Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.ru

Экономика ж~не бизнес арнаулы лицейі Саба’~жоспары

Работа добавлена на сайт samzan.ru: 2015-12-26


Дарынды балаларға арналған  Үш тілде оқытатын Мұхтар

Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы

лицейі

Сабақжоспары

                                       Сынып жетекшісі: Аяпова Т.Ө.

Тақырыбы: Отбасы – өмір аясы

Мақсаты: Сыныптастардың көңілін қызықты тапсырмалармен аулап, сабақты ерекше түрде талқылау. Топпен жұмыс істей білу дағдысын арттыру.

Көрнекіліктері: слайд

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: Сұрақ - жауап

Барысы:

Алдыменен мынадай сұрақтар қою-

  1.  Отбасы деген не?
  2.  Отбасы мұшелері туралы не айтуға болады?
  3.  Кез келген отбасының қоғамдағы орны қандай?

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

Жоспар бойынша түсіндіру:

  1.  Отбасы құрылымы.

Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.

Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.

  1.  Отбасының тәрбиелік қызметі.

Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.

  1.  Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі.

Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.

  1.  Отбасының эмсоционалдық қызметі.

Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.

Тапсырма:

  1.  «Отбасындағы баланы тәрбиелеу міндеттері қандай?» фтты тақырыпқа ой толғай жазу.
  2.  Схема құру:

1-топ – 3 бала, әкесінің жалақысы 62300 тг. , ал анасыныкі 58900 тг.  

Айына тамаққа кететін шығын – 23500 тг.

Коммуналдық төлемдер шығыны – 10628 тг.

Депозит – 5000 тг.

Негізгі сұрақ – орта есеппен әр адам басына айына қанша теңгеден түседі.

(айлық көрсеткіш)

2-топ – 2 бала, әкесінің жалақысы 85670 тг. , ал анасы жұмыссыз.

Айыныа тамаққа кететін шығын – 36400 тг.

Коммуналдық төлемдер шығыны – 13560 тг.

Негізгі сұрақ – орта есеппен әр адам басына айына қанша теңгеден түседі.

(айлық көрсеткіш)

3-топ – 6 бала, әкесінің жалақысы 63800 тг., анасыныкі 38600 тг.

Айыныа тамаққа кететін шығын – 43500 тг.

Коммуналдық төлемдер шығыны – 20000тг.

Айлық көпбалалы отбасыларға берілетін көмек төленім – 23000тг.

Негізгі сұрақ – орта есеппен әр адам басына айына қанша теңгеден түседі.

(айлық көрсеткіш)

4-топ – жаңа тұрмыс құрған жанұя. Әйелі декреттік олтпускіде. Әкесі 46433 тг. табады.

Кредитке қажет төленім – 8200 тг.

Коммуналдық төленімдер шығыны – 10005 тг.

Тамаққа кететін шығын – 10000

Негізгі сұрақ – орта есеппен әр адам басына айына қанша теңгеден түседі.

(айлық көрсеткіш)

Қорытынды:

«Отбасының динамикалық және статикалық элементтері дегенді қалай түсінуге болады?» Тізіп жаздыру.

Ортақ отбасы мен жанұя туралы айтып кету.




1. Мета заняття- Розглянути загальні засади обчислення і сплати акцизного податку- платники база об~єкти о
2. Тема 7 Инфляция и антиинфляционная политика Задача 11 Домохозяйка
3. Курсовая работа- Разработка конструкции комплекта (жакет и юбка) женского выставочного назначения
4. Европейская архитектура XV начала XIX веков
5. Задание Составить бухгалтерские проводки в Журнале хозяйственных операций
6. Экономика инноваций в торговле для специальности 125 01 10 Коммерческая деятельность специализации Комме
7. Отчет по производственной практике в Вычислительном центре УГМТУ (Компьютерные сети
8. вступившем в постиндустриальную стадию развития культура стала ведущей формой этого развития под влиянием
9. Профетизм современной философии
10. тема костномышечных рычагов
11. климатическому районированию Российской Федерации I В Подзона по градостроительноклиматическому зонир
12. і. Змістовні принципи формулюють загальні засади змісту права на соціальний захист
13. православной форме получило распространение среди господствующего класса Руси
14. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук Тернопіль ~
15. разному Как весьма гармонично так и весьма напряженно
16. І ~ Львів- Видавничий центр ЛНУ імені Івана Франка 2005
17. Советский Союз в первое послевоенное десятилетие
18. ТЕМАТИЧЕСКОГО МОДЕЛИРОВАНИЯ И ЭКОНОМЕТРИИ Учебнометодический комплекс дисциплины- Экономикоматемат
19. на тему Ионообменная ионная ионпарная хроматография Исполнитель Киселёва К
20. на тему- Пошук інформації про сучасне технологічне обладнання швейного виробництва фірм Durkoppdler та MIERUNITS