Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.ru

МЕДИЦИНАЛЫ~ ПРОФИЛАКТИКАЛЫ~ ІСІ 5В11400 ЭЛЕКТИВ КУРСІ БОЙЫНША ТУБЕРКУЛЕЗДІ~ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ Ж~НЕ ПРОФИЛАК

Работа добавлена на сайт samzan.ru: 2015-07-05


С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ  УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ   КАФЕДРА СЫ

«МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІСІ» 5В11400 ЭЛЕКТИВ КУРСІ БОЙЫНША «ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАСЫ» (ПӘН «ТУБЕРКУЛЕЗДЕ ӨТКІЗІЛЕТІН ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАРДЫҢ ЗАМАНАУЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША 3 КУРСТА ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН  ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАРЫ

3 курста оқитындарға арналған  тесттер (электив «Туберкулездің эпидемиологиясы және профилактикасы»)

1. Негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерге қайсы көрсеткіш жатпайды?

а) аурулық/заболеваемость

б) потенциальды ошақ жұққандық

в) аурушандық/болезненность

г) өлім-жітім

д) + контагиоздық

2.Эпидемиологиялық көрсеткіштердің қайсысы туберкулез инфекциясының резервуарын көрсетеді:

а) өлім-жітім

б) потенциальды ошақ

в) контакт

г)+ жұққандық

д) аурушандық

3. АИТВ-инфекциясы – ол туберкулездің аурулық көрсеткішін жоғарлататын негізгі себептердің бірі қай жерде:

а) елде

б) + әлемде

в) инфекция ошағында

г) «қауіпті тобында»

д) регионда

4.Туберкулезге шалдығу қауіпі кімдерде жоғары:

а) гепатит С- пен ауыратын науқастарда

б) бронхитпен ауыратын науқастарда

в) микозбен ауыратын науқастарда

г) + АИТВ-инфицирленгендерде

д) БЦЖ-инфицирленгендерде

5. Туберкулез микобактериясын қай жылы Роберт Кох  ашты?

а) 1852 ж.

б) 1862 ж.

в) 1872 ж.

г)+ 1882 ж.

д) 1892 ж.

6. Туберкулез микобактериясының негізгі тұқымдық/видовой белгісі қайсы:

а) + патогендігі

б) вируленттігі

в) дәріге резистенттілігі

г) қышқылға төзімділігі

д) көбею тәсілі

7. M.tuberculosis түрлерінің қайсысы адамға патогенді емес:

а) M.tuberculosis humanus (адам)

б) M.tuberculosis bovis (бұқа)

в) M.tuberculosis africanum (африкалық)

г) M.tuberculosis BCG

д) + кандидылар

8. ТМБ сыртқы ортаның факторларына төзімділігі ненің көп болуымен байланысты:

а) туберкулопротеидтердің

б) көмір судың

в) + туберкулолипидтердің

г) минеральды заттардың

д) сулардың

9. Туберкулез микобактериясының патогенді түрлерін атаңыз:

а)+ адам, бұқа, құстар, тышқан

б)  патогенді вирустар, L- формалары

в)  спорлар, фильтрленген формалар

г)  екінші патогенді флоралар

д) кокктар, кандидалар

10. Туберкулез микобактериясының биохимиялық құрамына қайсысы жатпайды:     

а) туберкулопротеидтер

б) туберкулолипидтер

в) көмірсулар

г) минералды тұздар

д) + лимфалар

11. Туберкулез микобактериясының патогенді түрлеріне қайсы жатпайды:

а) адам, бұқа, құстар, тышқан

б)  иттер, жылқылар, түйелер

в)  шошқалар, бұқалар, құстар

г)  тышқандар, тезөсетіндер

д) + атипты микобактериялар

12. Кальцинаттарда туберкулез микобактериясы сақталады ма?
а) + L-формалық түрінде сақталады

б) сақталмайды

в)  қалыпты түрде сақталады

г)  шіптәріздес түрде сақталады

д) люминесцентті түрде сақталады

13. ТМБ біріншілік төзімділігі кімдерде дамиды?

а)+ бұрын емделмеген науқастарда

б) созылмалы  туберкулезбен ауырған науқастарда

в) ем ережесін бұзғандарда

г) көп рет емделген науқастарда

д) ауыстырылған науқастарда

14. Монорезистенттілік дегеніміз не?

а) 2 препаратқа төзімділік

б) + 1 препаратқа төзімділік

в) 3 препаратқа төзімділік

г) 4 препаратқа төзімділік

д) 5 препаратқа төзімділік

15. Дәріге төзімділікті анықтау әдістері:

а) пропорция әдісі

б) салыстыру әдісі

в) + абсолюттық концентрация әдісі

г) инкубация әдісі

д) адаптация әдісі

16. Емнің нәтижесіздігінің негізгі себебі неде?

а) + АБП-ға дамиған резистенттілік

б) темекі шегу

в) оқтын оқтын арақ ішу

г) химиопрепараттарды ұзақ ішу

д) ем схемасын бесінші препараттың жоқ болуы

17. Дәріге төзімділіктің дамуына қайсы әсер тигізбейді?

а) емнің үзілістері

б) туберкулезге қарсы қолданатын бір препаратпен емдеу

в) емнің қысқа курсі

г) бақыланбайтын ем

д) + тікелей емді бақылау

18. Дәріге төзімділіктің дамуының негізгі себептер:

а) уақытылы басталмаған ем

б) + бақыланбайтын ем

в) мемлекеттік тарабына саясы қолдау көрсетпеу

г) үзіліссіз емделу

д) ұзақ емделу

19. ПТР/ПЦР- диагностикасының әдісі неге негізделген:

а)+ қоздырғыштың арнайы ДНК учаскесінің ампликациясы

б)  қоздырғыштың бейспецификалық ДНК учаскесінің ампликациясы

в)  қоздырғыштың РНК ампликациясы

г) ампликация және фагоцитоз

д) ампликация, фагоцитоз және аутоагрессия

20. 48 жастағы К.деген науқастан өкпе туберкулезіне күдіктенген. Зертханаға қақырыққа бактериоскопиялық әдіспен анализін жүргізуге жолдама беріңіз:

а) ТБ 07

б) + ТБ 05

в)ТБ 06

г) ТБ 15

д) ТБ 11

21. Атипиялық микобактерияларға жатпайтын ТМБ түрлерін көрсетіңіз:

а) фторохромогенді

б) скотохромогенді фильтрден өтетін формасы

в) фотохромогенді емес

г) тез өсетін түрі

д) + адам  және бұқа түрлері

22. Екіншілік әріге төзімділіктің дамуының негізгі себептері:

а) + өткізілген антибактериальды терапияның әсерінен

б)  өткізілген физиотерапияның әсерінен

в) өткізілген фтизиохирургиялық емнің әсерінен

г) өткізілген бронхологиялық емнің әсерінен

д) өткізілген коллапсотерапияның әсерінен

23. Атипиялық микобактерияларға қайсысы жатпайды, көрсетіңіз:

а) фторохромогенді

б) + фильтрден өтетін формасы

в) скотохромогенді

г) фотохромогенді емес

д) тез өсетін түрі

24.ТБ мультирезистентті дәріге төзімділік/МЛУ дегеніміз не?

а) + изониазидке және рифампицинге дамиған төзімділік

б) изониазидке дамиған төзімділік

в) рифампицинге дамиған төзімділік

г) пиразимидке дамиған төзімділік

д) изониазидке +этамбутолға+ рифампицинге дамиған төзімділік

25. ТБ кеңінен таралған дәріге төзімділік/ШЛУ дегеніміз не?

а) изониазидке және рифампицинге дамиған төзімділік

б)+ изониазидке + рифампицинге + офлаксоцинге + амикацинге дамиған төзімділік

в) рифампицинге дамиған төзімділік

г) пиразимидке дамиған төзімділік

д) изониазидке +этамбутолға+ рифампицинге дамиған төзімділік

26. Дәріге төзімділіктің теориясы:

а) + адаптация + селекция+  мутация теориясы

б)  мутация теориясы

в) аралас теориясы

г) иммундық теориясы

д) аллергиялық теориясы

27. Полирезистенттілік дегеніміз не?

а) екі препаратқа дамиған төзімділік

б) + 3 препаратқа және одан көп дәрілерге дамиған төзімділік

в) 1 препаратқа дамиған төзімділік

г) резерв тобындағы препараттарға дамиған төзімділік

д) изониазидке, рифампицинге, капостатқа дамиған төзімділік

28. Науқасқа диагноз қою үшін 1 күнде қақырықтың 3 үлгісін ТМБ жинаған. Ол талапқа сәйкес пе?

а) ия, талап сәйкес

б) жоқ, 3 үлгіні 3 күн таңертең жинайды

в) + жоқ, 3 үлгі 2 күнде жиналады

г) жоқ, 2 үлгі керек

д) жоқ, 4 үлгі керек

29. 40 жастағы К. деген науқас әлсіздікке, тершендікке, жөтел шырышты іріңді қақырықпен қан жолағымен болғанына шағымданып дәрігерге қаралды. Зерттелгенде науқастан «Оң өкпенің жоғарғы бөлігінде инфильтратты туберкулез, ыдырау фазасы ТМБ+» анықталды. 2 ай 1 –категория бойынша емделді. Қақырықтың жағындысында конверсия байқалмады. Мұнан былай науқасқа жүргізілетін зерттеу жоспарын анықтаңыз:

а) зертханалық журналдан алынған культуральдық зерттеудің мәліметтерін талдау

б) туберкулезге күдіктен науқастарды тіркеген журналды талдау

в) + туберкулезге қарсы қолданатын препараттарға ТМБ культурасын сезімталдыққа жолдама беру

г) областағы туберкулезді тіркейтін журналды қарау

д) бактериоскопияны жүргізуге жолдама беру

30. Организмде туберкулез қоздырғышының персистилетін тәсілін көрсетіңіз:

а) типтік микобактериялар түрінде

б) + L-форма түрінде

в) атипиялық микобактериялар түрінде

г) түйіршік форма түрінде

д)люминесценттік форма түрінде

31. Кез келген емдік профилактикалық мекемелерде ТМБ зерттеуге көпшілік қолданатын және жедел зертханалық диагностикасының әдісін көрсетіңіз:

а) флотация әдісі

б) + тікелей бактериоскопия

в) бактериологиялық зерттеу

г) люминесцентті бактериоскопия

д) туберкулин диагностикасы

32. ТМБ дәріге төзімділіктің түрлері:

а) бәсең, тез

б) + біріншілік, екіншілік

в) латентті, күнделікті

г) бейактивті, активті

д) жай, торпидты

33. Туберкулез микобактериясының негізгі тұқымдық қасиеттіне не жатады:

а) дәріге резистенттілігі

б) дәріге сезімталдығы

в) + патогендігі

г) спиртке төзімділігі

д) иммуногендігі

34. Сыртқы ортаға ТМБ төзімділігі немен байланысты:

а) эпителиодты клеткалармен

б) эпителиямен

в)+ туберкулолипидтермен

г) тұздармен

д) көмір сулармен

35. Патологиялық материалдан туберкулез микобактериясын анықтау әдістері:

а) + бактериоскопиялық, бактериологиялық, биологиялық

б) бактериоскопиялық, радиоизотопты

в) биологиялық, аспапты

г) рентгендік

д) спирографиялық

36. Бактериоскопиялық әдіспен M.tuberculosis анықтауға қандай бояу әдісін қолданады:

а) Грам бойынша бояу

б) + Циль-Нильсен бойынша бояу

в) Романовский бойынша бояу

г) Левенштейн бойынша бояу

д) Ван-Гизон бойынша бояу

37. Циль-Нильсен бойынша бояудың артықшылығына не жатпайды:

а) тез

б) оңай

в) арзан

г) эпидемиологиялық маңызды

д) + қымбатшылық және жоспарлық

38. M.tuberculosis анықтауға қандай патологиялық материал қолданады:

а)+ қақырық,жұлын сұйықтығы, плевра сұйықтығы,жұтқыншақтан алған жағынды

б) шырыш,қан

в) ет,су

г) сорпа, шаш

д) тырнақ, сілекей

39. Патологиялық материалдың қайсысы жұқтыруға ең қауіпті:

а) жұлын сұйықты

б)  плевра қуысынан алынған сұйықтық

в)+ қақырық

г) буын сұйықтығы

д) зәр

40.Жағынды жасауға не қажет:

а) + бір рет қолданатын шыны заты (майсызданған сызатсыз)

б)  шыныға идентификациялық нөмір жасау үшін маркирлейтін қалам

в) ағаш таяқшалары немесе бактериологиялық ілмек

г) препараттарды бояуға және фиксация жасауға қолданатын спиртовка немесе газдың шілтірі

д) маркировка жасау қаламы

41. Жағындыны бояуға не қажет:

а) қышқылға төзімді бактерияларды бояуға бояғыш зат қажет

б) боялған жағындыны өңсіздендіру үшін 25% күкірт қышқылының ерітіндісі немесе 3% тұз қышқылының спирт ерітіндісі қажет

в) + өңсіздендірілген боялған жағындыны  сырлау/бояу үшін 0,3% метилен көгінің ерітіндісі қажет

г) сүзгіш қағазы қажет

д) 5% күкірт қышқылының ерітіндісі қажет

42. Не үшін культуральды зерттеу қолданылады?

а) туберкулездің өкпелік түрінің диагностикасына

б) химиотерапияны бақылау үшін

в) терапия курсін бітірген науқастың абациллирленгенін растау үшін

г) + туберкулез микобактериясының дәріге төзімділігін эпидемиологиялық қадағалау үшін

д) туберкулездің өкпеден тыс түрлерінің диагностикасы үшін

43. Циль-Нильсенмен боялған жағындының нәтижесі қашан дайын болады:

а) аптадан кейін

б) бір айдан кейін

в) + 1 сағат кейін

г) 5 сағаттан кейін

д) 3 күннен кейін

44. Левенштейін-Йенсен ортасына егілген екпенің нәтижесі қаншан дайын болады:

а) аптадан кейін

б) + 3 айдан кейін

в) 1 сағат кейін

г) 5 сағаттан кейін

д) 3 күннен кейін

45. M.tuberculosis егу үшін қандай ортаны қолданады?

а) + Левенштейін-Йенсен

б) Петраньяни

в) Сотон

г) Финн l,ll

д) Симон

46. Ересектерге туберкулез деген диагнозды қоюда  ең маңызды қайсы зерттеу әдісі?

а) +қақырықты туберкулез микобактериясына зерттеу

б) кеуде торшасына рентген зерттеу өткізу

в) Манту сынамасы

г) жалпы қан және зәр анализі

д) кеуде торшасына перкуссия мен аускультация жүргізу

47.Өкпе туберкулезімен ауыратын науқаста қақырықтың сипаты жиі қандай болады?

а) көп мөлшерде "аузын толтырып"

б) аз мөлшерде, шырышты-іріңді, үш қабатты

в) аз мөлшерде, жабысқақ, тат басқандай

г) көп мөлшерде, іріңді, шіріген иісті

д) + аз мөлшерде, шырышты-іріңді, кейде қан жолағымен

48. ТМБ теріс нәтижелі жағындыны лабораторияда қанша уақыт сақтау керек?

а) 3 күн

б) +1 апта

в) 1 ай

г) 3 ай

д) 6 ай

49. ТМБ оң нәтижелі жағындыны лабораторияда қанша уақыт сақтау керек?

а) 3 күн

б) 1 апта

в) 1 ай

г) 3 ай

д) + 6 ай

50. Туберкулезге күдікті науқастан қақырықтың үш үлгісіне зерттеген және рентгенде өзгерістер анықталған. Микроскопияның мәліметтері бойынша зерттелген қақырықтың үш үлгісі теріс нәтиже берді, енді не істеу керек:

а) фтизиатрдың кеңесі

б) қақырықты қайтадан зерттеу

в) қайтадан рентген зерттеуді жүргізу

г)+бейспецификалық антибактериальды терапиянының курсін өткізу

д) десенсибилизациялық терапияның курсін өткізу

51. Эрлих тетрадасына не кірмейді:

а) әктелген кристаллдар

б) холестерин кристаллдары

в) + қан жолағы

г) туберкулез микобактериясы

д) эластикалық талшық

52. Оң жағындысы бар туберкулезбен ауыратын науқас екенін анықтау үшін  қанша жағынды  минимум болу керек?

а) 1 жағынды оң, бірақ рентгендік белгілері жоқ

б) 1 жағынды оң, бірақ клиникалық рентгендік белгісі бар

в) +3 жағындыдан  2 жағынды оң болса

г) 3 жағындыдан  3 жағынды теріс болса

д) 1 жағынды теріс  1 оң жағынды болса

53. Жалпы емдеу жүйесінде жұмыс істейтін дәрігер науқастың қақырығының 2 үлгісіне жіберді. Бірінші үлгісі теріс, ал екінші үлгісі оң. Не істеу керек?

а) + үшінші үлгісін тапсыру керек

б) қақырық жинауды қайталау және екі үлгісін тапсыру

в) 7-10күнге бейспецификалық антибактериальды емді тағайындап, қақырықты тексеруді қайталау

г) оң жағындысы бар туберкулезбен ауыратын науқас деп санау

д) рентгенографияға жіберу.

54. Жалпы емдеу жүйесінде жұмыс істейтін дәрігер өкпе туберкулезіне тән клиникалық рентгендік белгілері бар науқастың қақырығының 3 үлгісін  жібереді. 3 үлгісіде теріс нәтиже берді. Не істеу керек?

а) теріс жағындысы бар туберкулезбен ауыратын науқас деп санау

б) қақырық ты жинауды қайталау және тағыда 2 үлгіге тапсыру

в) 7-10 күнге бейспецификалық антибактериальды терапияны белгілеу және қақырықты қайта тексеру

г) бронхтың шайынды суын жинауды тағайындау

д) + фтизиатрдың кеңесіне жіберу

55. Осы аталғандардың қайсысы туберкулез микобактериясының дәріге төзімділігіне  әкелмейді?

а) қысқа уақытты ем

б) монотерапия

в) химиотерапияның төмен дозасы

г) + емнің ерте басталмауы

д) дәрілерге дұрыс комбинация жасамау

56. Бактериоскопиялық әдіспен туберкулез микобактериясы пациентте анықталса, ол нені көрсетеді:

а) +туберкулезді және емнің тиімділігін динамикада бақылауын

б) дәріге сезімталдығын

в) науқастың химиотерапиясының тактикасын

г) терапияны жалғастыру фазасын

д) организмнің функциональды мүмкіншілігін

57. Бронхоскопия қай мақсатта жүргізіледі:

а) туберкулез микобактериясын анықтау

б) + бронх ағашының жағдайын анықтау

в) лимфа бездерінің зақымдануын  бағалау

г) ТМБ популяциясын анықтау

д) қақырықты жинау

58. Туберкулезбен ауыратын науқастын типін көрсетіңіз:

а) бірінші рет анықталған

б) екінші рет анықталған

в) + жаңадан анықталған/новый случай

г) интермитты ретінде анықталған

д) вакцинацияланған жағдай

59.Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастың жағындысы оң нәтиже берді деп санау үшін кемінде қанша жағынды минимум болу керек:

а) 1 жағынды оң, ал рентгендік белгісі жоқ болса

б) 1 жағынды оң, бірақ клиникалық рентгендік белгісі бар болса

в) + 3 жағындыда 2 жағынды оң болса

г) 3 жағындыда 3 жағынды оң болса

д) 1 жағынды оң және сапрофиттер болса

60. Кох сынамасында  жасалған туберкулинге беретін реакциялардың сипаты:

а) + ошақты, жергілікті, жалпы

б) ошақты, гипоергиялық

в) жергілікті, жайылған

г) генерализацияланған, инелік

д) гиперергиялық, некротикалық

61. Флюорографияның артықшылығы неде:

а) көптеген сау кісілерді зерттеу

б) өкпе туберкулезінен қалған қалдықты өзгерістерді анықтау

в)+өкпе туберкулезінің түрлерін/случаев ерте анықтау

г) диагнозды анықтау үшін қосымша зерттеулерді жүргізу керек

д) микробиологиялық лабораториямен байланыс керек

62.Туберкулезде жасалатын қақырықтың бактериоскопиясының маңыздылығы нені қорытады?

а) науқастардың ең ауыр контингенттерін анықтайды

б)+эпидемиология жағынан ең қауіпті туберкулезбен ауыратын науқастарды анықтайды

в) асқынуы бар науқастарды анықтайды

г) ТМБ мультирезистентті түрімен ауыратын науқастарды анықтайды

д) үрдіс шектелген  туберкулезбен ауыратын науқастарды ерте анықтайды

63. Егер 2 аптадан астам жөтелетін пациент медициналық көмек беретін мекемелерге қаралса, онда бірінші кезекте қандай зерттеуді белгілеу керек?

а) Манту сынамасын

б) дақылдық/культуральды зерттеу әдісін

в) + қақырық жағындысына микроскопияны жүргізуді

г) КТ

д)  бронхоскопияны

64. Өкпе туберкулезіне диагностика жүргізу үшін қақырықтың неше үлгісін пациенттен жинау керегін көрсетіңіз:

а) бір

б) екі

в)+ үш

г) үштен астам

д) бактериальды себу

65. Туберкулезбен ауыратын бактерия бөлетін бір науқас  бір жыл ішінде қанша адамға жұқтыруы мүмкін?

а) 3 адамға дейін

б) 5 адамға дейін

в) 10 адамға дейін

г)+10-15 адамға дейін

д) 15-20 адамға дейін

66. Қандай науқастардың қақырығын ТМБ  микроскопиялық зерттеуге жіберу керек?

а) жөтелге шағымданатын барлық науқастарды

б)+ екі аптадан ұзақ созылған жөтелі бар науқастады

в) респираторлы жүйесінің патологиясы бар барлық науқастарды

г) жоғарғы температурасы бар науқастарды

д) ентігуі бар науқастарды

67. Эпидемиологиялық бақылауды туберкулезге жүргізгенде ең маңызды не болады (ТБ)?

а) қарым қатыныста болған кісілерді зерттеу

б) туберкулезбен ауырған ауыр науқастарды анықтау

в) госпитализацияға мұқтажды туберкулезбен ауыратын науқастарды анықтау

г) + туберкулезбен ауыратын жұқпалы науқастарды анықтау

д) асқыну бар науқастарды анықтау

68. Туберкулездің негізгі жұғу жолының қайсысы  туберкулездің эпидемиологиясына маңызды:

а) қарым қатынас

б) жыныс

в) +ауа тамшы

г) алиментарлы

д) плацентарлы

69.Туберкулезді (ТБ) анықтауға атсалысатын жалпы емдеу жүйесінде жұмыс жасайтын мамандардың жұмысы нәтижелі деп саналады, егерде диагностикалық микроскопия арқылы қақырықты ТМБ зерттеуінен өткен туберкулезге күдікті пациенттердің арасында бактерия бөлетіндердің пайызы қанша болса?

а) 1-3%

б) + 5-10%

в) 15-20%

г) 20-25%

д) 50% да жоғары болса

70. Белгіленген/установленный хаттамаға сәйкес қақырықты жинау процедурасын мейіркеш қай ережесін қатал орындамау МАҢЫЗДЫ ЕМЕС? 

а) ол туберкулездің жұқпалы түрін анықтауын жібермеуінен сақтайды

б) сапалы патологиялық материалдың (қақырық) үлгісін алуға көмек береді

в) қақырықты жинауға жауапты медицина қызметкерін ТБ жұқтыру қауіпынан қорғайды

г) туберкулез диагностикасының қадамдарыныі біреуін сақтау

д)  + ТБ 01 формасын рәсімдеуін сақтау

71. Зерттеу нәтижесінде  қақырықта ТМБ бар болғанын Не үшін қолданбайды: 

а)  өкпе туберкулезіне диагноз қою үшін

б)  үрдістің динамикасын анықтау мақсатында ТБ ауыратын науқастың емін бақылау үшін

в)  анықталған өкпе туберкулезінің емінің нәтижесін/исход анықтау үшін

г)  бактерия бөлетіндігін анықтау үшін

д) + санаторияға жіберу үшін

72. Организмнің ТБ (туберкулез) инфицирленгенін осы аталған әдістердің қайсысы анықтайды?

а) микроскопия

б) флюорография

в) + Манту сынамасы

г) культуральды зерттеу әдісі

д) бронхоскопия

73. Ем барысында қақырыққа бақылау зерттеуін жүргізуде ТБ ауыратын науқастан қақырықтың қанша үлгісін жинау керек, көрсетіңіз:

а) бір

б)+ екі

в) үш

г) төрт

д) төрттен астам

74. Туберкулезге күдігі бар науқас қақырықтың бірінші үлгісін қай жерде тапсырады?

а) +туберкулезді күдіктенген емдеу мекемесінде

б) тек қана туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерде

в) тек қана үйінде тәңартен стерильды контейнерге

г) науқас тұрған жердегі поликлиникада

д) ашық ауада лаборанттың қатысуымен

75. 300 көру аймағында зерттеуді өткізгенде микроскоп әдісімен қақырықта ҚТБ/КУБ анықтау мүмкіндігін беретін 1мл қақырықтың мөлшерінде ТМБ минимальды саны қанша болу керек:

а) 30-40 мың

б) 50-100 мың

в) +5-10 мың

г) 70-100 мың

д) 500 мыңнан астам

76. Емді бақылау мақсатында қақырықтың қанша үлгісін зерттеу керек, көрсетіңіз:

а) + 2 үлгісін

б) 3 үлгісін

в) 1 үлгісін

г) 4 үлгісін

д) 3 үлгінден астам

77. Қақырықты жинауда жібіретін қателік неге әсер тигізеді?
а) +ТБ ауыратын науқасты анықтау нәтижесіне

б) өкпеден тыс ТБ ауыратындардың емінің нәтижесіне

в) когортты анализды уақытылы өткізуіне

г) иммундың зерттеу нәтижесіне

д) емнің соңғы нәтижесіне

78. Емдеу жүйесінде туберкулезге диагностика жүргізгенде қанша қадамды сақтау керек?

а) үш

б) төрт

в) бес

г)+ алты

д) алтыдан астам

79. Аурудың патогенезіне сүйеніп туберкулездің эпидемиологиялық моделінің негізгі компоненттерін көрсетіңіз:

а) + қарым қатынас- инфицирлену- ауру -  ақыры

б) қарым қатынас- инфицирлену-   ақыры

в) қарым қатынас- инфицирлену

г) қарым қатынас-  ақыры

д) қарым қатынас-  ауру - инфицирлену

80.  Бактерия бөлетін өкпе туберкулезі жаңадан анықталғандардың/новый случай арасында сауығу/излечение нәтижесінің стандартты көрсеткішін атаныз:

а) 70%

б) 80%

в)+ 85%

г) 75%

д) 65%

81. ТМБ біріншілік төзімділігі – ол:

а) + төзімділік микобактериялармен жұқтырған науқас

б) қышқылға төзімділік сапрофиттермен жұқтырған науқас

в) ТМБ атипті штаммдармен жұқтырған науқас

г) ретсіз ем қабылдағаннан кейін дамиған ТМБ төзімділік

д) емнің қарқынды фазасынан кейін дамиған ТМБ төзімділік

82.  Қоғамда туберкулездің таралуына қарсы тұратын нәтижелі қорғаныс жолы қайсы ?

а) марледен жасалған маскині тұрақты киіп жүру

б) қорғайтын түріндегі киім

в) + уақытылы анықтау және туберкулездің жұқпалы түрін сапалы емдеу

г) тұрғындарға санитарлық ағартуды кең жүргізу

д) санбюллетень, туберкулез жайында информациялық парақтарды шығару

83. «Мультирезистентті туберкулез» деген термин не көрсетеді?

а) ТБ микобактериясы  H және Z төзімділігін

б) ТБ микобактериясы  H және S төзімділігін

в) ТБ микобактериясы  H және E төзімділігін

г) +ТБ микобактериясы  H және R төзімділігін

д) ТБ микобактериясы  H және К төзімділігін

84. Сіз қалай ойлайсыз, медбикештің тікелей қадағалауымен жиналатын қақырықтың қайсы элементі МАҢЫЗДЫ емес деп санайсыз? 

а) сапалы патологиялық материал жиналады

б) патологиялық материал осы науқасқа тиісті екеніне сенімді боласыз

в) хаттама бойынша науқас қатал процедураны орындайды

г) қақырықты жинау ережесі сақталады

д) + 15 форманы толтыру ережесін сақтау

85. Жыл сайын әлемде қанша адамнан туберкулез аталғаны/случаев тіркеледі:

а) 3 млн. адам

б) +8-10 млн. адам

в) 8 млн. астам адам

г) 16-20 млн. адам

д) 5 млн. дейін адам

86. Жыл сайын туберкулезден қанша адам өледі шамамен:

а) 1 млн адам

б) 2 млн адам

в) + 1,5 млн адам

г) 3 млн адам

д) 3 млн  астам адам

87.  Туберкулезді қабынудың ерекше негізгі белгісіне не тән, көрсетіңіз:

а) Пирогов-Лангганс алып клеткалары

б) эпителиоидты клеткалар

в) лимфоциттер

г) +казеозды-некроз

д) макрофагальды-гистиоцитарлы элементтер

88. Туберкулез микобактериясының морфологиялық сипаты:

а) +көп қатпарлы қабат,цитоплазма органелласымен, шеткей орналасқан майда ядрышкаларымен

б) бір қатпарлы қабат, шеткей орналасқан ірі ядрышкаларымен

в) цитоплазма органелламен, ортада орналасқан ірі ядро

г) периферияда орналасқан майда ядрышкалары, цитоплазма ядросымен

д) ортасында орналасқан жалғыз ірі ядро

89. Активті туберкулезде болатын қандағы көрсеткіштерді көрсетіңіз:

а) +солға жылжыған айқын емес лейкоцитоз, лимфопения, моноцитоз, ЭШЖ-ң жылдамдауы
б) жоғары лейкоцитоз, лимфоцитоз, моноцитоз, ЭШЖ-ң жылдамдауы
в) қалыпты лейкоциттер, лимфоцитоз, моноцитоз, қалыпты ЭШЖ

г) эритроцитопения, оңға жылжыған айқын лейкоцитоз, лимфоциттер, моноциттер, қалыпты ЭШЖ
д) өзгеріссіз гемограмма

90. Туберкулез микобактериясы экзотоксин бөледі ме?
а) +бөлмейді

б) бөледі

в) бөлінуі мүмкін

г) жартылай бөледі

д) көп мөлшерде бөледі




1. Тема- Е А Благинина Цель- расширить знания детей о жизни и творчестве Е
2. ПРОИЗВЕДЕНИЙ ЗАЧЕТЫ ФИЛОСОФИЯ ЭКОНОМИКА ОБРАЗОВАНИЯ БЖД ВОЗРАСТНАЯ ФИЗИОЛОГИЯ ИНС
3. Курсовая работа- Половое воспитание детей и подростков
4. Песня не знает границ I
5. МПИ Цели и задачи предмета
6. лист на изготовление листовок Формат-тираж 5
7. Древний Рим
8. Постановка задачи принятия управленческого решения
9. Лекция 12 ТЕХНОЛОГИЯ УПРАВЛЕНИЯ АДАПТАЦИЕЙ ПЕРСОНАЛА Цель занятия ~ сформировать у студентов понимание
10. рыночное равновесие
11. темам авторы редакция ссылки книжная лавка связь
12. Детское кафе Дата- Итого Чизкейк в ассортименте
13. Моніторинг та сценарний аналіз виникнення і розвитку НС
14. ТРЕМ ОСНОВАМ ВОИМЯ АЛЛАХА МИЛОСТИВОГО МИЛОСЕРДНОГО ВО ИМЯ Автор да помилует его Аллах начал свою кни
15. Мотивация персонала
16. Баланс активов и пассивов и статистика национального богатства
17. Элементы реляционной БД Ответ- поле домен запись
18. Наука Брайана Трейси основанная на 25летних исследованиях и жизненной практике автора открывает всякому
19. импортные операции являются объектом государственной политики и в процессе развития мировой торговли выраб
20. знак ~ объект; 2 отношение знаков друг к другу ~ синтактика знак ~ знак ~ внутренние структурные сво