Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.ru

і Философ ~рі экономист Аристотель айырбас а~шаны~ пайда болуы мен ат~аратын ~ызметін зерттейді

Работа добавлена на сайт samzan.ru: 2015-07-10


1: Экономикалық теорияның пайда болуы және оның қалыптасуы. бұл адамдардың шексіз қажеттілігін  қанағат-тандыру үшін  қоғамдағы шектеулі немесе сирек  кездесетін ресурстарды  пайдалану арқылы  игіліктерді  өндіруді  зерттейтін ғылым. Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады. Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген  гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді. Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.  Экономикалық теория дербес ғылым болып XVIXVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.

2: Экономикалық теорияның атқаратын қызметі және қоғамдық құбылыстарды зерттеу әдістері. Кез- келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің түпкі мақсаты- қоғам және жеке тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Экономикалық дамудың мәселелері осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ресурстарды бөлу кезінде туындайды. Бұл мәселелерді шешу екі фундаменталды экономикалық аксиомаға негізделеді: 1-ші аксиома – қоғам қажеттілігі шексіз, 2-ші аксиома – қоғам ресурстары тапшы немесе шектеулі.  Осы тұрғыдан алғанда экономикалық әрекеттің мәні- шығындарды азайту және тиімділікті арттыруда. Экономикалық теория ғылыми танудың көптеген әдістерін пайдаланады.  Экономикалық теорияның әдістерін қарастырайық. Ғылыми абстракция әдісі- зерттеу объектісін кездейсоқ, уақытша жағдайлардан оқщаулап, оның тұрақты, өзіне тән сиптаттарын зерттеу. Осы әдіс көмегімен зерттелінетін объектінің маңызды жақтарын сипаттайтын ғылыми категориялар қалыптасып, экономикалық модельдер құрылады.  Кез- келген объект өзара – байланысты жүйеде әрекет етеді, сондықтан оларды зерттеу үшін дедукция және индукция әдістері пайдаланылады. Индукция- жеке ойдың жалпы қортындыға қозғалысы.Дедукция- ойдың жалпы жағдайдан жекеге қозғалысы. Позитивті талдау- экономикалық құбылыстардың өзара байланысын өз күйінде зерттейді, мысалы тауарлардың бағасының өсуі  оған деген сұранысты азайтады.Нормативті талдау- процесс немесе құбылысты қандай түрде болу керек деген тұрғыдан зерттейді, мысалы нарықтық шаруашылықтағы табыстардағы теңсіздік -әділетсіз. Экономикалық- математикалық модельдеу- экономикалық құбылыстардың өзгеру себептерін, бұл өзгерістердің заңдылықтардың  анықтайды және экономикалық процестерді болжауға мүмкіндік береді. Экономикалық эксперименттер- макро- және микроэкономика көлемінде тиімділікті   арттырудың әдістерін іздеу.

3: Экономикалық теорияның ғылыми мектептері – меркантализм және физиократтар! Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVIXVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды. Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Ман, Жан Батист Кольбер, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков. Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.

4: Ағылшынның классикалық буржуазиялық саяси мектебі – А. Смит және Д. Рикардо. Олардың экономикалық теориясы. Классикалық саяси  экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп  дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.а) Марксизм – (К.Мар кс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі  нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа  бөлу арқылы барлық экономикалық  құбылыстар да талданды. Қосымша  құнның теория  мағынасы  өндірісте  пролетариаттың қаналуы арқылы  көрініс тапты. б) Маржинализм – (К.Менгер, Фридрих фон Визер , У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру  үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті  көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.  

5: Маржинализм теориясы және «неоклассикалық» деп аталатын экономикалық теория бағыты (А. Маршал).  Маржинализм 4, Осы кезеңде экономикалық теорияда- неоклассикалық бағыт пайда болады, оның негіздері ағылшын экономисі Альфред Маршалл еңбектерінде көрініс алады, оның жұмыстарындағы экономиканы талдау «экономикс» деп аталады. Неокласикалық мектеп өкілдері игіліктерді экономикалық және экономикалық емес деп бөледі. Экономикалық емес игіліктер шексіз көлемде болады, ал экономикалық игіліктер сирек кездеседі. А.Маршал, Дж. Хикс, Р. Аллен, М.Фридмен әзірлеген, нарықгың неоклассикалық теориясының әдіснамалық ұстанымы, нарық тұтынушьлары мен күрметтеушілерінің рыноктың қызмет ету тетіктеріне орталық орын берген, шектеулі пайдалылықтың теориясы болды. А.Маршал сұраным қисыгын пайдалылық қызметінеи шыгарып, бағасын түсінген, сатып алушы тауар бірлігінің әрбір қосымшасына толеуге дайын, «еңбек құиы» санатын енгізді. Ол сондай-ақ, сатып алушы сұранысынын озгерістерінс байланысты, сатып алынатын тауарлардың бағасының озгерістерінен, «багасы бойынша жұмсақ сұраныс» санатындагы сандық озгерістер үшін енгізген экономикалық талдауы арқылы зерттеу жүргізді

6: Экономикалық теорияның маркстік даму кезеңдері. 19ғ-да. К. Маркс пен Фридрих Энгельс «маркизм» атты теориялық концепцияны құрды, бұл концепцияда Д. Риккардо және У. Петти жұмыстары жалғас алған. 4а)

7: Қоғамдық өндірістің құрылымы. Өндіріс- адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Қажеттілік- адамның бір нәрсеге мұқтаждығы. Өндіріс нәтижесінде игіліктер алынады. Игілік-қажеттілікті қанағаттандаратын құрал. Игіліктер тікелей- тұтыну құралдары және жанама - өндіріс құралдары болып бөлінеді. Сонымен қоса игіліктер материалды қызмет және материалды емес қызмет деп бөлінеді. Материалды қызметке- заттың кеңістікте жылжуын қамтамасыз ететін қызметтер, мысалы: тасымалдау, ал материалды емес қызметер адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандарады, мысалы: адвокат қызметі, білім беру және т.с.с. Демек, өндіріс процесі материалды тауарлармен қызметтер және материалды емес тауарлармен қызметтер өндірісінен тұрады. Сәйкесінше, материалды(мат тауао/р мен қызмет/р) және материалды емес (мат емес тау/р мен қызм/р) өндіріс түрлерін айырады. Ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің үздіксіз жаңару процесі, ол екі түрлі болады: қарапайым және кеңейтілген.Қарапайым ұдайы өндірісте өндіріс жылдан жылға тұрақты көлеммен жаңарап отырады. Кеңейтілген ұдайы өндіріс кезінде өндіріс процесінің көлемі ұлғайтылып отырады. Кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің нәтижесінде қоғамдық өнім көлемі ұлғаяды.

8: Жиынтық ұлттық өнім, жиынтық ішкі өнім, Аралық өнім, Түпкі өнім, Ұлттық таза өнім, Ұлттық табыс, олардың мәні және құрамы. Макроэк - экономиканы тұтас жүйе ретінде қарастырады, ондағы субъектілер: мнмлекет /үкімет/, Ұлттық Банк және т.б.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер: ұлттық байлық, ЖҰӨ, ҰТ және т.б., олар жаопы халық щаруашылық сипаттайды. Жиынтық немес жалпы ұлттық өнім /ЖҰӨ/ - ел ішінде 1 жылда өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнының сомасы. Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт  кезеңінде қоғамның қарамағындағы  ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық  игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық  нарықтық құны. Экономикалық  теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты  түрге  бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы  нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы  есептеумен  анықталады.  Нақты ЖҰӨ =  номинальды ЖҰӨ/ баға индексі.  Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) –  белгілі бір мерзімде ел шеңберінде  өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады. Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі: ТҰӨ = ЖҰӨ - А, Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады. ҰТ = ТҰӨ - ж.с. Мұнда: ж.с. – жанама салықтар. Ұлттық табыс /ҰТ/ - 1 жылда құрылған құннан тұратын өндіріс нәтижесі, ол ЖҰӨ-амортизация немес барлық өндіріс факторлерінен алынған табыстар сомасы ретінде есептелінеді: еңбек ақы + рента+ процент+ пайда. Таза ұлттық табыс – ол ЖҰӨ +жанама салықтар ретінде есептелінеді де, ұлттық табысты нарықтық бағамен есесптеу үшін қолданылады.

9: Өндіріс ресурстары,олардың шектілігі, өндіріс мүмкіншілігінің қисығы. Өндіріс факторлары. Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар. Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады.   Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық қорлар қажет. Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс  ресурстары  бұл  шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің  әртүрлі  құралдарының  жиынтығы.  Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б.  Өндіріс процесінде негізгі экономикалық өзара фактор/р әрекеттеседі: еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік. Еңбек- адамның қандай да бір пайдалы нәтижеге бағытталған ойлау және физикалық қызметі. Еңбек еңбек өнімділігі және еңбек интенсивтілігі көрсеткіштерімен сипатталады. Жер- табиғаттың адамға беретін игіліктері, олар жер және оның қойнауы, су, ауа және т.б. Жердің қасиеттерін шынайы- өздігінен пайда болған және жасанды- дам қолымен құрылған деп бөледі. Жердің өндіріс факторі ретіндегі өзгешелігі- оның көлемінің шектеулігінде, осы жерді ресурсретінде пайдалану кезінде пайда болатын табыс- рента. Рента- ұсынысы шектеулі өндіріс факторінен алынатын табыс.  Капитал- табыс әкелетін құндылықтар, материалды игіліктерді өндіру үшін қажет құралдар қоры. Капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді. Негізгі капитал- өндіріс процесіне бірнеше рет қатысып, өз құнын өнімге біртіндеп өткізетін құралдар, олар ғимарат, қондырғы және т.б. Кәсіпкерлік- оның көмегімен жоғарыдағы 3 фактор ұштастырылады.  Кәсіпкерлік экономикалық теорияда 18ғ. пайда болды, «меншік иесі» дегенді білдірді. Экономикалық категория ретінде кәсіпкерлік- пайда табу мақсатымен жүзеге асырылатын қызмет түрі. Осы қызмет нәтижесінда пайда алынады. Пайда- табыстармен шығындар арасындағы айырмашылық. Ресурстардың шектеулігі оларды пайдаланудың альтернативтілігін (таңдау мүмкіндігі) анықтайды. Оны сипаттау үшін П. Самуэльсонның сандық мысалы қараст/ды. Өнд мүмкншілігі көлбеуі н/е трансформаци, бұл экономика толық жұмыс істеген кезде баламалы б/ды. өнд/ң тех-эк жағдайына қарай рес/рды бөлу арқ өндіруге мүмкіндік бар. Рес/р толық жұмыс іст кезде байланыс б/ды, барл нүкте/р мүмкіндік комбинациясына байл көөлбеу транс/ды. кез келген нүкте көлбеуге паретто тиімділік жағдайында ан/ды.

10. Қоғамның алдындағы өзекті мәселелер: қалай? Кім үшін? (дәстүрлі жүйе, жоспарлы жүйе және нарықтық) жүйелерде қалай шешіледі. Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын  мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады. Не өндіру керек? Қанша өндіру керек? Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?) Кім үшін өндіру керек? Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы  ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады. Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет  шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен  шектеледі, шетелдермен қатынас  болмайды. Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика  белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады. Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы: Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді; Өндірістің дамуы мен  әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде; Техникалық прогресс шектеулі; Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады; Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі; Мемлекет пен қарулы  күштердің ролі өте жоғары. Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы: Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықтық экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады. Нарықты экономиқаға тән қасиеттер: Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы; Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару; Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.

11. Тауар өндірісі, оның пайда болуы үшін қажетті объективті жағдайлар. Жай және капиталистік тауар өндірісі. Ортақ жағдайы мен айырмашылықтары. Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен  жүзеге асырылатын шаруашылық аталады. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі; жеке меншіктің болуы; тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы. Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке  меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты: жеке меншіктің пайда болуы; тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі; еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды; қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды; экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады. Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша,  тауардың екі қасиеті бар: адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны; басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).  Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті. Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) — қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндірісі құрал жабдықтарына, жеке меншікке, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауар өндірісі кезінде жасалған өнімнің бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтанда, ол, бүкіл, экономиканы қамтымайды, яғни оның жалпылама сипаты бола алмайды. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі (капиталистік) — өзіне тән ерекше белгілері бар. Оған жататындар: а) адамның жұмыс күші тауарға айналады және өндірушінің өз еңбегін жалдамалы еңбекке алмастырады; б) қоғамда өндірілген өнімнің басым бөлігі жекелей тұтыну үшін емес, нарыққа, сатуға арналады. Бұл кездегі тауар өндірісі еркін бәсекеге негізделеді, сондықтан да оны еркін бәсеке дәуіріндегі капитализм немесе “еркін экономика ” деп атайды. Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруда нарықтар мен баға жүйесін кеңінен пайдаланатын тауар өндірісінің мұндай түрін капиталистік экономика деп атайды.

12. Тауар және оның қасиеті. 11-де

13. Құн заңы, оның әрекет ету ерекшеліктері. Құн заңы - өндірушілер арасындағы  байланыстарды, сондай-ақ  қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған  экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті  шығындарымен  (ҚҚЕШ) өлшенеді.  Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында  өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын  көрсетеді. . Заттың құндылығы оны өндіруге кететін ресурс бағасымен байланысты.  Пайдалылық теориясының өкілдері заттың құндылығын оның пайдалылығымен байланыстырады да, пайдалылықтың екі түрін айқындайды: абстрактілі пайдалылық, игіліктің қандай бір қажеттілікті қанағаттандыру қасиеті; нақты пайдалылық, осы игіліктің бар қоры және оған деген қажеттіліктің қанығу дәрежесі. Нақты пайдалылықты сипаттау үшін неміс экономисі Г.Госеннің заңы пайдаланылады,. Бұл заңға сәйкес қажеттілікті қанағаттандыру шамасына қарай қанығу дәрежесі артады, ал нақты пайдалылық көлемі азаяды. Демек, келесі қажеттілікті қанағаттандыратын игіліктің пайдалылығы алдындағысына қарағанда төмен. Осыдан келесідей қортынды шығаруға болады: игілік пайдалылығы- шекті қажеттілікті қанағаттандыратын шекті өнім пайдалылығымен анықталады.

14. Ақшаның мәні және оның пайда болуы. Ақшаның пайда болуын әр мектеп өкілдері айырбастың пайда болуымен байланыстырады.  Демек ақшаның пайда болуын зерттеу, айырбастың дамуын зерттеуге әкеледі. Айырбастың ең қарапайым түрі- бартер, тауарды басқа тауарға тікелей айырбастау. Бірақ бартер тек тауарлармен нарық қатысушылары саны шектеулі болған жағдайда ғана тиімді. Олардың санының артуы айырбасты қиындата бастады, сондықтан айырбастың дамуына қарай әр аймақтарда өткізуге ыңғайлы тауар пайда бола бастады, былайшы айтқанда өтімділігі жоғары тауарлар.  Өтімділігі жоғары тауар ақшаға айналды. Ақша-  өтімділігі жоғары абсолютті айырбас құралы. Ақшаны талдаумен байланысты баға категориясының анықтамасын береміз: баға- тауар құнының ақшалай көрінісі. Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар  айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән: Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады); Пайдалануға өте ыңғайлы; Мүлтіксіз сақталынуы; Оның қандай да бір болсын  пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.

15. Ақшаның функциясы. Ақша айналымының заңы. Ақшаның атқаратын қызметтері:  Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен  ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді; Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды; Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады.  Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады; Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды; Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты  валюта болып табылады. Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады. Ақша айналысы дегеніміз - айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады. И.Фишер: «Ақшаның құны олардың санына тура пропорционалды» дейді, ол айналымдағы ақша массасын анықтайтын формуланы ұсынады: MV=PQ M-ақша массасы, V- ақша айналымының жылдамдығы, P- тауарлар бағасының деңгейі, Q-айналымдағы тауарлар саны.

16. Меншік – экономикалық категория ретінде. Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне  жатады. Меншік экономикалық категория ретінде  өндіріс құрал – жабдықтарын және  өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік ќатынастарын д±рыс т‰сіну ‰шін, оны иемдену ќатынастарымен салыстыру ќажет. Иемдену – затты мењгеріп алудыњ наќты ќоѓамдыќ єдісі. Иемдену осы берілген меншіктіњ жєне оныњ наќты т‰рлерініњ негізі, тамырлы белгісін ќ±райды. «Меншік» жєне «иемдену» деген т‰сініктерді ажыратып, єрќайсы жеке танып білу ќажет: б±лардыњ жеке ±ѓымдар жєне экономикалыќ ќатынастар ж‰йесінде µздерініњ жеке орындары болады. Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы. М/ң э/қ мағынасы келесі қатынастармен сипатталады: Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану; Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару; Жекелендіру - әр бір тауар  өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді; Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы; Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі; Табысты бөлу әдістері. М., заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және  бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік  құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша): Иемдену құқығы, яғни игіліктерге  міндеттелінген денелік (күш  қуаттылық) бақылау құқығы; Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы; Басқару құқығы, яғни  игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы; Табысқа деген құқық, яғни  игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы; Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы; Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы; Игіліктерді  мұрагерлікке беру құқығ; Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құны; Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құны; Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқ;Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

17. Меншік иесінің түрлері. Меншіктің екі түрін бөліп көрсетеді: жеке және мемлекеттік, бұлардың әр қайсысы бірнеше түрлерден тұрады. Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді.  Жеке меншікте бір адам немесе жанұя мүлік қор иесі болып табылады. Қор жинау негізінде жеке меншік еңбекші және еңбекші емес болып бөлінеді. Еңбекші меншік еңбек ақы негізінде қалыптасады, яғни кәсіпкерлік қызметтен келетін табыс. Еңбекші емес меншік мұрагерлікпен қалған мүлік, бағалы қағаздардан, депозиттерден және т.б. қалыптасады. Жеке меншік формасы болып ұжымдық меншік табылады. Ұжымдық меншік мысалы ретінде кооперативтік қызмет атқарады, яғни құралдарды және кооператив еңбек мүшелерінің біріккен қызметі негізінде құрылады және акционерлік, акцияларды сату негізінде пайда болады. Ме/к меншік негізінде меншік субъектісі мемлекет өзі болады. Басқару жіне бұйрық беруді мемлекеттік үкімет органдары атқарады. Мемлекеттік меншіктің ерекшелігі оның бөлінбеушілігі. Мемл иелігінен алу түсінігі астарынан кәсіпкерлікті басқарудағы мемлекеттік орган қызметтерінің қысқартылуы, кәсіпкерлік құқықтың шешім қабылдаудағы кеңейтілуін түсінгеніміз жөн. Жекешелендіру - мемлекеттік меншіктің басқа бір мемлекеттік емес меншік формасына ауысу процесі. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру келесі формаларда жүзеге асады: мемлекеттік мүлікті арендаға алу, артынша толығымен сатып алу; мемлекеттік кәсіпкерліктің акционерлік қоғамға өзгеруі; мемлекеттік кәсіпкерліктерді аукционда немесе конкурс бойынша сату; жеке азаматтарға немесе еңбекші ұжымға мүлікті тегін тапсыру. Қазіргі кезде ТМД елдерінде мемлекеттік меншіктің монополизмі қопарылған, шаруашылық типтерінің орналасуы мен меншіктің көптеген формасына негізделген экономиканың қайта құрылу процесі басталды. ТМД – ның жекелеген елдерінде жекешелендіру әр түрлі масштабта және бірдей емес екпәнде жүргізіледі.

18. ҚР-дағы меншік түрлері.

Қазақстан Республикасында экономикалық реформа меншік реформасынан басталды. Өйткені, меншік экономикалық қатынастардың ішіндегі ең басты элементі, жалпы экономикалық қатынастардың ішіндегі негізі болып табылады. Меншік реформасы екі жолмен жүзеге асты:

1)меншікті мемлекеттен алу (акционерлік қоғамдарға айналдыру),

2) жекешелендіру - мемлекеттік мүлікті жеке түлғаларға, мемлекеттік емес және шетелдік заңды түлғаларға сату.

Қазақстан көп ұлтты мемлекеттік құрылым болып табылады. Ал, экономиканың құрылымы меншік құрылымына әсер етеді, меншіктің түрлерінің көп болуы да осыдан. Бұған қоса шаруашылық әрекеттерінің формалары, меншік объектілерін пайдалану туралы қатынастармен және өндірістің техникалық, даму дәрежесімен белгіленеді. Меншіктің бір формасының, немесе, бір түрінің негізінде, бәсекелестің шарты болып табылатын, шаруашылық жүргізудің бірнеше формалары қалыптасуы мүмкін.

19. Экономикалық жүйенің негізгі түрлері. Экономикалық жүйе - ұйымдық нысандар мен қалыптасқан мүліктік қатынастар негізінде қоғамда іске асатын, экономикалық үдерістердің жиынтығы. Экономикалық жүйені қоғамның нақты базисін құрайтын, саяси қондырма жоғары тұратын, экономикалық қатынастардың жиынтығы құрайды. Экономикалық жүйе ашық және жабық сипатта бола алады: ашық экономика - бұл әлемдік шаруашылық байланыстарына жоғары дәрежеде қосылатын елдің экономикасы; Жабық экономика - бұл сыртқы әлеммен экономикалық байланысы жоқ немесе әлсіз байланысы бар елдің экономикасы. Меншік қатынастарының формалары бойынша: Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа  жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша  қатынастар қалыптасады (Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді,өндірістің дамуы мен  әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде, техникалық прогресс шектеулі ) ; Әкімшілік - әміршілік жүйе орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен  өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік  меншіктің  үстемділігі жүргізіледі (Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы. Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.); Нарықтық экономика -  меншікке, бәсекеге негізделеді (Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықтық экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады. Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.); Аралас экономика – мемлекет пен нарық  механизмдерінің  араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады (Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі: Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады; Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.).

20. Меншікті мемлекеттен алу және жекешелендіру: мақсаты, жүзеге асыру тәсілдері, түрлері және ҚР-дағы кезеңдері. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс.  Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы. Қ. Р/нда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада: шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру; бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету; шағын және орта бизнесты дамыту. Жекешелендірудің тәсілдері: Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу;  . Кәсіпорын капиталының үлесін сату (акцияларды); Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу. Қ. Р/да  жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық  бағдарламасына» сәйкес  жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта  жүргізіледі: Кіші  жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін; Жаппай  жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа  жекешелендіру купондарының  бөлінуіне негізделді; Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды  кәсіпорындары. Қ.Р/ғы  жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады: 1) 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде  нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау  үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. 2) 1993-1995 ж.ж. – мемлекет   иелігіндегі мүлікті  халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. 3)1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының  аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру.  4)1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың  тиімділігін көтеру. Мемлекеттік  үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

21. Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, формалары. ҚР-дағы шағын, орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы. Кәсіпкер иелігіндегі мүлікті т.б. заңды негізде пайдалану жөнінде, өз бастамасы мен шешімін қабылдауға және кез келген іс-қимылдарды жүзеге асыруға құқылы, заңды ұйым немесе жеке азамат. Лицензиялауға тиіс қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін, кәсіпкер белгіленген тәртіппен және мемлекеттің қолданылып жүрген заңды талаптары негізінде лицензия алуға міндетті.  Экономикалық теорияда, кәсіпкерлік термин экономистердің еңбегінде ХҮШ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында қолданыла бастайды. Бірінші болып  ағылшын экономисі Р.Кантильнон қолданды. Оның анықтауынша «Кәсіпкерлік» - бұл табыс табу, (жеке шаруашылығы, қолөнершіремесленник, сатушы т.с.с.). Ол табыс табу үшін, басқаның тауарын  белгілі бағамен сатып алып, оны белгісіз бағамен сатады, осы үшін тәуекелге барады. Оның негізгі экономикалық қызметі тауар нарығында әрбір тауарларға сұранысты сәйкестендіру. Тауар нарығында классикалық, экономикалық мектептің негізін салушы – А.Смит. Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - істің өркендеуіне жағдай жасау деп  анықтама берді Зомберт. Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді. Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерліктің бұл түрі өндіріс функциясының  негізі. Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды.  Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді. Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің  бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Делдалдық кәсіпкерлік –  бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады. Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды. «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қ.  Р/ң кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша Қ. Р/ң кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдар дайындалып, қабылданды. Ол құжаттарда фермерлік және шаруалар қожалықтарын қамтый отырып, жеке және отбасылық кәсіпкерліктердің даму кепілдігіне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың араласуынан қорғайтын кепілдік секілді нормалар көрсетілген. Осы  заңдар бойынша шағын кәсіпорынды дамыту оның барлық қызметтері салаларында ынталандырылуы тиіс.

22. Нарықтың мәні және нарық субъектілері. Нарық, айырбас айналыс-бұл категориябар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды  тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша  көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді. Рынок (нарық) – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі. Нарық экономикасының субъектісі үй шаруашылыгы, фирмалар, мемлекет болып табылады: Үй шаруашылыгы - бұл қүрамында бір нсмесе бірнеше түлғасы бар экономикалық бірлік: өз бетімен шешім қабылдайды; қандай да бір ондіріс факторының меншігі болып табылады; бар ресурстар шегінде пайдалылықтың жогарылығы жэне өз тұтынушыларын жогары қанағаттандыруға ұмтылуы. Фирма - бүл экономикалық бірлік: өз бетімен шешім қабылдайды; жогары пайда табуға ұмтылады; мемлекетке, үй шаруашылыгына жәие басқа фирмаларга өиімдерді дайындауға және сатуга ондіріс факторларын пайдаланады. Мемлекет деп, қоғамдық мақсаттарға жету үшін, нарық пен шаруашылық субъектілеріне қажет жагдайда бақылау жүргізу ушін занды жэие саяси басшылық жүргізетін үкІмеггік мекемелерді түсінеді.

23. Нарықтың атқаратын қызметі және нарық құрылымы. Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады: Ақпараттық қызмет; Делдалдық қызмет; Баға белгілеу қызметі ; Реттеушілік қызметі; Санациялық қызмет. Рынок түтастай алғанда, бай ж/е күрделі құрылым ретінде сипатгалады. Оны әр түрлі белгілері мен критерийлері бойынша жіктейді: 1.Объектілердің нарықтық қатьнастарының экономикалық багыты бойынша: тұтыну тауарлары мен қызметтерінің рыногы; өндірістік бағыттагы тауар рыногы; ноу-хау рыногы; шикізаг рыногы; еңбек рыногы; Бағалы қағаздар рыногы жэне т.б.; 2.Географиялық орналасуы бойынша: жергілІкті рынок; ұлттық рынок; әлемдік рынок. 3. Салалык бағьптары бойынша - автомашиналар, мүиай, компьютерлік және т.б. рыноктары. 4. Сату сипаттамасы бойынша - бөлшек жэне көтерме сауда рыноктары. 5. Бәсекелестікті шектеу дәрежесі бойынша - жетілдірілген бәсекелестік рыногы жэне жетілмеген бәсекелестік рыногы (монополистік бәсекелестік, олигополиялық, монополиялық).

24. Нарық инфрақұрылымы. Барлық жүйелер сияқты, рыноктың инфрақұрылымы болады. «Инфрақұрылым» термині XX гасырдың басында әскери күштердіц қалыпты қызметін қамтамасыз ететін, кұрылыстар меи объектілерді белгілеу үшін бірінші рет қолданылған. Батыста 40-жылдары инфрақүрылым дегенді материалдық өндірістің қалыпты қызмет етуіне мумкіндік беретін салалардың жиынтыгы ретінде түсіне бастады. Сондай-ақ, инфрақұрылым - бұл кез келген тұтастай экономикалық жүйеиің міндетті құрамы. «Инфрақұрылым» сөзі осы жүйеиің ішкі құрылысындағы негізі, іргетасы. Рынокқа қолданылатын инфрақүрылым осы қатыиасгарды бір түтастыққа ұластыратын жэне рынок жуйесінің субъектісінің арасындағы тауарлық-ақшалық қатынастарды түзейтін ұйымдастыру нысанының жиынтьпы. Рынок инфрақүрылымы - әр түрлі рыноктың қызметін қамтамасыз ететін қызмет және мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындар, үйымдар мен мекемелердің жиынтыгы. Ол рынок құрылымына сәйкес жіктелінеді. Тұтастай рынок инфрақұрылымын жиынтық ретінде көруге болады: тұтыну рыногының инфрақұрылымы (сауда жүйесі, қойма шаруашьшыгы, өнімдерді сақтаудың әр түрлі жүйесі, көлікпен тасымал, жеткізу, тауарлық биржа, көтерме сауда рыногы, тұрғындарга тұрмыстық қызмет көрсету); өндіріс рыногының инфрақүрылымы (тауарлық-шикізаттық биржа, брокер кеңсесі, лизингтік жэне факторингтік операңиялар, гылыми-зерттеу орталыкгары); еңбек рыногының инфракұрылымы (еңбек биржасы, мемлекетгік еңбекпен қамтамасыз ету қызметі, дайындық, қайта дайындау және кадрлардың мамандығын котеру жэне көшу үдерістерін басқару құрылымы); қаржылық-кредиттік рыноктың инфрақұрылымы (коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, қор биржалары); ақпараттық инфрақұрылымдар (халық шаруашылығы бойынша жинақты деректер, рынок инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша ақпараттық желі, маркетингтік қызмет, жарнамалық-ақпараттық қызмет).

25. Нарықтың негізгі элементтері. Рынок тетіктерінің негізгі элементтері рынок бағасы, сүраныстар қатынасы, ұсыныстар мен бәсекелестік болып табылады. Сұраныс- белгілі бір уақытта, қалыпты баға жағдайында сатып аланатын тауарлар саны. Ұсыныс- өндірушінің нарықта сататын тауарларының саны. Баға жоғарлаған сайын өндірушілердің нарықта сатқысы келетін тауарларының саны артады және керісінше.  Рыноктық тетіктердің өзін келесі жағдайда көрсетуге болады: сатушьлардың арасында күшті бәсекелестік болған сайын, соншалықты үлкен көлемде тауарлар ұсыну сатып алушылардың сұранысынан асатын болады, ал, рынок багасы түседі. Бұл өндірісті қысқартуға әкеп согады. Керісінше, сатушылар арасында бәсекедестік төмендегенде, төлем қабілетінің сұранысы тауар ұсынудан аса бастайды. Нәтижесінде баға өсіп, тауар өндіру пайдалы болып, ол кеңи бастайды. Бәсекелестік - бұл капиталды салу жагдайындағы ең жоғары пайда үшін кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестік. Бәсекелестік күрестің нысаны - салааралық жэне ішкі салалық болады. Салааралық бэсеке қоғамдык ондірістегі әр түрлі салалардағы кэсіп-керлер арасында жүргізіледі, ал, ішкі салалык бәсеке - біртекті тауарлар шыгаратын кәсіпкерлер арасында болады. Бэсекелестік пайдаланатын әдістеріне байланысты бағалық және бағалық емес болып бөлінеді. Багалық бәсекелестік өндірістің көбірек оидіруші факторларын пайдалану есебінен өнімге бағаны төмендету жолымен жүргізіледі. Ал, бәсекелестіктің бағалық емес әдісіне онімнің сапасын көтеру, жарнама, сатудан кейінгі қызмет, өндірістік тыңшылық ж/е т.б. жатады.

26. Нарықтың артықшылығы мен кемшіліктері. Артықшылығы: өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу; шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану; шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі; әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті. Кемшіліктері: нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді; қоғамда теңсіздікті туғызады; тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды; нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.

27. Сұраным заңы, қисығы және оған әсер ететін факторлар. Сұраныс- белгілі бір уақытта, қалыпты баға жағдайында сатып аланатын тауарлар саны. Ақша қаражатымен қамтамасыз етілген сұраныс төлемқабілетті сұраныс деп аталынады. Сұранысқа көптеген факторлер әсер етеді, солардың ең маңыздысы-баға. Бағамен сұраныс арасында кері байланыс, баға өскен сайын сұраныс төмендейді және керісінше. Осы байланыс сұраныс заңы деп аталынады.  Бұл байланысты қисықта көрсетуге болады. Графиктегі D қисығы сұраныс қисығы, Р –баға,  Q- сүраныс көлемі. D қисығы солға төмен орналасқан, себебі бағамен сұраныс арасындағы байланыс кері.  Сұраныс көлемінің графикалық өзгеруі сұраныс қисығының бойымен жылжуды білдіреді. Сұраныс қисығының бойымен жылжуы, баға өзгеруінің салдарынын тауар ды сатып алу көлемі азайғанда бақалады. Сонымен қоса егер сұраныс бағалық емес факторлер әсерінен өзгеретін болса, қисықтың өзіде ығысуы мүмкін. Бағалық емес факторлерге келесілер жатады: тұтынушылық талғамның өзгеруі; сатып алушылар саны; тұтынушылар табысы; алмастырғыш және байланысты тауарлар бағасы; сатып алушылар күтулері.

    Р

                               Q

28. Ұсыным заңы, қисығы және оған әсер ететін факторлар. Ұсыныс- өндірушінің нарықта сататын тауарларының саны. Баға жоғарлаған сайын өндірушілердің нарықта сатқысы келетін тауарларының саны артады және керісінше. Баға және ұсынылатын тауарлар саны арасындағы тура байланыс ұсыныс заңы деп аталынады. Бүл байланысты графикте  үсыныс қисығы түрінде беруге болады. Графиктегі S қисығы ұсыныс қисығы, Р –баға,  Q- сүраныс көлемі. S қисығы оңға жоғары орналасқан, себебі бағамен сұраныс арасындағы байланыс тура.   Ұсыныс көлемінің графикалық өзгеруі ұсыныс қисығының бойымен жылжуды білдіреді. Сұраныс қисығының бойымен жылжуы, баға өзгеруінің салдарынын тауарды ұсыну көлемі өзгергенде бақалады. Сонымен қоса егер бұрыңғы шығындар көлемінде ұсынылатын тауарлар саны артса, ұсыныс қисығы оңға ығысады, ал тауарлар саны азайса, солға ығысады. Ұсыныс қисығының ығысуы бағалық емес факторлер әсерінен болады, ол   факторлер: ресуртар бағасының өзгерісі; технология; салық және дотациялар; басқа тауарлардың бағасы.

         Р

 

                                         Q

29. Сұраным және ұсыным икемділігі. Сұраныс пен  ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара  өзгерістерден  туындайды. Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне  жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады. Сұраныстың бағалық икемділігі –  тауар бағасының 1%  өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының  өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.∆ Q%                                                        ЕPD  =   ─────                              ∆  Р%;∆ Q%  

                                                     ЕPD  =   ─────                            

 ∆  Р%;

∆ Q%  

                                                     ЕPD  =   ─────                            

 ∆  Р%;

∆ Q%  

                                                     ЕPD  =   ─────                            

 ∆  Р%;

∆ Q%  

                                                     ЕPD  =   ─────                            

 ∆  Р%;

∆ Q%  

                                                     ЕPD  =   ─────                            

 ∆  Р%;

∆ Q%  

                                                     ЕPD  =   ─────                            

 ∆  Р%;

∆ Q%  

                                                     ЕPD  =   ─────                            

 ∆  Р%;

Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент  тауардың сапалылығын анықтайды. Бірін - бірі  алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір  тауардың  бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс  көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты  анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке  өзгеретінін көрсетеді.   Ұсыныстың икемділігі – бұл  бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс  көлемінің қанша %-ке  өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

30. Капиталдың мәні, ауыспалы айналымы, оның үш сатысы. Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық  игіліктердің қоры, ол сонымен қатар  материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті,  білімі. Капиталдың  екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс  әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады. Капиталдың  ауыспалы айналымы- өндіріс факторлерінің құнының өндіріс және айналыс сферарасы арқылы қозғалысы, нәтижесінде олар үш кезеңнен өтіп, сәйкесінше  өндіргіштік, ақшалай және тауарлы формаға айналады.

Өндірістік цикл кезеңдері:

                                        ӨҚ            

                                 А – Т    .....                

Ө   .....   Т '– А'

                                             ЖК

А- бастапқы капитал (ақша);  Т- тауар;  ЖК – жұмыс күші; ӨҚ- өндіріс құралдары;  Ө – өндіріс процесі;  Т '–өндірілген тауарлар мен қызметтер;  А' – өскен бастапқы капитал. Әр кезең белгілі бір қызмет атқарады: бірінші кезеңде өндіріс жағдайлары қалыптасады; екіншіде тауарлар мен қызметтер өндірісі жүзеге асады; үшіншіде тауарлар мен қызметтер сатылып, пайда алынады. Үнемі жаңарып отыратын ауыспалы айналым процесі  - айналым деп аталынады. Ауыспалы айналым мен айналым арасында айырмашылық бар: бір ауыспалы айналымда (мысалы, аяқ киімнің бір партиясының өндірісі) фирмаға салынған ақшаның тек бір ғана бөлігі қайтады, бір айналым кезінде барлық салынған ақша көлемі қайтады, ол үшін бірнеше ауыспалы айналым қажет болуы мүмкін.

31. Авансталған капиталдың барлық қозғалысының үзілмей қайталанып жүріп отыруын капиталдың айналымы д.а. Айналым уақыты- ресурстар өндіріс және айналыс сферасын өтіп, бастапқы формасына қайтып келетін уақыт аралығы. Айналым уақыты өндіріс және айналым уақытынан тұрады.

32. Айналмалы капитал- өндіріс процесіне бір рет қатысып, өз құнын дайын өнімге толығымен өткізетін құралдар, олар материал, шикізат және т.б.

Негізгі капитал- өндіріс процесіне бірнеше рет қатысып, өз құнын өнімге біртіндеп өткізетін құралдар, олар ғимарат, қондырғы және т.б.

Өндіріс процесі кезінде негізгі капитал физикалық және моралды тозуға шалдығады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:

-жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;

-табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.

Материалдық тозудың екі жағы болады:

-техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;

-құндық - құнның жаңа өнімге көшуі.

Моральдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:

1.еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары
арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;

2.құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық
жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады.

33. Айналым жылдамдығы – бір жыл ішіндегі ресурстардың айналым саны.

Негізгі қорды (капиталды) пайдалануды сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

-қор қайтарымы   - бір теңге қор құнына келетін өнім көлемін көрсетеді.               

ҚҚ = Q /  Қнег

ҚҚ- қор қайтарымы, Q- шығарылған өнім құныі,  Қнег   - негізгі өндірістік қорлардың құны.

-материал сыйымдылығы –1 теңге айналым қор құнына келетін өнім көлемін көрсетеді.

МС= Қайн  /   Q

МС- материал сыйымдылығы, Қайн – айналмалы қор.

34. Шығындар- иеленілген өндіріс факторлері үшін төлем.

Экономикалық әдебиеттерде «шығындар» «залал» түсініктері қатар пайдаланылады. «Залал» түсінігі материалды, табиғи және т.б. ресурстарды өндіруге жұмсалымдарды білдіреді. «Шығындар» - олар тек залалдар ғана емес, нарықта құнды формаға айналған ресурс залалдарын білідіреді.

Шығындардың әр түрлі классификациясы бар.

1.Бағалау әдісіне қарай шығындар: бухгалтерлік және экономикалық болып бөлінеді.

Бухгалетр іс жүзіндегі шығындарды есептейді, оның мақсаты – жүргізілген опреацияларды сипаттау. Демек, бухгалтерлік шығындар- белгілі бір өнім көлемін өндіруге кеткен өндіріс фактрорлерінің құны.  

Экономист бухгалтерге қарағанда болашақты ойлайды, ол бір ресурсты қандай жолдармен пайдалануға болатынын қарастырады.

35. Экономиканың  дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық  шаруашылығының балансы  жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж.  мемлекеттің негізгі экономикалық  көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің  экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.

36. Макроэкономикалық  көрсеткіштерге   жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.)  және  жеке табыс (Ж.Т.).  

Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт  кезеңінде қоғамның қарамағындағы  ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық  игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық  нарықтық құны. Экономикалық  теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты  түрге  бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы  нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы  есептеумен  анықталады.          Нақты ЖҰӨ =  номинальды ЖҰӨ

                баға индексі

Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық  өкілінің  дефляторы деп атайды.

ЖҰӨ  дефляторы =         номинальды ЖҰӨ

нақты ЖҰӨ

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) –  белгілі бір мерзімде ел шеңберінде  өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.

  ЖІӨ =ЖҰӨ  -   сыртқы экономика операция бойынша сальдо

Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің  шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының  жергілікті  капиталдан артық болғаны.

Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі: ТҰӨ = ЖҰӨ - А, Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.

ҰТ = ТҰӨ - ж.с.

Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.

Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында  орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.

 ЖТ = ҰТ – С+Т

мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;

Т - трансферттік төлемдер.

Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс.

37. Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:

-жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;

-кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.

-тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.

-таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.

ЖҰӨ = С+G+І+Х;

Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары;  G – мемлекеттің сатып алуы;  І – жалпы  инвестициялар,

            Х – таза экспорт.

Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:

ЖҰӨ =W+R+I+P;

Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы; R – ренталық  төлемдер; I – жинақ капиталының  пайызы (%); P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.

38. Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық  ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың  сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй  шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға  деңгейінде  жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу  қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.  

Жиынтық ұсыныс (АS) - бағаның әр түрлі деңнейлерінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің жалры көлемі, оған келесі бағалық емес факторлер әсер етеді: табиғи және еңбек ресурстарының саны және сапасы, негізгі капитал қоры, технология деңгейі.

Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін  тигізеді:

  1.  Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.
  2.  Нарықтық құрырылымы.
  3.  Өнімділік.
  4.  Құқық  заңдылық  нормалардың өзгеруі.

Жиынтық сұраныстың ұлғаю  нәтижелері жиынтық ұсыныс  қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.    

39. Экономикалық өсу- барлық елдер алдында тұрған орталық экономикалық мәселе. Экономикалық өсу динамикасы бойынша ұлттық экономиканың даму деңгейін, тұрғындардың өмір сүру жағдайын сипаттайды.

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің ортақ анықтамасы жоқ. Кейбір экономикстер ЭӨ-ді екі әдіспен есептеуге болады дейді:

  1.  ЖҰӨ есептеу арқылы.
  2.  ЖҰӨ-ң  жан басына шаққандағы өсімін есептеу арқылы.

Экономикалық өсу екі түрлі болады:

Интенсивті өсу-  ұлттық өнімді техника мен технологияны жэетілдіру арқылы ұлғайту.

Экстенсивті өсу- қосымша өндіріс факторлерін пайдаланғаннан ұлттық өнімнің артуы.

Аралас өсу (нақты)- өндіріс факторлерін азайту және жаңа техникамен технологияны еңгізу арқылы өндірістік қуаттылықты арттыру.

Экономикалық өсу  жылдық өсу қарқынымен %- пен  есептелінеді.

Экономикалық өсудің мақсаты тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту болы табылады.  Экономикалық өсудің жағамсыз салдады да бар:

-қоршаған ортаның ластатуына әкеледі;

-кейбір тұрғындарда болашаққа деген сенімсіздікті тудырады;

Экономикалық өсу көптеген факторлермен анықталады: ұсыныс факторлері, сұраныс факторлері және бөлу факторлері.

Ұсыныс факторлері: жиынтық ұснысқа әсер ететін факторлер.

Сұраныс факторлері: жиынтық сұранысқа әсер ететін факторлер.

Бөлу факторлері: ресурстар өнім артуын қамтамасыз ететіндей бөлінуі тиіс.

Өсу факторлеріне экономикалық өсудің екі моделі қарастырылады:

Көп факторлы модель: аталған факторлерінін барлығының әсерінен болған экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл модельді өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды.

Екі факторлы модель: еңбек және капитал арқылы болған экономикалық өсуді сипаттайды.

40. Циклділік-  экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы.

  Экономикалық цикл -белгілі бір уақытта іскерлік белсенділіктің артуы мен төмендеуімен сипатталады, ал ол сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігінен болады.

  Экономикалық цикл-  ЖІӨ ретіндегі іскерлік белсенділіктің ауытқуы.

Өнеркәсіптік цикл- барлық фазалардан тұратын  бір шыңнан екінші шыңға дейіңгі кезең. Циклда бірінен соң бірі қайталанып тұратын төрт фаза бар: дағдарыс (кризис), депрессия, жандану және  өрлеу.

1 фаза- дағдарысқа  келесілер тән:

  1.  қорлар жойылып, өнеркәсіптік инвестициялар азаяды:
  2.  еңбекке сұраныс азаяды:
  3.  тауарлар бағасы төмендейді:
  4.   пайда азаяды, несиеге сұраныс азайып процент ставкасы төмендейді.

 Ең төмеңгі дағдарыс деңгейі- депрессия.

Депресия- жоғары деңгейдегі жұмыссыздыққа әкелетін ұлттық өндіріс көлемінің төмендеуі, ол бірнеше жылға созылады.

         2 фаза-депрессияға келесілер тән:

  1.  өндіріс көлемі азаймайды, өспейді де;
  2.  тауар артықшылығы азаяды, бірақ сауда жүрмейді;
  3.  процент ставкасы минимумда.

Біртіндеп жандану бастала бастайды.

  1.  фаза-жандануға келесілер тән:

-нарықтың жаңа жағдайларына бейімділген кәсіпорындар тауар өндірісін арттыра бастайды;

-жұмыссыздық қысқара бастайды;

-инвестициялық процестер жанданады;

-баға және процент ставкасы артады.

  1.  фаза-өрлеу келесілер тән:

-ЖҰӨ өсуінің жоғары қарқыны;

-жұмысыздық толығымен жойылады:

-баға және процент өсуде.

41. Әлеуметтік мәселелерді реттеу  ең алдымен әлеуметтік саясатты қажет етеді. Әлеуметтік саясат – бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауыруға шалдығу деңгейін төмендететіп өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге  мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық,  мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

42. Жұмыссыз - статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз болған, бірақ оны іздеп, жұмысқа кірісуге дайын болған адамдар.

Жұмыссызбен жұмыс бастылар жиынтығы жұмыс күшін құрайды.

Жұмыссыздық дәрежесі- жұмыссыздар санының  жұмыс күшінің санына қатынасы ретінде анықталады.  

Жұмыссыздықтың негізгі типтері:

Фрикционды жұмыссыздық жұмысты іздеумен оны күтумен байланысты. Бұл жұмыссыздықтың қысқа мерзімді және ерікті түрі, осы категориядағы жұмыссыздардың еңбек нарығында  сатуға келетін жұмыс дағдысы бар.

Құрылымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің құрылымының жұмыс орындарының құрылымына сәйкес келмеуінен туындайды.

Жұмыссыздықтың бұл түрі еріксіз және ұзақ мерзімді сипатта болады.

Циклдік жұмыссыздық -  экономикалық құлдыраумен байланысты пайда болады, жандану кезінде ол болмайды.

Толық жұмысбастылық- экономикада фрикционды және құрылымдық жұмыссыздықжағдайындағы жұмысбастылық.

Оукен заңы жұмыссыздық деңгейін ЖІӨ ауытқуымен байланыстырады: жұмыссызыдық деңгейінің 1 процентке әр өсімінде (алдыңғы жыл көрсеткішімен салыстырғанда) шынайы ЖІӨ өсу қарқыны 2,5% азаяды.

Жұмысыздық деңгейі=жұмыссыздар саны/ жұмыс күшінің санына *100%

43. Инфляция- орташа баға деңгейінің өсуі салдарынан ақшаның құнсыздануы.

Дефляция- орташа баға деңгейінің төмендеуі.

Инфляция деңгейі (баға өсімінің қарқыны) –бағаның орташа деңгейінің салыстырмалы өзгерісі Дезинфляция- инфляция деңгейін төмендету (бағалардың өсу қарқыны).

Инфляция түрлері:

Ашық  және жабық –біріншісі баға өсуімен, екіншісі тауардың жоғалуымен сипатталады.

Қалыпты (жорғалап жүруші) -баға жай өзгереді, көбіне жылына 10% дейін.

Шоқырақтаушы – баға өсімі жылына 10 -200 % дейін.

Гиперинфляция-  баға өсімі жылына 1000% (айына 50 %) болады да, ақша айналымы толығымен бұзылады.

Балансты және баланысталмаған: әр түрлі тауарлар бағасы салыстырмалы түрде өзгеріссіз және керісінше өзгермелі.

Күтілген және күтпеген.

Сұраныс инфляциясы- толық жұмысбастылыққа жақын жағдайда, жиынтық шығынның (жиынтық  сұраныстың)  артықшылығынан пайда болады.  

Шығындар инфляциясы- өндіріс шығындардың артуынан бағаның артуы.

Инфляцияның бұл түрі стагфляцияға әкеледі - өндіріс құлдырауы жағдайында инфляциямен жұмыссыздықтың бір уақытта өсуі.

Инфляция табыстардың қайта бөлінуіне әр түрлі әсер етеді, ол немесе болатындығына байланысты. Жұмыссыздық және инфляция деңгейлері арасында байланыс кері, бұл байланыс Филипс қисығы (АD).  Жұмыссыздық деңгейін төмендету баға өсімімен еңбек ақының артуына әкеледі.

44. Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР)- мемлекеттің экономикалық процестерге араласуының экономикалық, саяси, құқықтық шаралардың жүйесі, оларды жүргізудің мақсаты - тұрақты өсуге жету және экономикалық жүйені үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бейімдеу болып табылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі себептердің екі тобымен  байланысты:

1-шісі ұжымдық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты;

2-шісі   қоғамдық ұдайы өндірісті ұлғайтумен байланысты.

Мемлекеттік реттеу инструменттері:

1.Әкімшілік: лицензиялау, квоталау, бағаны, табысты, валюта курсын, есеп процентін  бақылау.

2.Құқықтық: бәсекені қорғау, стандарттау, норма және ережелерді орнату жүйесі арқылы заң шығарушылық негізде жүзеге асырылады.

3.Экономикалық, олар екіге бөлінеді: тікелей және жанама.

1.1.тікелей: салаларды дотация, субсидии, жәрдем ақы және т.б. түрде қайтарымсыз негізде қаржыландыру;

1.2. жанама:  несие-ақшалық, салықтық, валюталық, кедендік, амортизациялық саясаттың рычагтары арқылы реттеу.

45. Өндіріс факторларының нарығы –жер, капитал, еңбек сияқты ерекше ресурстардың тауарлы айналымының сферасы. Кез- келген тауардың нарығы сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасын, солардың әсерінен қалыптасатын бағаны туындайды.

Өндіріс факторлерінің нарығында сұраныс пен ұсыныс заңдары жүзеге асады.

Өндіріс факторларына сұраныстың   ерекшелігі:

1. соңғы тұтыну тауарларына сұранысқа қарағанда екіншілік сипатта,  демек оларға сұраныс тұтыну тауарларын өндіруге қажет болғанда ғана туындайды.   

2. өндіріс факторларына сұраныс осы фактор көмегімен өндірілетін тауарға сұраныстың көлеміне байланысты жоғарлайды немесе төмендейді. Мысалы: бидайға сұраныстың артуы оны егетін жерге деген сұранысты арттырады.

3. өндіріс факторлеріне сұранысты кәсіпкер және мемлекет білдіреді.

Нарықта іс жүзіндегі баға деңгейінде ұсынылатын өндіріс факторлері - өндіріс факторлерінің ұсынысын туындайды. Өндіріс факторлерінің ұсынысын оса факторлерге сұраныс тудырады. Бірақ оның ерекшеліктері бар:

1. экономикалық ресурстардың щектеулігі, мысалы жер ұсынысы.

2. өндіріс факторлерінің ұсыныс нарығы ресурстар шектілігі заңының арқасында қызмет етеді. Егер олар шексіз болса, олар су сияқты ақысыз болар еді, тұиынушылар қажеттілігі толығымен қанағаттандырылған болар еді.

46. Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды. Оның типтері: жай өндіріс және ұлғаймалы өндіріс.

Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.

47. Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:

Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.

Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.

Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.

Экономикалық игіліктер заттар  (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:

1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады

2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.

3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.

48. Жер және оның қойнауы әкелетін табыс – рента.  Басқа өндіріс факторлерінен жердің өзгешелігі:оның ұсынысының  шектеулігінде, сондықтан оның ұсынысы икемсіз, демек оның бағасы қанша артқанмен ұсыныс көлемі өзгермейді.  

Рента дифференциалды және абсолютті болады.

Дифференциалды рента- сапалы және орташа жер учаскелерінде қалыптасады, сапасыз жерлерде ол болмайды.

Абсолютті рента- жердің барлық учаскелерінде болады, ол ауыл шаруашылығының өнімдерінің құны мен оны өндіру құны арасындағы айырмашылықтан пайда болады.

Егер меншік иесі жерді жалға берсе, ол жал төлемін алады, оған жер рентасы және жердегі құрылыстарды пайдаланғаны үшін төлем кіреді.

Нарықтық экономикада жер сату объектісі болғандықтан, оның бағасы бар. Жер бағасының көлемі екі көрсеткішке байланысты:

1. жер иесі болып,  алынатын жер рентасының көлемінен;

2. ссудалық процент ставкасынан.  

Жер бағасы =          рента  көлемі         *     100%               ссудалық капитал көлемі

49. Еңбек ақы - жұмыс күшінің бағасы мен құнының нысаны. Еңбек ақы деңгейін еңбек ұсынысы мен оған сұраныс анықтайды.  Екеуі тең болған жағдайда тепе-тең еңбек ақы көлемі қалыптасады. Еңбекке сұраныс еңбек ақы деңгейін жоғарлатады және керісінше. Егер еңбекті пайдаланғаннан алынатын шекті өнім көлемі жоғары болса, еңбекке сұраныс артады және керісінше. Еңбек ақы нақты және номиналды түрде болады.

Номиналды еңбек ақы – жұмыскердің еңбегі үшін алатын ақша сомасы.

Нақты еңбек ақы- алынған ақшаға келетін тауарлар мен қызметтер көлемі. Ол номиналды еңбек ақыға тура байланысты, ал тауарлар мен қызметтер бағасына кері байланысты.

Еңбек ақы екі нысанда болады.

1. уақытылы- еңбек ұзақтығына байланысты анықталатын еңбек ақы.

2. даналы немесе келісімдік – өндірілген өнім көлеміне тәуелді болатын еңбек ақы.

50. Меншік өндіріс, қорлар, заттық және рухани игіліктерді иелену жөніндегі қатынастардың шарттарын білдіреді. Меншік заңдық және экономикалық категория болып бөлінеді. Заңгерлік түсінік бойынша меншік формалдық және нақты құқықпен байланысты. Формалдық құқық немесе меншік атағы бұл – ресми, заңды түрде шарт жасау және меншікті мойындау. Нақты құқық – шаруашылық субъектілердің барлық шектеулерімен және әрекеттестіктерінің қатынастары.

Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және  бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік  құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):

1.Иемдену құқығы, яғни игіліктерге  міндеттелінген денелік (күш  қуаттылық) бақылау құқығы.

2.Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

3.Басқару құқығы, яғни  игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.

4.Табысқа деген құқық, яғни  игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.

5.Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.

6.Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7.Игіліктерді  мұрагерлікке беру құқығы

8.Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.

9.Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.

10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы

11.Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

51. Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың  теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс  қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға. Ол қисықты Маршалл кресті д.а.

Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың  тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.

Р

M

Ре

               Qe   Q

52. Бәсеке- (латыннан- тіресу) нарықтық экономиканың қатысушылары арасындағы тауарды өндіру, сату және сатып алудың неғұрлым жақсы жағдайларына тай-таласы. Бәсеке баға, сұраныс, ұсынс сияқты нарықтың элементі болып табылады, оның маңызды категориясы. Бәсеке- катал құбылыс болып табылады. Оның келесі жағымсыз жақтары бар:

-қалпына келмейін ресурстар ұтымсыз пайдаланаады;

-көпшілік тұтынатын тауарлар мен қызметтер өндірісін қамтамасыз етпейді (қоғамдық көлік, дол және т.б.);

-ғылым, білім саласының дамуына жағдайлар тудырмайды;

-қоғамның кластарға бөлінуіне, әлеуметтік әділетсіздіктің пайда болуына кедергі жасайтын механизмі жоқ.

Жағымды жақтары:

-өндірушілерді өндірістің өзгермелі жағдайларына жалдам бейімделуіне итермелейді;

-өндірушілермен тұтынушыларға еркін таңдау  және әрекет етуді қамтамасыз етеді;

-жаңа техника мен технологияның еңгілізуін қамтамасыз етеді;

-өндірушілерді әро түрліқажеттіліктерді қанағаттандыруға итермелейді, тауарлар мен қызметтер сапасын арттырады.

53. Нарық қатысушылары қалай бәсекелесетіндігіне қарай бәсеке жетілген және жетілмеген болып бөлінеді.. Жекеленген фирмалардың бағаға әсері аз болған сайын нарық жетілген болады.  Жетілген бәсеке бәсекенің идеалды формасы, оның ерекшеліктері:

1.нарықта бірдей мүмкіндіктері бар бір- бірінен тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет етеді;

2.айырбас стандартты және ұқсас тауарлар арқылы жүзеге асады;

3.сатушылар мен сатып алушылар өнім туралы толық ақпаратқа ие;

4.нарыққа еркін ену және одан кету мүмкіндігі, фирмалардың бірігуіне себептер жоқ.

Жетілген бәсеке 19ғ ортасына дейін орын алды. 19ғ. ортасынан бастап ҒТП дамуымен өндірісті  шоғырландыру процесі жүреді, бұл процесс ірі және өте ірі кәсіпорындар, демек монополияның пайда болуына әкелді.

Нарықта монополисттің пайда болуымен жетілген бәсеке жетілмеген бәсекеге айналады.

Жетілмеген  бәсеке нарығы- еркін бәсеке нарығының ең болмағанда  бір жағдайы орындалмайтын нарық.

Жетілмеген бәсекені үш типке бөледі:

  1.  Монополиялық бәсеке
  2.  Олигополиялық бәсеке
  3.  Таза монополия.

1.Монополия:

-осы өнімді тек бір ғана фирма шығарады (сала бір фирмадан құралады);

- бағаны бақылау жоғары деңгейде.

2.Олигополия:

-осы өнім түрін шығаратын фирмалардың аз саны;

- өндірілетін  өнім ұқсас немесе шамалы ерекшеленеді;

-бағаны жартылай бықылау.

3.Таза монополия:

- өндірушілер саны көп;

- өндірілетін  өнім ерекшеленедіұқсас немесе шамалы ерекшеленеді;

-бағаны әлсіз бақылау.

54. Инвестиция- пайда табу мақсатымен ел ішінде және оның сыртында  мемлекеттік немесе жеке капиталды  ұзақ мерзімді салымдары.  Инвестицияның негізгі түрлері:

-өндірістік инвестиция;

-тауарлы- материалды запастарға инвестиция;

-тұрғын үй құрылысына инвестициялар.  

Сонымен қоса жиынтық, таза, автономды және индуцирленген инвестиция түрлерін айырады.

Жиынтық инвестициялар-  ескі қондырғыны ауыстыруға (амортизация) кеткен шығындар мен өндірісті ұлғайтуға салынған инвестициялардың өсімінің сомасы.

Таза инвестициялар-  негізгі капитал  амотризациясын алып тастағандағы жиынтық инвестиция.  

Автономды инвестициялар- ҒТП нәтижесінде пайда болған жаңалықтармен негізделген инвестициялар.

Инвестициялық сұраныс- кәсіпкерлердің ескірген капиталды қалпына келтіруге және оны ұлғайту үшін өндіріс құралдарына сұранысы.

Инвестицияға сұранысты анықтайтын негізгі факторлар:

-таза пайданың күтілетін нормасы;

-проценттің шынайы ставкасы

Олардың арасындағы байланыс келесідей: егер пайданың күтілетін нормасы жоғары болса, инвестиция өседі. Процент ставкасы- фирманың  ақшалай капиталды қарызға алуы үшін төлейтін бағасы.

Егер пайданың күтілетін нормасы (мысалға 10%) процент ставкасынан артық болса (мысалға 7%), инвестиция пайдалы болады, және керісінше.  

55. Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасуға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін  реттеу мақсатында мемлекеттің ақша-несие саласында қолданатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.

Мемлекет өндірістік салаға тікелей әсер ете алмайды, ол кәсіпкерлік шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие саясаты мемлекеттің өндіріске әсер етуінің тиімді әрі икемді әдісі болып табылады. Ақша-несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:

  1.  өндіріс көлемін өсіру;
  2.  толық жұмысбастылық;
  3.  инфляцияны төмендету.

56. Мемлекеттің негізгі функциялары:

1.нарықтың құқықытық және әлеуметтік ортасын қалыптастыру:

2.бәсекені қорғау, шағын бизнесті демеу;

3.табыспен ұлттық байлықтың қайта бөлінуі;

4.инфляциямен жұмыссыздықты бақылау;

5.экономикалық өсуді ынталандыру, экономиканы тұрақтандыру;

6.тиімді сыртқы экономикалық қызметті жүргізу.

Мемлекеттік реттеу инструменттері:

1.Әкімшілік: лицензиялау, квоталау, бағаны, табысты, валюта курсын, есеп процентін  бақылау.

2.Құқықтық: бәсекені қорғау, стандарттау, норма және ережелерді орнату жүйесі арқылы заң шығарушылық негізде жүзеге асырылады.

3.Экономикалық, олар екіге бөлінеді: тікелей және жанама.

1.1.тікелей: салаларды дотация, субсидии, жәрдем ақы және т.б. түрде қайтарымсыз негізде қаржыландыру;

1.2. жанама:  несие-ақшалық, салықтық, валюталық, кедендік, амортизациялық саясаттың рычагтары арқылы реттеу.

57. Фискалды саясат- мемлекеттің табыстары мен шығындарын реттеу бойынша қаржылық шаралардың жиынтығы. Оның негізгі бағыты- салықтық жүйені жетілдіру болып табылады, салықтар МБ 90% дейін құрайды

Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.

58. Халықаралық сауда (ХС)- тауарлар мен қызметтер экспорты негізінде жүзеге асырылатын халықаралық экономикалық қатынастар нысаны.

ХС себептері:

-елдердің экономикалық ресуртармен қамтамасыз етілуінің теңсіздігі, ол тұрғындарды жетпейтін тауарлармен қамтамасыз ету қажеттілігін тудырады;

-елдердегі технология мен олардың деңгейінің әр түрлілігі, оларды айырбастау қажеттілігін тудырады.

ХС мәні келесіде:

-ұлттық ресурстар базасының жеткіліксіздігімен күресі;

-ішкі нарық сыйымдылығын кеңейту және ұлттық нарықпен әлемдік нарықтар арасында байланыс орнату;

-шетелдік ресурстарды тарту арқылы өндіріс масштабын кеңейту.

ХС көлемін: экспорт, импорт, таза экспорт сипаттайды.

ХС пайдалылығы әр түрлі мектептерде әр түрлі анықталады:

-меркантелистер импорттың экспорттан көп болуын жақтады;

-А.Смит басқа елдерден тек осы елдегімен салыстырғанда  аз шығындармен өндіретін тауарларды ғана сатып алу керектігін көрсетеді, ол “абсолютті артықшылық теориясы” деп аталлынды;

-Д.Рикардо  “салыстырмалы тықшылық теориясын” өңдеді, оған сәйкес қандай да бір тауарды шығару қай елде арзанға түссе, ол сол елде шығарылуы керек.

59. Жұмыс күшінің халықаралық миграциясы – еңбекке қабілетті тұрғындардың ұлттық шекарадан тыс жерлерге ауысуы, көші-қонуы. Оның себептері:

-экономикалық: елде білікті мамандарға сұраныстың төмендеуі, ұсынысының артуы, еңбек ақыдағы халықаралық айырмашылықтар;

-сыртқы экономикалық: демографиялық, саяси, діни, ұлттық, мәдени, жанұялық және т.б..

60.Мемлекеттік бюджет -белгілі бір уақыт аралығындағы (көбіне 1 жыл) мемлекеттік шығындар мен табыстар сомасы берілген қаржылық есеп.

Бюджеттің табыстар бөлігін: салықтар, мемлекеттік қарыздар және мақсатты қоралардан түсімдер құрайды.

Бюджеттің шығындар бөлігін: мемлекеттік басқаруға, әскерге, мемлекеттің шаруашылық қызметіне, сыртқы қызметті жүзеге асыруға шығындар құрайды.

Егер, бюджеттің шығындар бөлігі табыстар бөлігінен артық болса-бюджет тапшылығы (дефициті), табыстар шығындардан артық болса-бюджет профициті немесе артықшылығы орын алады, ал тең болса бюджет балансты.

Мемлекеттік бюджет дефицитін қаржыландыру әдістері:несие-ақшалық эмиссия (монетизациялау);қарыздарды тарту; мем.бюджетке салықтық түсімдерді көбейту.




1. варіант ’ в журналі Обчислити- визначник матриці ; транспоновану матрицю ; обернену матр
2. . XІVХV ~.~ Осман с~лтандарыны~ Бал~анды иеленуі.
3. і Соны~ салдарынан к~біне денеден ~ан шы~атынын бай~аймыз
4. Работа 4
5. Незаконные приобретение передача сбыт хранение перевозка или ношение оружия боеприпасов взрывчатых вещ
6. Влияние ценовой политики на факторы производства
7. I. Запрещенные классы допингпрепаратов Класс А
8. тематики И Н Ф О Р М А Т И К А УЧЕБНОМЕТОДИЧЕСКИЙ КОМПЛЕКС ИНФОРМАЦИОННЫЕ РЕСУРСЫ ДИСЦИПЛИНЫ
9. вечных Хотя споры вокруг нее никогда не прекращались в настоящее время они приобретают особую остроту
10. Фізичні властивості товарів
11. Технология машиностроения
12. Роль соціальнопсихологічних методів управління Основою будьякої організації і її головним багатств
13. варіантна складова частина змісту Базового навчального плану включає освітню галузь Здоров~я та фізична ку
14. Контрольная работа 1 вар
15. ФИЛОСОФИИ ЖИЗНИ XIX ВЕКА И ПЕРЕОЦЕНКА ЦЕННОСТЕЙ КЛАССИЧЕСКОЙ ФИЛОСОФИИ
16.  Достоверное событие ~ это событие которое обязательно произойдет
17. Тема важная и сложная материала собрано много но я долго не мог его опубликовать хотелось проработать ещё
18. Амфора 2006 ISBN 536700153Х рус
19. варианте дано правильное склонение числительного девяносто Cправка
20. Ф. 2012р. План Поняття історія розвитку інституту застосування примусових заходів медично.html