Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.ru

ж~ні- Сыпатаева А

Работа добавлена на сайт samzan.ru: 2015-07-10

Бесплатно
Узнать стоимость работы
Рассчитаем за 1 минуту, онлайн

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы

Кафедра меңгерушісі,профессор – Есенжанова Г.М

Ассистент – доц.Китуева Р.Н

Сырқатнама

Синдром: Сарғаю (механикалық)синдромы

Науқастың аты-жөні:  Сыпатаева А.

Тобы:  11_027-1k

Курсы: 3

Студент:  Әбілда М.Е

Алматы 2013

Төлқұжат бөлімі

Тегі: Сыпатаева

Аты: Ағила

Жасы: 63                          Жынысы: әйел

Мекен-жайы: Алматы қаласы, 1мкр 13/10

Жұмыс орны: зейнеткер

Атқаратын міндеті: үй шаруасында

Мамандығы:

Ауруханаға түскен күні: 30.03.2011

Шағымдары

     Науқас: оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, терісінің қышуына, шырышты қабаттары мен терісінің сарғаюына, аузының кебуіне, майлы тағамдарды жеген кездегі жүрек айну, кекіру, құсу сезімдеріне, дене температурасының  жоғарылауына шағымданды.

Anamnesis morbi (Аурудың даму тарихы).

      Науқас өзін аурумын деп 2011 жылдың қаңтар айынан бері сезінеді, сол кезден бері оны оң жақ қабырға астының ауру сезімі, терісінің қышынуы, аузының кебуі мазалаған. Науқас өз бетінше ем қабылдаған. Ауру сезімін басатын дәрілер қабылдаған, нәтижесіз. Ақпан айының аяғында науқастың асқазан астының қатты түйіліп ауыруы байқалған. Науқас дәрігерге қаралып, УДЗ-ге жолдама алып, тексеріледі. УДЗ-дің нәтижелері бойынша науқаста өт жолдарында конкременттер анықталған. Науқас ем қабылдамаған. Ауру сезімін спазмолитиктермен басып отырған. Наурыз айының ортасына қарай науқастың дене температурасы 38,9°C- қа көтерілген, майлы тағамдарды қабылдағанда жүрегі айнып, лоқсыған. 30.03.2011 жылы науқас денесі мен шырышты қабаттарының сарғаюын байқап, жедел жәрдем шақыртады, нәтижесінде         №7 ҚКА жатқызылды.

Anamnesis vitae(Аурудың өмір тарихы).

05.01.1948 жылы Есік қаласында , жұмысшылар отбасында дүниеге келген. Тұрмыс жағдайы жақсы болған. Қатарластарынан физикалық және психикалық жағынан қатар болған. Қазіргі таңдағы тұрмыстық жағдайы жақсы. Турмыс құрған, 2ұл 2қыз баланың анасы. Жағымсыз әдеттерден аулақ. Балалық шақта ауырған аурулары: ОРВИ, ангина. Жұқпалы аурулармен ауырмаған. Операция жасалмаған. Аллергиялық көріністер жоқ. Қан құйдырмаған. Қала сыртына шықпаған.

Status praesens objectivus.

Жалпы жағдайы: Қанағаттанарлық, ақыл-есі – анық, төсектегі қалпы: белсенді, дене температурасы: 36,6°C, бет әлпеті: қалыпты, өзінің жасына сай, дене бітімі: нормостеник, бойы: 164см, салмағы: 91кг

Денесінің терісі: түсі – көкшіл, құрғақ, сипап сезгендегі дене температурасы – кәдімгідей, жұмсақтығы, созылғыштығы – төмендеген. Тері қосалқылары: аяқ – қолының тырнақтары – өзгеріссіз, шаштары – жасына сәйкес, көз қабағы мен конъюктивасы – сарғыш түсті.

Тері асты шел майы: біршама дамыған, біркелкі таралған.

Лимфа түйіндері: үлкеймеген, тығыз эластикалық, қолмен басып қарау кезінде – ауырсынбайды, жылжымалы, айналасындағы тіндермен жанаспаған.

Бұлшық еттері: дамуы қанағаттанарлық, тонусы – қалыпты, сипағанда ауырсынғыштық жоқ.

Сүйектері:бас, кеуде, омыртқа, жамбас сүйектерінің пішіні – өзгермеген, соққанда, сипағанда ауырсынғыштық – жоқ, шеткі бунақтар мен бақайшақтардың – диформациясы байқалмайды.

Буындары:қалыпты конфигурацияда, ісіну – жоқ, сипағанда – ауырсыну, сырқырау, сезімдері – жоқ, қозғалысы – қалыпты.

Тыныс жүйесі

Мұрнының пішіні: өзгермеген, тыныс алуы – еркін.

Кеуде пішіні: конус тәрізді, симметриялық, 2 жартысы да тыныс алуға қатысады. Дем алуы – қалыпты, ритмикалық. ТАЖ: 17р/мин. Дауыс дірілі: симметриялық аймақтарда бірдей, күшеймеген.

Пальпация: Ауырсынатын аймақтар анықталмады. Дауыс дірілі – өкпенің барлық аймақтарында сақталған.

Перкуссия: салыстырмалы: алдыңғы бүйірлік артқы бөліктерінің симметриялық аймақтарында перкуторлық дыбыс бірдей.Топографиялық перкуссия:

Жоғарғы шекара

Оң жақ

Сол жақ

Өкпе ұштарының биіктігі

Алдынан

Артынан

3см

V 11 мойындық

3см

V 11мойындық

Төменгі шекара

Бұғана ортаңғы сызығы бойымен

5қабырға

Анықталмады

Алдынғы қолтық асты сызығы бойымен

7қабырға

анықталмады

Ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен

8қабырға

8қабырға

Артқы қолтық асты сызығы бойымен

9қабырға

9қабырға

Жауырын сызығы бойымен

10қабырға

10қабырға

Жота маңы сызығы бойымен

11қабырға

11қабырға

Аускультация: өкпенің барлық аймақтарында везикулярлы тыныс.

Жүрек қан – тамыр жүйесі

Жүрек аймағын қарау және пальпация жасап тексеру:Жүрек аймағында дөңестік жоқ.жүрек ұшының түрткісі пальпация жасағанда анықталмайды.Оң қарыншаның соққысы анықталмайды.Жүрек аймағында діріл байқалмайды.

Жүрек перкуссиясы: Жүректің салымтырмалы тұйықтығының шекаралары: оң жақ – 4-қабырға аралықта төстің оң қырынан 2см сыртқа, жоғарғы – 3 қабырға аралықта (l.sternalis et l.parasternalissinistrae ортасында), сол жақ 5-қабырға аралықта,сол бұғана ортаңғы сызығы бойымен 2см сыртқа.

Аускультация: тондарының жалпы сипаттамасы – ритмикалық, анық.

Асқорту жүйесі

Ауыз қуысы: еріндері – құрғақ, жарылуларсыз, шырышты қабаттары – сарғыш түстес, таза, ылғалды. Тіл көлемі – қалыпты,таңдақталмаған.

Құрсақты қарағанда: Іші – үлкеймеген, симметриялық, тыныс алу актісіне қатысады.

Пальпация: беткейлік – ісіктер,бос сұйықтықтар – анықталмады.

Терең пальпация: сигма тәріздес ішек – оң мықын аймағында, цилиндр тәрізді диаметрі ≈ 4см, беті тегіс,ені 1,5см , ауру сезімінсіз. Соқыр ішек – анықталмады.

Аускультация: Ішек перистальтикасы – анық тындалады. Үйкеліс шуы – анықталмады.

Бауыр: Тыныс алуда қатысуы – қалыпты

Перкуссия: Курлов бойынша өлшемі: оң жақ бұғана астынғы сызығы бойынша (ортаңғы) – 6қабырға, 2см, алдынғы орта сызығы бойынша – 7см

Пальпация: бауыр қабырға доғасынан 2см сыртқа қарай, доғалданған, ауырсыну жоқ.

Көк бауыр: Перкуссия:Көлденең ені 6см, ұзындығы – 4см.

Несеп жүйесі

Зәр шығару бұзылыссыз. Бел аймағында көзге көрінетін өзгерістер жоқ.

Нерв жүйесі және психикалық жағдайы

Есі анық,сөзі өзгермеген. Сезгіштігі сақталған. Жүрісі қалыпты. Көз алмасының, қарашықтарының жағдайы және көздің рефлекстері қалыпты.

Зертханалық мәләметтер

Биохимиялық анализ

Атауы

Анализ

Қалыпты

Жалпы белерубин

26,4 мкмол/л

8,55-20,5

Жалпы белок

62г/л

65-85

Глюкоза

4,7ммоль/л

3,5-5,7

АсТ

0,87

38дейін

Алт

0,16

40дейін

Мочевина

10,5

5дейін

Α-амилаза

18ЕД/л

28-100

Жалпы қан анализі

Атауы

Анализ

Қалыпты жағдайы

Нв

118г/л

130-160

Эритроциттер

4,2·10¹²/л

4,5-5,1

Лейкоциттер

6,4·109/л

4,0-8,8

Түсті көрсеткіштер

0,99

0,86-1,0

ЖТЖ

4,5мм/сағ

1-10

Таяқша ядролылар

6%

1-6

Сигмент ядролылар

47%

45-70

Эозинофильдер

1%

0,5-5

Лимфоциттер

35%

19-40

Моноциттер

11%

3-9

Тромбоциттер

160·109\л

180-320

Жалпы зәр анализі

Түсі: ашық – сары

Мөлдірлігі: мөлдір

Салыстырмалы тығыздығы: 1017

Реакция: қышқыл

Белок: 0,033г/л

Лейкоцит: 0-1 көру аймағында

Эритроцит: 10-15 көру аймағында

Жалпы нәжіс анализі

Түсі: ақшыл, теріс

Аспаптық мәліметтер

ЭКГ: ритм – синустық,жүрек осі – қалыпты, PQ – 0,16c QRS – 0,070

УДЗ: Бауырдың диффузды өзгеруі байқалады,КВР – оң жақ бөлігі – 156 мм, сол жақ бөлігі – 82 мм,холедок – 15 мм, торсылдақтың саңылауында конкременттер Æ 0,4 см дейін, оның қабырғасы Æ 0,4 см

Анықталған синдромдардың негізделуі

Алынған мәліметтерге қарағанда науқаста бауыр патологиясы мен өт жолдарының бұзылыстары бар.

Науқастың анамнезіне сүйенсек: оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі, журегінің айнуы, лоқсу, құсу, терісінің қышуы,терісінің сарғаюы,сондай-ақ зертханалық мәліметтерде де бірқатар ауытқулар байқалады.Тексеріс барысындағы нәтижелерге сүйене отырып науқастың диагнозы – холекулезді холециститтің асқынуынан  механикалық сарғаю пайда болған.


Диплом на заказ


1. на тему- Фізична реабілітація при шийному остеохондрозі Студентки групи ФР ~2 вища2 рік На
2. Контрольная работа- Южный Федеральный округ России
3. Еремин И.В. О прыгучести баскетболистов в различных видах прыжков - И
4. В самом широком смысле это слово может означать общую сумму всего что создано или модифицировано путем созн
5. это комбинация графических элементов вертикальных горизонтальных диагональных линий окружностей и полу
6. Влияние технологических добавок на структуру и свойства резин
7. Морфофункциональныи анализ временной колонии на примере гидроида moeris1a maeotica
8. Программа и методические указания по прохождению практики для студентов всех форм обучения
9. Тема 9 Результативність управління Зміст 1.html
10. А ~ учащиеся с пониженной успеваемостью в результате их педагогической запущенности или низких способност
11. Адам ќўќыєыныѕ немесе заѕмен ќорєалатын мїдделердіѕ бўзылуынан туындайтын талаптыѕ ќанаєаттандырылуы
12. способ повествования ориентированный на воспроизведение живой устной речи
13. Реферат- Практическая мифология и торговля мифами
14. Економікоправовий аналіз та аудит для студентів спеціальності Правознавство Зміст та функц
15. Про бабушку Много есть друзей вокруг но считаю но считаю я Что мой самый лучший другбабушка м
16. вариант 1Вводный инструктаж проводят- А на рабочем месте Б при поступлении на работу В при изменен
17. Основы безопасности жизнедеятельности Рабочая программа
18. Статья- Поэтика и семантика пауз в драматургии Чехова
19. Тема- Чтение таблиц слогов и слов
20. Тема- Розробка вебсайту засобами мови HTML та текстового редактора Блокнот