Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.ru

Кіріспе 2 Негізгі б~лім

Работа добавлена на сайт samzan.ru: 2015-07-05


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БАЯНДАМА

Тақырыбы : Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар

Орындағандар : Оралбай Ж.

Қабылдаған : Садыков Ж.

Шымкент 2012 жыл

Жоспары:
1.Кіріспе.


2. Негізгі бөлім.
2.1) Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың түсінігі,жіктелуі және түрлері.
2.2) Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес секторының қалыптасу кезеңдерi және оның мемлекетпен өзара iс-қимылы.

3. Қорытынды.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар

Үкіметтік емес ұйым – қоғамда орны болатын проблемаларды анықтап, оларды мәселе етіп көтеретін, коммерциялық мақсатты көздемейтін, өз алдына дербес те тәуелсіз құрылым.  

Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар - мемлекетаралық келісім негізінде емес, жеке немесе заңды тұлғалардың бірігуі нәтижесінде құрылган, қызметі үкіметгің ресми сыртқы саясатынан тыс жүргізілетін ұйымдар. Мұндай ұйымдарға мынадай белгілер тән: мақсаттары міндеттерінің халықаралық сипаты; құрылтайшылықтың жеке, яғни мемлекеттік емес сипаты; олардың қызметінің ерікті түрде жүргізілуі. Міне, сондықтан да мүндай ұйымдарды халықаралық қатынастардың "жаңа акторларына" жатқызады. Мемлекеттің беделі мен күшіне сүйенетін үкіметаралық ұйымдардан айырмашылығы үкіметтік емес ұйымдар ықпал етудің құралы ретінде халықаралық қоғамдық пікірге сүйенеді, ал мақсатқа жетудің жолдары үкіметаралық ұйымдарға (ең алдымен БҰҰ-на) және қандай да бір жекелеген мемлекеттерге қысым көрсетумен анықталады.

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары

Қазақстан Республикасында 5000 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Олардың 1907-і 2005 жылдың 1 қарашасында белсенді қызмет көрсетуде. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметінде барлық қоғамдық маңызды салаларды қамтиды. Бұл экология, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, гендерлік қарым-қатынас, адам құқын қорғау, яғни ҮЕҰ бүгінгі күні қазақстандық қоғамның барлық ең маңызды әлеуметтік проблемаларын қамтып отыр.  

Азаматтық қоғам  мемлекет тарапынан қолдау тауып, үкіметтік емес ұйым өкілдері елде болып жатқан кез-келген процестерге емін-еркін араласып немесе оған өзіндік үлесін қоса алатын жағдайға жеткен кезде ғана азаматтық қоғам қалыптасты деуге толық негіз бар. Жалпы азаматтық қоғам ұғымының анықтамасы жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен еркіндіктерін заң жүзінде қамтамасыз ете алатын және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы, үйлесімді дамыған қоғам дегенді білдіреді екен. Ендеше  демократиялық даму бағытын ұстанып отырған Қазақстанда азаматтық қоғам толық орнықты деп айта аламыз ба?

Экономикасы дамыған Батыс елдерінде мемлекеттік маңызы бар қоғамдық жұмыстардың тең жартысын, тіпті басым бөлігін үкіметтік емес ұйымдар атқарады екен. Ал бізде әзірге үкіметік емес сектор мемлекеттік маңызды мәселелердің басым бөлігін жүзеге асырып отыр деп айта алмаспыз. Үкіметтік емес секторда батыстың дамыған елдеріндегі көрсеткіштерге жету үшін бізге әлі қыруар шаруа атқару қажет сияқты. Дегенмен азаматтық қоғам қалыптастыруда мемлекет «ауызды қу шөппен сүртіп отыр» деуге тағы болмайды. Өйткені бұл мақсатта еліміз тәуелсіздігін алған жылдардан бергі атқарылған іс бүгін жап-жақсы нәтижесін беріп отыр.

Жалпы азаматтық қоғам институттары еліміз тәуелсіздігін алғанға дейін де, одан кейін де жұмыс істеп келеді. Ал тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда олар сан жағынан да, сапа жағынан да едәуір өсті. Айталық 1990 жылдардың басында Қазақстанда 300 бен 400-дің арасында үкіметтік емес ұйымдар болса, кейінгі жылдары олардың саны 5 мыңға жуықтаған және аталмыш ұйымдарға мүше адамдар саны да күн санап артып келеді. Олар көтеріп жүрген немесе айналысып жүрген мәселелер де ауқымды. Мысалы, үкіметтік емес ұйымдардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың мұңын мұңдаса, ендігі біреулері зейнеткерлер мен тұтынушылардың жоғын жоқтайды. Сондай-ақ азаматтық қоғамды қалыптастырып, экология, әлеуметтік саладағы мәселелермен айналысып жүрген ұйымдар да баршылық. Қорыта айтқанда, Қазақстандағы үкіметтік емес сектор осы уақытта билік пен халық арасындағы байланыс қызметін атқаратын, көпшіліктің талап-тілектерін жоғарыға жеткізе алатын іргелі ұйымға айналды. Осыған орай қазір олар тарапынан атқарылып жатқан және атқарылуы тиіс мәселелер жетерлік. Ең бастысы, үкіметтік емес ұйымдар өзара ауызбіршілікте, ынтымақтаса жұмыс істесе болғаны. Бұлай дейтініміз, Қазақстаннның азаматтық альянсының төрайымы, Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында «үкіметтік  емес ұйымдар бірлесе қызмет еткен жағдайда үлкен қоғамдық күшке айналып, нәтижелі жұмыстар атқара алады» деп атап өткен еді. Депутаттың сөзінше, елде бірі Үкіметтен, енді біреулері халықаралық ұйымдардан гранттар мен түрлі көлемде қаржы алып, өз беттерінше жұмыс істеп жатқан ұйымдар жетерлік. Әрине олардың істеріне сәттілік. Дегенмен «жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін олардың да бірауық ескергендері жөн болар еді. Жалпы азаматтық қоғамға қатысты елдегі жағдайдың бұлайша сипат алуы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елде жүргізіп отырған сарабдал саясатының нәтижесі.

 Қазақстан Президентінің бастамасымен дүниеге келген Азаматтық форум бүгінде үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп, ортақ проблемаларын талқылауға арналған алаң және ол үкіметтік емес сектордың дамуына ықпал етіп отырған іргелі шаралардың бірегейі.  Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстанның азаматтық альянсы аталған жиынды төртінші рет өткізбек. Форумның осыған дейін ұйымдастырылған басқосуларында үкіметтік емес сектордың дамуына ықпал еткен үлкен жұмыстардың атқарылғандығы белгілі. Атап айтқанда алғашқы форумға Елбасының өзі бастамашы болып, онда елде үкіметтік емес ұйымдардың бар екендігін және олардың қолдаушыларының да жеткілікті екендігі айқын болды. Яғни қоғам өкілдерінің үкіметтік емес секторға деген сенімі, оларға деген қызығушылығы пайда бола бастады. Сондай-ақ алғашқы форум елімізде билік пен бизнес арасында да байланыс бар екендігін дәлелдеп берген жиын болды. 

Екінші форум бұдан да нәтижелі, жемісті болды. Онда 500-ден астам үкіметттік емес ұйымдардың басын біріктіретін Қазақстанның азаматтық альянсы  құрылды. Сондай-ақ осы жиында азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы қабылданып, оны Мемлекет басшысы бекітті. Бұл  құжатты жүзеге асыру жоспары да қабылданды. Осы орайда айта кететін мәселе,  үкіметтік емес ұйымдар осы уақытта белгіленген жоспар бойынша аталмыш тұжырымдаманың бірінші кезеңін жүзеге асырып та үлгерді. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде үкіметтік емес ұйымдар бүгінде өзіндік даму бағыты, ұстанған мақсаты бар, ел өміріндегі біршама мәселелердің шешілуіне ұйытқы болып келе жатқан іргелі ұйымға айналып отыр.  

Әрине, кеңестік кезеңде ҮКҰ болмады деп кесіп айтуға келмес. Сол кездің өзінде қоғам арасында өзара көмек көрсетуге негізделген ұйымдар болды. Оның сыртында кәсіподақтар мен спорттық ұйымдар да қоғам мәселелеріне араласа алды. Алайда ыдыраған кеңестік ұйымдардың орнын басып, жаңаша тұрпатта түлеген үкіметтік емес ұйымдарды бірден даму даңғылына түсті деп айта алмаспыз. Мәселен, 90-жылдардың аяғында Қазақстанның ҮЕҰ-на халықаралық ұйымдар, мемлекетаралық қорлар, шетелдік қауымдастықтар көп ықпал жасап, оларға қаржылық қолдау сырттан келді. Тек 2005-2006 жылдардан бастап қана ел Үкіметі қаржылық мүмкіндіктер аясын кеңейтіп, ҮЕҰ-ға билік тарапынан қолдаулар жасалды. Соның арқасында бүгінгі таңда аталмыш ұйымдарға көзқарас түбегейлі өзгеріп, билік пен үкіметтік емес ұйымдар өзара әріптестік сатысына өтті. Билік өз кезегінде қоғамның дамуын ілгерілететін шараларды ҮЕҰ арқылы реттеуді қолға ала бастады. Осындай белгілі бір еңсерілген кезеңді қорытындылау үшін бас қосқан қазақстандық һәм шетелдік сарапшылар неше алуан тақырыптарды жік-жікке алып талқылауға бекініпті. «Елдің дамуына ҮЕҰ қандай үлес қосады?», «Жаңа медиа халық белсенділігіне қалай әсер етеді?», «Коммерциялық компаниялар қайырымдылықпен айналысуы тиіс пе?», «Қазақстанда филантропия мәдениеті бар ма?» деген сұрақтарды қамтыған бірнеше секция бойынша екі күн бойы қызу жұмысқа кіріспес бұрын алқалы жиынның ашылуында елге белгілі сарапшылар өз ойларын да ортаға салды. Мәдениет вице-министрі Ғазиз Телебай азаматтық қоғамды қалыптастырудағы үкіметтік емес ұйымдардың маңызына тоқталды. Вице-министрдің мәліметіне сүйенсек, елімізде 35 мың коммерциялық емес ұйым болса, оның жартысынан астамы, яғни 18 мыңға жуығы үкіметтік емес ұйымдар екен. 1,5 млн қазақстандық осындай ұйымдардың қызметіне жұмылған. Алдағы уақытта Үкімет пен үкіметтік емес ұйымдардың әріптестігін нығайта түсу үшін заңды тетіктер де нақтыланады. 

Мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және бизнестің арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту ісінде облыс әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің алатын орны ерекше. Өзінің жұмыс жоспарына сәйкес Кеңестің күн тәртібінде облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың іске асырған әлеуметтік маңызды жобаларының тиімділігі және алдағы міндеттері, облыстық Азаматтық Альянс қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарған жұмыстары мен алға қойған міндеттері және аудандарда ҮЕҰ-мен ынтымақтастық жөнінде атқарылған жұмыстары мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін жетілдіру сұрақтары талқыланып, аталып өткен мәселелерге терең талдау жасалып, қажетті шешім шығарылып үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар және бизнес арасындағы ынтымақтастық деңгейін одан әрі арттыру болды. Сондай-ақ аудан және қала әкімдері жанындағы Кеңестер де әр тоқсан сайын өз отырыстарын өткізіп, жан-жақты мәселелерді талқылап тұрады.

Мемлекеттік тапсырысты құру және іске асыру кезінде қоғамның қажеттіліктеріне баса назар аударылады және бұл тұрғыда ҮЕҰ өкілдерімен кездесулер, дөңгелек үстел, семинарлар түріндегі шаралар өткізіп, өзара ынтымақтастық жасалып тұрады. Лот тақырыптары мен салаларды қалыптастыруда БАҚ-та хабарландыру жарияланып, ол бойынша ҮЕҰ жыл сайын желтоқсан-қаңтар айларында тапсырыс беруші органға өз ұсынбаларын жолдайды. Бұл шараға қатысушы ҮЕҰ-дың белсенділігі мен тартылу деңгейі жоғары деп айтуға болады.

Мысалы, 2011 жылы 2 ақпан күні басқарманың ұйымдастыруымен мемлекеттік органдар, белсенді үкіметтік емес ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор – 20 жыл тиімді әріптестікте» тақырыбындағы дөңгелек үстел оздырылды.

Алдағы болатын 4-ші форумда қоғамдағы өзекті деген мәселелер, соның ішінде мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты әрі қарай дамыту, адам құқықтары және әлеуметтік қызмет көрсету және ондағы үкіметтік емес ұйымдардың үлес салмағы сияқты келелі мәселелер талқыланбақ. Онда саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық ұйымдар өкілдерінен жиналған 630-ға тарта адам жоғарыда аталған мәселелер төңірегінде пікір алмасатын болады. Жиынға сондай-ақ Парламент депутаттары да қатыспақ. Жиынның алғашқы күнінде осыған дейінгі форумдарда атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, «Таным» байқауының жеңімпаздары анықталады. Онда елдегі ең үздік деген үкіметтік емес ұйымдар 15 түрлі аталым бойынша дайындалған сыйлықтармен марапатталады. Форумның екінші күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен пленарлық мәжіліс өтеді. Бұған қоса жиын бағдарламасына сәйкес тағы көрме ұйымдастырылады деп күтілуде.

Пайдаланған әдебиеттер

  1.   Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

  1.  http://uvp-zko.kz/?id=413& интернет сайты

  1.  http://www.google.kz/search?q=%D1%85% интернет сайты




1. а Прогнозирование поведения станка с точки зрения сохранения его выходных параметров показателей надеж
2. Шум времени Описание это безотрадно
3. British slang and its classification
4. Реферат- Социальный статус судьи по легкой атлетике
5. Их действие может быть как исключительно полезным так и разрушительным в зависимости от того какой челове
6. на тему- Техническое оснащение гостиницы Националь Выполнила- Студентка 4 курса Группы РГБ
7. Особенности предложения конкурентной фирмы и отрасли изучаются в краткосрочном и долгосрочном периодах
8. словестной состоит из 42 картинок с изображением детей или детей и взрослых а также текстовых заданий
9. Его гибкая структура и прочностные характеристики обеспечивают широкую область применения а Вы при этом эк
10. Методика аудиторской проверки основных средств
11. Аспекты учета вложений во внеоборотные активы предприятия ООО Мелон+.html
12. Корпоративная культура ~ очень действенный инструмент развития которая позволяет двигать компанию вперед
13. Главная цель мероприятия ~ командообразование
14. тема государственного регулирования экономикой сформированная во всех индустриально развитых странах в к
15. Флот накануне и в период Великой Отечественной войны
16. Положение Турции в международной торговле в XV-18 вв
17. «Русская доктрина»- о некоторых аспектах либеральной критики
18. экспроприации у ворачиновника крупной взятки едва не провалилась
19. Облік нематеріальних активів
20. Моральність і мораль