Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.ru

саба~ Халы~ты~ ~ол~нер

Работа добавлена на сайт samzan.ru: 2016-03-13


ІІ семестр

I АПТА

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРІ

 

1-сабақ 

Халықтық қолөнер. Шылау

Сөздік

құбылыс – явление

кезең – период

ежелгі – древний

алғашқы қауымдық құрылыс – первобытная община

ірі бөлігі – большая часть

кеңінен пай даланылды – широко использованна

музыка арқылы өрістеді – развивались посредством музыки

айрықша – особенно

негіз – основа

күй – кюй

халық әні- национальная песня

келбет – облик

көрерменін баурайды – увлекает своего зрителя

ізденістер үстінде – в исканиях

жаңғыруы – возрождения

жаңа қырынан – с новой стороны

кеңінен пайдаланылды – широко использованы

көрініс – вид

ШЫЛАУ

Септеулік  шылау

Жалғаулық шылау

Демеулік  шылау

Атау с., Барыс с., Шығыс с., Көмектес септіктерде  тұрған сөзбен  ғана  тіркесіп қолданады.

Үшін,  сайын,  дейін,  туралы,  сияқты,  кейін, соң, бері,  бірге, қабат,  қатар 

 Сөздер  мен  сөйлемдерді  байланыстырады.

Және, да,  бірақ,  дегенмен, алайда,  өйткені,  себебі,  сондықтан,  сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде,  біресе, егер.

Сөздерді  байланыстырмайды., қосымша  мағына  береді.

Ма, ме, ба, бе, -ақ, ау,

-мыс,  түгіл, ғана,  тек,

-ды, ді,  ты,  ті

Мектепке(неге?)дейін бірге  бардық.   

Мен әкеммен(кіммен?)  бірге  кешке(неге?) шейін  жұмыс істедім. 

Көпір (не?) арқылы  өттік. 

Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін. 

Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.

Мен солдатпын ғой!

Ол мектепке барды  ма?

Дәмін  татық-ау. Берілген  тапсырманы  орындапты-мыс.  

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

           1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Халық, өнер, құбылыс, тарих, ежелгі, ән, классикалық, дәстүрлі, мәдениет, жанр, күй, ұлттық, музыка, кино өнері, көркем фильм, режиссер, ұлттық болмыс, көркемдік, тәуелсіздік, рухани.

2-тапсырма. Диаграмманы толықтырыңыз.   

                                      

Қазақ

өнері

                                                 

3-тапсырма. Берілген сөздер қай өнер түріне қатысты? Кестелерге жазыңыз.

Ескерткіш, қобыз, сурет, оркестр, портрет, әдебиет, қарындаш, шешен, сазгер, қылқалам, шебер, сазбалшық, күй, шеберхана, бояу, монумент, сазгер, тіл, көрме, әнші, шығарма, опера, өлең.

Cөз өнері

Саз өнері

Мүсін өнері

Бейнелеу өнері

 

         

4-тапсырма. Жұмбақтарды шешіңіз.

Ұзын мойын, екі ішек,                             

Қатар-қатар тепкішек.                      

Басып көрсең бір-бірлеп,                    

Үн шығады күмбірлеп.

Айдалада ақ отау,

Аузы-мұрны жоқ отау.

5-тапсырма. Ұлттық музыка аспаптарын жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.

6-тапсырма. Төмендегі мәтіннен шылауларды тауып, астын сызыңыздар.

Қазақ киносы  жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде  атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе» және  «Тақиялы періште» фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым –Қожа» фильмі және Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді. Осы фильмдерде ұлттық өнеріміздің, сондай-ақ жалпы ұлттық болмысымыздың келбеті тамаша суреттелді. Бұл фильмдер осы күнге дейін өзінің көркемдігімен көрерменін баурайды.

7-тапсырма. Төменде берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрастырыңыз.

Сайын, дейін, кейін, туралы, үшін, әрі, яки, және, мен, бен, пен, бірге, қатар

2- сабақ

 Әдебиет пен өнер ұлы болмаған

жерде – ұлт та ұлы бола алмайды
Ғабит Мүсірепов           

Қазақ театр және кино өнері

Әрбір халықтың өнері сол халықтың өзімен бірге өмір сүретін құбылыс. Өнердің түрлеріне музыканы, театрды, сәулет өнерін, әдебиетті жатқызатын болсақ, халық тарихының әр кезеңінде олар дамып отырған. Халықтың өзімен бірге келе жатқан ежелгі өнерлерінің бірі – ән өнері.

Зерттеушілердің айтуынша ән алғашқы қауымдық құрылыстан бері белгілі. Бұдан кейінгі кезең – авторлық әндердің кең таралуы. Қазіргі кезде авторлық әндер бүгінгі мәдениеттің ірі бөлігіне айналған. Қазақ әндеріне келсек, Біржанның, Ақанның, Абайдың, Мәдидің, Иманжүсіптің әндері алғашқы ұлттық авторлық әндер. Бүгінде ән өнері тақырыптық жағынан да, жанрлық жағынан да айрықша дамыды. Халқымыздың өнер тарихында әнмен бірге күйдің де орны ерекше. Күй өнері ертедегі Қорқыт ата заманынан басталады. Күй – қазақ халқының айрықша өнері. Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің күйлері –  классикалық өнердің үлгілері. Классикалық күйлер мен әндер ұлттық опера өнерінің тууына негіз болды. Сөйтіп, еуропалық опера қазақ жерінде ұлттық музыка арқылы өрістеді. Халық әндері мен күйлері кино өнерінде де кеңінен пайдаланылды.

Қазақ киносы  жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде  атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе», «Тақиялы періште» сияқты фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым -Қожа» фильмі,  Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді. Осы фильмдерде ұлттық ұлттық өнеріміздің, жалпы ұлттық болмысымыздың келбеті тамаша суреттелді. Бұл фильмдер осы күнге дейін өзінің көркемдігімен көрерменін баурайды.

Қазіргі кезде жалпы қазақ өнері сияқты қазақ киносы да ізденістер үстінде. Тәуелсіздік кезінде түсірілген белгілі фильмдер қатарында «Көшпенділер», «Фара», «Аккордеонистің балалық шағы» және тағы да басқа фильмдерді атауға болады. Сонымен бірге қазіргі қазақ киносының ерекшелігі ретінде шетелдік режиссерлермен, киностудиялармен бірігіп дайындалған  фильмдерді де атап өткен жөн.

Ұлттық өнер – жалпы халықтың рухани дамуы мен жаңғыруының көрінісі. Сондықтан әр кезеңде ол жаңа қырынан көрініп, дамып отырады.

1-тапсырма. Мәтіннен шылауларды тауып, жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма. Берілген шылаулармен сөйлем құрастырыңыз.

Үшін:

Сайын:

Туралы:

Арқылы:

Шейін:

Қарай:

Гөрі:

Бұрын:

Соң:

Қатар:

Бірге:

Қоса:

           

3-тапсырма. Төмендегі кестені толтырыңыз. 

әншілер

сазгерлер

күйшілер

әртістер

           

4-тапсырма. Сөздерді тиісті орындарына қойып, мақал-мәтел құраңыз.

  1.  Аз, де, жетпіс, жігітке, өнер _________________________________.
  2.  Алды, қызыл, өнер, тіл   _____________________________________.
  3.  Ашық, өнерліге, есік  _______________________________________.
  4.  Кілемде, өлеңде, сөз өнері, қол өнері __________________________.
  5.  Көркі, өнер, жігіт  _________________________________________.

5-тапсырма.  Сөйлемді жалғастырып жазыңыз

                                                 _______________________

                                                               

 Өнерлі болу үшін                 _______________________

    

                                                ________________________

                                                                 

6-тапсырма.  Екі қатардағы шылаулар мен сөздерді сәйкестендіріңіз.

мен    сайын

өзім    туралы

мыңға              кейін

онға   дейін

түстен   жөнінде

сонымен  жуық

кешке              тарта

7-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қойып көшіріп жазыңыз. 

Алматы ... Астана, Жандос ... Әділ, түнге ... , ауылдың ... , сыныптың ..., кеш ... , жаңбыр ... қар, менен ... , сенен ... , не ... , сабақтан ... .  

Керекті шылаулар: мен, соң, пен, үшін, дейін, маңы, басқа, бұрын, іші, әлде, бойы   

3- сабақ

Өнер жұлдыздары

1-тапсырма. Өзіңіз көрген қазақ кинофильмі туралы жазыңыз.

  1.  Фильмді түсірген жыл ----------------------------------------
  2.  Бас режиссері ---------------------------------------------------
  3.  Басты рөлде ойнағандар ------------------------------------------
  4.  Басты кейіпкерлер -------------------------------------------------
  5.  Жағымды кейіпкерлер ------------------------------------------------
  6.  Жағымсыз кейіпкерлер -------------------------------------------------
  7.  Фильм туралы сіздің пікіріңіз ------------------------------------------

2-тапсырма. Бос орынға керекті сөздерді қойып сөйлемдерді аяқтаңыз.

Классикалық ________ үлкен залдарда симфониялық ______ орындалады. Классикалық музыка  ______ мазмұнды болып келеді. Әрине, оны _____ білу керек. Жастардың көбі ______ музыканы ұнатады: поп, рок, диско, рэп, техно және т.б.   _________ эстрада жұлдыздары көп. Олар: Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Нұрлан Өнербаев және т.б. Олардың ________бәріміз сүйсініп _________.

Керекті сөздер:  тыңдаймыз, жеңіл, терең, Қазақстанда, оркестрмен,  түсіне,  музыка, әндерін.

3-тапсырма. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

  1.  Мен домбыраның сүйемелдеуімен ән айттым.
  2.  Қазақстандық әншілердің концерті болды.
  3.  Қазақтың ұлттық аспаптарын білесің бе?
  4.  Қобыздың үні естілгенде көңілің толқиды.

4-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерден шылауларды тауып, астын сызыңыздар.

  1.  Бұл көлік үйге таман келіп тоқтады. 2. Жиналыс сағат үшке таман басталады. 3. Мұрат ғылым туралы айтты. 4. Олар да келді. 5. Көктемнің алғашқы айында кейде жаңбыр жауып, кейде қар жауып тұрады. 6. Ауыл мен қаланың арасы алыс емес. 7. Ауылдың маңы жап-жасыл шөп.   

5-тапсырма. « Өнер жұлдыздары» тақырыбына шығарма жазыңыз.

II АПТА

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ТАМЫРЫ

1-сабақ

Айтыс өнері. Септеулік шылау

1. Шылаулардың түрлерін еске түсіріңіз.

ШЫЛАУ

Септеулік  шылау

Жалғаулық шылау

Демеулік  шылау

Атау с., Барыс с., Шығыс с., Көмектес септіктерде  тұрған сөзбен  ғана  тіркесіп қолданады.

Үшін,  сайын,  дейін,  туралы,  сияқты,  кейін, соң, бері,  бірге, қабат,  қатар 

 Сөздер  мен  сөйлемдерді  байланыстырады.

Және, да,  бірақ,  дегенмен, алайда,  өйткені,  себебі,  сондықтан,  сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде,  біресе, егер.

Сөздерді  байланыстырмайды., қосымша  мағына  береді.

Ма, ме, ба, бе, -ақ, ау,

-мыс,  түгіл, ғана,  тек,

-ды, ді,  ты,  ті

2. Төменде берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрастырыңыз.

Сайын, дейін, кейін, туралы, үшін, әрі, яки, және, мен, бен, пен, бірге, қатар

3. Екі қатардағы шылаулар мен сөздерді сәйкестендіріңіз.

мен    сайын

өзім    туралы

мыңға              кейін

онға   дейін

түстен   жөнінде

сонымен  жуық

кешке              тарта

4 Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері

Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Айтыстың бірнеше түрлері бар: жануарлар айтысы, жұмбақ айтыс, өлі мен тірінің айтысы және салт айтысы.

Салт айтысының екі түрі бар, олар қыз бен жігіт айтысы мен ақындар айтысы. Бұл айтыс әсіресе XIX ғ. кеңірек етек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. Олар түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған.
Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.    
Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері бар. Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтыста ақындар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Мұның бәрі ақындардан сөзге білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажет етеді, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді.

"Біржан мен Сара" айтысының негізгі түйіні – әйелдің бас бостандығы. Біржан мен Сара айтысы ақындық көркем тілдің және бір түрі — ирония мен сарказмды шебер де ұтымды қолданған. Әсіресе айтыстың соңында Сараның Жиенқұлды шақыр деген жеріндегі сөз, сөйлем құрылысын алсақ, түгелдей ирония, сарказмға құрылады.

Көрінсін Біржан салға ай секілді,
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді,
Ұсынса, қол жетпейтін арғымағым,
Біржанға баламаймын тай секілді...

Өткен ғасырда екі ақын бірлесіп, әйелдің бас бостандығын жырлады, ескі феодалдық салтқа қарсы шықты, өз дәуірі үшін прогресшіл идея танытты.
Құрылысы, түрі жағынан алғанда, бұл айтыс – салт айтыстың ең биігі.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

Айтыс – айтыс (состязание акынов)

Тақырып – тема

Өлі мен тірі – живые и мертвые

Тосыннан - внезапно

Тапқырлық – здесь: находчивость

Ұсталық – мастерство

Ұтымдыуместно

5. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сіз айтыс тыңдайсыз ба?

2.Сіздің отбасыңызда айтыс жайлы әңгңме бола ма?

3. Айтыстың шығуы жайлы не білесіз?

4. Айтыстың қандай түрлері бар?

5. Айтысқа қандай талаптар қойылады?

6. «Біржан-Сара» айтысының тақырыбы не?

2- сабақ

Күй атасы -Құрманғазы

1. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз.

                                            Еуразияның ең бір бай да

бірегей

                                                        мәдениеті – қазақ мәдениеті

Н.Назарбаев

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. 

Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң-солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған кезі болатын. Замана қиындығы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері осындай ауыр кезеңде туған. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.

Құрманғазы - өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.

Құрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет – бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңілген, бұл Құрманғазының рухани болмысына тән. Оның «Жігер», «Көбік шашқан», «Кішкентай», «Ақбай» сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

оң-солын танып – время зрелости

өмір-тіршілікке белсене араласа – период активных дейсткий

отаршыл саясат – политика колониализма

қарқын алған кезі – стремительное развитие

қатал тағдыр – роковая мудьба

2. Мәтіннен шылауларды тауып, жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Берілген шылаулармен сөйлем құрастырыңыз.

Үшін:

Сайын:

Туралы:

Арқылы:

Шейін:

Қарай:

Гөрі:

Бұрын:

Соң:

Қатар:

Бірге:

Қоса:

           

4. Сөздерді тиісті орындарына қойып, мақал-мәтел құраңыз.

  1.  Аз, де, жетпіс, жігітке, өнер _________________________________.
  2.  Алды, қызыл, өнер, тіл   _____________________________________.
  3.  Ашық, өнерліге, есік  _______________________________________.
  4.  Кілемде, өлеңде, сөз өнері, қол өнері __________________________.
  5.  Көркі, өнер, жігіт  _________________________________________.

3- сабақ

Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар  

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Ұлттық байлық - белгілі бір уақыт мерзіміндегі қоғамның бүкіл осы мерзімге дейінгі дамуы кезеңіндегі адамдардың еңбегімен жасалған материалдық игіліктерінің жиынтығы. Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады. Ұлттық байлық — бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айналмалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай — ақ табиғи ресурстар жатады және олар натуралды түрде есептелінеді.

Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82%-ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар.Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, ал жануарлар әлемі алуан түрлі. Қазақстан - пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша –ТМД-дағы ең бай аймақтың бірі. Минералдық ресурстар ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.

Мынандай көзқарастар бар: ұлттық байлық  ұғымы материалдық емес құндылықтарды да – ақпарат, ғылым-білім, тұрғындардың мәдениет деңгейін және т.б. – қамтуы қажет.

Алдағы уақытта ұлттық байлықты жетілдіру көбінесе оның сапалық жақсаруымен, табиғи байлықты тиімді игерумен, қоғамның қоршаған ортаны барынша сақтау қамқорлығымен, экологиялық қауіпсіздікті қолдау деңгейімен анықталады.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

Ұлттық байлық – национальное богатство

Қоғам – общество

материалдық игіліктер – материальные ценности

даму деңгейі – уровень развития

тұрғындар – жители

экологиялық қауіпсіздік – экологическая безопасность

2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1.  Үлттық байлық деген не?
  2.  Рухани игіліктер ұлттық байлыққа жата ма?
  3.  Ұлттық байлықтың құрамына не кіреді?
  4.  Мәтінді Қазақстанның ұлттық байлығы жайлы не айтылған?
  5.  Ұлттық байлықтың көлемін қалай айқындауға болады?

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

3.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Ұлттық байлық, қоғамның дамуы, материалдық игіліктер, мемлекеттің дамуының айнасы, ұлттық байлықтың құрамы.

4. Диаграмманы толықтырыңыз.   

                                      

Ұлттық байлық байлық

                                                 

5. Ұлттық музыка аспаптарын жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.

6. Төмендегі мәтіннен шылауларды тауып, астын сызыңыздар. 

Қазақ киносы  жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде  атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе» және  «Тақиялы періште» фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым –Қожа» фильмі және Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді. Осы фильмдерде ұлттық өнеріміздің, сондай-ақ жалпы ұлттық болмысымыздың келбеті тамаша суреттелді. Бұл фильмдер осы күнге дейін өзінің көркемдігімен көрерменін баурайды.

  1.  Төменде берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрастырыңыз.

Сайын, дейін, кейін, туралы, үшін, әрі, яки, және, мен, бен, пен, бірге, қатар

БӨЖ тапсырмасы. Ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілдері жайлы шағын деректеме жазу.




1. тема 1 Философия как мировоззренческая система ее смысл и предназначение 1
2. фрезерном станке Выполнено студентами группы М24 Шелковским С
3. ОБ АВТОРЕ Роберт Линдон занимается соколиной охотой с детства
4. а которое определяет задачи и функции этой необычной категории консульских сотрудников
5. Реферат- История появления реактивной авиации
6. Отруби, жмыхи и шроты в кормлении сельскохозяйственных животных
7. com-beutifulbstrdclub Автор- Кристина Лорен Оригинальное название- Beutiful Strnger Назван
8. Предмет, структура і функції етики
9. Тема- Критерії відмов і граничних станів системи мащення ДВС Зовнішніми ознаками несправності системи мащ
10. Тема урока Требования к уровню подготовки учащихся
11. Методика оценки кредитоспособности юридических лиц
12. Расчет детали Корпус
13. Конгруэнтно плавящиеся соединени
14. Тактика PRкампании Выбор тактики Существует множество способов повлиять на убеждения и поведение той ил.html
15. 27 лет Требования к мужскому смокингу должны включать- внешний вид; возрастную группу; конструктивные особ
16. СевероОсетинская Государственная Медицинская Академия Министерства Здравоохранения и социального раз
17. Экологическая надежность техногенных подземных каверн
18. Реферат- Социальный педагог- цели, функции, задачи деятельности
19. Определение области слышимости уха методом порогов.html
20. Вариант 12 1В системе стратегического планирования лежит предложение о том что будущее которое можно изуч