Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.ru

і Мысалы ~ндіріс озатыны~ не хирург д~рігерді~ ж~мыс ~стіндегі зейінін осы~ан жат~ызу~а болады

Работа добавлена на сайт samzan.ru: 2015-07-10

Бесплатно
Узнать стоимость работы
Рассчитаем за 1 минуту, онлайн

37.Зейіннің қасиеттері туралы психологиялық талдау беру.Зейін жөнінде әңгіме болғанда оның мына төмендегі қасиеттерін еске алады:

А.Зейіннің тұрақтылығы және жинақылығы.Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығыдейді. Мысалы, өндіріс озатының не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір белгісі болып табылады.Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл кеп күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге қарсы күресу — қажетті шаралардың бастысы.

Ә. Зейіннің аударылуы.Зейіннің аударылуыдеп бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін.

Б. Зейіннің бөлінушілігі.Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігінзейіннің бөлінушілігідейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды, түсінгенін жазып отырады кітап оқып отырып, конспект жазады. Еңбек процесінде зейін бөлінуінің маңызы бәрінен де зор. Зейінді бөлудің физиологиялық негіздері жөнінде И. П. Павлов былай дейді: «…біз бір іспен, бір оймен айналыса жүріп, өзіміз әдеттеніп кеткен тағы басқа бір істі істей жүреміз, яғни сыртқы тежелу механизмі бойынша, ми сыңарларының тежелудегі бөлімдерімен, қызмет істейміз, өйткені біздің басты ісімізбен байланысты ми сыңарларының пункті бұл кезде қатты қозуда болады».

В. Зейіннің көлемі.Зейіннің көлемідеп бір уақыттың ішінде оның қамтитын, объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде (секундтың 1/10 бөлігінде) орта есеппен әр түрлі 5—9 әріпті қамти алатынын, 12—14 әріптен тұратын мағынасы бар сөзді де осы мерзімде қамтитынын көрсетіп отыр. Физиологиялық тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесіне бірігуі болып табылады. Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді көлемі кең зейіндейді де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді. Зейіннің тар, көлемдісі де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме істен дұрыс нәтиже шығара алуында. Адамның мамандығы, айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей қоймайды

Г. Алаң болушылық.Алаң болушылықдеп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Алаң болушылық сондай-ақ адам қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу мен тежелу процестері бір-бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелі әрекет ету қиынға соғадыМектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жиі ұшырайды. Өйткені олар әлі күрделі іс-әрекетпен айналыспағандықтан, зейіннің жоғары түрлері өз дәрежесінде болмайды.
 Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қатты беріліп істеген кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде басқа еш нәрсені сезбейді, елемейді. Осындай жағдайда ол айналасындағы өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейінін уақытында бөле алмаушылықтың кемшілігі зейіннің көлемі өте тар және икемсіз келетіндігінен.
Зейіннің қасиеттері психикалық іс - әрекет процесінде бір – бірімен байланысып, белгілі бір функционалдық бірлікте болады. Зейін қасиеттерін олардың даму деңгейі әр түрлі болған жағдайда ғана тәуелсіз қарастыру маңызды. Адамның зейіні басқа да барлық психикалық функциялар сияқты, сананың туа біткен функциясы болып саналмайды, ол адамның индивидуалды дамуының процесінде дамып, қалыптасады.Психологиялық зерттеулер көрсеткендей зейіннің қалыптасуы адамның өнімді психикалық іс - әрекетінің реакциясы сияқты адамның онтогенезіндегі жастық кезеңдерімен өзара байланысатын бірнеше қатарлармен сипатталатын күрделі де, ұзақ даму жолынан өтеді.

38. Зейін теорияларын психологиялық талдау.Когнитивті психологияда зейіннің әр түрлі теориясы бар. Зейіннің құрылымдық функциялар теориясына назар аударатын болсақ, зейін ақпаратты өңдейтін тазартқыш тәріздес ол сенсорлы жүйеге ақпараттар ағымы шектеу арқылы қорғайды. Теорияға сәйкес семантикалық ақпараттарды өңдеу ырықты зейін арқылы жүреді.

  Кеш өңдеу теориясында маңызды семантикалық ақпаратты өңдеу автоматты түрде орындалады. Мотивацияның төмен болуынан зейіннің аз көлемімен ғана жұмыс істелінеді. Әр түрлі қызмет саласы әр түрлі зейін көлемін қажетсінеді  Қазіргі кезеңдегі теорияда сенсорлы нышандарды интеграциялауда және белгілуде зейіннің таңдамалылығы жайлы теория ең жағымды. Бұл теория нейрофизиологиялық моделге сүйенеді. Осы нышандарға сүйене отырып бейнелі көру құрылымы қалыптасады.

39. Зейіннің физиологиялық негізі туралы талдау беру.
  Зейінніңнің физиологиялық негізін академик Павлов нерв процессінің өзара индукция заңына байланысты түсіндіреді. Егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса,    соған байланысты қалған алабтарда тежелу пайда болады. Зейін пайда болу үшін Борлау деп аталатын рефлекстің мәні зор. Ол қошаған ортаның қандай да болмасын өзгеруіне органиканың туа біткен реакциясы. 
  Зейіннің физиологиялық негізін Ухтомский түсіндірді. Ухтомиский зейіннің физиологиялық негізін Даменанта теориясы тұжырымдамасымен түсіндіреді. Даменанто дегеніміздің мағынасы – үстем етуші. Бұл теория бойынша сыртқы дүниедегі көптеген тітіркендіргіштердің ішінен біреуі миға әсер етеді. Яғни мидың бір алабы күштірек қоздырады. Осындай қоздырған алабты даминанто деп атайды. Мұндай күшті қозғыш алаб қалған алабтардағы қозуды өзіне қосып алады. Осыдан мидың қозған алабы одан бетер күшейеді. 
  Адамның жануарлардан ерекшелігі адам өзінің зейінін басқара алады. Сондықтан зейінді тәрбиелеуде алдына мақсат қоя білудің маңызы зор. Оны адамның өзі тұжырымдайды немесе басқа біреулер ұсынады. Зейін адамның сыртқы пішінінен, жүріс-тұрысынан, мимикасынан білініп тұрады. 

40-41Зейіннің қазіргі жаңа теорияларын талдай отырып өз пікіріңізді. Когнитивті психологияда зейіннің әр түрлі теориясы бар. Зейіннің құрылымдық функциялар теориясына назар аударатын болсақ, зейін ақпаратты өңдейтін тазартқыш тәріздес ол сенсорлы жүйеге ақпараттар ағымы шектеу арқылы қорғайды. Теорияға сәйкес семантикалық ақпараттарды өңдеу ырықты зейін арқылы жүреді.

  Кеш өңдеу теориясында маңызды семантикалық ақпаратты өңдеу автоматты түрде орындалады. Мотивацияның төмен болуынан зейіннің аз көлемімен ғана жұмыс істелінеді. Әр түрлі қызмет саласы әр түрлі зейін көлемін қажетсінеді  Қазіргі кезеңдегі теорияда сенсорлы нышандарды интеграциялауда және белгілуде зейіннің таңдамалылығы жайлы теория ең жағымды. Бұл теория нейрофизиологиялық моделге сүйенеді. Осы нышандарға сүйене отырып бейнелі көру құрылымы қалыптасады.

   Н.Н. Ланге, табиғи зейінді түсіну арқылы ең танымал деген ойларды талдай келе зейін тұжырымдамасымен теориясын қосып бірнеше топтарға бөлді.

 1. Зейін қозғалушы бейімделудің нәтижесі ретінде. Мұнда адамдар ырықты түрде өз зейінін бір заттан екіншісіне ауыстыра алса онда зейін бұлшықеттердің қозғалысынсыз іске асыру мүмкін емес.

 2. Зейін сана сезімнің көлемінің шектеулі болуының нәтижесі ретінде. Сана сезімнің көлемі деген мағынаны тарқатпас бұрын И. Герберт және У. Гамильтанның ойынша қарқындысы аз болжамды ығыстырып тастай алады.

 3. Зейін эмоция нәтижесі ретінде. Бұл теория англиядағы психологтар ассоциация мүшелері арасында көптеген жақтастарын тапты. Мұнда жағдайдың эмоционалділігі зейінге әсер етеді дегеннанымға негізделген болатын. Мысалы Дж. Миляның мына ойы көпшілікке мәлім ол «Жағымды  әсердің болуы ол оған деген аса зейін қою идеясымен тура» деген.

  4. Зейін аперцепцияның нәтижесі. Индивидтің өмірлік тәжірибесінің нәтижесі.

  5. Зейін жанның ерекше белсенді қабілеті тәріздес.

  6. Зейін жүйке тітіркенулерінің қозғышы ретінде осы болжамға сүйенсек зейін орталық жүйке жүйесін қоздырулардың ұлғаюымен байланысты.

  7. Жүйкенің әлсірсу теориясы. Зейіннің негізгі фактілерін түсіндіру арқылы физиологияның жүйке процесі келесі физиологиялық процесті тоқтатып тұрады немесе басып тастайды, осы арқылы сана сезімнің шоғырландыруы пайда болады.

  Зейін теориясының ішіндегі кеңінен таңымал Т. Рибо теориясы онда эмоция мен оны тудыратын фактілермен тығыз байланысты. Әсіресе эмрция мен ырықты зейінмен байланысты екенін айтты. Рибоның ойынша зейіннің шоғырлануы эмоциялық жағдайлармен тығыз байланысты деген.

  Рибоның ойынша зейін ағзаның физиологиялық және физикалық жағдайының өзгеруімен байланысып отырады. Бұл физиология тілімен айтқанда зейін өзіндік жағдайлары демалу, қозғалу және ырықты немесе ырықсыз реакцияларға қатысты.

   Т. Рибоның теориясынан басқа өзгеде атағы жағынан келе түспейтін теориялары бар. Мысалы Д.Н. Узнадзенің ойынша зейін мақсат қойғыштықпен тығыз байланысты деп есептеген оның ойынша ішкі орнатулар зейіннің жағдайы деп ойлаған.

  Зейін жайлы өте қызықты тұжырымдаманы П.Я. Галперин де ұсынған. Оның тұжырымдамасы төмендегідей:

Зейін бағдарлы-зерттеу әрекетінің және психологиялық әрекеттен құралған сәттердің бірі.

Зейіннің негізгі қызметі-психолгиялық образдардың, әрекетердің мазмұнын бақылау. Әр адамның іс-әрекетінде бағдарлау, орныдау және бақылау бөлімдері бар. Аталғанның соңғысы зейін деп танылған.

Әрекетке қарағанда бақылау әрекеті немесе зейіннің арнайы нәтижелілігіне бағытталған.

Әрекет ақыл-ойға байланысты емес сонымен әрекет әрекетке тек ақыл-ойдікі ғана емес сонымен қатар қысқартылған жағдайда ғана зейіннің тәуелсіз әрекет ретінде байқалады.

Егер зейінді психикалық бақылау әрекеті ретінде қарастыратын болсақ, онда барлық зейіннің әрекеттері мейлі олар ырықты немесе ырықсыз болсын оларды жаңа ақыл-ой әрекетінің қалыптасу нәтижесі болып табылады.

Ырықты зейін алдын ала бағдарлама бойынша орындалатын зейіннің бақылау түрі.

42.Зейіннің психологиялық қасиеттеріне талдау жасау- таңдамалылық, көлем, таралу, шоғырландыру, тұрақтылық, ауыстыру.

  Таңдамалылық- сыртқы ортадағы жағдайларға және арнайы бір обьекттерге сана-сезімін тұрақтандыру, бұл дегеніміз сенсорлы, маторлы интеллектуалды белсенділік деңгейінің жоғарлауын білдіреді. Зейіннің таңдамалылығының ауқымы тар немесе кең болуы мүмкін.  

  Зейіннің көлемі- бір уақытта қабылдап отырған обьектілірдің саны (бейнеленген зат, геометриялық фигуралар, гүлдер, әріптер, сөздер, т.б.) обьектке байланысты және мәліметтердің ұйымдасқанына байланысты;  қабылдау көлемі мен қысқа мерзімді есте сақтауға жақын. Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінінің көлемі шектеулі олар есейе келе обьектілерді топтастыруға үйренгенде зейіннің көлеміде ұлғая бастайды.

  Зейіннің таралуы- бір уақытта жылдам зейінді ауыстыруды талап етпейтін бірнеше тапсырмаларды орындай алу қабілеті. Мұндай зейіннің сапасы арнайы жаттығулар арқылы дамиды

  Зейіннің шоғырлануы- бір уақыт сыртқы әсерден тәуелсіз өз зейініңді қандай да бір обьектке немесе жағдайға шоғырландыру.

  Обьектке немесе жағдайға өз зейініңді шоғырландыру деңгейі жоғары немесе төмен болуы мүмкін.

   Зейіннің тұрақтылығы- бір обьектке немесе жағдайға өз зейініңді үзбей ұзақ шоғырландыру. Зейінді бір жерге тұрақтатып жинақтай алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алу үшін саналы әрекетке өзіңе күш жұмсай алудың басты бір белгісі болып табылады. Зейіннің тұрақтылығы арнайы бір обьектке қызығушылығына байланысты.

Бір операциядан екіншісіне ауысуына уақыттың қажеттілігі.

Бір операцияның орындалу жемісі оның орындалу ууақыты немесе көлемі.

Арнайы бір операцияның орындалуындағы дәлдік.

Арнайы бір жаттығулар арқылы балабойындағы зейінін жылдам ауысу қабілетін дамытуға болады.

 Жоғарыда айтылған мінездемелердің бәрі бір зейіннің қызметі. Зейінге берілген мінездемелердің жоғарғы қалыптасқан деңгейі оқыту-тәрбиелік процессте өте маңызды орын алады.  Әсіресе бала бойында көру арқылы зейін, таңдамалылық зейіні, шоғырландыру, таралуы мен көлемі қажетті деңгейде дамыса баланың компьютерге оқыту өте жемісті болар еді. Көруі бұзылған балалар үшін кеңістікті бағдарлай алуын дамыту үшін ауысуы мен таралуына арналған зейін түрі өте маңызды.

43. Зейіннің психологиялық функцияларын талдау арқылы өз пікіріңізді жазыңыз.

 Зейіннің тұрақтылығы дегеніміз жеткілікті мөлшерде ұзақ уақыт немесе үнемі бір деңгейде көрінетін сақталу ағымы. Егер адамның зейіні тұрақты болса, онда олар ұзақ уақыт бойы өзінің жұмысқа деген қабілетін сақтап, қате жібермес еді. Зейіннің ауыспалылығы мен тұрақтылығы, орналасуы белгілі бір деңгейде зейіннің көлемін анықтайды.

Сондықтан да зейіннің қасиеттері психикалық іс — әрекет процесінде бір – бірімен байланысып, белгілі бір функционалдық бірлікте болады. Зейін қасиеттерін олардың даму деңгейі әр түрлі болған жағдайда ғана тәуелсіз қарастыру маңызды. Адамның зейіні басқа да барлық психикалық функциялар сияқты, сананың туа біткен функциясы болып саналмайды, ол адамның индивидуалды дамуының процесінде дамып, қалыптасады.

Психологиялық зерттеулер көрсеткендей зейіннің қалыптасуы адамның өнімді психикалық іс — әрекетінің реакциясы сияқты адамның онтогенезіндегі жастық кезеңдерімен өзара байланысатын бірнеше қатарлармен сипатталатын күрделі де, ұзақ даму жолынан өтеді.

 44. Ырықты және ырықсыз зейіннің психологиялық табиғатын талдау.Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз деп бөледі.

Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Адам омірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Ойткені балалық дөуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы ете нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, ояың ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезендерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызыгу — ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу — ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зсйін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам өз ісінен шығатын нотижеге қызытады, оны орындау үшін күш жұмсайды, өйтпесе іс онбейді, күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды.

         Ырықсыз зейін физиологиялык, тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің корінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:

         а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі кийімінің өзгеруі, дыбыстың жарықтың артуы не кемуі т. б.);

         ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасаушың дәрежесі (қызығу, қажетсыну, көңіл күйінің, хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер стеді.

         Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік кушін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше сер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады;

         1)      Қандай болмасын бір өрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.

         2)      Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, аландататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.

         3) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.

         4)  Түрлі қолайсыз жағдайларда да жүмыс істеуге машықтану. Мәселен, коңілді алаң қылатын богде тітіркендіргіштердің  (айқай-шу, тарсыл гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тербиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.

         5) Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.

         Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уакытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны.


Диплом на заказ


1. Магнолія плюс а-я 2623 м.html
2. Измерение ионизирующих излучений
3. Анализ письма Обломова
4.  20 г. .
5. Исполнение документов.html
6. Что стоит закрыть все воспоминания за дубовой дверью своего сознания
7. I Общая характеристика
8. графическая работа ’3.html
9. на тему Государственные внебюджетные фонды- состав структура направление развития Выполнила с.html
10. Лабораторная работа 11 Тема- Одномерные массивы Цель 1 Получение навыков в организации вводавыв
11. физическое воспитание; физическое развитие; виды физической культуры и т
12. Издательство Манн Иванов и Фербер http---www
13. Аудиторские ведомост
14. Введение Управление проектами является неотъемлемой частью повседневной деятельности руководителей разн
15. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата економічних наук12
16. ПРАВОСЛАВНЫЙ СВЯТОТИХОНОВСКИЙ ГУМАНИТАРНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ
17. ЩЕРБИНСКОГО ЛИФТОСТРОИТЕЛЬНОГО ЗАВОДА [8] 2
18. Обитатели леса
19. Основные категории педагогики Объект педагогики ~ это явления действительности которые обуслов
20. Курсовая работа- Пресс-служба и организация специальных событий