Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.ru

і. Сонды'тан 'азіргі заман'ы автомобильдерге 'ойылатын негізгі талаптарды' бірі ж'ріс жайлылы'ын жа'сарту ж

Работа добавлена на сайт samzan.ru: 2016-03-05

Бесплатно
Узнать стоимость работы
Рассчитаем за 1 минуту, онлайн

                                                 Кіріспе

Қозғалыста тербелістің кузовқа ұзақ әсерінен автомобильдегі жүргізуші мен жолаушылар шаршайды. Кузовтың дірілі тасымалдайтын жүктің және автомобильдің өзінің сақталуына әсерін тигізеді. Сондықтан қазіргі заманғы автомобильдерге қойылатын негізгі талаптардың бірі жүріс жайлылығын жақсарту және комфортттылығын жоғарылату болып табыладыАвтомобиль тек қатты  жабынды жолмен ғана жүрмейді, сонымен қатар  топырақ жолмен және жолсызбен де жүреді, сондықтан ол жақсы  өтімділікті қасиетті болуы тиіс.Өтімдлік көптеген факторларға байланысты болады, олардың негізгілеріне тіректі – тарту және геометриялық  көрсеткіштер кіреді, сонымене қатар трансмиссияның кейбір агрегаттарының  (дифференциал, беріліс қорабы және т.б.) құрылымдары жатады. Өтімділікке автомобильді жүргізу стилінің едәуір әсері болады.Өтімділігіне байланысты автомобильдерді үш топқа бөлуге болады. Классификацияның негізіне екі цифрдан құралған доңғалақ формуласы алынған, оның бірінші цифры жалпы доңғалақтар санын көрсетеді, ал екінші цифр жетектеуші доңғалақтар санын көрсетеді.Бірінші топқа доңғалақ формуласы 4х2 және 6х2 болатын шектеулі (қалыпты) өтімділікті автомобильдер жатады, екінші топта доңғалақ формуласы 4х4, 6х4 және 6х6 болатын жоғарылатылған өтімділікті автомобильдер болады, ал үшінші топқа доңғалақ формуласы 8х8 болатын және арнайы компоновкалы жоғарғы өтімділікті автомобильдер жатқызылады. Доңғалақ формуласы 4х4, 6х6 болатын арнайы құрылымды автомобильдердің өтімділігі үшініші топтың автомобиль өтімділігіндей болады.Барлық доңғалақтары басқарылатын жеке автомобильдер маневрлі болады.Нашар жолдың қозғалысқа кедергісі жоғары болады.Оны еңсеру үшін жоғарғы өтімділікті автомобильдің  жақсы жолда қозғалатын автомобильге қарағанда үлкен тарту күші болуы тиіс.

                                          "Казахдорстрой" ЖШС

"Казахдорстрой" деген ТОО республика және жергілікті мағынада автомобильдің жолының құрылысымен шұғылданушы бір ең ірі компаниялардың бірі болып табылады. 2008 жылы "Казахдорстрой"  ТОО  "BI-Group" холдингінің  құрамына   кірді. 2009 жыл – BI Group холдингіне кіретін «Казахдорстрой» компаниясы ондаған халықаралық корпорациялармен таласқа түсіп, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасының 1 лот құрылысын жүргізу құқығына ие болды. «Ақжайық», «Ақтоғай» және «Достық» стансаларында ғимараттар, теміржолдар салуда. Қызылорда облысында суару арналарын қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуде. 2010 жыл – Қытаймен транзиттік шекарада орналасқан «Достық» стансасында Қазақстан үшін бірегей вагондардың орындарын ауыстыру пунктінің құрылысын жүргізді. Бүгінгі таңда холдинг инфрақұрылымдық, тұрғын үй, өнеркәсіптік және автожол құрылысының он шақты жобасымен, сондай-ақ Қазақстан бойынша өндірістік және девелоперлік жобалармен айналысуда. 2011 жыл – Компания дамудың жаңа сатысына көтеріледі.      Азаматтық дивизионла да, жол құрылысында да қомақты тәжірибеге ие болады. Сапа бағытында үлкен жұмыстар жүргізіле бастайды. Жол құрылысы дивизионында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы белсенді іске асырылуда. Премиум санатындағы тұрғын үйлер салу ісі де қолға алынды. «Париж орамы» клуб типтес үйлер кешенінің құрылыс жобасы Астананың тұрғын үй нарығына жаңа тренд әкеледі.

     <<Қазақжолқұрылыс>>  ЖШС компаниясынын атқарылған қызметтері

Жамбыл облысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожол дәлізінің цемент-бетон жамылғысы салынған алғашқы километрлерінде қозғалыс,берілді.АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат. Жамбыл облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль тразиттік дәлізінің цемент-бетон жамылғысы салынған алғашқы километрлерінде қозғалыс ашылды. Цемент-бетон жамылғысын алғаш төсей бастаған – «Қазақжолқұрылыс» ЖШС. Бірнеше күннен бері цемент-бетонның алғашқы километрлері бойымен автокөлік құралдарының қозғалысы басталды.«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрлықтық дәліздің қазақстандық учаскесінің ұзақтығы 2787 км., оның қайта салынатыны 2452 км.

  «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожол дәлізінің қайта салу жұмыстарында цемент-бетон жамылғысын салуға алғашқылар болып жамбылдықтар кірісті 2010 жылғы 3 тамызда Жамбыл облысы Құлан ауылында ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербековтің қатысуымен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бойынша басқару орталығының көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Анықтамалық: «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» трансқұрлықтық дәліздің қазақстандық учаскесінің ұзақтығы 2787 км. Оның 2452 км учаскелерінде қайта салу жұмыстары жүргізіледі. Республикалық бюджеттік комиссиясының 2008 жылғы 13 желтоқсандағы шешімімен жобаны қаржыландыру механизмдері мен көздері анықталған. 1644 км қайта салу жұмыстарына 422 млрд теңгені құрайтын халықаралық қаржы институттарының займдары жұмсалады. Дәліздің 510 км-і жалпы көлемі 267 млрд теңге концессиялық негіздегі жекеменшік инвестициялар арқылы салынады.  Республикалық бюджеттен бөлінетін 136 млрд теңге 298 км жөндеуге, сондай-ақ займ қаржыларына қайта салынып жатқан  учаскелердегі жұмыстарды қаржыландыруға бағытталады.Жамбыл облысындағы транзиттік дәліздің 480 км қайта салынады.Жолдың қазіргі жағдайын ескере отырып, жобаны іске асыру барысында 283 км ұзақтықта цемент-бетон жамылғысы бар 4 жолақты I техникалық категориялы жол салу жоспарланған. Қазіргі уақытта «Қазақжолқұрылыс» ЖШС жол жөндеушілері аталған жамылғының бірінші километрін салуға кірісті. Аталған технология Қазақстанда сынақтан өтіп, көтергіш қабілеті мен төзімділік сипаттамасын ескере, автомобиль жолдарының ең қарқынды учаскелерінде қолдануға ұсынылған.197 км-де II техникалық категориялы 2 жолақты қозғалысы бар жол салынады. Олар Тараз қаласы маңындағы 60 км айналма жол, Қайнар - Қордай учаскесіндегі 45 км, Қордай поселкесін айналып өтетін жолдың 76 км және Қырғызстан шекарасына баратын жолдың 16 км.Сонымен қатар, қарама-қарсы қозғалысты бөлетін доңғалақ тойтарғыш білеулерді орнату, елді мекендер арқылы өтетін учаскелер мен жол айырықтарын жарықтандыру және Күйік, Машат, Қордай асуларын айналып өтетін жолдарды салу жоспарланған. Осыған қоса, Камышановка және Степное ауылдары маңындағы мемлекеттік шекараны басып өтетін жолдарды Қырғыз Республикасы аймағын айналып өтетіндей етіп салу көзделген. Бүгінгі күні  «Ақмола Құрылыс Материалдары» ЖШС, «Казахдорстрой» ЖШС, «КСС/Жамбылжолқұрылыс» ЖШС және «К-Дорстрой» АҚ мердігерлік компаниялары қарқынды құрылыс жұмыстарын жүргізуде.30 шілдеге дейін облыс бойынша 1140 техника жұмылдырылды. Жұмысқа алынған 8058 адамның 4460-ы жергілікті тұрғындар.177,2 мың м3 қиыршық тас, 11,67 мың  м3 темірбетон өнімдері жасақталды. 143,7 км шөп қабатын алу жұмыстары орындалып, 3 323,8 мың м3 жер төсемі мен  61 су өткізетін құбырлар салынды.Жамбыл облысындағы транзиттік дәліздің 480 км қайта салынады. Жолдың қазіргі жағдайын ескере отырып, жобаны іске асыру барысында 283 км ұзақтықта цемент-бетон жамылғысы бар 4 жолақты I техникалық категориялы жол салу жоспарланған. Аталған технология Қазақстанда сынақтан өтіп, көтергіш қабілеті мен төзімділік сипаттамасын ескере, автомобиль жолдарының ең қарқынды учаскелерінде қолдануға ұсынылған. 197 км-де II техникалық категориялы 2 жолақты қозғалысы бар жол салынады. Олар Тараз қаласы маңындағы 60 км айналма жол, Қайнар – Қордай учаскесіндегі 45 км, Қордай поселкесін айналып өтетін жолдың 76 км және Қырғызстан шекарасына баратын жолдың 16 км. Сонымен қатар, қарама-қарсы қозғалысты бөлетін доңғалақ тойтарғыш білеулерді орнату, елді мекендер арқылы өтетін учаскелер мен жол айырықтарын жарықтандыру және Күйік, Машат және Қордай асуларын айналып өтетін жолдарды салу жоспарланған. Бұған қоса, Камышановка және Степное ауылдары маңындағы мемлекеттік шекараны басып өтетін жолдарды Қырғыз Республикасы аймағын айналып өтетіндей етіп салу көзделген. 2010 жылғы 4 қарашаға қарай облыс бойынша 1461 техника жұмылдырылды. Жұмысқа  9762  адам тартылды, олардың  5271-і жергілікті тұрғындар.

Жамбыл облысында «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің алғашқы шақырымы салынып бітті. Жоғары сапалы цемент бетоннан төселген жол заманауи талаптарға сай. «Бұл технология қазақ жерінде бұған дейін де сынақтан өткізілген, өте төзімді» дейді мамандар. Жалпы, Жамбыл жерінде жол құрылысы қарқынмен жүріп жатыр. Кейбір жол бөліктерінде жұмыс жоспардан көш ілгері болғанымен, кемшіліктер де бар.

Бірінші техникалық дәрежеге сай 4 қатарлы автомагистраль ұзындығы Жамбыл жерінде 283 шақырымды құрайды. Тендерде жеңімпаз атанған мердігерлердің бірі «Қазақжолқұрылыс» серіктестігі жоғары сапалы жолдың алғашқы шақырымын төсеуде. Бұл компанияның тәжірбиесі мол, кезінде Астана- Бурабай автожолының жұмысына ат салысқан. Мұндағы құрылысқа құны жоғары әмбебап машина қолданылуда. Осы шет елдік техниканың тілін табу үшін мамандар арнайы оқытылған.

Жамбыл облысында «ғасыр жобасына» 10 мыңнан астам адам жұмысқа тартылды – 13 шілдеде Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің  Жамбыл облыстық департаменті Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын ақпараттық  сүйемелдеу шеңберінде өңірлік масс-медиа үшін баспасөз шеруін  жүргізді.Жамбыл облысының аумағы бойынша «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәліз жобасы шеңберінде 495,3 км жол қайта салуды қажет етеді.Жоба бойынша ұзақтығы 263,3 км құрайтын алты жол учаскесі бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС (210-260 км), «Қазақжолқұрылыс» ЖШС (404-443 км), «KCC E&C/Жамбылжолқұрылыс» ЖШС (443-483 км), «К-Дорстрой» ЖШС (536-593 км), «Қазақжолқұрылыс» ЖШС (352-383 км), «KCC E&C» ЖШС (305-352 км) компаниялары бас мердігерлік ұйымдар болып табылады.Учаскелерді қайта жаңарту Ислам даму банкінің (ИДБ) және Азия даму банкінің (АДБ) займ қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымдар 7 көпір, 4 жол өтпесі және 2 жол айрығы бойынша жұмыстар жүргізуде.Қазіргі таңда 62,5 км  жаңа жол бойынша жол жүруге болады. Осы ай ішінде  тағы 23 км  жаңа жолда жол қатынасын ашу жоспарлануда.Құрылыс жұмыстарына 10214 адам, оның ішінде, 5621 жергілікті қызметкер мен 95 шетелдік  маман тартылған.Жалпы  1755 бірлік  жол-құрылыс техникасы мен құрылғылары  жұмылдырылған.Сапаны бақылауды қамтамасыз ету үшін 3 технологиялық қадағалау қызметтері, қозғалмалы жол зертханалары тартылып, алты нысандарда стационарлық және жылжымалы зертханалар ұйымдастырылған.

Қостанай - Челябі автожолының қайта салу жұмыстары

Аталған автожолдың жалпы ұзақтығы 891 шақырым, оның ішінде 435 шақырымы Қостанай облысы аймағынан және 456 шақырымы Ақмола облысының аймағынан өтеді. Жобаны іске асыру 2004 жылы басталып, 2004-2009 жылдар аралығындағы оған 35,6 млрд. теңге бөлінген. Ағымдағы жылдың басына дейін 659 шақырым учаскесінде қайта салу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта Ақмола облысының Атбасар мен Астана қалалары арасындағы 203 шақырым учаскесінде жұмыстар жүргізілуде. «Қазпако» ЖШС, «СинеМидасҚұрылыс» ЖШС, «Ақмола Құрылыс Материалдары» және «Қазақжолқұрылыс» ЖШС жол компаниялары қайта салу жұмыстарына тартылған.Қазіргі уақытта Атбасар мен Мариновка кенті арасындағы ұзақтығы 56 шақырым учаскесінде жұмыстар аяқталып, пайдалануға тапсыруға дайын. Өзге учаскелерде жол төселімі құрылымын салу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл аяғына дейін 94 шақырым учаскесінде құрылыс жұмыстары аяқталып, қозғалыс ашу жоспарлануда. Ақмола облысындағы учаскені қайта салу жұмыстарының толықтай аяқталуы 2011 жылда қарастырылған.Ағымдағы жылы аталған автожолды қайта салу барысында Астана қаласының кіреберісіндегі көлік айрығын салу жобасын іске асыру басталды. Қазіргі уақытта «Қазақжолқұрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы жер телімдерін бөлу жөніндегі рұқсаттама алу және құрылысты бастауға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Жобаның аяқталуы 2011 жылға жоспарланған.Сонымен қатар, Қостанай қаласы маңындағы айналма жолды қайта салу және Тобыл өзені арқылы өтетін көпірді салу басталғалы жатыр. Қазіргі уақытта бұл объекттер бойынша әзірлеу жұмыстар жүргізілуде. Аталған құрылыс 2013 жылы аяқталады.Сапар барысында көлік ведомствосының басшысы қызмет ету мерзімін 20 жылға дейін ұзартатын электровоздарды қайта жаңғыртатын «Бәйтерек А» АҚ Атбасар электровоздарды жөндеу зауыты жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорында 1760 адам қызмет етеді.

Ақтөбе қаласында жақында жаңа асфальтбетонды зауыттар іске қосылады

Екі жаңа асфальтбетонды зауыттар жақында BI Group Холдингінің Республикалық жол құрылысы дивизионы «Казахдорстрой» компаниясымен Ақтөбе қаласында іске қосылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Казахдорстрой» ЖШС 2013 жылы Ақтөбе-Хромтау және Ақтөбе-Мәртүк жолдарын қосатын және 39 километр қашықтыққа созылатын «Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолы» автокөлік жолының құрылысын бастады. Бұл айналма жол Благодарный және Құрайлы ауыл аудандарының аумағы бойымен жатады. Берілген нысанда жұмыс істеу үшін Кореядан жоғары сапалы асфальтты өндіру үшін қажетті жоғары технологиялық жылжымалы асфальтбетонды зауыты импортталған болған. Сонымен қатар Щучинск қаласынан 2006 жылы іске қосылған зауыт бөлшектеп әкелінген. Осы зауытты тасымалдау үшін бір айлық уақыт қажет болды, соншама уақыт зауытты жинап, іске қосу үшін қажет болады. «Зауытты шілденің 15 жұлдызына қарай іске қосуды жоспарлаймыз. Жинау жұмыстарын орындау үшін 12 адамнан тұратын жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр», - деп мәлімдеді техникалық менеджердің орынбасары Андрей Егоров. Жобаның техникалық менеджері Қанат Қасымов: «Осы зауыттың арқасында біз бұрын құрылыста қолданбаған ұсақтасты-мастикалы асфальтбетонды (жолдың беткі қабаты) қолдана аламыз».

Щучинск қаласынан бөлшектеп әкелінген зауыт «Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолы» жолының құрылысында қатысады. «Бұрын біз асфальт қоспасын сатып алуға мәжбүр болдық. Бүгін біз асфальт қоспасының өндірісін орнатудамыз. Осы өндіріспен біз тендерлерде қатысуды жоспарлаймыз, мысалы «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» жолының құрылысы. Осы тендерді жеңіп алсақ, екі зауыт осы құрылыста қатысады», -  деп айтты «Казахдострой» ЖШС Щучинск қаласындағы филиалының өндірістік блогының басшысы Қаиртай Досумов Жақыпұлы.

Зауыттардың өнімділігі – 160 тонна/сағ. Зауыттар ірі дәнді, ұсақ дәнді, қара қиыршық тасты шығара алады. Жаңа зауыттардың 690-723 километр қашықтыққа созылатын Орал-Ақтөбе жолының құрылысында тікелей қатысатыны жоспарлануда.

Асфальтбетонды зауыттар нарықта 30 жылдан аса уақыт бойы жұмыс істейтін және асфальтбетонды шығару бойынша технологияларды дайындау саласында жетекші орынға ие «SPECO» кореялық компаниясымен жасалған. Қазіргі уақытта компания 40 елде 700-ден астам асфальтбетонды зауыттарды іске қосты, олардың басты ерекшеліктері – асфальтбетонды қоспаның қолжетімділігі, сенімділігі және жоғары сапасы.

2009 жыл – BI Group холдингіне кіретін «Казахдорстрой» компаниясы ондаған халықаралық корпорациялармен таласқа түсіп, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасының 1 лот құрылысын жүргізу құқығына ие болды.

«Ақжайық», «Ақтоғай» және «Достық» стансаларында ғимараттар, теміржолдар салуда. Қызылорда облысында суару арналарын қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуде.

Характеристики асфальтоукладчика             Vogele SUPER 1800-2

Тип гусеничный

Эксплуатационная масса.                             19300 -19900 кг

Тип двигателя                                                дизельный

Двигатель                                                     Perkins 1106D-E66TA

Эксплуатационная мощность                      129.6 кВт

Емкость топливного бака                            300 л

Масса загружаемой смеси                   13000 кг

Ширина укладываемого слоя                     2550-5000/макс.8500 мм

Толщина укладываемого слоя                    0-300 мм

Рабочая скорость                                          0-24 м/мин

Длина                                                    6000 мм

Рабочая ширина                                           2365 мм

Высота                                                    3800 мм

Дорожный просвет                             150 мм

                      ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ.

1.1 Негізгі түсініктер

Қазіргі кездегі доңғалақты және шынжыртабанды машиналарда поршеньді қозғалтқыштар орнатылған. Бұл қозғалтқыштардың жұмысының негізіне газдардың қызғандағы кеңею қасиеті алынған.

Қозғалтқыш – бір энергия түрін екіші бір механикалық энергияға айналдыратын машина

          Поршеньді іштен жану қозғалтқыштары келесі негізгі белгілеріне байланысты классификацияланады:

     - жұмысшы  қоспаның тұтануына байланысты қысыммен температураның әсерінен (дизельді қозғалтқыштарда) және еркісіз электр ұшқынның әсерінен тұтанатын болады (жағар қоспа жағармай мен ауаның белгілі қатынастағы қоспасы, ал оған қалдық газдар қосылғанда оны жұмысшы қоспа деп атайды);

     - қоспа әзірлеу әдісіне байланысты сыртта немесе іште әзірленетін болады. Сыртта отын мен ауа қоспасын кабюраторда дайындау үрдісі кабюраторлы поршеньді қозғалтқыштарда қолданылады, ал іште дайындау қысылған ауа мен қалдық газдар қоспасына жағар май бүркіп жұмысшы қоспаны дайындау дизельді қозғалтқыштардың жұмыс үрдісіне тән.

      - жұмыс циклын жүзеге асыру әдісіне байланысты екі және төрт ырғақты болады.Жұмыс циклы иінді біліктің бір айналысында жүзеге асса оны екі ырғақты, ал жұмыс циклы иінді біліктің екі айналысында жүзеге асса оны төрт тактылы қозғалтқыш деп атайды.

       - қолданылатын отын түріне байланысты бір отын түрінде, яғни сұйық немесе  газ отынында және бірнеше отында жұмыс істейтін болады.Сұйық отын ретінде бензин немесе дизель жағармайы қолданылады. Газ отынына сұйытылған, табиғи газды жатқызуға болады. Егер тек бір сұйық инемесе газ отыныны қолданылса онда  оны бір отынды, ал екі ауыстырмалы отын қолданылса оны екі отынды  қозғалтқыш деп атайды.

      - цилиндрлер санына байланысты бір және көп цилиндрлі болады. Әлемдік тәжірибеде екі,үш,төрт,бес, алты т.б. цилиндрлі қозғалтқыштар қолданылады

    - цилиндрлерінің орналасуына байланысты бір қатарлы, және екі қатарлы немесе  V тәрізді болады.

   Жанар қоспа – тозаңданған отын мен ауаның белгілі пропорциядағы қоспасы

Жұмысшы қоспа- жанар қоспа мен қалдық газдар қоспасы.

Жоғарғы өлі нүкте (ЖӨН) – поршеннің ең жоғарғы шеткі орналасу нүктесі (сурет. 1 б).

 Төменгі өлі нүкте (ТӨН) – поршеннің ең төменгі шеткі орналасу нүктесі (сурет. 1,в).

  

                            

         Сурет 1 – Бірцилиндрлі дизельдің схемасы:

1 –цилиндр бастамасы; 2 – иін; 3 – форсунка; 4 – шығару клапаны; 5 – кіргізу клапаны; 6 – цилиндр; 7 – поршень; 8 – поршнь саусағы; 9 – шатун; 10 – сермер; 11 – картер; 12 – иінді білік;  13 – бөлістіру білігінің жетек шестернясы; 14 – бөлістіру білігі; 15 – отын сорғысы; 16 – беру бөлшектері; 17 – воздухоочиститель.

Поршеннің жүріс жолы – ЖӨН және ТӨН аралығындағы поршеннің жүріп өткен жолы. Поршеннің әр жүрісінде иінді білік жарты айналады.

Жану камерасының көлемі (қысу) Vc – поршень ЖӨН-де болғанда, оның үстіндегі көлем.

Жұмысшы көлем – поршень ЖӨН-нен ТӨН- ге қозғалғанда босаған цилиндр көлемі:

         (1)

где    d –цилиндр диаметрі;

       S – поршеннің жүріс жолы.

Литраж – литрде көрсетілген барлық цилиндрлердің жұмысшы көлемі

Полный объем цилиндра Vа – цилиндрдің жану камерасы мен жұмысшы көлемінің жыйынтығы, поршеньТӨН- де болғандағы, оның үстіндегі көлем

         (2)

Қысу дәрежесі – толық көлемнің жану камерасынан неше есе үлкен екенін көрсетеді

          (3)

Қазіргі кездегі карбюраторлық қозғалтқыштарда 8…10, ал дизельдерде15…20 шегінде болады.

Ырғақ (такт) – поршеннің бір өлі нүктеден екінші өлі нүктеге қозғалғанда жүзеге асатын жұмыс циклының бөлігі, яғни шарты түрде ырғақ поршеннің бір жүріс жолында жүзеге асады.

Жұмыс циклы поршеннің төрт жүрісінде (ырғағында) немесе иінді біліктің екі айналысында жүзеге асатын қозғалтқышты төрт ырғақты деп атайды. Жұмыс циклы поршеннің екі жүрісінде немесе иінді біліктің екі айналысында жүзеге асатын қозғалтқышты екі ырғақты деп атайды.

Майлау жүйесі. Сырғанау подшипнигінің жұмыс істеу жағдайы. Ылғалды және құрғақ картерлі жүйелер.

Иінді біліктің сырғанау пошипниктері үздіксіз өзгеретін күштеулер мен жылдамдықтар және келтірілетін майдың айнымалы мөлшері, қысымы, температурасы және тұтқырлығы жағдайында жұмыс істейді.

Подшипниктердің сенімділігі келесі факторлармен анықталады:

- иіннің, блок картердегі, шатунның иін мойнының қаттылығымен;

-астарлардың құрылымы мен олардың материалдарының беріктік, антифрикциялық және антикоррозиялық қасиеттерімен;

  •  кесумен өңдеудің сапасымен және білікті, астарларды және блок картердің төсеніштерін дайындау дәлдігімен; білік мойындары мен подшипниктердің осьтерінің сәйкес еместігімен; мойындардың конустылығымен және бөшкетәрізділігімен;

- жұмыс циклындағы максималды және орташа жүктеулермен және беретін күштің сипатымен;

- подшипниктерге май беруді ұйымдастырумен, келтірілген май мөлшерімен, оның қысымымен, температурасымен, сонымен қатар оның тұтқырлығымен және физикалық, механикалық қасиеттерімен.

Жанасатын бөлшектердің жеткіліксіз қаттылығында подшипниктердегі саңылау жинау барысында антифрикциялық қабаттың бұзылатын, іздердің және жоғарылатылған қажалудың  пайда болатындай шамада болуы мүмкін.

Қозғалтқыштарды энергетикалық көрсеткіштері бойынша форсирлеу бі-лік мойындарының шеңберлік жылдамдықтарының ұлғаюымен және иінді бі-ліктің подшипниктерінде, шатун біріктірмелерінде, поршень беттерінде, же-тек механизмінің тісті дөңгелектерінде және т.б. орташа және максималды қысым ұлғаяды. Бұл жағдайда көрсетілген бөлшектердің оның ішінде пор-шень тобының және подшипниктердің температуралық режимдері едәуір өседі.

Көрсетілген жағдайларда майлау жүйесі келесілерді қамтамасыздандыр-уы тиіс:

-жанасатын бөлшектердің беттерінде май қабатының болуы;

-беттерді артықтықпен берілетін майлау майларымен жылуды алып кету-мен салқындату;

-қажалу өнімдерін подшипниктерден және жанасатын беттер саңылау-ларынан шайып шығару;

Қозғалтқыштарда майлау жүйесі жиі салқындату сұйығымен жанаспай-тын бөлшектерден ұйымдасқан түрде жылуды алып кетуде қолданады. Оларға поршенннің ішкі беті,трубокомпрессор тұрқы (подшипниктер аймағы), тісті дөңгелектер т.б. жатады.

Қазыргі қолданыстағы майлау жүйелерінде май қысыммен иінді біліктің түбірлік және шатундық мойындарына; поршень саусақтарына (дизельдерде 30 %); бөлістіру білігінің подшипниктеріне және клапандық механизмнің жетегінің бөлшектеріне- итергіштерге, иініне; цилиндрлер гильзасына және бөлістіру білігінің жұдырықшаларына шатунның иін басы арқылы бүрку жолымен беріледі.

Қозғалтқыштың қуатына және жұмыс орындау жағдайына байланысты майлау жүйесінің ылғалды және құрғақ картерлі түрлері қолданылады (сурет1).

Ылғалды картерлі майлау жүйесі артықшылықпен қолданылуда. Бұл жағдайда май картерде болады.

Қозғалтқыштың үлкен бойлық еңкіштік бұрышында, автомобиль таулы жерлердегі жолдармен қозғалғанда ылғалды картерлі жүйеде май деңгейі иінді біліктің алдыңғы немесе артқы шеттерінен биік болуы мүмкін. Бұл жағ-дайда алдыңғы және артқы сальниктер артықтық қысымда болады. Таулы аймақтарда автомобиль еңкіш жерлерде тоқтағанда біліктердің шеттері жет-кіліксіз сенімді тығыздалмағанда майдың ағуы орын алуы мүмкін. Автомобиль күрт тежелгенде және үдемелі қозғалғанда цилиндрлер қабырғасына май артықтықпен лақтырылады, нәтижесінде май шығыны ұлғаяды. Майдың жыжуын төмендету үшін картердегі тереңдеме басқа кеңістіктен жайландырғыш металл парақпен бөледі. Ылғалды картерлі майлау жүйесін қолданғанда қозғалтқыштың биіктігі өседі.

Картердің төменгі жартысының пішіні мен өлшемдері толық изоляцияланбаған көлемге майдың ағуын қамтамасыздандыруы тиіс.  

 

Сурет 1.Ылғалды картерлі майлау жүйесінің схемасы

1-ауамайлы радиатор; 2,3- сорғының автономды және қысымдау секциялары; 4- редукциялы клапан; 5- майалғыш; 6- иінді білік; 7,8 - өткізу клапандары; 9,10- ірі және жіңішке тазалау фильтрлері; 11- бас магистраль; 12- бөлістіру білігі;

                Қазыргі қозғалтқыштарда жоғарғы жылдамдық режимдерінде және үлкен үрлеу қысымында жеткілікті жетілдірілген газ алмасуды қамтамасыздандыра-тын клапанды механизмдер қолданылады. Көпцилиндрлі қозғалтқыштарда газ алмасу үрдісінің тиімділігі барлық цилиндрлер үшін орташа толтырылу коэффициентімен және жеке цилиндрлердің толтырылуымен бағаланады.

 Май сорғылары. Май сүзгілері.         

Майлау жүйесінде май циркуляциясы шестернялары сыртқы іліністі, тік немесе қиғаш тісті шестернялы сорғылармен (сурет 1) жүзеге асырылады. Ішкі іліністі шестернялы сорғылар ендіріле бастады (сурет 1,в).

Сорғылар қозғалтқыш ішінде немесе сыртында орналастырылуы мүмкін. Сорғылардың жетегі иінді біліктің алдыңғы шетінде орнатылған шестернядан немесе бөлістіру білігінен алынады. Соңғы жағдайда жетектеуші қыйсық тісті шестеняны білікпен бірге дайндайды. Иінді біліктен жетек алғанда сорғы тұрқы алдыңғы подшипник қақпағына немесе орнату жазықтықтары жасалған екі қақпаққа бірдей орнатады. Кейбір құрылымдарда сорғы тұрқы үшін алдыңғы подшипник қақпағы пайдаланылады.

Сорғы білігінің айналыс жиілігі жұмыстың номиналды режиміне сәйкес болып 4000...5000 айн/мин шегінде болады. Иінді немесе бөлістіру білігі мен сорғы білігінің арасындағы беріліс саны 1,0...1,5  шамасында болады. Айналыс жиілігі ұлғайғанда сорғының беру коэффициенті кішірейеді, өйткені сору желісінде кедергі және тіс аралығындағы науадан майдың шығару терезесі бағытындағы тасталуымен түсіндірілетін центрден тепкіш әсер ұлғаяды. Бұл құбылысты болдырмау үшін сорғы шестернясының бастапқы шеңбер радиусындағы шеңберлік жылдамдық 10 м/с- тан аспауы тиіс.

Ылғалды картерлі майлау жүйесінде бір секциялы сорғылар қолданылады (сурет 1а,в). Құрғақ картерлі майлау жүйесінде екі немесе үш секциялы (сурет1,б) бір қысымдау секциялы және екі немесе үш сораптау секциялы сорғы қойылады. Сораптау секциясының жалпы өнімділігі қысымдау секциясының өнімділігіне қарағанда екі есе үлкен болады. Кейбір сорғыларда екі сораптау секцияларын біріктіріп шестернялар санын кемітеді.

Екі секциялы сорғылар секциялардың  бірінен салқындату үшін радиаторға автономды беріп, одан ары майды картерге төгеді. Май радиаторын жеке контурға қосқанда, оған жұмыс істеу үшін тұрақты жағдай жасалады.

Сорғының қажетті еңбек өнімділігі келесі май мөлшерлерімен анықталады:

-иінді біліктің подшипниктеріне берілетін, бас май магистралына келетін майдың 50...70% -на сәйкес келетін мөлшерімен;

-сорғының редукциялық клапаны, жіңішке сүзгі арқылы өтетін және картерге жіберілетін;

-бөлістіру білігіне, клапандардың жетек механизміне және көмекші агрегаттарға (компрессорға, шестерняларға, турбокомпрессорға және т.с.с.б.);

-поршень түбін салқындатуға және цилиндрлерді майлауға шығындалатын.

Подшипниктің жылулық режимі білік жағынан берілетін жүктеулерге ғана тәуелді болмайды, сонымен қатар оның мойындарындағы шеңберлік жылдамдықтарға да тәуелді болады. Үлкен шеңберлік жылдамдықтарда (15 м/с) қызу аймақтары пайда болып, антифрикциялық қабат бүлінеді. 5 м/с- тен үлкен шеңберлік жылдамдықтарда маймен міндетті түрде майлануы тиіс.

Шеңберлік жылдамдықтары 5 м/с –тен жоғары болғанда подшипниктер маймен салқындатылуы тиіс, тәжірибелік берілгендерге сәйкес иінді біліктің түбірлік және шатундық пошипниктеріне майды беру келесімен анықталады:

Vпод=C nномd2iпод, м/сағ,

бұндағы C- коэффициент; C=0,008...0,012; nном- иінді біліктің номиналды айналыс жиілігі, айн/мин; d-ойындарының диаметрі, м;

Майды жіңішке тазалау сүзгісінде редукциялық және өткізу клапандары арқылы жіберуін ескеріп сорғының өнімділігін (м3/сағ) келесі теңдеу бойынша анықтауға болады:

Vн=(1,7...2,5)Vпод 

Майды поршеньді салқындатуда қолданатын қозғалтқыштардың  сорғысының өнімділігі жоғары болады.

Майларды механикалық қоспалардан тазалауға қажетті сүзу дәрежесі мен жіңішкелігі подшипниктердің жұмысшы беттеріне түсетін жоғарғы меншікті күштеулермен және біліктердің мойындарындағы едәуір шамадағы шеңберлік жылдамдықтармен; подшипниктердегі кіші саңылаулармен және подшипниктердің антифрикциалық құймаларының жоғарғы қаттылығымен анықталады. Қоспалардың түйірлерінің рұқсат етілген өлшемдері подшипниктердегі саңылауларға байланысты болады.

Иінді біліктердің  ауыр жүктелген подшипниктерінде май қабатының алып жүру (несущая) мүмкіншілігі салыстырмалы кіші диаметрлік саңылауларында қамтамасыздандырылады, олардың абсолюттік шамасы карбюраторлық қозғалтқыштар үшін 0,025...0,050 мм, дизельдер үшін 0,04...0,12 мм шектерінде болады. Үйкелістегі беттерде қажалудың және сызылудың болмауы үшін сүзгі арқылы өтетін бөгде қоспа түйірлерінің мөлшерлері подшипниктердегі шекті саңылаулардан (3...4 мкм) кіші болуы тиіс.

Қолданыстағы майлау жүйелерінде ірі және жіңішке тазалау сүзгілері қолданылады, олар тиісінше өлшемдері 30-дан 60- қа дейін және 0,5...1,0 мкм болатын түйірлерді қармайды.

Ірі тазалайтын сүзгілер бас магистраль алдында тізбектеп қосады, иінді білікке берілетін май түгел сүзіледі (толық ағынды тазалау). Салқын тұтқыр майда және сүзетін элементтер бітелгенде, сүзгі алдында қысым жоғарылайды да майдың біраз немесе барлық бөлігі сүзгіге соқпастан өткізу клапаны арқылы кетеді.

Кіші өткізу мүмкіншілікті және жоғарғы кедергілі сүзу элементті жіңішке сүзгілер тармақталуда бас магистральға параллель орнатылады. Тазаланған май тікелей картерге жіберіледі.

Жіңішке тазалайтын сүзгілердің өткізу мүмкіншілігі май сорғысының өнімділігінің 15...25 %- ын құрайды.

Сурет 1. Шестернялы сорғылар:

а- бір секциялы; б- қосарланған екі секциялы; в-бір секциялы ішкі іліністі шестернялы

Сурет 2. Жіңішке тазалайтын сүзгілер:

а, б- беттік қағаздан дайындалған; в- жұтатын толықағынды ағаш ұнынан дайындалған ЯМЗ-240 дизелінікі; г- аралас толықағынды; д- центрифуга аракідік ағынды пластинкалы сүзу элементті Зил- 130 үшін; е- цетрифуга толық ағынды Зил- 130 үшін; 1- ірі тазалау элементі; 2- қағаз элемент

Қауіпсіздік техникасына негізгі талаптар

Осы өндірістік практика кезінде ең бірінші техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстық.Жұмыс басталар алдында киімді және шашты тәртіпке келтіру.Жалбыраған киім шеттері,түймеленбеген жеңдер,жалбыраған шаштар мұқият тәртіпке келтіруі тиіс.Жұмыс үрдісінде оқытушымен жетекшінің нұскауларың мұқият орындау керек. Қозғалтқышты, тежеу құрылымын немесе приборларды реттеу бойынша қандайда бір әсер етуді қабылдауға қатаң тыйым салынады.

Сынау барысында жұмыс орнын тастап кетуге немесе әңгімелесуге қатаң тыйым салынады. Қозғалтқыштың қорғалмаған бөлшектеріне сонымен қатар қызған шығару коллекторларына жанаспау, қозғалтқыш жұмысында қорғаныс қоршауларын алуға және ашуға болмайды. Электрлі тұтандырылатын қозғалтқыштардың жұмысында тұтандыру білтелеріне, жоғарғы кернеу өткізгішіне және тұтандыру бөлістіргіштерге жанасуға болмайды. Кез-келген жұмыс орнында жұиыстың қалыпты режимі бұзылғанда қажетті шараларды қабылдауы үшін оқытушыны немесе жетекшіні хабардар ету керек.

                         

    Қолданылған әдебиеттер:

1.Баженов С.П. Основы эксплуатации и ремонта автомобилей и тракторов

2.Беднарский В.В. Техническое обслуживание и ремонт автомобиля

3.Вахламов В. К. Автомобили. Основы конструкции

4.Коробейник А.В. Ремонт автомобилей. Практический курс


Диплом на заказ


1. ЛАБОРАТОРНА РОБОТА МІКРОСКОПІЯ СИНТЕТИЧНИХ ВОЛОКОН по курсу
2. . Технологическая линия производства сахарапеска из сахарной свеклы.
3. Мотивы скорби и одиночества в лирике Лермонтова.html
4. методическое объединение по гуманитарному образованию УТВЕРЖДЕНА Министерством образования Респуб
5. Тексеру с~ра~тары
6. Дифференциальные уравнения для электрической цепи
7. Туристская индустрия Португалии
8. тема трудового права как отрасли и как науки
9. Понятие брака, условия и порядок заключения брака
10. Д ФЕДОРОВ кандидат юридических наук Ташкентская высшая школа МВД СССР ПОНЯТИЕ И СОДЕРЖАНИЕ ТАКТИЧЕСКИХ
11. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук О
12. Происхождение этносов
13. О преподавании учебного предмета Изобразительное искусство в 2012-2013 учебном году Учебный предмет
14. Московский государственный университет тонких химических технологий им
15. Понятие и проблема типов правопонимания
16. 01 19-30 Дон Кихот опера 850 рублей 15
17. 10 по 1310 335 16 12
18. ІВернадським на початку нинішнього сторіччя
19. Организация управления предприятием
20. тематичних наук Київ ~ 2005 Дисертацією є рукопис Робота виконана в Ін.html