа ала отырып, «Трактор-Трейд» ЖШС дәрменсіз деп тану жөнінде арыз берді.

    Сот іс  бойынша ұйғарым шығарды. Кредитор  2008 жылдың 18 қаңтар айында «Трактор-Трейд» ЖШС банкрот деп тану туралы берген арызын кері қайтару жөнінде арыз берген. Сол бойынша, сот «Банкроттық туралы» заңның 39-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының Сарыарқа аудандық салық комитетінің арызды қайтарып алу туралы арызын қанағаттандыруды ұйғарды. Іс бойынша өндірісті тоқтатты.

   Тағы сол секілді іс, Астана қаласының Алматы аудандық салық комитетінің «Ботакөз» ЖШС-н  банкрот деп тану туралы арызы. Яғни, бұл жерде де кредитор белгілі себептермен ЖШС-ті дәрменсіз деп тану туралы арыз берді, сот ол бойынша кредитордың талабын қанағаттандыру жөнінде ұйғарым шығарды. Және де осындай мысалдар аса көп. Істің дұрыс шешілуіне мүдделі кредитор борышкерге және уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса тiркелетiн құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi.     

      Кредитордың заңда көзделген талаптарға сай келмейтiн, сондай-ақ, қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген өтiнiшiн сот қарамай қайтарады (22-бап).  

      Кредитордың борышкердiң банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:

1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiп пен мөлшерде төленгенiн;
2)  кредитор өтiнiшi көшiрмесiнiң және оған қоса тiркелген құжаттардың борышкерге жiберiлгенiн;

3) борышкердiң кредитор алдындағы мiндеттемелерi, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешектiң бар-жоғы мен сомасын;

4) кредитор талаптарының орындылығын (орындау құжаттары, соттың шешiмi немесе кредитордың талаптарын борышкердiң жазбаша түрде мойындауы);

5) кредитордың өтiнiшi негiзделген өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса тiркеледi (23-бап).

     Дәрменсіздік туралы істер мен экономикалық тартыс бойынша істерді соттарда қараудың бір-бірінен бірталай өзгешелігі болғандықтан, дәрменсіз деп тану туралы арызды берер алдында «банкроттық туралы» заңның нормаларын басшылыққа алған жөн.

     Сотқа жүгіну үшін мемлекеттік баж соммасын төлеу керек. Борышкердi банкрот деп тану туралы заңдарда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш түскеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады. 

    Сот банкроттық туралы іс қозғау жөніндегі сот ұйғарымының көшірмесін борышкерге, мәлімдеушіге, уәкілетті органға және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына жібереді (27-бап).

    Банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап: 
1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесi (оған уәкiлеттiк берiлген орган), құрылтайшылар (қатысушылар), заңды тұлғаның барлық органдары борышкердiң мүлкiне билiк ету құқығынан айырылады. Уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша сот iс жүргiзу циклын, оның iшiнде үздiксiз iс жүргiзудi қолдауға және мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi ең төменгi ағымдағы төлемдердi жүргiзуге уәкiлеттi тұлғаларды анықтауға құқылы;
2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қоспағанда, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауап беретiн азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне қатысты оның меншiк иелерiнiң (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе органдардың бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады; 

3) кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн; 

4) кредиторлардың, салық органы мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уәкілетті мемлекеттік органның талаптары, соның iшiнде даусыз (акцептісiз) тәртiппен қанағаттандырылуға тиiстi талаптары бойынша борышкердiң банк шотынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi;     

5) акцияларды, борышкердiң мүлкiндегi үлестердi иелiктен айыруға тыйым салынады. 

     Сот жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының  бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында банкроттық туралы іс бойынша іс қозғалғандығы жөнінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялауға міндетті.

    Хабарландыруды жариялау банкроттықты тану туралы өтiнiш берген тұлғаның  қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, ол  Заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс (28-бап).

    Кредитордың немесе прокурордың не iске қатысушы өзге адамның өтiнiшi бойынша сот кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету жөнiнде мынадай шаралар қолдануға:1) борышкерге тиесiлi мүлiкке (оның бiр бөлiгiне), соның iшiнде ақшаға тыйым салуға;2) борышкер мүлкiнiң азайып кетуiне не кредиторлардың мүдделерiне өзгеше түрде нұқсан келтiруi мүмкiн iс-әрекеттер жасауына борышкерге тыйым салуға;3) өндiрiп алу даусыз (акцептсiз) тәртiппен жүргiзiлетiн орындау құжаттары немесе өзге де құжаттар бойынша өндiрiп алуды тоқтата тұруға құқылы (30-бап).
Арызды қабылдағаннан және азаматтық істі қозғағаннан кейін судья оны уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта іс қарауға істі әзірлейді. Сотта іс қарауға істі әзірлеудің әрбір іс бойынша міндетті міндеттері мыналар:

    1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;

    2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;

     3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;

     4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.

     Кредитордың немесе прокурордың сотқа банкроттық туралы заңның 29-бабының ережелерiн ескере отырып табыс еткен талабына борышкердiң қарсылық бiлдiрген жауабының болуы iстi сотта қарауға дайындау үшiн негiз болып табылады. Борышкердiң банкроттығы туралы iстi сотта қарауға дайындау кезiнде iс жүргiзу заңдарында көзделген әрекеттермен қатар сот:

1) iстi сот отырысында қаралатын уақыты мен орнын iске қатысатын уәкілетті органға, кредиторларға, прокурорға және өзге де тұлғаларға хабарлайды; 

2) банкроттық туралы заңның 18-бабының 2-тармағында және 19-бабында көзделген мәлiметтер мен құжаттарды борышкерден талап етiп алады;
3) iстi мәнi бойынша қарау үшiн соттың отырысын тағайындайды
.

Істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға  әзірлеу тәртібімен судья мынадай әрекеттерді жүргізеді:

1) талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын  қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

2) қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

3) іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші тұләалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;

4) тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарын және мұндай әрекеттің салдарларын түсіндіреді;

5) оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды;

6) куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;

7) тараптардың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатысуға тарту туралы мәселені шешеді;

8) тараптардың өтінімі бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді;

9) кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдары хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді;

10) сот тапсырмаларын жібереді;

11) талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;

12) талапкердің  өтініші бойынша оның берген арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады;

13) өзге де қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды (АІЖК 170-бабы).

Соттың шешімдері келесідей мазмұнда болады:

  •  Борышкерді банкрот  деп танып, конкурстық өндірісті ашу;
  •  Борышкерді банкрот деп танудан бас тарту;
  •  Сырттай бақылауды тағайындау туралы ұйғарым;
  •  Банкроттық бойынша іс өндірісін тоқтату туралы ұйғарым.

Борышкерді банкрот деп тану туралы шешім, егер ол сотпен өзгеше көзделмесе, жедел орындалуға тиіс.

    Соттың борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiмi мынадай жағдайларда: 

1) iс қозғалған кезден бастап екi айдан аспайтын мерзiмде соттың iстi қарауы барысында борышкер өзiнiң қабiлеттiлiгiн дәлелдей алмағанда; 

2) iс қозғалған кезден бастап отыз күннен аспайтын мерзiмде борышкердiң өз жауабында дәрменсiздiгiн мойындағанда;

3) iс қозғалған кезден бастап он күннен аспайтын мерзiмде борышкер өзiн банкрот деп тану туралы арыз бергенде;     

4) кредиторлар комитетiнiң бас тарту туралы шешiмi алынған кезден бастап бес күннен аспайтын мерзiмде, банкроттық туралы заңның 14-бабы 2-тармағының талаптарын сақтай отырып, кредиторлар комитетi борышкерге оңалту  рәсiмдерiн қолданудан бас тартқанда;     

5) банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу жаңғыртылған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмдерiнiң сәтсiз өткiзiлгенi туралы уәкілетті органның қорытындысымен сотқа жазбаша жүгiнгенде;   

6) банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу жаңартылған күннен бастап он күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде оңалту мақсаттарына қол жеткiзу мүмкiн болмауына байланысты оңалту рәсімін тоқтату туралы уәкiлеттi орган мәлiмдегенде шығарылады.    

    Мысалға келтіретін болсақ, Салық комитеті жоқ борышкер «ПФК «Юна-Юст» ЖШС дәрменсіз деп тану жөнінде сұраным білдірді. Сот іс бойынша борышкерді банкрот деп тану жөнінде шешім шығарды.

     Яғни, бұл жағдайларда кредитор жағынан бір жақты арыз түскен және борышкер жағынан ешқандай қарсылықтар болмағандықтан, кредитор өз дәлелдемелерін келтіріп, сотта іс бойынша өндірісті қозғауға негіз болды.

Соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмiнде:     

1) борышкердi тарату туралы;    

2) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауға тапсырма беру туралы;     

3) шешiм шығарылғанға дейiн сотқа жүгiнген кредиторлардың мәлiмделген талаптарының сомасы туралы;  

4) борышкердiң  лауазымды тұлғаларының  құрылтай, қаржы және оның мүлкiне құқық белгiлейтiн құжаттарын, сондай-ақ борышкердiң мөрiн конкурстық басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде беру туралы нұсқаулар болуға тиiс.     

2-1. Уәкілетті орган конкурстық басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей тағайындайды. 

3. Борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы хабарландыруды конкурстық басқарушы ол тағайындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды. 
Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:     

1) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған сот органының атауы;     

2) банкроттың атауы және орналасқан жерi;     

3) жарияланым шыққан күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде өздерiнiң борышкерге қоятын талаптарын табыс ету қажеттiгi туралы кредиторларға хабарлама болуға тиiс (36-бап).

     Егер  кредиторлардың қойған талаптарына борышкер қарсылықтарын сот дәлелдi деп таныса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi кредиторларды iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiп бойынша борышкерге өз талаптарын қою құқығынан айырмайды. 

    Жалған банкроттық белгiлерi болған кезде кiнәлi лауазымды адамдардан барлық сот шығындарын өндiрiп ала отырып, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады.Сот шешiмiнде жалған банкроттықтан келтiрiлген шығындарды борышкерден өтеудi талап етуге кредиторлардың құқығы көрсетiлуге тиiс.

    Банкроттық туралы iс бойынша iстi сот iс жүргiзу заңдарында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ мына жағдайларда:   

  •  оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатында қол жеткiзiлгенде;       
  •   борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi керi қайтарып алғанда қысқартады.    

    Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне байланысты соттың банкроттық туралы iс бойынша iстi қысқарту жөнiндегi ұйғарымында:    

  1.  оңалтуды басқарушының есебiн бекiту туралы; 
  2.  оңалту рәсiмiн тоқтату туралы нұсқаулар болуға тиiс.

2.2  Банкроттық туралы істерді қарау

Сырттай байқау істі қараудың бірінші сатысына жатқызылады, себебі ол банкроттықтың процедурасы болғанмен, қамтамасыз ету функциясын жүзеге асырады. Біздің заңнама үшін де банкроттық процесіне сырттай байқауды енгізу әлбетте жаңаша процедура болып отыр деп ойлаймын. Ресей тәжірибесіне қарасақ, оның да сондай дағдайда екендігіне көз жеткіземіз, О.Никитина: «Оның мәні сонда, борышкерді банкрот деп тану туралы арызды өндіріске қабылдағанда оның нақты дәрменсіз екеніне көз жеткізе алмаймыз, ал сырттай байқауды тағайындағаннан кейін оның шынайы халін анықтауға болады» дейді.

     Сырттай байқау борышкерді банкрот деп тану туралы арызды сот қабылдағаннан бастап тағайындалады. Бұдан, сырттай байқаудың соттың ұйғарымы шыққаннан кейін басталады деуге болады.

     Кредитордың не уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша сот:

1) сырттай байқау рәсiмiн қолдануға келiсiм бiлдiрген кемiнде үш кредитор, оның iшiнде өтiнiш берушi болған кезде;     

2) борышкер төлемге қабiлетсiз болған кезде, борышкерге қатысты үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге сырттай байқау рәсiмiн енгiзуi мүмкiн.     

      Сырттай байқауды енгiзу туралы сот ұйғарымында уәкiлеттi органға үш күн мерзiмде сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тапсырылатыны көрсетiледi.  Сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.  Сырттай байқау әкiмшiсi болып банкроттық рәсiмдерiнде төлемге қабiлетсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган берген лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсiпкер тағайындалады. Банкроттық туралы  заңның 9-бабының 4-тармағында көрсетiлген тұлғалар сырттай байқау әкiмшiсi болып тағайындала алмайды. Сырттай байқау әкімшісі лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған функцияларды жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс.      Лицензиясынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.

Сырттай байқау енгiзiлген кезде мынадай салдарлар туындайды:
 1) кредиторлардың борышкерге қатысты кез келген талаптары банкроттық туралы заңда көзделген сырттай байқау рәсiмi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;     

2) борышкердiң лауазымды тұлғаларына өздерiне тиесiлi акцияларды, борышкер мүлкiндегi үлестерiн иелiктен айыруына тыйым салынады.  

    Сотқа сырттай байқауды енгiзу туралы өтiнiш берген кезде кредитор салық қызметiнiң тиiстi органына хабарлама жiбередi.

    Сырттай байқау кезiнде кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар комитетi құрылады, оның құрамын банкроттық туралы заңның  талаптарына сәйкес сырттай байқау әкiмшiсi құрады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.   Кредиторлар комитетiнiң құрамына борышкерге  ең  көп талабы бар азаматтық-құқықтық мiндеттемелер бойынша кредиторлар, сондай-ақ салықтық берешегi болған кезде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитор кiруi мүмкiн. Өтiнiштерi бойынша сырттай байқау рәсiмi енгiзiлген кредиторлар, талаптардың мөлшерiне қарамастан, кредиторлар комитетiнiң құрамына енгiзiледi.    Кредиторлар комитетi мүшелерi жетi адамнан аспайтын тақ саннан тұрады.

     Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiктерi: сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерiн үйлестiру мен бақылау; борышкердiң негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру бойынша мәмiлелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтiруi мүмкiн, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткiлiксiз негiздер бойынша өзге мәмiлелер жасауына қатысты сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерiн келiсу, қайта ұйымдастыруды жүргiзу; сырттай байқау әкiмшiсiмен борышкердiң  мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесiнде борышкердiң төлемге қабiлетсiздiгi туындаған, сырттай байқау рәсiмiн енгiзгенге дейiн жасалған оның мәмiлелерiн және iс-әрекеттерiн анықтау мен талдау, мүлiктi түгендеу актiлерi бойынша салыстыру жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар және банкроттық туралы  заңда белгiленген өзге де iс-шаралар туралы уәкiлеттi органмен келiсiлген келiсiм жасау; уәкiлеттi органға сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерi жөнiнде шағымдану; сырттай байқау рәсiмiн  ұзарту немесе тоқтату туралы сотқа өтiнiш жасау жатады. Ал борышкер өз кезегінде,  сырттай байқауды енгiзу туралы ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында сырттай байқауды енгiзу туралы жарияланымды мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастыруға; сырттай байқау әкiмшiсiнiң талабы бойынша:      сырттай байқау енгiзiлгенге дейiн жасалған, негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру жөнiндегi мәмiлелерге, сондай-ақ құны борышкер активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң он және одан да көп процентi болатын басқа да мәмiлелерге қатысты қаржылық-шаруашылық және  ұйымдастыру қызметi туралы ақпарат ұсынуға;      борышкердiң қаржылық жай-күйiн нашарлатқан мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердi бұзу жөнiнде шаралар қабылдауға; сырттай байқау әкiмшiсiмен шығыстардың ұлғаюын, бухгалтерлiк есеп стандарттарына сай өз капиталындағы өзгерiстi, қайта ұйымдастыру жүргiзудi, негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру жөнiндегi мәмiлелердiң, сондай-ақ борышкер активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң он және одан да көп процентi болатын мүлiктi сатып алу немесе иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердiң жасалуын келiсуге мiндеттi.

Содан, сот істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде кеңесу   бөлмесінде мынадай шешімнің бірін қабылдайды:

  •  Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады.
  •  Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімдерін толық немесе бөлігінің күшін жояды және істі 1-ші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді.
  •  1-ші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды және талап-арызын қарамай тастайды немесе іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.
  •  Іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады.
  •  1-ші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді немесе оның күшін жояды. Материалдық құқықтық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.

Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша шағым, наразылық дәлелді шегінде 1-ші, апелляциялық сатыдағы, соттар шығарған  сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Сот құрамы 3 судьядан кем болмауы керек. Істі қарағаннан кейін сот қаулы шығарады.

Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл  ерекше саты деп аталады. Шешімдерді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға мыналар негіз болады:

  •  Іс үшін елеулі маңызы бар арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес мән-жайлар;
  •  Заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, куәнің біле тұра берген жалған жауабы, сарапшының біле тұра жасаған жалған қорытындысы, аудармашының біле тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтардың жалғандығы;
  •  Заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық әрекеттері.
  •  Сот шешімін шығаруға негіз болған басқа органның қаулысының бұзылуы.

    Құқықтық қатынас – құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасып отыратын құқықтар және міндеттері айшықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттар мен заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайына байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу, құқықтары мен міндеттердің пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады. Бұл қатынастардың ерекшеліктері мыналар:

  •  Олар азаматтық іс жүргізу  құқығының нормаларымен тікелей белгіленген;
  •  Ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы;
  •  Бірлігі мен біріктілігі;
  •  Арақатынасында.

     Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды.

     Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша және қызметтік –көмек көрсетушілік.

     Негізгі іс жүргізу құқықтық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізу сот пен тараптар арасында және ерекше іс жүргізу сот пен арыз беруші арасында болады.

     Қосымша іс жүргізу құқықтық қатынасы іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін өзі басқару органның қатысуымен өткенде (АІЖК-ң 55-57 б.), сондай-ақ, 3-ші тұлғаның қатысуымен өткенде туындайды.

     Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу  құқық қатынасының іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашылардың, сарапшылардың, куәлардың, қоғамдық өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.

     Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының ерекшелігі  оның биліктік сипатында, яғни  биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы субъектілері – сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушы – билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот билігін бекітуі.

     Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: жалпы  және  арнайы.

Жалпы объект – сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдық – құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.

     Арнайы объект – нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы объектісі болып осы сарапшының  өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы).

      Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының субъектілері азаматтыар мен заңды тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу құқық қатынасына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатыстығына орай, белгіленген топтарға бөледі: сот , іске қатысушылар және сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер.

      Сот азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының міндетті субъектісі ретінде қаралады. Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсыбіреудің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды, негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерін кінәлі тараптарды тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершіліктерін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіртуге мәжбүрлейді.  Істі сот отырысында қарау мен шешу ҚР Конституциясының 77-бабында және ҚР АІЖК жалпы бөлімінің 2-тарауында аталған принциптерге негізделеді.

     Іске қатысушыларды азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының субъектілері ретінде танимыз. Олардың құрамына ҚР АІЖК 44 бабына сәйкес:

  •  Тараптарды (талап қоюшы мен жауапкерді);
  •  3-ші тұлғаларды (даудың нысанасына дербес талаптар мәлімдейтін);
  •  Прокурор;
  •  Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдар;
  •  ҚР АІЖК-ң  56-57-баптарында көрсетілген негіздер бойынша процеске қатысатын ұйымдар немесе жеке адамдар;
  •  Арыз берушілер және басқа да мүдделі тұлғаларды (ҚР АІЖК-ң 289-бабы) жатқызамыз.

     Сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесетін азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасының субъектілері. Олардың қатарына: аудармашы, кәу, маман, сот приставы, сот хатшысы, сот орындаушысы, өкіл және т.б. жатқызылады.

     Азаматтық іс жүргізу процесінде тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады (АІЖК 44 бабы). Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды  сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар.

      Тараптар – сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.

      Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді айтады. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР азаматы, шетел азаматы  және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйым және кәсіпорындар) болып табылады.

      Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға. Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының екі негізі көрсетіледі: 1) талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп, талап қою арқылы қатысады;  2) басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін  қорғау үшін сотқа жүгінеді.

    Бірінші жағдай талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды. Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға.

    Сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

   Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.  Яғни, әр тарап өз пікірін дәлеллеу үшін сотқа дәлелдемелер ұсынады, оның міндеті әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс (АІЖК -65бабы).

   Дәлелдемелерді тараптар мен іске  қатысушы басқа да тұлғалар береді, бұл жағдайда олар борышкер мен кредитор. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың талаптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс нормаларын ескере отырып,  сот анықтайды.  

   Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдары растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.

   Әрбір дәлелдеме –қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы  азаматтық істі шешу үшін жеткілікті тұрғысынан бағалануға тиіс. Судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды. Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты даусыз айқындауға жол беретін және сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады.

   Солайша, сот тәжірибесінде де екі жақ дәлелдемелер беруге тең құқылы. Кредитор тарапынан түскен арыз бойынша бірер мысал келтірсек: Астана қаласының Алматы аудандық салық комитетінен Ауданаралық экономикалық сотқа жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы арыз түсті. Бұл жерде борышкер «Адал-НС»ЖШС.

   Істің барысында, зерттеу актісіне сәйкес борышкердің тіркелген мекен-жайында жоқ екені анықталады және де мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары да іске аспайды, оларға кредитор нақты дәлел келтіреді. Оқшау мүлкі есебінен өндіріп алу да мүмкін болмады, яғни салық комитетінің жіберген сұраныстарына: Астана қаласы бойынша  «Жылжымайтын мүлік орталығынан», Астана қаласының «Астанагорзем» мекемесінен, Астана қаласы бойынша Жол полициясының басқармасынан, борышкерде жеке меншікте мүлік жоқ екендігі жөнінде жауаптар келді.

   Кредитор осының барлығын негіз бойынша қарап, борышкерді банкрот деп тану туралы сұраным білдірді. Сот өз кезегінде барлық дәлелдемелерді ескере отырып, борышкер «Адал-НС» ЖШС-н дәрменсіз деп тауып, ол бойынша ұйғарым шығарды.

Қорытынды

 

     Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттық туралы істерін сотта қарау мәселесі бір қарағанда қарапайым сот процедурасы сияқты. Дегенмен, мені бұл мәселе қызықтырады. Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз қарқынды даму жолында және алдағы 2009 жылы Қазақстан ОБСЕ-ге төрағалық етпекші, сондықтан бұл беталыста мемлекеттік тетіктердің барлық саласын дамытумен қатар, елдегі кәсіпкерліктің жақсы дамуына да көп көңіл бөлу керек.  

      Мемлекет экономикасының дамуына жеке сектордың ықпалы өте зор екенін барлығымыз жақсы білеміз. Ендеше заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығы мәселесі соңғы орын алмайды.

      Бұл жұмысымның негізгі мақсаты, әрине банкроттық процедурасының  қалай өтетінін, олардың ерекшеліктерін ашып көрсету болып табылады.  

      Қазіргі «Банкроттық туралы» , «Жеке кәсіпкерлік турыла» заңдарды салыстыра отырып, қазіргі заңның әлдеқандай жағдайларға  неғұрлым икемдірек екені жөнінде шешім шығаруға болады, бұл өз кезегінде жақсы экономикалық айналымның қалыптасуына ықпал етеді.

      Банкроттық туралы заңның неғұрлым жақсы жағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерліктердің банкроттығының негізгі процедурасы конкурстық өндіріс болуында. Себебі, соттың конкурстық өндірісті қозғауы заңды тұлғаларға қатысты нақты шешім шығаруға көмектеседі, яғни конкурстық өндірісті ашу, компанияның тікелей басқарушысын шеттетіп, бақылауға алуға көмегін тигізеді. Сондықтан ұйымның «бұрынғы» басқарушылары онсыз да көп емес активтерін ұйымнан алуына мүмкіншілігі болмайды. Шындығына келгенде, көптеген ұйымдардың банкроттығы қасақана жасалады. Бірақ, оны дәлелдеу қиынға соғады.

     Конкурстық өндіріс – кредиторлардың талабын қанағаттандыру мақсатында банкрот деп танылған борышкерге қатысты қолданылатын банкроттық процедурасы. Борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі шыққаннан кейін қаржылық қарыздардың өтелу мерзімі басталды деп есептеледі. Қарыздары бойынша айып, пеня, пайыздардың қосылуы тоқтатылады; борышкердің меншігіне салынған арест алынады, барлық талаптар тек конкурстық өндіріс кезінде үндеу алады.

     Конкурстық массаны құру мақсаты мүлікті инвентаризациялауды жүргізу оны ашық аукционда сату болып табылады, нәтижесі кредиторлармен есептесу.

    Тағы да бір жайт, мысалға, банкроттық мәселесін сотқа дейін шешу кезінде борышкер мен кредиторлары арасында бітімгершілік келісім жағдайын тереңірек қарастырған жөн сияқты.

     Қарыздары бойынша уақыт беруді тек коммерциялық ұйымдар ғана жүзеге асыра алады, ал мемлекет өз қарыздары бойынша ондай уақытты бере алмайды, себебі ол салық туралы заңмен тыйым салынған.

     Бұл жағдайды коммерциялық кредиторлар пайдаланады, себебі банкроттық жағдайы туындаған кезде мемлекетке қарыздар коммерциялық кредиторлардың қарызы өтелгеннен кейін төленеді.

     Егер салық кодексіне өзгертулер енгізетін болса, онда ол коммерциялық кредиторлармен теңесіп қарыздары бойынша уақыт беруге құқылы болады.

    Бұл норма мемлекетке жақсы деп айтуымызға болады. Егер ол банкке неғұрлым салық талабын көрсеткісі келген жағдайда, коммерциялық кредиторлар банктің банкроттығы жағдайында өз ақшаларын мүлде қайтара алмауы мүмкін, бұндай жағдай потенциалды инвесторлардың біздің кәсіпкерліктерге инвестициялау жөнінде қызығушылықтарын арттырады.

    Солайша, ұйымдар мен кредиторларға сот билігінің тәуелсіздігі мен объективтілігіне  сену ғана қалады.

    Ендігі кезекте біз мына бір мәселені қозғамай кете алмаймыз. Қазіргі кезде елімізде құрылыс мәселесі ең маңызды істердің бірі деуімізге болады. Құрылыс нысандары аяқталмай көптеген азаматтар өз үй жайларына қол жеткізе алмай отыр.

    Бірер жыл бұрын басталған құрылыс қарқыны, елді дүрліктіріп көптеген жалған ұйымдар бір мезетте қаптап кетті. Құрылыс кешендеріне қызығып жамағат өз ақшаларын үлеске қосты. Соның нәтижесін қазір көріп отырмыз, сол қызықтырып жарнамалаған кешендердің бірі сапасыз, бірі тіпті салынбай, ал біреулері халықтың үлеске қосқан ақшаларын алып өзін банкрот деп жариялады, не тіпті қашып та кетті. Осы мәселе біраз уақыт бойы өз шешімін таппады. Жуық арада мемлекет араласуға мәжбүр болды, яғни мемлекет құрылыс нысандарын сатып алып, қаржыландыратын болды.

     Осындай жағдайларды мүлде болдырмау мүмкін емес әрине, бірақ белгілі бір деңгейде шаралар қолдану керек, яғни менің ойымша  өз мойнына бірталай міндеттемелерді алған заңды тұлғалардың жауапкершілігіне  қатысты заңды әлі де қатаңдата түсу керек сияқты.

    Яғни, қаражатты үлеске қосу мәселесін тереңірек айқындау қажет.

Жақын арады мәжіліс депутаттары жалпы отырыста "Банкроттық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

    "Заң жобасында төлемдік қабілеті жоқ ұйымдарды сауықтыру процедураларына тарту арқылы қаржылық-экономикалық сауықтыру тетіктері, банкроттық саласындағы біртұтас уәкілетті органды айқындау, конкурстық, реабилитациялық басқарушылар мен сыртқы бақылаушы администраторларды айқындау, сондай-ақ, қолданыстағы "Банкроттық туралы" заңды жетілдіру қарастырылған", - делінген мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.

      Төлемдік қабілеті жоқ ұйымдарды сауықтыру процедураларына тартуға қажетті жағдайларды жасау үшін заң жобасында кредиторлар мен борышкерлер үшін бірқатар ынталандыру шаралары көзделген. Атап айтсақ, стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар үшін сауықтыру мерзімін ұлғайту, сауықтыру шарасын қолдану үшін құжаттар тапсыру тәртіптерін жеңілдету секілді ынталандыру шаралары бар.

      Заң жобасында банкрот-ұйымдардың мүлкінің қожайындары мен жетекшілерінің және жеке кәсіпкерлердің жалған әрі қасақана банкроттық жариялағаны үшін жүктейтін жауапкершілігін күшейту көзделген.

Сондай-ақ, банкроттардың ісі мен олардың мүлкін басқарумен шұғылданатын конкурстық және реабилитациялық басқарушылар мен сыртқы бақылаушы администраторлардың банкрорттық жөніндегі заңды бұзғаны үшін жүктейтін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі бекітіледі.

Осы заң жобасының ұсынған шараларын дұрыс деп санаймыз және оның әске асатынына сенімдіміз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Нормативті құқықтық актілер

  1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы.  1995 жыл, 30 тамыз.
  2.  ҚР Азаматтық кодексі, 1994 ж. 27 желтоксан.
  3.  ҚР «Банкроттық туралы»Заңы  1997ж.  21 қаңтар.
  4.  ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы 2006 ж. 31қаңтар.
  5.  ҚР Жоғарғы Сотының  2000 жылғы 28 сәуірдегі №3  нормативтік қаулысы ҚР соттарының банкроттық туралы заңды қолданудың кейбір мәселелері.
  6.  ҚР Жоғарғы Сотының 2004 жылғы  18 маусымдағы  №5 нормативтік қаулысы. Өздерінің қызметін заңнаманы бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудағы сот тәжірибесі туралы.

Сот билігі органдарының шешімдері.

  1.  Астана қаласының Мамандандырылған Ауданаралық Экономикалық сотының № 16-15-12/3548, 01.03.2007 жылғы «Адал НС» ЖШС қатысты банкроттық туралы ісі бойынша соттың ұйғарымы.
  2.   Астана қаласының Мамандандырылған Ауданаралық Экономикалық сотының № 16-15-12/3547, 07.03.2007 жылғы «ПФК «Юна-Юст» ЖШС қатысты банкроттық туралы ісі бойынша соттың шешімі.
  3.  Астана қаласының Мамандандырылған Ауданаралық Экономикалық сотының № 02-468-08, 18.01.2008 жылғы «Трактор-Трейд» ЖШС қатысты банкроттық туралы ісі бойынша ұйғарымы.
  4.  Астана қаласының Мамандандырылған Ауданаралық Экономикалық сотының № 02-834-07,  05.03.2007 жылғы «Киборг» ЖК қатысты банкроттық туралы ісі бойынша ұйғарымы.

Арнайы әдебиеттер

  1.  Баренбойм П. Правовые основы банкротства - М., Тейс, 1995 г.
  2.  Малышев К. И. Исторический очерк конкурсного процесса. С-Пб., 1996г.
  3.  Гражданское право, часть 1: Учебник /Под ред. Сергеева А.П. и Толстого Ю. К. – М., Проспект, 2001 г.
  4.  Гражданское право, часть 2: Учебник /Под ред. Сергеева А.П. и Толстого Ю. К. – М., Проспект, 2001 г.
  5.    Куртис Б. Мастерс, Эдвин В. Паксол. Принципиальные различия законов о банкротстве США и Российской Федерации //Бизнес – Ревью, 1993 г., № 7.   
  6.  Витрянский В.В. Банкротство: ожидание и реальность //Экономика и
  7.  жизнь, 2002 г. № 49.
  8.  Никитина О. Конкурсное производство. //Бизнес – адвокат, 1998 г.,

      № 15,16.

  1.  Телюкина М. Развитие законодательства о несостоятельности и банкротстве //Юрист, 2001, № 11.
  2.  Жайлин Г.А., Абдыкадыров Б.К. «Реорганизация и ликвидация юридических лиц».
  3.  Кудинов О.А.  Предпринимательское право. 2006г.
  4.  «Добрая книга», Все о бизнесе.  2006г.
  5.  Треушников М.К.  Арбитражный процесс.  Москва. 2007г.
  6.  Егембердиев Е.О. Азаматтық іс жүргізу.  Астана. 2006ж.
  7.  Баймолдина З.Х.  Гражданско-процессуальное право РК.
  8.  Богуславский М.М. Международное частное право. 1989 г.
  9.  Шимырбаева Г. Факт банкротства. КазПравда, 09.10.2004. 
  10.  Баймолдина З.Х.  Исковой порядок защиты прав в суде. Алматы 2001г.
  11.  Абдуллина З.К. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции.
  12.  Доброта Л.  Три банкротства одного завода. КазПравда, 12.04.2000.
  13.  Байгуринов Ж. Шанс на спасение. Казправда, 21.02.2008.
  14.  Экономика и право, № 6, 14.03.1999
  15.  www.icj-cij.org
  16.  www.eurasianet.org
  17.  www.iciec.com

PAGE   \* MERGEFORMAT 1




1. на тему- ’23 Платежный баланс Преподаватель кандидат экономических наук доцен
2. Лабораторная работа 1Движение материальной точки по окружности Цель работы- Закрепление материал
3. В МАНН БАЗАРОВ И ДРУГИЕ Если обратиться к типологии литературных персонажей середины XIX века налицо выд
4. Задание на работу Создайте новый документ
5. вариантов проектных решений и следовательно с выполнением техникоэкономических расчётов ТЭР.html
6. ДИПЛОМНАЯ РАБОТА ЗАЩИТА ИНФОРМАЦИИ В ЛОКАЛЬНЫХ СЕТЯХ Проект выполнил дипломник
7. туризм а через год выделяется в самостоятельную структуру
8. Вступне слово вчителя
9.  Обобщенная структура печатающего устройства 2
10. Моделирование ситуаций и выработка управленческих решений
11. Банки, их виды и функции
12. А ПОДВЯЗКА ЛОКОМОТИВОВ На оптимальное число вагонов в составах разборочных грузовых поездов значите
13. Блокировка счета- симптомы, профилактика и лечение
14. Тема 1 Научнотехнологич развитие торговли
15. Офіс кожного дня
16. Бюрократизация аппарата управления.html
17. тема восприятия информации представлять собой довольно сложный комплекс программных и технических средств
18. Роль та мiсце творчостi в процесi самоактуалiзацii особистостi
19. Граждане как субъекты гражданского права (физические лица)
20. Лишение родительских прав.html