Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.ru

Муалла~ араб тілінде ілінген к~терілген деген ~~ымды білдіреді.html

Работа добавлена на сайт samzan.ru: 2016-01-17

Бесплатно
Узнать стоимость работы
Рассчитаем за 1 минуту, онлайн

  1. Иран әдебиетінің өзіндік жанрлары мен араб әдебиетінің жанрларын салыстырыңыз
  2.  Араб әдебиетіндегі "Муаллақ" деген не? 

Бәдәуи поэзиясын оқи отырып, муаллақ деген сөзге жиі кездесеміз. «Муаллақ» араб тілінде «ілінген», «көтерілген» деген ұғымды білдіреді. Мұндай «ілінген», «көтерілген» деген сөздің шығуы туралы араб халқының арасында аңыздар бар. Соның бірінде «бәдәуи ақындарының расаында жиі болып жататын мүшайра (ақындар айтысы) кезінде жоғары бағаға ие болған бәйіттер жинақ етіп құрастырылады да меккеге жақын Указ жәрмеңкесінде қымбат матамен тысталып сыртына алтын жалатылып, жұрт көбірек көретін жерге ілініп қойылады екен», - делінеді.

  1.  Имруль Қайыс, әл-Фараздақ шығармашылығы

Имру-л-Қайс Исламға дейінгі поэзия «падишасы» атанған ақын Недж қаласында дәулетті бәдәуи әкімнің отбасында 500-жылдары дүниеге келген. Шайырдың әкесі Асад және Гатафан атты екі тайпаның көсемі болғандықтан да болашақ ақынның жастық шағы алаңсыз, қамсыз өтеді. Ол бала кезінен бастап-ақ өлеңдер шығара бастаған. Өз бәйіттерінде ол әкесіне жақын кісілердің кемшілігін мазақ етеді. Жұрт арасына таратады, әжуалайды. Әкесі оның мұндай «зиянды» өнерімен айналысуына тыйым салады. Ақыры әкесі Имру-л-Қайысты өз үйінен қууға мәжбүр болады. Ақын жолай тиген суықтан әрі аштықтан шешек ауруына шалдығады. Көп ұзамай 540-жылы қайтыс болады. Имру-л-Қайыстың 80 бәйіттік жинағы 3 бөлімнен тұрады:

  1.  Бәдәуи даласы сүйіктісі Унейзамен қалай танысып, қалай ажырасқаны туралы;
  2.  Унейзамен өткізген күндеріне тоқталады;
  3.  Табиғатты, аңшылық өнерді жырлайды.

Ақын мұнда тұлпарына да әдемі сурет береді. Түнгі даланы,найзағайлы күндерді, туған сахарасын әдемі жырлайды. Ақынның табиғат лирикалары өмірдің жарқын белестерін суреттеуге арналған. Сондай-ақ өз бәйіттеріне ол көңіл-күйін де араластырып отырған. Өйткені, туған мекенінен жақсылық іздерін көркемдей жүріп, сұмдық сарқытына да ұшырасады. Айдалада жалғыз қалып, қауіп-қатермен де бетпе-бет кездеседі. Өткен жолын, көрген қиыншылықтарын, қуаныш-қайғыларын айта келіп, енді бірде ол бәдәуилердің ерлігі мен серілігін, даладай дархан пейілділігін, өнер мен ой биігі, жомарттық жылылығы сияқты тайпаластарының тамаша үлгілерін төгілтеді.

Әл-Фараздақ (шын есімі: Һаммам ибн Ғалиб ибн Сағсаға әд-Дарими әт-Тамими, 641 — 728 немесе 730) — атақты араб ақыны. Ол тамим деген үлкен тайпалық-рулық бірлестіктің дарим руынан шыққан. Әл- Фараздақ 641 жылы Ирактағы Басра шаһарында дүниеге келген. Жаңа мұсылман дәуірінің I-ші ғасырының ақыны болғанымен, ол көпқұдайшы Арабияның джәһилия (надандық) кезеңінің дәстүрлі бәдәуиндік поэзиямен тығыз байланыста болды. Ол өзінің өлеңдерінде бәдәуиндік идеалдар мен жақсы қасиеттерді мақтады, өз туыстары мен тайпасының дәрежесін көтеріп, жаулары мен қарсыластарын сөкті. Әл-Ахтал және Джарир ибн Атыямен бірге атақты сатира жене панегирик жанрының үш өкілінің ақындық шайқасына қатысты. Саяси-діни қақтығыстар мен тайпалар арасындағы араздық атмосферасында Фараздақтың араб поэзиясыныңқарапайым тақырыптарына жазылған өлеңдері көкейкесті мағынаға ие болды. 

  1.  Бәдәуилер өмірінің әдебиетке тигізген әсері қандай?

Бәдәуи «араб немесе арабстандық» деген сөздің синонимі емес, ол түптеп келгенде «түз адамы» дегенді білдіреді. Бәдәуилер түйе шаруашылығымен айналысқан. 5-7 ғасырлар бәдәуи поэзиясын батыс ғалымдары «Жаһилия» («қараңғылық») ғасырының поэзиясы деп атайды. Бәдәуи поэзиясы V ғасырдың соңғы жылдарынан басталады. Осы кезеңнен бастап VII ғасырдың ортасына дейін, Солтүстік арабияда бәдәуи поэзиясы туып қалыптасты. Көшпелі бәдәуилердің көпшілігі Солтүстік Арабияны иеленгендіктен де бәдәуи поэзиясының Отаны Недж және Хиджаз жазығы болды. Бәдәуи дүниесінде жазба әдебиет болған жоқ. Ол дәуір ақындарының шығармалары тек қана ауыздан-ауызға көшу арқылы сақталып қалды. Араб топырағында туған талай-талай талантты ақындар дүние жүзіне мәшһүр болды, тарихтың алтын беттерінде аттарын қалдырды. Көшпелі бәдәуилер арасында өлең шығару өнері батырлықтан кем саналмаған. Өз тайпасының, руының даңқын шығаратын ақындар болғандықтан, өлең өнерін білетіндерге қоғамы өз төрінен үлкен орын берген. Бәдәуи ақындарының шығармалары бізге түгелдей жеткен жоқ. Жеткенмен жарым-жартылай, сұрыпталған дәрежеде жетті. Қазіргі күні бәдәуи ақындарының бізге жеткен бірнеше ірілі-уақты жинақтары бар. Олар: Хаммад ар-Рауиа (694-772) құрастырған «әл-Муаллақат» антологиясы, Муфаддал ад-Дауи (780-867) құрастырған «әл- Муфаддалиат» атты өлеңдер жинағы, Абу-л-Фарадж әл-Исфаһанидің (897- 967)«Китаб әл-агани» («Ән кітабы») атты антологиясы. Ибн Кутайбаның (828-889) «Поэзия және ақындар» («аш-Шиир уа-ш-шуара») атты еңбегі, Абу Таммамның (805-886) «Китаб әл-Хамаса» («Батырлар жыры») атты антологиясы. Бәдәуи поэзиясын оқи отырып, муаллақ деген сөзге жиі кездесеміз. «Муаллақ» араб тілінде «ілінген», «көтерілген» деген ұғымды білдіреді. Бізге жеткен бәдәуи ақындарының шығармалары Аднан және Қурайш диалектісінде жазылған. Қурайш диалектісі араб топырағындағы барлық тайпаларға түсінікті болған. Бәдәуи ақындарының шығармаларында бой көрсетер жайт өз тайпасының батырлығын мақтау, соны жыр ету. Сонымен қатар, кейбір аш- Шанфара (VI ғ.), Тарафа сияқты ақындар көршілес тайпалардың кемшіліктерін мінеп, мысқылдап, уытты тілмен әжуалап отырған. Сондықтан да бәдәуи поэзиясында бәдәуилер өмірі жан-жақты, айқын көрінеді. Бәдәуи поэзиясында хиджа («сатира»), газал («махаббат лирикасы»), уасф («табиғатты суреттеу»), мадх («мадақ»), фахр («өзін-өзі мақтау»), риса («элегия»), хамрийат («шарап жыры»), тардийат («аңшылық суреттері»), зухд («діни сарындағы жырлар»), нақаид («мысқыл»), насиб («әйел сұлулығын жырлау») секілді т.б. жанрлар болды. Әрине поэзияның осы аталған жанрларының өркендеуіне, кең тарауына ең алдымен, көшпелі бәдәуи өмір барынша әсер етті. Өйткені, әрбір тайпа көршілес тайпамен жанжалдасып, соғыса қалған жағдайда ақын өз руының туын жоғары ұстап, тек соғыста ғана емес, өнер сайысында да сынға түсетін болған.

  1.  И.Фильштинскийдің "Құран" туралы талдауларымен келісесіз бе?
  2.  Ортағасырлық парсы ақындары

Низами. Бүкіл Шығыс мәдениетіне, оның ішінде әсіресе Орта Азия мен Қазақстанның әдебиетіне өзінің елеулі әсерін тигізіп, үлкен ықпал жасаған мәдениет қайраткерлерінің бірі – әзербайжан халқының кемеңгер ойшылы, ұлы ақыны Ілияс Жүсіпұлы Низами. Ол өзінің өмірлік сырларға, терең философиялық ойларға толы, ғажап көркем поэзияның туындылары арқылы әлем әдебиетінің төрінен орын алды. Низами 1141жылы Азербайжан республикасының Ганжа қаласында дүниеге келген. 1209 жылы қайтыс болған. Низами жасында көп біліп, көп оқыған, өзінің зеректігі арқасында көптеген тілдерді еркін меңгерген. Низамидің  тұңғыш поэмасы «Сырлас қазынасы» 1174-75жылдары жазылған. Низамидің творчествосылық өмірінде айрықша із қалдырған оның атақты сұлу жары Аппақ ару. Ең жақсы өлеңдері  және 1180жылы аяқталған «Хұсрау мен Шырын» атты махаббат дастаны да осы Аппақ аруға арналған. Низамидің ендігі бір күрделі шығармасы 1188жылы аяқталған «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны. 1196жылы «Жеті сұлу» дастанын жазады. Ол әрбір шығармасында өзі көрген дүниеден әділдік, адалдық таба алмай, жақсы, жарқын дүниені аңсап өткен.

Омар Хайям - парсы математигіастрономы, ақын, философы (толық аты — Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен 1048 жылыХорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жүмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.

Омар Һайям әлемге аян төрт тағандардың (рубай) авторы. Өлеңдерін парсы тілінде жазды, оның ақындығын алғаш таныған (1176) ғалым Байхаки еді. Ақын өмір мен өлім, жақсы мен жаман, жұмақ пен тозақ, қанағат пен обырлық, жастық пен кәрілік, махаббат пен зұлымдық, құштарлық пен тақуалық парқын төрт жолдан тұратын өлеңге сыйғызды. Оның рубайлары адамгершілік ұстанымдарға негізделген, ол әділетсіздікке қарсылық білдірді, қоршаған ортаға сын көзімен қарап, озық ойларын батыл айта білді. Өз ойын жеткізу үшін белгілі дәрежеде бейнелеу тәсілдерін қолданды. Ақын өлеңдерінде махаббатты жырлау арқылы метафоралық терең ой тұжырымдалды. Оның өлеңдерінен ақиқатқа талпыныс, тіршіліктің мәнін парықтау мен енжарлықты, екіжүзділікті әжуәлау сарыны байқалады. Омар Һайям өлеңдері аз сөзбен келелі ой айтуымен, қарапайым сөздердің өзара жарасымды үйлесім тауып, әуезді болып келуімен ерекшеленді. 


Диплом на заказ


1. Одновременно возникла частая рвота вначале съеденной пищей а затем желудочным содержимым и желчью
2. Субъект управления в регионе
3. Каждая таблица состоит из однотипных строк и имеет уникальное имя
4. міфологічні джерела образності Валерія Шевчука на матеріалі романубалади ldquo;Дім на горіrdquo; В ос
5. 2012г. ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЕ ВОПРОСЫ по дисциплине Экономический анализ для студентов 3 курса обуч
6. Московская культура XIV-XV веков
7. Economic structures. There is lso number of refuges in the world
8. 24 ноября 2013 г Количество участников 76 из них юниоры63 девушек 13
9. 2 Англ М
10. Особенности рассмотрения отдельных категорий гражданских дел в судах общей юрисдикции для студентов 5 ку
11. Родительские права и обязанности по воспитанию детей
12. жандарма Европы.
13. Культура
14. ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА 1 Приборы контроля температуры
15. вступает в силу 1 июля 2014 года государственную регистрацию могут осуществлять Минздрав России Росздравнадз
16. Прочитать и законспектировать из электронных лекций следующие разделы- Роль и значение человека в раз
17. тематической логике понятия истины на физический мир
18. Литература XVIII века
19. ___ _______________ 200 _ г
20. і Философ ~рі экономист Аристотель айырбас а~шаны~ пайда болуы мен ат~аратын ~ызметін зерттейді