Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.ru

А~шанесиелік реттеуді~ т~сінігі мен ~дістеріні~ жіктелуі

Работа добавлена на сайт samzan.ru: 2016-06-20


1.Ақша-несиелік реттеудің түсінігі мен әдістерінің жіктелуі.

Ақша-несиелік реттеу экономиканы макродеңгейде мемлекеттік реттеу жүйесінің құрамдас бөлігі. Ақша несиелік реттеудің маңызы мен қажеттілігі ақша яғни барлық тауарлардың құнына балама айрықша тауар/ң пайда болуы ж/е эволюциясы барысында айқындалып келді.Ақша теориясы негізінде ақша несиелік реттеудің маңызы келесідей:

  1.  Ақшаның металдық теориясындағы ақша несиелік реттеу/ң мәні,бағалы металл масштабын көтеру н/е төмендету шаралары б.таб.
  2.  Ақшаның номиналдық теориясындағы ақша несие/к реттеудің мәні ақша/ң төлем қабілеттілігін реттеумен бақылау шаралары б.таб.
  3.  Ақшаның сандық теориясындағы ақша несиелік реттеудің мәні ақша массасын бақылаумен реттеу шаралары б.таб.
  4.  Ақшаның кейнстік теориясындағы ақша несиелік реттеу/ң мәні ақша айналымының жылдамдығын реттеуге бағытталған.
  5.  Ақшаның мем\к теориясындағы ақша несиелік реттеудің мәні ақшаны эмиссиялау ж\е оған тиісті төлем қабілеттілігін енгізу іс шараларын қамтиды.

Ақша несиелік реттеудің обьектілері, суб/і ж\е құралдары ақша несиелік реттеу пәнінің негізгі мазмұнын құрайды ж\е де келесілерге аса назар аударылады:

  1.  Ақша массасы мен ақша агрегаттар\ң ерекшелігіне
  2.  Ақша несиелік реттеумен айналысатын монетарлық органдар\ң қызметіне
  3.  Ақша массасының өздігінен көбею механизмі
  4.  Инфляцияның тежеу шаралары
  5.  Әрбір ақша агрегаттарының мультифликациялану қабілетіне
  6.  ҰБ\ң ақша несие саясатына
  7.  Ақша несие саясатын ж.асыру құралдарына

Ақша несие\к реттеудің қажеттілігі жалпы макроэк\қ тепе теңдікті мем\т тарапынан реттеп отыруды қажеттілігі мен түсіндіріледі.

Ақша несие\к реттеудің әдістері ақша несие саясатының суб\сінің обьектісіне әсер етіп алға қойған мақсаттарына жету үшін қолданылатын тәсілдер мен құралдардың жиынтығы б.таб.

Ақща несие саясатында реттеудің тікелей ж\е жанама әдістері қолд\ды.

Тікелей әдіс Орт\қ банктің өзінің іс әрекеттерін әкімшілік құқық\қ өкілеттілігінен орындау

Жанама әдіс ақша нарығының жағдайына ақшаның эмитенті ретінде әсер етуі б.таб.

Тікелей әдістер тауарлардың бағаларын немесе көлемін орнатуда көрінсе, ал жанама әдіс нарық арқылы сәраныс пен ұсынысқа әсер етуі. Жанама әдістерді қолдану ақша қаражаттарынның қаржа-несие институтарынан қарыз капиталының ұйымдастырылмаған нарығына ағуын тоқтатады. Орт.банк жанама әдістерді қолдана отырып резервтік қорлардың ұсынысын анықтай алады. сонан соң ұсыныс пен сұранысты резервтік қорлардың қалдықтарына теңестіре отырып, банктердің өтімді қаражаттарына ықпал етеді.

2.Ақша массасының түсінігі және құрылымы.

Ақша массасы монетарлық теорияның негізгі принциптеріне сәйкес экономиканы макродеңгейде реттеудің ең басты обьектісі б.таб.

Ақша массасы басқада макрокөрсеткіштермен қатар: ЖІӨ , төлем балансы, инфляция индексі, мем\к бюджет , жұмыссыздық, алтын валюта резерві,жиынтық депозиттер портфелі, жиынтық несие\к портфель, ақша базасы сияқты көрсеткіштермен қатар экономиканы реттеуде үлкен рөл атқарады.

Ақша массасы макроэк\қ индикатор бірақ аталып өткен макрокөрсеткіштерге қарағанда маңызды. Себебі аталған көрсеткіштер ақша массасының өзгеруінің нәтижесінде өзгеріп отырады.

Ақша массасының құрамы ж\е құрылымы экономиканың даму  қарқынымен б\ты өзгеріп отырады. Мыналарға б\ты:

  1.  Ұлттық экономиканың халықаралық н\е дүниежүзілік экономикаға интеграциялану дәрежесіне
  2.  Банктер жүйесімен ұлттық валютаның тұрақтылығы ж\е ш\қ агенттері тарапынан байқалатын сенімділік дәрежесі
  3.  Шетел инв\ның Ұлттық эк\ға енуі
  4.  Нақты сектор\ң даму дәрежесі ж\е отандық өндіріс орындарының дамуы
  5.  Мем\к ресми реттеу органдарының тарапынан капитал қозғалысының қажетті деңгейде бақылауға алу
  6.  ҰБ тарапынан эмиссион\қ касса\қ реттеуді қажетті деңгейде жүргізіп отыру

Ақша массасы статистикалық шама және көлемі белгілі бір кезең аралығындағы кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігінің нәтижесі.Ақша массасы арқылы ресми монитарлық органдар экономикадағы кәсіпкерліктің деңгейін реттеп отырады. Ақша массасының өзгеруіне экзогенді және эндогенді факторлар әсер етеді.Сонымен қатар ақша массасының өзгеруі ақшаға деген сұраныс пен ақшаны ұсынудың арасындағы тепе теңдікке байланысты.Егер ақшаға деген сұраныс пен ақшаны ұсыну тепе тең болса, онда ақша массасы тұрақты болады.

Қазақстандағы ақша массасының дербес компоненттеріне ақша базасы жатады. Кредит сұранысының артуы жаңа кепілдік объектілерінің пайда болу қажеттілігін тудырады. Ал, бұл қажеттіліктің орнын депозиттік сертификаттар басты, ол өз кезегінде – М3  ақша агрегатының қажеттілігін тудырады. Осылайша, бұл ақша агрегаттары жиынтық ақша айналымының құрылымын, жекелеген компоненттердің динамикасын, кредиттеудің мөлшерін сипаттайды.

3.Ақша базасының құрамы және компоненттері.

Ақша базасына (резервтік ақша) Ұлттық Банктің кассасындағы қолма-қол ақшаны қоспағанда Ұлттық Банк айналысқа шығарған қолма-қол ақша (Ұлттық Банктен тыс қолма-қол ақша), банктердің аударылатын және басқа депозиттері, банктік емес қаржы ұйымдарының аударылатын және басқа депозиттері, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржы ұйымдарының Ұлттық Банктегі теңгедегі ағымдағы шоттары кіреді.ол мынадай формуламен есептеледі: МВ =CIC+RR+DCB

CIC-айналыстағы нақты ақшалар;

RR- міндетті резервтер;

DCB- екінші деңгейдегі банктердің ҰБ коршоттағы қаражаттары

Тар ақша базасы банктердің Ұлттық Банктегі депозиттерін қоспағандағы ақша базасын білдіреді. ақша базасы (MB) — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.

ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша базасы (резервтік ақша) мыналардан тұрады:

ҚҰБ-нің айналымға шығарған қолма-қол ақшаларынан (ҚҰБ- нің кассасындағы қолма-қол ақшаларды коспағандағы немесе Ұлттық Банктен тыс қолмақол ақшалардан);

ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен; банктік емес қаржылық ұйымдардың аудармалы депозиттерінен;

ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың теңгедегі ағымдағы шоттарынан.Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша несие статистикасын жасау және таддауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі МЗ — ақша массасы жатады

Ақша базасын, ақша массасының құрамына кіргізеді, ақша базасы ең қуатты ақшалар деп аталады.Себебі ақшаның өздігінен көбею механизмі а.б арқылы басқарылады.Ақша базасы ақша массасының ең өтімділігі жоғары құрамдас бөлігіне жатқызады.

ҰБ балансының құрылымы:

актив

Шартты белгілер

пассив

Шартты белг

Алтын валюта резерві

АВР

Айналыстағы қолма қол ақшалар

Мо

ЕДБ берілген несиелер

ЕДБН

Міндетті рез нормасы

МРН

Үкіметке берілген несиелер

ҮБН

КБ корресплндеттік шоттары

КБКШ

АБ=АВР

Ақша базасын ақша массасының құрамына кіргізеді,ақша базасы ең қуатты ақшалар деп аталады

Ақша базасын сегменттеу негізінде келесәдей факторларға байланысты:

1.АБ ақша массасы мен ақша агрегаттарының өтімділік дәрежесімен сегменттейді.

2.ҰБ Ақша базасын ҰБтің ком.банктерді қайта қаржыландыру әдістеріне байланысты сегменттейді.

3. Ақша базасын ақша массасының мультипликациялау қабілетіне байланысты сегменттейді.

4. АБ ның көбеюінің сыртқы және ішкі компонеттерімен байланысты сегменттейді.

4.Ақша базасы мен акша массасын реттеу.              

Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша базасы жатады.Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.

Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:

Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;

М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;

МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;

M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.

АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда — үш, Англия мен Францияда — екеу, Ресейде — үш ақша агрегаттары пайдаланылады.

Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады. Ақша массасы статистикалық шама және көлемі белгілі бір кезең аралығындағы кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігінің нәтижесі.Ақша массасы арқылы ресми монитарлық органдар экономикадағы кәсіпкерліктің деңгейін реттеп отырады. Ақша массасының өзгеруіне экзогенді және эндогенді факторлар әсер етеді.Сонымен қатар ақша массасының өзгеруі ақшаға деген сұраныс пен ақшаны ұсынудың арасындағы тепе теңдікке байланысты.Егер ақшаға деген сұраныс пен ақшаны ұсыну тепе тең болса, онда ақша массасы тұрақты болады.

ақша базасы (MB) — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша базасы (резервтік ақша) мыналардан тұрады:ҚҰБ-нің айналымға шығарған қолма-қол ақшаларынан (ҚҰБ- нің кассасындағы қолма-қол ақшаларды коспағандағы немесе Ұлттық Банктен тыс қолмақол ақшалардан);

ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен; банктік емес қаржылық ұйымдардың аудармалы депозиттерінен;

ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың теңгедегі ағымдағы шоттарынан.Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша несие статистикасын жасау және таддауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі МЗ — ақша массасы жатады

5. Ақша мультипликаторының   мағынасы  мен  маңызы.

Ақша мультипликаторы  дегеніміз- ақша несие жүйесінің салымда ұлғайтылуы немесе қысқарту нәтижесінде қанша мөлшерде ақша ұсынысының көбеюі немесе азаюын көрсететін сандық коэффицент және оның шамасы ақша несие жүйесінде пайдаланатын резервтін нормасына кері пропорционал болады.

 Ақша мультипликаторының қарқыны  экономикадағы айналыс жылдамдығына әсер етеді. Мультипликация коэффиценті неғұрлым жоғары болса, ақша массасы соғұрлым көп, ақша жылдамдығы аз болады.              

 Қазіргі таңдағы ақша айналысын реттеудің ерекшеліктері

Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес  реттеледі.Ұлттық банк тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді,оларды сақтаудың ,жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.

Ақшалай мультипликатордың  шамасы міндетті резервтеудің нормаларына тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде,сондай-ақ айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағын пайдаланылмайды.Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы қолма-қол ақшаның мултипликацияланбайтындығымен байланыстырып түсіндіруге болады.Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадағы айналыс жылдамдылығына әсерін тигізеді:мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса ақша массаы соғұрлым көп ,айналыс жылдамдығы аз болады.

6. Ақша базасын сегменттеудің негіздері.

Ақша базасын ақша массасының құрамына кіргізеді,ақша базасы ең қуатты ақшалар деп аталады

Ақша базасын сегменттеу негізінде келесәдей факторларға байланысты:

1.АБ ақша массасы мен ақша агрегаттарының өтімділік дәрежесімен сегменттейді.

2.ҰБ Ақша базасын ҰБтің ком.банктерді қайта қаржыландыру әдістеріне байланысты сегменттейді.

3. Ақша базасын ақша массасының мультипликациялау қабілетіне байланысты сегменттейді.

4. АБ ның көбеюінің сыртқы және ішкі компонеттерімен байланысты сегменттейді.

7.Ақша-несиелік реттеу - мемлекеттің ақша-несие саясатының бір элементі ретінде.

Ақша-несие саясатының мәні елдегі ақша тепе-теңдігін, яғни, сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті, инфляцияны мақсатты макро- экономикалық көрсеткішке сәйкес келетін деңгейде ұстап тұру болып табылады. Дәлелді болжамдар ақша-несие саясатының негізгі мақсатына қол жеткізуге көмектесетін ақша-несие саясатының құралдарын таңдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты ақша-несие саясатының экономиканың нақты секторына ықпал ету нәтижесін болжау техникасын әзірлеу өзекті проблема болып табылады. Ақша-несие саясатын әзірлеу мен жүргізуге ақша-несие саясатының негізгі құралдарын таңдау, ақша массасы, несиелер және жинақ ақша бойынша статистикалық деректер базасын құру мен жүргізу, осы елдің және ақша-несие саясатының негізін құрайтын басқа мемлекеттердің экономика және ақша-несие саласының кейбір мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, қаржы бағдарламаларын жасау және олардың орындалуын бақылау кіреді. Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Ұлттық Банк операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асырады: заемдар беру, депозиттер қабылдау, валюталық интервенциялар, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығару, коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу, Ұлттық Банк Басқармасының шешімі бойынша басқа  да операциялар жүргізу. А.н. саясатының субъектісі – Орталық банк болса, ал әсер ету объектісі – ақша айналымы болып есептеледі. АНС реттеу ҚР-ның ҰБ-кі арқылы жүреді. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктелген:

- мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

ҚР\ның Заңына сәйкес Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты:

- ресми қайта қаржыландыру ставкасын;

- ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;

- ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;

- айырықша жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

8.Ақша агрегаттарының сипаттамасы.

Ақша агрегаттары-атқаратын қызметінің ауқымы және соған сәйкес өтімділігі әр түрлі бүкіл ақша массасын құрайтын КБгі есеп шоттардағы ақшалай қаражаттар.Ақша агрегаттары әрбір мемлекеттің ақша массаның құрылымын анықтайды.

Белгілі-бір мерзім аралығында сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әртүрлі көрсеткіштер – ақша агрегаттары қолданылады.М1 ақша агрегаты айналыстағы қолма-қол ақшаның және банктік емес заңды тұлғалардың және халықтың теңгедегі аударылатын депозиттерінің жиынтығы ретінде есептеледі.М2 ақша агрегаты М1 ақша агрегаты және теңгедегі басқа депозиттер, банктік емес заңды тұлғалардың және халықтың шетел валютасындағы аударылатын депозиттеріне тең.М3 ақша агрегаты Ұлттық Банктің және банктер баланстарының шоттарын шоғырландыру негізінде айқындалады. Ол айналыстағы қолма-қол ақшадан және заңды тұлға-резиденттер мен жеке тұлға-резиденттердің ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын және басқа депозиттерінен тұрады.Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінің алдындағы барлық элементтерін өзіне біріктіріп ақша масассын құрайды. Ақша айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейіне байланысты болды, ол ақша жиынының ЖІӨ-ге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлар деңгейі жоғарылайды.

  1.  Ақша-несиелік реттеудің пәні, мақсаты мен міндеті.

Ақша несиелік реттеу пәні  д/з –ақша айналымындағы ақша массасы/ң өзгерісне, несие көлеміне,  пайыз мөлшерлемесі деңгейі мен ссудалық капитал нарығы ж/е өзге де ақша айналым/ң көрсеткіш/не  ҰБ-ң тікелей бағытталған шараларының жиынтығын айтамыз.

АНР-дың негізгі мәні елдегі ақша тепе-теңдігін, яғни, сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті, инфляцияны мақсатты макро- экономикалық көрсеткішке сәйкес келетін деңгейде ұстап тұру болып табылады.

«Ақша-несиелік реттеу» пәнінің мақсаты – тыңдаушылар тарапынан ақша-несиелік реттеу принциптерін терең игеруге бағытталады, оның институционалды қырларын тануға, сол сияқты ақша-несие саясатының әр түрлі режимдерін жүзеге асырады.

Пәннің  басты міндеті – ақша айналымы мен несиенің заңдылықтарын оқу, қазіргі ақша, несие, банк жүйелері мен олардың элементтерін ұйымдастыру, макроэкономикалық реттеудегі ақшаның, несиенің және банктің ролін, сондай-ақ нарықтық экономика жағдайындағы орталық және коммерциялық банктердің орны мен ролін оқу.

Пәннің басты мақсаты – болашақ мамандарға ақша, несие, банктер теориялары саласында іргетестық білімдерді қалыптастырып, тарихи және теориялық аспектіде олардың қазіргі нарық экономикасындағы мәнін, қызметтерін және ролін ашу болып табылады.

10.  Ақша базасына ықпал ететін факторлар

Макродеңгейде ақша базасына ықпал ететін факторлар келесідей:

  1.  ҰБ-ң ақша-несие саясаты
  2.  Төлем балансының тепе-теңдігі
  3.  Мем/к қарыз мөлшер/ң өзгеруі

Ақша базасы/ң құрамы ақшаны ұсынуда мультипликациялану қабілетіне б/ты болғандықтан оған ықпал ететін факторлардан мультипликациялануына б/ты жіктелінеді. Ақша базасына негізгі ықпал етуші О.Б болғандықтан әртүрлі фактор/ң  оң әсер етуі ҰБ-ң ақша-несие саясатын жүргізудегі тактика/қ  ж/е стратегия/қ  қадам/на  б/ты.

Ақша базасы нақты сектор тарапынан үнемі туындап отыратын ақшаға деген сұранысты қанағаттандыратын ақшаны ұсыну/ң көзі. Сондақтан ақша базасына ықпал ететін фактор/ды реттеу/ң бірден бір мақсаты ақшаға деген сұраныс пен ұсыныс/ң арасындағы тепе-теңдікті қатаң сақтау.

Ақша базасына ықпал ететін фактор/ды анықтап білу ү/н ақшаны ұсыну/ң сценарийін ж/е оған қатысушыларын білу қажет. Ақша ұсыну/ң сценарийі б/ша келесідей қатысушылар бар:ҰБ. Екінші деңгейлі банк/р.Нақты сектор.Мемлекет

Аталған әрбір қатысушы/ң эк/қ-әлеу/к саяси мүдделеріне б/ты ақша базасына әртүрлі фактор/р әртүрлі бағытта әсер етеді. Ақша базасына монетар/қ ж/е монетар/қ емес фактор/р әсер етеді. Ықпал ету бағытын ҰБ реттейтін монетар/қ фактор/р ақша базасы/ң кеңейіне ж/е азаюына әсер етеді.

Ақша базасы/ң кеңейіне ықпал ететін фактор/р:

  1.  ҰБ ақша массасын стерелизациялау мақсатында шығырған нота/р өтегенде
  2.  ҰБ мем/к б.қ-ды сатып алғанда
  3.  ҰБ кері РЕПО оп/ын жүргізгенде

Ақша базасы/ң азаюына ықпал ететін фактор/р:

  1.  ЕДБ-р ҰБ-тен қайта қаржыландыру мақсатында алған несиені өтеген жағ/да
  2.  ҰБ жаңадан нота/ды эмиссиялағанда
  3.  ҰБ ком.банк/ге мем/к б.қ-ды сатқанда

11.Ақша агрегаттары туралы түсінік, олардың түрлері.

Ақша агрегаттары-атқаратын қызметінің ауқымы және соған сәйкес өтімділігі әр түрлі бүкіл ақша массасын құрайтын КБгі есеп шоттардағы ақшалай қаражаттар.Ақша агрегаттары әрбір мемлекеттің ақша массаның құрылымын анықтайды.

Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты, қалыпты болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді.

Ақша агрегаттары бір – бірінен өтімділігі бойынша ажыратылады. Ең өтімділігі жоғары агрегат болып  М0 ( қолма – қол ақша ) саналады. М1 – дің өтімділігі М0 – ге қарағанда азырақ, бірақ М2 – ден жоғары.

М2 ақша агрегаты қолма қол ақша  және қолма – қол емес құралдар арқылы анықталады, өз кезегінде олар халықтың жинақ жасауымен және заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтармен тікелей байланысты. Яғни, бұдан мынадай ойға келуге болады: халықтың жинақ жасау үрдісі интенсивті түрде жүрсе, халық банктерге сенеді және өз ақшаларын солардың шоттарында ұстаса, онда Орталық банк ақша массасын көбейте алады.  Ендеше халықтың жинақтар жасауы жаңа ақшалардың пайда болуын қамтамасыз ету функциясын атқарады деп айтуға болады.

Ал енді Қазақстан Республикасындағы ақша агрегаттарын көрсетейік:

М0 – айналыстағы қолма – қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша;

М1 – М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;

М2 – М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;

М3 – М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері;

Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта бола бермейді. Оларға бірден – бір әсер етуші фактор - ақша нарығы құралдары дамуының өзгеруі.

Ақша массасының негізгі компоненті – ол ақша базасы. Ақша базасы міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ол келесі формуламен анықталады:

                          МВ = СІС + RR + DCB

Мұндағы:

CIC – айналыстағы нақты ақшалар;

RR – міндетті резервтер;

DCB – екінші деңгейдегі банктердің ұлттық банкідегі корреспонденттік        шоттарындағы қаражаттары;

Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:

                                       А = М3/МВ

12.Ақша несиелік реттеу әдістерінің түсінігі және оларды классификациялау.

АНР саясатының мәні елдегі ақша тепе-теңдігін, яғни, сұраныспен ұсыныс арасындағы тепе теңдікті инфляцияны мақсатты макро экономикалық көрсеткішке сәйкес келетін деңгейде ұстап тұру болады. АНС-ын жүргізуде эко-ны ретттеудің тікелей және жанама әдістері қолданылады. Тікелей әдіс дегеніміз- Орт Банктің өзінің іс-әрекеттерін әкімшілік-құқықтық өкілеттігімен орындау. Ал жанама әдіс д/з-ақша нарығының жағдайына ақшаның эмитенті ретінде әсер етуі болып табылады. Тікелей әдістер тауарлардың бағаларын немесе көлемін орнатуда көрінсе, ал жанама әдіс нарық арқылы сәраныс пен ұсынысқа әсер етуі. Жанама әдістерді қолдану ақша қаражаттарынның қаржа-несие институтарынан қарыз капиталының ұйымдастырылмаған нарығына ағуын тоқтатады. Орт.банк жанама әдістерді қолдана отырып резервтік қорлардың ұсынысын анықтай алады. сонан соң ұсыныс пен сұранысты резервтік қорлардың қалдықтарына теңестіре отырып, банктердің өтімді қаражаттарына ықпал етеді. ҚҰралдары: Рестрикциялық (қымбат) ақша саясаты – ком-лық банктердің несиелік операциялардың көлемін шектеуге және шарттарын қатаңдатуға пайыздық қойылым деңгейін жоғарлатыуға бағытталған. Оны жүргізу әдетте салықтарды ұлғайтуға мем-тік шығындарды қысқартуға, сондай-ақ инф-ны төмендетуге бағыталған іс-шаралар жиынтығы. Рестрикциялық ақша несие саясаты инф-мен күресу мақсатында емес, іскерлік белсенділіктің циклдық өзгерісіне әсер ету үшін қолданады. Ал экспанциялық ақша несие саясаты – несие көлемін ұлғайтуға айналымдағы ақша массасының өсімін бақылауды жеңілдетуге, несиеге қойылатын пайыздық қойылымдарды төмендетуге бағытталады, немес бұл әдіс арзан ақаша саясаты депте аталады.

13.Ақша-несиелік реттеудің объектілері мен субъектілері.

А.н-к реттеудің субъектілері болып келесілер жатады:1.ҚР ҰБ; 2.2-ші деңгейлі банктер;3.қаржы министрлігі; 4.қазынашылық; 5.арнайы ұйымдастырған қаржы сигменнтері мен ақша нарықтары. А.н-к реттудің объектілеріның құрамына кіретіндер:1.ақша айналымы 2.ақша массасы 3.ақша базасы. Макроэкономикалық реттеуші институционалдық құрылымдар(ҰБ,қаржы министрлігі, заң органдары,және т.б.).Белгілі бір индикаторлар арқылы(қайта қаржыландыру ставкасы,қайта есептеу ставкасы,валюталық интервенция,міндетті резервтер нормасы және базалық пайыздық ставка).Реттелінуші объектілерге (ақша массасы,ақша агрегаттары,2-ші деңгейлі банктердің өтімділігі,ақшаға деген сұраныс пен ұсыныс,ақша базасы,алтын валюта резерві) ықпал жасайды.

14.Артық резервтік ақшалар және оған сипаттама

Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкіндегі корреспонденток шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденток шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденток шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.Oл ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді. Банктер артық резервтерді сақтайды – бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.
Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері аен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген “ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы ” нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын.Қазіргі уақытта ол төменлеп,10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы,яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге,яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

15.  Ақша массасының құрамы және құрылымы, оған ықпал ететін факторлар.

Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы болып табылады. Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ,, ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланады. Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы – жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады.  Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.

Ақша массасының құрамы елдегі экономикалық инфрақұрылымдарының даму дәрежесімен және банктер жүйесінің сонымен бірге банктік емес несиелік мекемелерінің түрлерінің қалыптасу заңдылықтарымен анықталады.

Ақша массасының құрылымына келесі ақша агрегаттары кіреді:

• М0 - айналыстағы қолма- қол ақша;

• М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп шоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалырдың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;

• М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;

• М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекіттік займ облигацияларын біріктіреді;

Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта бола бермейді. Оларға бірден – бір әсер етуші фактор - ақша нарығы құралдары дамуының өзгеруі.

Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінің алдындағы барлық элементтерін өзіне біріктіріп ақша масассын құрайды. Ақша айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейіне байланысты болды, ол ақша жиынының ЖІӨ-ге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлар деңгейі жоғарылайды.Қазақстан Респуликасында ақша массасы Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және оның құрамының айналыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар мен үй шаруашылығы депозиттері жатады.

16. Инфляциялық таргеттеу тәжірибесі.

  Экономиканың  тиімді дамуы үшін инфляцияның төменгі  деңгейін ұстап тұру және инфляцияның  мақсатты көрсеткіштерін қамтамасыз етуде  инфляцияны таргеттеудің ақша-несие саясатындағы орны ерекше. Инфляция таргеттеу саясаты арқылы экономика дамуында алдағы жылдарға негізгі экономикалық көрсеткіштер мен инфляцияның деңгейін жылдар бойынша белгілейді. Бұл саясатты жүзеге асыруды және толық қадағалап отыруды Ұлттық Банк өзінің басты міндетіне айналдырады. Инфляцияны таргеттеу принципіне өту кезінде келесі негізгі қызметтер мен шаралар қолданыс табады:

Бағалы қағаздардың алғашқы және қайталама рыноктарының дамуына ықпал ету;

Ұлттық Банктің бағалы қағаздар портфелін кеңейту;

Қаржы нарығының реттеуші құралы болып қайта қаржыландыру пайыз ресми мөлшерлемесін және Ұлттық Банктің қысқа ноталарының өтімділігін реттеуші «РЕПО» операцияларын дамыту көзделген;

Ұлттық ақша бірлігінің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету арқылы экономикада қызмет етуші тұлғаларға тиімді орта қалыптастыру және алдын ала көрсеткіштер арқылы олардың өз қызметтерін жоспарлауға жағдай жасау.  

Инфляцияны таргеттеу- инфляция жөнінде мейлінше дәл болжамдар алу үшін кең ақымды деректерді пайдалануды  көздейтіндіктен, деректер базалары және болжам жасау жүйесі, бағдарлама жасаушылар тобының ұйымдық құрылымы, ақша-несие саясаты ережелерінің модельдері оның аса маңызды құрамдастары болып табылады.

Маңыздылығына қарай оларды инфляцияны таргеттеу инфрақұрылымы деген жалпы атпен біріктірейік. Мұнда инфляцияны таргетте инфрақұрылымының ағымдағы жай-күйіне талда жасалады және оны дамытдың бұдан былайғы бағыттары белгіленеді.

Ақша –несие саясатының  негізгі құралдарын дамытудың жеткілікті деңгейі, ОБ құралдары мен инфляция  арасындағы өзара байланысты түсіну, инфляцияны болжаудың тиісті әдістемесінің болуы инфляцияны таргеттедің маңызды  аспектісі болып табылады. Оның қажеттілігін былай түсіндіруге  болады:

  1.  Баға тұрақтылығы- бұл қаржы жүйесі тұрақтылығының негізі
  2.  Бірнеше мақсаттың болуы  олардың арасындағы шиеленіске әкеліп соғуы мүмкін
  3.  Бюджет тапшылығын инфляциялық қаржыландыру ОБ ақша базасына, тиісінші инфляцияға да ықпалының тиімділігін төмендетеді.
  4.  Экономиканың өсу қарқынын қолдау жөніндегі  кейбір қысқа мерзімді мақсаттар ұзағ мерзімді  баға тұрақтылығын ұстау мақсаттарына қайшы келі мүмкін.

Инфляциялық таргеттеудің негізгі элементтері:

-ортамерзімдік көрсеткіштерді жария ету;

-ақша-кредит саясатының негізі ретінде баға тұрақтылығының институционалды келісімі;

-ортамерзімдік бағдар алудағы тәуелсіздік;

-ақша-кредит саясатының жоғары транспаренттілігі;

-қадағалау органдарының жоғарғы жауапкершілігі.

Инфляцияның Ұлттық Банк болжамының деңгейіне жақын болуы монетарлық сасаттың жеңісі болып табылады. Қазақстанда да болжамды деректер жасалынып, олар нақты деректермен салыстырылып жүр. Инфляция деңгейі көрсеткішінің қажеттілігі тек ақша нарығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар экономиканың бүкіл жағдайын көрсететіні екендігі тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана ғылыми тұрғыдан дәлелденді.

17.Ақша-несиелік реттеу қатынастарының негізгі элементтерін болжау анрдің құралдарын жеке дара түрде қолдану мүмкін емесс. Себебі олардың әдетте 2 немесе одан да көп түрін пайдалану керсінше ол құралдардың тиімділігін 1-1і арқылы күшейтіп отырады. АНРдің құралдары ықпал ету объектісіне байланысты формулаларымен параметр сипатында және әсер ету мерзіміне бты бөлінеді. Ықпал ету субъектісіне бты нақты мақсаттарға бты ансаясатының несиелік эмиссияны ынталандыруға бағытталса, кейде шектеуге бағытталады.

Кейбір елдердің тәж/і көрсеткендей инфляцияның мақсатты көрсеткіштер жүйесін енгізгенде мынадай факторлар ықпал етуі мүмкін:  

- бюдж. тұрақты жағдайы;

- қаржы жүйесінің тұрақ/ы;

- Орт. Банктің тәуелсіздігі;

- Елдегі демократия; т.б.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу шеңберінде 2013-2015 жылдарға арналған 3 сценарийлік болжамды қарады, олар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2017 жылдарға арналған болжамдарын қалыптастыру кезіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағаларымен үйлестірілген және келісілген. мұнайдың әлемдік бағасының орташа жылдық деңгейі сценарийлік нұсқаларға бөлудің негізгі өлшемі болып айқындалды (1-кесте).2013-2015 жылдар

 

I сценарий

бір баррель үшін 90 АҚШ долл.

Мұнайдың әлемдік бағасы

II сценарий

бір баррель үшін 60 АҚШ долл.

III сценарий

бір баррель үшін  120 АҚШ долл.

Қазақстан Республикасы ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамдары төлем балансының жеткілікті дәрежеде консервативті болып табылатын болжамдарына негізделген.

2013-2015 жылдары инфляция аясының ағымдағы деңгейде сақталуы күтіледі. Шикізат пен азық-түліктің әлемдік нарықтарындағы тұрақсыздық, іскерлік белсенділіктің тұрақты өсуі, ішкі бәсекелестіктің жеткіліксіз даму деңгейі және тауарлар мен қызмет көрсетудің жекелеген нарықтарын монополизациялаудың жоғары дәрежесі, аймақтарда сауда инфрақұрылымының нашар дамуы сияқты факторлар инфляцияның негізгі тәуекелдері болып қала береді.

2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың барлық сценарийлерін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады, бұл инфляцияны 6,0-8,0% дәлізде ұстап тұруды болжамдайды.

Бірінші сценарий әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы ахуалдың тұрақты дамуын болжамдайды. Әлемдік экономика ақырын, бірақ үдемелі өсуді көрсететін болады.

 

18.Мультипликатор коэффициенті және оның мазмұны.Өндipic қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжау кұрады.Өсу формуласының негізінде «мультипликатор» теориясы жатыр. Ол кейінірек «акселерация» теориясымен толықтырылды.Мультипликатор — көбейткіш, ал акселератор — бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті. «Мультипликатор» ұғымын ағылшын экономиci Кан 1931-ші жылы енгізген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің «Жұмыспен қамту, өciм және ақшаның жалпы қарқыы көзқарасын дамытты. Бұл ұғымды А. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н. Калдор және басқалар, өз еңбектерінде қарастырған. Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өcyі кезіндегі  ұлттық табыстың қанша есеге өсетіндігін көрсетеді. Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. долл. тең делік және орташа табыс жылына 1000 долл. болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады. Біpaқ жолды салуға белгілі көлемде ipi жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек (сол бұрынғы жылдық табыс бойынша) болды. Жұмысты атқаратындардың (жұмыстылықтың) өcyi тұтыну заттарына сұранымды өcipe түседі. Сөйтіп келесі кезекте олардың өндірісінің ұлғаюына алып келеді және 800 адамды қосымша жұмысқа тартады.Демек, инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау нәтижесінде, жұмысты атқаратын-дардын түпкі жиынтығы 3000 адам жалпы 15 млн. долл. табысты кұрайды немесе алғашқыдан 3 есе көп деген сөз. Бұл жағдайда мультипликатор 3-ке тең.Акселератордың ic-әpeкeті мультипликатармен байланысты: мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өcyiн (оның өcyi еселенеді) қарастырады; акселератор (дайын өнім сұранымының өсушілігіне инвестициялық сұраным өсушілігінің коэффициенті) — ұлттық табыстың өcyi инвестицияның өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. Экономикалық өсудің бipтeкті, бip бағытта ic-әрекет жасайтын мультипликациялық пpoцec пайда болады. Акселерация принципін алғаш рет 1913-ші жылы француз экономисі А. Афтальон (1874-1956) және 1919 жылы американ экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кешірек ол Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон еңбектерінде одан әpi дами түсті.

19. ҚР ақша массасының құрылымының және құрамының ерекшеліктері.

Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы болып табылады. Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ,, ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланады. Ақша массасы статистикалық шама және көлемі белгілі бір кезең аралығындағы кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігінің нәтижесі.Ақша массасы арқылы ресми монитарлық органдар экономикадағы кәсіпкерліктің деңгейін реттеп отырады. Ақша массасының өзгеруіне экзогенді және эндогенді факторлар әсер етеді.Сонымен қатар ақша массасының өзгеруі ақшаға деген сұраныс пен ақшаны ұсынудың арасындағы тепе теңдікке байланысты.Егер ақшаға деген сұраныс пен ақшаны ұсыну тепе тең болса, онда ақша массасы тұрақты болады. Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы – жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша массасы – ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әртүрлі көрсеткіштер – ақша агрегаттары қолданылады.

Ақша массасының құрамы сол елдегі несие – ақша жүйесімен анықталады.Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекттің өзіне тән ақша - несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ- та ақша массасын анықтау үшін - төрт, Швецария мен Германияда - үш, Ұлыбританияда- бес, Францияда - екі ақша агрегаттары қолданылады.Қазақстан Республикасының ақша массасының құрлымына келесі ақша агрегаттары кіреді:

  1.   М0 - айналыстағы қолма- қол ақша; М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп шоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалырдың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді; М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекіттік займ облигацияларын біріктіреді;

20.Ақша массасын бағалау әдістері

Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы болып табылады. Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ,, ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланады. Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы – жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша массасы – ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әртүрлі көрсеткіштер – ақша агрегаттары қолданылады. Бұл агрегаттардағыақша массасының мөлшерін бағалау ақша кредит айналымының әртүрлі параметрлерін толығырақ сипаттауға , ақша айналысының даму тендентциясын және олардың экономикаға сәйкесуін бағалауға мүмкіндік береді.  

21. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің ерекшеліктері.

Бүгінгі күні Қазақстанда валюталық реттеудің мәні тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің саясатының ықпалы болып табылады. Тиісінше, валюталық реттеудің міндеттері мыналар болып табылады: (1) елде валюталық құндылықтар айналысы тәртібін белгілеу, (2) елде дүниежүзілік экономикаға одан әрі шоғырландыру үшін жағдайлар жасау, және (3) валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету.

Лицензия алу шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін ғана қажет (валюта айырбастау пункттерінің қызметі).

Капитал қозғалысымен байланысты операциялар бойынша (қаржы заемдары, тікелей  инвестициялар, коммерциялық кредиттер, шетел банктеріндегі шоттар) статистикалық ақпарат жинау мақсатында Қазақстанда тіркеу және хабарлау режимдері бар. Аталған режимдер шеңберінде алынатын ақпарат төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және жалпы сыртқы борыш бойынша статистикалық және талдау ақпаратын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Тіркеу және хабарлау режимдері капитал қозғалысының ірі операцияларын есепке алады, олар Қазақстан Республикасына баламасы 500 мың АҚШ долларынан астам сомаға капиталдың (мүлік, ақша қаражаты) түсуін немесе Қазақстан Республикасынан баламасы 100 мың АҚШ долларынан астам сомаға капитал (ақша қаражаты, мүлікті беру) аударуды көздейді.  

Тіркеу режимі резиденттің капитал қозғалысы операциясын жүргізуге негіз болатын валюталық шарттың көшірмесін осындай операция жүргізгенге дейін Ұлттық Банкке ұсынуын көздейді, ал хабарлама беру режимі кезінде операция бойынша ақпарат (оның ішінде валюталық шарт) Ұлттық Банкке операция жүргізілгеннен кейін беріледі.  

22. Экономиканы ақша-несиелік  реттеудің әдістері мен құралдары.

Ақша-несие  - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

    Ақша-несие  саясатының түрлері

Шаруашылық  жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

2) экспанциялық ақша-несие саясаты.

    Рекстрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

    Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

    Ақша  саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады. Ақырғы мақсат:

а) экономиканың өсуі;    ә) толық жұмысбастылық;

б) бағаны тұрақтандыру;   в) төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық  мақсат:

а) ақша жиыны;     ә) пайыз мөлшерлемесі;

б) айырбас  курсы.

Құралдары:

а) несие  берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

б) есептеу  мөлшерлемесінің өзгерісі;  в) ашық нарықтағы операциялар.

    Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

    Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

    Аралық  мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құраддары арқылы жүзеге асырылады.

    Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құраддарының көмегімен реттеледі:

• қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;

• ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

• мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

• анктерге және үкіметке несие беру;

• валюталық нарықтағы басқыншылық;

• кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;

• ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.

23.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің халықаралық валюта-қаржылық       ұйымдармен ынтымақтастығы.

Қазіргі нарықтық жағдайда әлемдік экономикада халықаралық қаржылық ұйымдар маңызды рөл ойнайды. Олардың қызметтері негізінен әлемшаруашылық байланыстарды нығайтуға және валюта несие қатынастарына қатысушы мемлекеттерді белсендіруге бағытталған. ХҚҰ- халықаралық қаржы жүйесінің ең маңызды элементі немесе кілті деп айтуға болады. Қомақты қаржы ресурстарын ұстай отырып, олар көптеген мемлекеттері мен әлем аймақтарының экономикалық дамуына көзге көрінерлік әсер береді. Қазіргі кезде барлық дерлік мемлекеттер халықаралық экономикалық және валюта қаржылық ұйымдармен байланыс орнатуға қызығушылық білдіруде.

Ұлттық Банк мемлекеттің  орталық банкі ретінде Қазақстан  Республикасының әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне кіру үдерісіне  тартылған. Қазақстан Республикасы халықаралық қаржы ұйымдарының  тұрақты мүшесі болып табылады. Ұлттық Банктің халықаралық қызметі  мынада негізгі бағыттар бойынша  дамиды:          

- шетелдік мемлекеттердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен байланысты дамыту және тереңдету.         

- ТМД елдерінің мемлекетаралық ұйымдық құрылымдарына және аймақтық интеграциялық ведомстволарға қатысу.          

- Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына мүше болуы. Қазақстан Республикасы және Халықаралық Валюта Қоры арасында мынадай кредиттік келісімдер жасалды:           

1. Макроэкономикалық тұрақтандыру  және жүйелік қайта құрулар  үшін Қазақстан Республикасына  ресурстар беру бағдарламасы (STF).             

2. Резервтік кредит туралы  келісім (Stand-by 1).            

3. EFF келісімі, Қазақстан  оған сәйкес EFF келісімінің бүкіл  қолданылу кезеңі бойы Үкімет  және ҚҰБ қандай да болмасын  валюталық шектеулерді енгізу  немесе күшейту, көптеген валюта  бағамдарын қолданудың қандай  да болмасын практикасын енгізу  немесе түрлендіру

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ХВҚ қаражатын оны сатып алу түрiнде тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ХВҚ мүшелiгiне қатысты қарарлардың және ХВҚ Келiсiмi баптарының шарттары мен ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының атынан ХВҚ-ға сомалар төлеп отыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ХВҚ Қарыз алу арнаулы құқықтары департаментiнiң қызметiне қатысуына байланысты төлемдердi жүзеге асыруға уәкiлеттi. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып басқа халықаралық ұйымдардан заемдар тартуға, заемдар тартудың қаржылық шарттарын айқындауға және осындай заемдар бойынша келiсiмдердi дербес жасасуға құқылы.

24.АНР-дің әдістерінің құралдары және оның классификациясы.

АНР-ын жүргізуде эко-ны реттеудің тікелей және жанама әдістері қолданылады. Тікелей әдіс дегеніміз- Орт Банктің өзінің іс-әрекеттерін әкімшілік-құқықтық өкілеттігімен орындау. Ал жанама әдіс д/з-ақша нарығының жағдайына ақшаның эмитенті ретінде әсер етуі болып табылады. Тікелей әдістер тауарлардың бағаларын немесе көлемін орнатуда көрінсе, ал жанама әдіс нарық арқылы сәраныс пен ұсынысқа әсер етуі. Жанама әдістерді қолдану ақша қаражаттарынның қаржа-несие институтарынан қарыз капиталының ұйымдастырылмаған нарығына ағуын тоқтатады. Орт.банк жанама әдістерді қолдана отырып резервтік қорлардың ұсынысын анықтай алады. сонан соң ұсыныс пен сұранысты резервтік қорлардың қалдықтарына теңестіре отырып, банктердің өтімді қаражаттарына ықпал етеді. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық Банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

  1.  ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
  2.  ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме;
  3.  РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
  4.  «овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
  5.  овер драфт займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
  6.  банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі— ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық Банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. «Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттык Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.Овердрафт заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҮБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.Банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктердің уақытша бос қаражаттарын тартуға байланысты қолданылады.

25.Артық резервтер және оның қалыптасу ерекшеліктері.

Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.

Банк резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқгы резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциялдық нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде, міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

26.Міндетті резервтік ақша және оны қалыптастыру тәртібі.

Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктерімен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).

Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.

Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады.

Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.

Банктер артық резервтерді сақтайды — бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс есетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.

Міндетті резерв нормаларын шектен тыс жоғарылату іскерлік белсенділікті төмендетеді, банктер тартылған ресурстарды тиімді пайдалана алмайды. Өйткені кредит берудің аясы азайып, айналыстағы ақша массасы кемиді. Айналымдағы ақша массасын реттеудің тиімді құралына қайта қаржыландырудың пайызд.мөлшерлемесі жатады. Орталық банк бұл саясат арқылы коммерц/қ банктерге кредит береді. Орталық банк құнды қағаздарды сату ж/е сатып алу арқылы резервтерді банк жүйесіне тартады н/е олады бұл жүйеден алады. Осы арқылы айналымдағы ақша массасын көбейтеді н/е азайтады.    

Практикада міндетті резервтер нормасы қайта қаржыландыруға сирек түседі, өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мультипликатор арқылы жүргізгенде үлкен болады.

27. Ақша-несиелік  саясатты болжау.

Ақша-несие саясатының мәні елдегі ақша тепе-теңдігін, яғни, сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті, инфляцияны мақсатты макро- экономикалық көрсеткішке сәйкес келетін деңгейде ұстап тұру болып табылады. Дәлелді болжамдар ақша-несие саясатының негізгі мақсатына қол жеткізуге көмектесетін ақша-несие саясатының құралдарын таңдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты ақша-несие саясатының экономиканың нақты секторына ықпал ету нәтижесін болжау техникасын әзірлеу өзекті проблема болып табылады. Ақша-несие саясатын әзірлеу мен жүргізуге ақша-несие саясатының негізгі құралдарын таңдау, ақша массасы, несиелер және жинақ ақша бойынша статистикалық деректер базасын құру мен жүргізу, осы елдің және ақша-несие саясатының негізін құрайтын басқа мемлекеттердің экономика және ақша-несие саласының кейбір мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, қаржы бағдарламаларын жасау және олардың орындалуын бақылау кіреді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу шеңберінде 2013-2015 жылдарға арналған 3 сценарийлік болжамды қарады, олар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2017 жылдарға арналған болжамдарын қалыптастыру кезіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағаларымен үйлестірілген және келісілген. мұнайдың әлемдік бағасының орташа жылдық деңгейі сценарийлік нұсқаларға бөлудің негізгі өлшемі болып айқындалды (1-кесте).2013-2015 жылдар

I сценарий

бір баррель үшін 90 АҚШ долл.

Мұнайдың әлемдік бағасы

II сценарий

бір баррель үшін 60 АҚШ долл.

III сценарий

бір баррель үшін  120 АҚШ долл.

Қазақстан Республикасы ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамдары төлем балансының жеткілікті дәрежеде консервативті болып табылатын болжамдарына негізделген.

2013-2015 жылдары инфляция аясының ағымдағы деңгейде сақталуы күтіледі. Шикізат пен азық-түліктің әлемдік нарықтарындағы тұрақсыздық, іскерлік белсенділіктің тұрақты өсуі, ішкі бәсекелестіктің жеткіліксіз даму деңгейі және тауарлар мен қызмет көрсетудің жекелеген нарықтарын монополизациялаудың жоғары дәрежесі, аймақтарда сауда инфрақұрылымының нашар дамуы сияқты факторлар инфляцияның негізгі тәуекелдері болып қала береді.

2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың барлық сценарийлерін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады, бұл инфляцияны 6,0-8,0% дәлізде ұстап тұруды болжамдайды.

Бірінші сценарий әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы ахуалдың тұрақты дамуын болжамдайды. Әлемдік экономика ақырын, бірақ үдемелі өсуді көрсететін болады. Екінші сценарий орта мерзімді перспективада әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы ахуалдың нашарлауы жағдайында пессимистік болжамдарды көздейді. Үшінші сценарий Қазақстанның 2013-2015 жылдардағы макроэкономикалық дамуы анағұрлым қолайлы сипат алатындығын болжайды. Алайда,  іскерлік белсенділіктің өсуі барлық секторлардағы баға көрсеткіштеріне қысым жасайтын болады.

28.Валюта нарығындағы  орталық банктердің  интервенциясы.

Валюталық интервенция деп – ұлттық валюта бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары Қазақстан теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және валюталық мәмiлелердiң басқа да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге асырылады.

     Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.     Айналыстағы ақша массасына ықпал ету мақсатында Ұлттық Банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру Ұлттық Банкпен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісім-шарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығын беретін бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушылары арқылы жүргізіледі. Ақша нарығында тұрақтылыққа, шетел валютасына, сұраныстың тепе-теңдігіне және инфляцияның бақыланатын деңгейіне қол жеткізу, валюталық операцияларды жүргізу кезінде жекелеген шектеулерді алуға бағытталған валюталық режимді ырықтандыруға деген жаңа тәсілдерді шығару, уақыт және халықаралық тәжірибе талаптарына сәйкес валюталық операцияларды реттеудің өзге де әдістерін қолдану қажеттілігін тудырды. Орталық банктердің маңыздылығы  жағынан жоғары реттеуші   функциясы – ақша және валюта нарықтарында интервенциялық операциялар жүргізу арқылы несиеге және шетел валютасына деген сұраныс пен ұсынысты реттеу болып табылады. Валюталық реттеу және бақылау саласындағы заңдар бекіткен, шетел валютасын пайдалануға байланысты операцияларға әкімшілік бақылаудың басқа да шаралары қолдануда. 1993 жылы қабылданған "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында шектеусіз жүзеге асырылатын ағымдағы валюталық операциялардың тізбесі белгіленген болатын. Ұлттық Банкі төлемдері және ақша аударымдарын ұйымдастыруды, үйлестіруді, реттеуді жүзеге асырады, төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін қолданудың ережелері мен ерекшеліктерін, төлем нұсқауларының мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды айқындайды, қолма-қол ақша пайдаланылатын төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен талаптарын белгілейді. Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы аумағында төлем жүйелері жұмысының тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды, өз құзіреті шегінде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесін ұйымдастыруға қатысуға құқылы. Ұлттық валюта жұмыс істеген алғашқы жылдары сұраныс негізінен инфляциялық қысым, банк аясына сенімділіктің төмен дәрежеде болуы, жалпы халық үшін балама төлем құралдарының қол жетімсіздігі, шетел валютасынан басқа  жинақ ақшаны сақтауға арналған сенімді құралдардың іс жүзінде толықтай болмауы есебінен қалыптасты. Осы кезеңде айналыстағы қолма-қол ақшаның орташа жылдық өсуі 48% құрады.

29 Мемлекет тарапынан ақшаны ұсынудың жолдары.

Дұрыс жолмен жүргізілген ақша несиелік реттеу эк-қ өсуді қамт-з ететін бірден бір фактор б.т. Ақша несиелік реттеу қазіргі таңдағы өркениет пен дамудың ажырамас бөлігі. Олардың қызметі қоғамдық өнімді өндіру, бөлуді және тұтынуды бір бірімен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады.Ақша және несие мемлекеттің эк жүйесінің бір бөлігі ретінде қоғамдық дамудың проблемаларын заңдылықтарын айқындайды. Сондықтан оларды жалпы эк жүйеден бөліп қарастыру мүмкін емес. Яғни ақша несиелік реттеудің қажеттілігі: макроэк-қ тұрақтылыққа қол жеткізуде, инфл-ға қарсы күресте, монопалис-ң қыз-не баға белгілеуде байқалады. Сонымен қатар ақша несиелік реттеу қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нары-ң, бағ қағ нары-ң және т.б. нары-ң одан әрі дамуына және банк жүйе-ң нығаюына үлес қосады. Ақша несиелік реттеу елдегі ақша тепе-теңдігін, яғни сұр пен ұс арасындағы тепе-теңдікті, инфл-ны, мақсатты макроэк-қ көрсеткішке сәйкес келетін деңгейде ұстап тұру б.т. Ал дәлелді болжамдар ақша несие реттеудің негізгі мақсатына қол жеткізуге көмектесетін ақша несие саясатының құралдрын таңдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты анр эк-ң нақты секторына ықпал ету нәт-ін болжау, техникасын әзірлеу өзекті проблема б.т.Ақша несие реттеуді әзірлеу мен жүргізу ақша несие саясатының негізгі құралдарын таңдау, ақша массасы, несиелер және жинақ ақша б/ша статистикалық деректер базасын құру мен жүргізу, осы елдің және анр негізін құрайтын басқа мемл-ң эк және ақша несие саласының кейбір мәселелері б/ша зерттеулер жүргізу, қаржы бағдарламаларын жасау және олардың орындалуын бақылау кіреді.ҚРҰБ негізгі мақсаты – баға тұрақтылығын қамт-з ету. Бұл мақсаттарға жету үшін ҰБ мынандай міндеттер жүктеледі:

  1.  мемл-ң анс әзірлеу және жүргізу
  2.  төлем жүйе-ң жұмыс істеуін қам-з ету
  3.  валю-қ реттеу және валю-қ бақылауды ж.а.
  4.  қаржы жүйе-ң тұрақтылығын қамт-з ету.

АНР іске асыру мақсатында ҰБ операц-ң мынандай түрлерін ж.а.: заемдар беру, депозиттер қабылдау, валюталық интервенциялар, ҰБ қысқа мерзімді ноталарын шығару, коммерц-қ вексельдерді қайта есепке алу, ҰБ Басқармасының шешімі б/ша басқа да опер-р жүргізу. ҚР заңына сәйкес ҰБ анс:

  1.  ресми қайта қаржы-у ставкасы
  2.  анс негізгі опер-ры б/ша сыйақы ставка-ң деңгей-ін
  3.  ең төменгі резервтік талап-ң нормативтерін
  4.  айрықша жағд-да опер-ң жекелеген түр-ң деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқ ж.а.Ақша массасы – ж.т-ға, ко мен мемл-ке тиісті және шаруаш-қ айналымына қыз ететін сатып алу және төлем құрал-ң жиынтығы б.т. Ақша агрегаты - белгілі бір мерзім аралығында сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша масса-ң көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әртүрлі көрсеткіштер. Ақша мультипликаторы – ақша базасы бір бірлікке өскеде, ақша ұсыныс-ң қалай өзгеретіндігін көрсетеді. Ақша базасы – ҰБ касса-ғы қ-қ ақшаны қоспағанда ҰБ айналысқа шығарған қ-қ ақша, банк-ң аударылатын және басқа депозиттері, банктік емес қаржы ұйым-ң аударылатын және басқа депозиттер, мемл-к және мемл-к емес қаржы ұйым-ң ҰБ теңгедегі ағымдағы шоттары кіреді.

30 Ақша айн-мын реттеу әдіс-гі касса айналымын болжау.

Қаржы ұйым-ң қызметін лицензиялау, бақылау және қадағалауды ж.а., сонд-ақ олардың қызметін реттеуде ҚР заң актісіне сәйкес ҰБ мынандай қыз-р атқарады:

  1.  шетел валютасымен айырбас операц-ын ұйым-тын з.т-ға осы айырбастау операц-ын жүргізуге лицензиялар беру
  2.  банк опер-ң жекелеген түр-ін ж.а-ын ұйым-ға банкноталарды, монета-ды, құндылықтарды инкассациялауға, банкаралық клирингке, сейф опер-на, төлем карточкаларын шығаруға лицензия береді
  3.  инкассация б/ша опер-дың ҚРҰБ лицензиясы негізінде ж.а. з.т-ң, сонд-ақ қызметтің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау опер-ын ұйым-у болып табылатын з.т-ң жарғ кап-ң ең төменгі мөлшерін ж/е қалым-у тәртібін белгілейді
  4.  шет мемл-ң өкілетті орган-мен, ОБ-мен ытымақтастықта болып, қажетті ақпаратпен алмасады
  5.  ҚР заң акті-де айқындалған өкілеттігі шегінде ақша төлемдері ж/е аудармалы, валюталық опера-ды ж.а. ж/е т.б. мәселелер б/ша барлық банктер банк опер-ң жекелеген түр-ін ж.а. ұйымдар ж/е олардың клиенттері орындауға тиісті нормативтік құқықтық актілер шығарады
  6.  бұхг-к есеп ж/е қаржылық есептілік жүйесін реттеу жөніндегі өкілетті орг-мен келісе отырып, халықаралық бұхг-к есеп стандарт-ын, сонд-ақ оларға әдістемелік ұсыныс-ды әзірлейді және бекітеді
  7.  өкілетті орг-ң келісімі б/ша ҚР заң актісінде көзделген жағд-да қаржы ұйым-ң қаржылық есептіліктерінің халықаралық стандарт-ға сәйкес келетін тізбесін және нысанын, сонд-ақ ұсыну мерзімі мен тәртібін белгілейді

31 Банкноттар эмиссиясына сипаттама

Эмиссия – кең мағынасында айналымға ақшаны құнды қағаздарды, есеп айырысу-төлем құжаттарын, пластикалық карточкаларды ж/е т.б. шығарумен байланысты сөз.  

Ақша эмиссиясы – айналымдағы ақша массасының жалпылама артуына әкелетін барлық ақша түрлерінің айналымға шығуын  білдіреді.

Эмиссиялық операцияларды Орталық банк ж/е қазына мекемесі жүзеге асыруы мүмкін. Қазақстанда эмиссиялық операцияларды ҚР ҰБ жүзеге асырады.Банкнот эмиссиясы өндіріс салаларының ж/е қызмет көрсету салаларының кассалық қызмет көрсетулерімен байланысты:қолма-қол ақшаның кассалық резервін арттыру қажет болғанда – коммерциялық банктер, мемлекеттік бюджет,мемлекеттік борыш ж/е т.б.

32.Қазақстандағы ақша базасының құрылымы.

Қазақстанда ақша массасының дербес компонентеріне ақша базасы жатады. Іс жүзінде «резервтік ақшаны» ақша базасы деп атау қабылданған. Ақша базасы міндетті резервтік ақша және айналымдағы қолма-қол ақшадан тұрады. Оның осы аталған компоненттері банк секторы депозиттерін жартылай резервтік жабу жағдайында абсолютті түрде әр бағыттағы факторлармен басқарылады. Мысалы, міндетті резервтік ақшаның көлемі Ұлттық банктің бекіткен мөлшерден, ал басы артық резервтік ақша коммерциялық банктердің клиенттерден түсетін қолма-қол ақша өтімділігі өз басқаруына қалауынша байланысты болады. Коммерциялық банктердің Ұлттық банктің резервтік ақшасынан тәуелсіз болуы, басы артық ақша резервін көбейтіп, Қазақстан банк секторындағы сырттан қарызға алынатын жаңа депозиттерге деген тәуелділікті күшейтіп отыр. Ақша базасын іс жүзінде кейде «қуат ақшасы» деп те атайды. Өйткені олар ақша жүйесі негізіне жатады. Қазіргі жартылай резервтік жабу жүйесінде Ұлттық банк тарапынан ақша ұсынысын толықтай бақылауға алу мүмкін емес. Олай істелетін болса, жағдай бұрынғыдан да қиындай түседі. Себебі коммерциялық банктер орталықтың қаржыландыруына тәуелді емес. Әрине, Ұлттық банктің резервтік ақшаны ұстаушы ретінде ақша ұсынуды бақылау мен депозиттерді 100 пайыз резервтік қамтамасыз ету жағдайында ақша экспансиясына абсолюттік вето қою мүмкіндігі болар еді. Бірақ, өкінішке қарай, айырбасталмайтын несие ақшалары жағдайында олай істеу мүмкін емес. Ақша базасы мен ақша ұсынысы арасындағы байланыс, яғни экономикадағы ақша массасының өзгеруі ақшалы мультипликаторға байланысты болады. Қазақстандағы оның мәні 2,5-ті, яғни жаңа депозиттің 1 теңгесі банк секторында депозиттік-несие экспансиясы процесінде 2,5 есеге өсіп кетеді. Ал ІЖӨ жылына 1,08 есе ғана өседі.

33. Инфляцияның экономикалық салдары.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. «Инфляция» термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% — ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция – бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы – бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс жєне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасыда. Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен  көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті.  Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық  шаруашылық пропорциялар бұзылады. Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде  инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.

Инфляция – бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.

Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, , ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды  арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.

Инфляцияның экономикалық — әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат.

Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.

Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.

Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономнкада «Танзи-Оливер әсері» деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды.

34. Ақша белгілерінің резервтік қорлары,  олардың мәні.

Қолма-қол ақшаның резервтiк қорлары (бұдан әрi - резервтiк қорлар) Ұлттық Банктiң әрбiр бөлiмшесiнде құрылады. Резервтiк қорларда қолма-қол ақша эмиссиялық бумада, Ұлттық Банктiң бумасында және клиенттердiң бумасында болады.

     Эмиссиялық бумадағы қолма-қол ақша резервтiк қорларда оларды парақтап санамай-ақ немесе көлемi бойынша қайта санамай-ақ сақталады.      Резервтiк қорларды сақтау және олармен операциялар жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердiң бөлiнуiне қарамастан бөлiмшенiң басшысы мен бас бухгалтерi резервтiк қорлардың сақталуы мен эмиссиялық-кассалық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн дербес жауап бередi. Ұлттық банктiң бөлiмшелерi резервтiк қорларды нығайту үшiн Ұлттық банктiң орталық аппаратының арнайы өкiлеттi бөлiмшелерiне қолма-қол ақшаға қажеттiлiк сомасы көрсетiлген тапсырыс бередi.

. Қолма-қол ақша айналымына жауапты Ұлттық Банктiң орталық аппаратының арнайы өкiлеттi бөлiмшелерi алынған тапсырыс және қолма-қол ақша айналымының орындалған талдауы негiзiнде Ұлттық Банк бөлiмшелерiнiң резервтiк қорларының ақшамен нығайтылуына қажеттiгiн есептейдi және Ұлттық Банк Төрағасының жетекшiлiк жасайтын орынбасары бекiтетiн Ұлттық Банк бөлiмшелерiнiң резервтiк қорларын қолма-қол ақшамен ф.1

35.Ақша айналымын эмиссиондық –кассалық реттеу.

Ұлттық банк – бұл эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» рөлін атқарды. Ұлттық банк – занды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган.

Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.

Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетгі мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады. Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады. Ақша айналымын ұйымдастыруға байланысты екі ұғым бар: -эмиссия; -айналымға  ақша шығару; Жалпы айналымға ақша күнбе күн шығарылып отырады, яғни банктен қолма қол ақша бергенде және несие берілгенде жүргізілетін операциялар  айналымға ақша шығару болып есептеледі.

Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін. Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа баңкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипттайды. . Қазақстанда эмиссиялық операцияларды ҚР ҰБ жүзеге асырады.

Кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, сорттау немесе сұрыптау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді. Касса жұмысын   ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және  қолма – қол ақшаны өңдеу үшін  банктерде келесідей бөлімшелері болуға тиіс:

-кіріс, шығыс  кассалары;-қайта санау кассасы;-кешкі касса

    Банк кассасына клиенттерден қолма қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу төмендегідей кіріс кассалық  құжаттар көмегімен жүзеге асады:1)қолма қол ақшаны салатындығы туралы хабарламасы; 2)кассалық кіріс  ордері бойынша.

Банк клиенттердің ағымды және корреспондеттік шотынан қолма қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүргізіледі:1)ҚР заңнамасына сәйкес берілетін чектер;  2)кассалық шығыс ордері бойынша; Қайта есептеу кассасы клиенттердің қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассиры бақылаушы кассирдың қатысуымен кешкі  кассаның кассирымен және бақылаушы кассирден инкассаторлық сөмкені қабылдап,ақшаны оған тіркеме құжаттары негізінде қайта санауда өткізіп қабылдап алады.

36.Минималды резервтік талаптар және оларды ақша-несиелік реттеу құралы ретінде қолдану.

Ұлттық Банктің ақша несиелік реттеу құралдарының негізгілері,инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін қысқа мерзімді ноталар шығару, банктердің депозиттерін тарту, ашық рынок операцияларын жүргізу, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптар тетігі болатын артық өтімділікті алу бойынша операциялар жүргізеді. Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттың банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

           Қазақстан Ұлттық Банкi банктердiң депозиттерi мен заемдары бойынша сыйақы көлемдерi мен ставкаларын реттеу мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн пайдаланады. Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн банктер мiндеттемелерi сомасының процентi ретiнде есептейдi.  Банктердiң есеп айырысу үшiн қабылданатын мiндеттемелерiнiң құрылымын, ең төменгі резервтiк талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртiбiн, сондай-ақ ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.

      Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi. Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он күндiк мерзiмде қайтарады.   Қазіргі кезде минималды резервтік талаптар – бұл барлық несие мекемелерінде болуы қажет өте ликвидті активтер болып табылады, әрине міндетті түрде олар банктердің кассаларында қолма-қол ақша түрінде, немесе орталық банкіде депозит түрінде, немесе орталық банкі белгілейтін жоғары ликвидті формаларында сақталынады. Резервтік талаптардың нормативі өз алдына заңдық ретте минималды резервтер сомасының пассивті (депозиттердің) немесе активті (несиелік салымдардың) операциялардың абсолютті (көлемді) немесе салыстырмалы (өсімше) көрсеткіштеріне пайыздық қатынасын көрсетеді. Нормативтерді қолдану тоталды (барлық міндеттемелер мен ссудалардың сомасына белгілеу) және селективті (олардың белгілі бір бөлігіне) ықпал ету сипаттамалары бар.   Минималды резервтер екі негізгі қызметті орындайды.

Біріншіден, олар ликвидті резервтер ретінде коммерциялық банкілер клиенттерінің депозиттері бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етеді. Орталық банк резервтік талаптар нормасының мерзімді өзгеруімен коммерциялық банкілердің ликвидті дәрежесін экономикалық жағдайға байланысты минималды мүмкін деңгейде сақтайды.Екіншіден, минималды резервтер орталық  банкінің елдегі ақша массасының көлемін  реттеу үшін қолданатын құралы болып  табылады. Орталық банк резервтік  қаражаттар нормативінің өзгеруі арқылы коммерциялық банкілердің активті операциялар мөлшерін (негізінен олардың беретін несие көлемін) ретейді, сол арқылы олардың депозиттік эмиссиясының жасалуын да реттейді. Несиелік институттар орталық банкіде өздерінің резервтік талаптары белгіленген нормативтен асатын болса ссудалық операцияларды кеңейте алады. Айналыстағы  ақша массасы (қолма-қол және қолма-қолсыз) қажетті тұтынуды асып кететін болса, орталық банк ақша аудару нормативін көбейту жолымен несиелік рестрикция саясатын жүргізеді, яғни орталық банкіде қаражаттарды резервтеу пайызын көбейту. Сөйтіп ол банктердің активті операцияларының көлемін азайтуға мәжбүрлейді.

Резервтік талаптар нормасының өзгеруі несиелік мекемелердің рентабельділігіне әсер етеді. Өйткені, резервтік талаптардың  өсуі пайданы толық ала алмауға  әкеп соқтырады. Сондықтан, көптеген батыс экономисттернің пікірі бойынша бұл әдіс өте тиімді антиинфляциялық құралғы болып табылады. Ақша  резервтерінің нормасының төмендеуі  ақша мультипликаторының өсуіне әкеледі, демек ақша массасының өсуіне де әкеледі. Егер орталық банк резервтік талаптар нормасын өсірсе, онда бұл банкілердің  артық резервтерінің азайюына және ақша ұсынысының мультипликациялық азайюына әкеледі.

37.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі заң және нормативтік актілерінің ақша-несиелік реттеу жүйесіндегі ролі

Ұлттық банк «Қазақстан Ресупбликасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операциялар орындайды:

1)айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан Ресупбликасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Ресупбликасы  аумағында банкноттар мен манеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;

2)кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішік және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;

Қазақстан Ресупбликасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;

3)Қазақстан Ресупбликасы аумағында, одан тыс жерлерде банк фелиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;

4)Банктердің бағалы қағаздар эммисиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;

5)Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жэасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді.

6)Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастау ұйымдарына бақылау мен қағалау  жүргізеді әрі пруденциялдық нормотивтер белгілейді.

7)Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;

8)Қазақстан Ресупбликасында информациялық процесстерді ақша-несие реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;

9)Қазақстан Ресупбликасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы керек.

38.Елдегі инфляциялық таргеттеу тәжірибесі

Мақсатты көрсеткіш ретінде инфляцияның әртүрлі көрсеткіштері, ал оперативті көрсеткіш ретінде қысқа мерзімді пайыздық қойылымдардың  әрқилы түрлері таңдап алынатын ақша-несие саясатын жүргізі әдісі –инфляцияны таргеттеу деп аталады. Инфляцияны таргеттеу- инфляция жөнінде мейлінше дәл болжамдар алу үшін кең ақымды деректерді пайдалануды  көздейтіндіктен, деректер базалары және болжам жасау жүйесі, бағдарлама жасаушылар тобының ұйымдық құрылымы, ақша-несие саясаты ережелерінің модельдері оның аса маңызды құрамдастары болып табылады.

Маңыздылығына қарай оларды инфляцияны таргеттеу инфрақұрылымы деген жалпы атпен біріктірейік. Мұнда инфляцияны таргетте инфрақұрылымының ағымдағы жай-күйіне талда жасалады және оны дамытдың бұдан былайғы бағыттары белгіленеді.

Ақша –несие саясатының  негізгі құралдарын дамытудың жеткілікті деңгейі, ОБ құралдары мен инфляция  арасындағы өзара байланысты түсіну, инфляцияны болжаудың тиісті әдістемесінің болуы инфляцияны таргеттедің маңызды  аспектісі болып табылады. Оның қажеттілігін былай түсіндіруге  болады:

  1.  Баға тұрақтылығы- бұл қаржы жүйесі тұрақтылығының негізі
  2.  Бірнеше мақсаттың болуы  олардың арасындағы шиеленіске әкеліп соғуы мүмкін
  3.  Бюджет тапшылығын инфляциялық қаржыландыру ОБ ақша базасына, тиісінші инфляцияға да ықпалының тиімділігін төмендетеді.
  4.  Экономиканың өсу қарқынын қолдау жөніндегі  кейбір қысқа мерзімді мақсаттар ұзағ мерзімді  баға тұрақтылығын ұстау мақсаттарына қайшы келі мүмкін.

39. Ақша-несие саясаты және оның негізгі бағыттары.

Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

 Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.

 Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.  

 Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Ақша-несие саясатының түрлері:

Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1) рекстрикциялық ақша-несе саясаты;

2) экспанциялық ақша-несие саясаты;

Рекстикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.

Ақырғы мақсат:

а) экономиканың өсуі;

ә) толық жұмыс бастылық;

б) бағаны тұрақтандыру;

в) төлем балансын тұрақтандыру;

Аралық мақсат:

а) ақша жиыны;

ә) пайыз мөлшерлемесі;

б) айырбас бағамы.

Құралдары:

а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;

в) ашық нарықтағы операциялар.

Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, ақша-несие саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

- қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін, ресми мүдделендіру мөлшерлемесін деңгейін белгілеу;

- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасының белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

- банктерге және үкіметке несие беру;

- валюталық нарықтағы басқыншылық;

- кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;

- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.

Пайыз саясаты. ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пе ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.

ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады.

40. ҰБ-тің валюталық реттеу саласындағы қызметтері

Бүгінгі күні Қазақстанда валюталық реттеудің мәні тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің саясатының ықпалы болып табылады. Тиісінше, валюталық реттеудің міндеттері мыналар болып табылады: (1) елде валюталық құндылықтар айналысы тәртібін белгілеу, (2) елде дүниежүзілік экономикаға одан әрі шоғырландыру үшін жағдайлар жасау, және (3) валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету.

Лицензия алу шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін ғана қажет (валюта айырбастау пункттерінің қызметі).

Капитал қозғалысымен байланысты операциялар бойынша (қаржы заемдары, тікелей  инвестициялар, коммерциялық кредиттер, шетел банктеріндегі шоттар) статистикалық ақпарат жинау мақсатында Қазақстанда тіркеу және хабарлау режимдері бар. Аталған режимдер шеңберінде алынатын ақпарат төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және жалпы сыртқы борыш бойынша статистикалық және талдау ақпаратын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Тіркеу және хабарлау режимдері капитал қозғалысының ірі операцияларын есепке алады, олар Қазақстан Республикасына баламасы 500 мың АҚШ долларынан астам сомаға капиталдың (мүлік, ақша қаражаты) түсуін немесе Қазақстан Республикасынан баламасы 100 мың АҚШ долларынан астам сомаға капитал (ақша қаражаты, мүлікті беру) аударуды көздейді.  

Тіркеу режимі резиденттің капитал қозғалысы операциясын жүргізуге негіз болатын валюталық шарттың көшірмесін осындай операция жүргізгенге дейін Ұлттық Банкке ұсынуын көздейді, ал хабарлама беру режимі кезінде операция бойынша ақпарат (оның ішінде валюталық шарт) Ұлттық Банкке операция жүргізілгеннен кейін беріледі.  Тіркеу және хабарлама беру талабы тек Қазақстан Республикасының резиденттеріне ғана қолданылады

41. Ақша-несиелік реттеудегі Орталық банктің ролі.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұлттық Банктің ақша несие саясаты:

  1.  ресми қайта қаржыландыру ставкасын;
  2.  ақша несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;
  3.  ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;
  4.  айырықша жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

Орталық банк тарапынан АНР-дің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттернің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алғандықтан, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің кредит-дипозиттік қызметіне байланысты пайда болғандықтан, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді. тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсүі Ұлттық банктің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер  қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банкредің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банктен кредит алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады. Ұлттық банк – ақша резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады. 1995 ж ҰБ туралы заңы қабылданып, ҰБ-тің тәуелсіздігі заң жүзінде айқындалып, ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. ҰБ эк-ның несиелеу функцияларын 2-ші деңгейлі банктерге беріп, өз өкілеттігі шегінде тәуелсіздік алғаннан кейін нарық қағидаларына тиімді банктік қадағалауға негізделген . Қазіргі заманғы банктік жүйесін құру бойынша жұмысты жалғастырды. ҰБ-тің маңызды міндеті инф-ны төмендетуге бағытталған АНС-тын дамыту болып табылады.

42. Қазақстан банктерінің минималды резервтік талаптарды орындауын талдау 

Қазақстан Ұлттық Банкі банктердің депозиттері мен заемдары бойынша сыйақы көлемдері мен ставкаларын реттеу мақсатында ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін пайдаланады.Қазақстан Ұлттық Банкі ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін банктер міндеттемелері сомасының проценті ретінде есептейді.Банктердің есеп айырысу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құ-рылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртібін, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейді.Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін өзгерту осындай шешім қабылданған күннен бастап бір айдан ерте қолданысқа енгізілмейді.Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері бұзылған кезде банктер        Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.Қазақстан Ұлттық Банкі тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзінде резервтелген қаражатты он күндік мерзімде қайтарады.Қазіргі кезде минималды резервтік талаптар - бұл барлық несие мекемелерінде болуы қажет өте ликвиті активтер болып табылады, әрине міндетті түрде олар банктердің кассаларында қолма-қол ақша түрінде, немесе орталық банкіде депозит түрінде, немесе орталық банкі белгілейтін жоғары ликвидті формаларында сақталынады. Резервтік талаптардың нормативі өз алдына заңдық ретте минималды резервтер сомасының пассивті (депозиттердің) немесе активті (несиелік салымдардың) операциялардың абсолютті (көлемді) немесе салыстырмалы (өсімше) көрсеткіштеріне пайыздық қатынасын көрсетеді. Нормативтерді қолдану топталды (барлық міндеттемелер мен ссудалардың сомасына белгілеу) және селективті (олардың белгілі бір бөлігіне) ықпал ету сипаттамалары бар.

43.Ұлыбритания экономикасын ақша-несиелік реттеу ерекшеліктерін талдау Ұылбританияның банк жүйесінде 1979 жылға дейін банктерді қадағалаудың арнайы заңдылықтары болмаған. 1979 жылы бакнтік қызмет туралы заң б/ша барлық несиелік институттар «Англия банкімен» мойындалуы керек болды. Англиядағы банк жүйесі 2 деңгейлі болып келеді. Англия банкі  1964 жылы акционерлік қоғам ретінде Франциямен соғыс кезінде англия корольіне займдар беру үшін құрылған.  Англия Банкі тәуелсіздігі мейлінше төмен Орталық банктердің бірі б.т. Англия банкі мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастар «Англия БАнкі» туралы заңымен реттеледі, соның негізінде банк мемлекеттік банкке айналды. Бұл заңға сәйкес, Қазынашылықтың Англия Орталық банкінің қызметіне айтарлықтай ықпал етуге құқығы бар. Ақша несие саясатында банкке тек қана кеңес беру функциясы бөлінген. Англия Банкінің басқарушы органының – Басқарманың міндетіне ақша-несие саясатының мәселелерін Қаржы министрлігімен (Қазынашылықпен) үйлестіру кіреді. Оның басқарушысы ресми түрде осы салада шешімдер қабылдауға жауапты және Парламентке есеп береді. Осылайша, Англия Банкі Қазынашылықтың бақылауында, Қазынашылық Орталық банкпен алдын-ала жүргізілген кеңес алмасудан кейін оған ұсыныстар жасауға уәкілетті.

44.Инфляция әлеуметтік-экономикалық процесс ретінде.Инфляцияның өрістеп күшеюі әлеуметтік-экономикалық қарама- қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналымын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды. Инфляция кезінде мемлекет іс қимылдарының 2 нұсқасы болады. 1 бейімделу саясатты жүргізу немесе инфляцияға бейімделу 2инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу. Инфляцияға қарсы саясаттың инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың 2 негізгі бағыты белгіленген 1 дефляциялық саясат 2 кірістер саясаты. Дефляциялық саясат мемлекеттің шығындарын азайту несие үшін пайыздық мөлшерлемені арттыру салық ауыртпалылығын күшейту ақша массасын шектеу жолымен ақша несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Кірістер саясаты бағаға және жалақыға оларды толықтай немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллельді бақылау жүргізуді қажет етеді.

45. ҰБ-тің қазіргі кездегі ақша-несиелік саясатының ерекшеліктеріне сипаттама беру

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұлттық Банктің ақша несие саясаты:

  1.  ресми қайта қаржыландыру ставкасын;
  2.  ақша несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;
  3.  ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;
  4.  айырықша жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

Орталық банк тарапынан АНР-дің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттернің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алғандықтан, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің кредит-дипозиттік қызметіне байланысты пайда болғандықтан, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді. тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсүі Ұлттық банктің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер  қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банкредің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банктен кредит алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады. Ұлттық банк – ақша резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады. 1995 ж ҰБ туралы заңы қабылданып, ҰБ-тің тәуелсіздігі заң жүзінде айқындалып, ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. ҰБ эк-ның несиелеу функцияларын 2-ші деңгейлі банктерге беріп, өз өкілеттігі шегінде тәуелсіздік алғаннан кейін нарық қағидаларына тиімді банктік қадағалауға негізделген . Қазіргі заманғы банктік жүйесін құру бойынша жұмысты жалғастырды. ҰБ-тің маңызды міндеті инф-ны төмендетуге бағытталған АНС-тын дамыту болып табылады.

46.Қазақстан Республикасының 2013 жылға арналған ақша-несие саясатының  негізгі бағыттары көрсету

Қазақстан Республикасының 2013 жылы негізгі бағыты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету  болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі   ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастыратын болады, бұл Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының қарастырылып отырған  кез келген  сценарийін жүзеге асыраған кезде жылдық  инфляцияны 6,0-8,0% дәлізінде ұстап  тұруды болжайды. Тиісінше, өтімділікті реттеу құралдарын таңдап алу әр сценарийге байланысты: бірінші сценарий шеңберінде ұсыну бойынша, сол сияқты алу  бойынша, екінші  сценарий шеңберінде басым түрде өтімділікті беру бойынша және үшінші сценарий  шеңберінде басым түрде  алу  бойынша.

Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін шеше отырып ақша-кредит саясаты бір уақытта қаржы секторының  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін  болады. Осы міндетті іске асыру  шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  жүйелік сипаты  бар тәуекелдерді талдау мен  азайту, сондай-ақ төрелік соттың туындау мүмкіндігін төмендету мақсатында ақша және валюта нарығының әртүрлі сегменттерінде банктер жүргізетін операцияларды тұрақты  негізде  талдайтын  болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының қандай да бір шараларын қолдануды бірыңғай экономикалық кеңістіктің  жұмыс істеу шеңберінде болатын интеграциялық процесстерді ескере отырып жүзеге асыратын  болады.

Әлемдегі нарықта байқалатын құбылмалылық және әлемдік  экономиканың ірі орталықтарының дамуындағы экономикалық үрдістер аясында Қазақстандағы  макроэкономикалық  тұрақтылықты сақтау  мәселесі аса  маңызды болып табылады.  Осы міндеттерді шешуде БЭК және ЕурАЗЭҚ шеңберінде интеграциялық процестердің дамуы  және  күшеюі белгілі бір  оң рөлді атқаратын болады. 2013 жылы өңірлік мемлекеттердің макроэкономикалық, ақша-кредит және валюта  саясатын  үйлестіру жөнінде  жұмыс  жалғастыратын болады.

Сыртқы нарықтардағы ахуалдың даму тұрақсыздығының сақталуына қарай, сондай-ақ жүргізілетін ақша-кредит саясатының қысқа мерзімді сипатын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатын 2013 жылға ғана әзірлеу  туралы шешім қабылданды.

47.Инфляцияның әлеуметтік салдарын анықтау

Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың  көбінде  сұраныстың артуынан  қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда  болған елдегі баға  деңгейінің жалпы өсуі. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауына тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады. Инфляциядан өндірісте зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көретілуіне байланысты еңбекке деген ынтада бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта мехинизмі бүлінеді, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді.Инфляцияның  әлеуметтік  зардаптары:

  1.  Елдің ұлттық табысы мен байлығы  қоғамның әр түрлі  топтарының арасында қайта  бөліске түседі.
  2.  Инфляцияның жоғары қорқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар  жасауды қиын жолға қояды,  кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.
  3.  Қоғамның саяси  тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік  шиеленісті күшейте түседі.
  4.  Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.
  5.  Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.

48.Қазақстан Республикасындағы эмиссиялық операцияларды ұйымдастыру принциптеріне сипаттама беру

Эмиссия – мемлекеттік банкнота, монета, бағалы қағаздарды шығаруы. Ол қолма-қол түінде де, қолма-қолсыз да болуы мүмкін. Бірінші формасы айналысқа нақты ақша шығаруды білдірсе, ал екіншісі депозитті-қарыздық операциялар процесінде іске асырылады. Қазақстан Республикасындағы эмиссиялық операцияларды ұйымдастыру принциптері:

1.Міндеттілік пен қамтмасыз етілмеген қағидасы.

2.Монополия және бірегейлік қағидасы-қандай да бір сомаға немесе субъектіге аударылмайды.

3.Айқындылық қағидасы-ҚР теңге жалғыз төлем бірлігі болып табылады.

4.құқықтық реттеу қағидасы

49. ҚР-ғы инфляцияның негізгі факторларын анықтау

Инфляция тауарлар мен қызметтерге қатысты ақшаның құнсыздануы болып есептеледі және бағалардың өсуі түрінде көрініс табады.

, (6)

мұнда M – экономикадағы ақша көлемі;

P – бағалардың орташа деңгейі;

V – ақша бірлігінің айналым жылдамдығы;

Y – нарықта айналыста жүрген тауарлар мен қызметтер массасы.

Инфляция бағалардың өсуінен көрініс табатындықтан және осы өсім пайыз түрінде болып келетіндіктен, бұл формула инфляцияға әсер ететін негізгі факторларды көрсетеді.

Бұл, біріншіден, тауар массасының көлемі. Дәл соғыс кезеңдерінде өндірісті азаматтық салалардан бөліп әкету орын алады, демек, инфляция – соғыстар мен төңкерістердің тұрақты серігі.

Екіншіден, экономикадағы ақша санының артуы. Орталық банктің негізгі мақсаттарының бірі – айналымда басы артық ақша көлемінің көптеп жүруіне жол бермеу. Ақшаның қосымша эмиссиясы экономиканы реформалау және төңкерістермен үнемі қосақталып жүреді, өйткені бұл кезде өндіріс – «екінші дәрежелі» іс, ал бастысы – өзгерістерді іске асыру (жерді қайта үлестіру, меншіктің басқа қолға өтуі және т.б.). Бірақ «судың да сұрауы бар», бәріне де, оның ішінде қайта құруға да ақша керек. Төңкерістер, соғыстар мен реформалар негізінен баспа станогы, яғни инфляциялық салық арқылы есеп айырысады.

Үшіншіден, инфляция ақша айналымының жылдамдығына тәуелді. Әдеттегі жағдайда бұл – ақша айналымының едәуір дәрежедегі статикалық, баяу өзгеретін сипаты. Бірақ ол кейде тым қозғалмалы шамаға айналып кетеді. Әдетте, бұл дәл жоғары инфляция кезінде, «ыстық» ақшалардан қашу кезеңдерінде орын алады. Гиперинфляция кезінде халық ақшаны арзандап кетпей тұрғанда жұмсауға, оларды нақты құндылықтарға алмастыруға асығады. Бұл жағдайда айналым жылдамдығы бірнеше есеге ұлғаяды, сөйтіп ол инфляцияның келесі орамының әрі қарай тарқатылуының факторына айналады.

Төртіншіден, инфляцияның факторы ақшамен атқарылатын тауар массасының көлемі болып табылады. Дағдарыс кезеңінде өндіріс көлемінің қысқаруы ақшаның құнсыздануына алып келеді. Бұндайда кедейлену салдарынан халықтың сатып алушылық қабілеті де төмендеп, қысқаратыны ықтимал. Төңкерістер мен революциялық реформаларға да өндіріс көлемі ере жүрмейді, ол өспейді. Сонымен қатар, әдетте, негізгі революциялық өзгерістер инфляциялық салық, яғни ақша массасының өсуі есебінен іске асырылады.

Бесіншіден, нарықтық экономикаға көшуді жүзеге асырған постсоциалистік елдер үшін бастапқы кезеңде инфляцияның жоғары қарқыны туындатқан төлемдер дағдарысы тән болды.

Инфляциямен күресу үшін Үкімет табыс саясатын, яғни жалақы мен бағаларды тікелей бақылауды іске асырады. Егер табыс саясаты бюджет тапшылығын қысқарту және ақша массасын бақылау бойынша шаралар енетін экономикалық саясат іс-шараларының тұтас кешенінің құрамдас бөлігі болып табылса, онда ол тиімді.

Бағалар мен еңбекақының тұрақталуы инфляцияның төмендеуіне, яғни бағалар өсімінің орташа қарқынының қысқаруына алып келеді, бірақ бұл жағдайда бағалар ресурстарды тиімді таратуда белсенді рөл ойнаудан тысқары қалады. Қысқа мерзімде шығындар шамалы ғана болуы мүмкін, алайда егер еңбекақы мен бағалар ұзақ уақытқа белгіленсе, онда еңбек ресурстары мен жекелеген тауарлар тапшылығы пайда болады.

50. Қазақстандағы ақша агрегаттарының ерекшеліктері талдау

Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды. Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша-несие статистикасын жасау және талдауда қолданылып журген, ақша базасы мен белгіленуі М3 – ақша массасы жатады. Ақша массасчы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:

М0 – айналыстағы қолма – қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша;

М1 – М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;

М2 – М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;

М3 – М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері;

Аудармалы депозиттер:

1. Әрқашан айыппұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады;

2. Чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады;

3. Төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.

Басқа депозиттер – негізінен, ол белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әр түрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ механизміне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.

Ақша массасыцн бағалаудың ең негізгі критерийі мен ақшаның атқаратын қызметтерін жатқызуға болады. Ақша массасының сапалық құрамы әрбір агрегаттарға сипаттама берумен анықталады. Әрбір ақша агрегаты  бір – бірімен төмендегі сапалық белгілермен ерекшеленеді:

1. Әрбір агрегаттың өтімділік дәрежесі

2. Әрбір агрегаттың ақшаның атқаратын қызметін қамту дәрежесі

Енді осы ақша агрегаттарының әр қайсысына бөлек – бөлек тоқталып өтейік.

М1 ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, оған айналыстағы нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады.

Кейбір елдерде бұған барлық ағымдағы салымдарды, мысалы, Ұлыбританияда тек олар бойынша пайызбен есептелмейтін депозиттерді ғана жатқызады. АҚШ – та сондай – ақ М1 агрегатына банктік емес мекемелермен шығарылғанаккредитивті, Жапонияда - 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататын депозиттерді де жатқызады.

Негізінде, М1 агрегата айналыстағы ақша массасының « тар » көрсеткіші болып табылады. Бірақ, соған қарамастан, ол өте маңызды, себебі ол ақшаның төлем құралы функциясымен тығыз байланысты. Ол жеке сектордың барлық өтімді қорларлануын қамтиды. Осы уақытқы дейін М1 агрегаты пайыз ставкасының және халықтың өтімділікті таңдауының арақатынасы деп саналды. Себебі М1 агрегатына жататын активтер ешқандай пайыздық табыс әкелмейтін. Өкінішке орай қазіргі кезде бұл заңдылық пайыздық табысы бар ағымдық шоттардың пайда болуына байланысты бұзылған.

М2 және М3 агрегаттарын анықтау барысында елдер арасында мәнді айырмашылықтар бар.

Францияда М2 агрегатына М1 агрегатымен қоса, төрт жылға дейінгі мерзімсіз депозиттер;  АҚШ - та жинақ шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы қорларының акцияларын, АҚШ – ғы банктерде және шетелдегі банктердегі АҚШ резиденттерінің еуродолларларын;

 

51. Дамыған елдердегі ақша-несиелік реттеудің негізгі әдістері мен құралдарына сипаттама беру

Дамыған елдердің ақша несиелік реттеудің негізгі әдістері мен құралдарына тоқтамас бұрын өзіміздің ҚР-ң ақша несиелік реттеудің негізгі әдістері мен құралдарына тоқталып өтейік. Елімізді а.н.р/ң келесідей әдістері бар: Тікелей ж/е жанама әдіс. Бұл жердегі тікелей әдіс д/з ҰБ/ң өз/ң іс әрекеттерін әкімшілік құқық/қ өкілеттілігімен оруындалуы болса, жанама әдіс д/з хал ахуалы ақша/ң эмитент/ң әсер етуі б.т. А.н.р құралдары келесідей: міндетті резервтер нормасы, қайта қаржыландыру ставкасы, мемлекеттiң бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргiзу;банктерге және үкiметке несие беру; валюталық нарықтағы басқыншылық;кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу; ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi. Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн , сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ал шет мемлекеттерде тоқтала кетсек, мысалы, АҚШ-да бұл опер/ды Федералды резервтік жүйе атқарады. Бұл орган ақша айналымын қадағалап отырады. Сонымен қатар, бұл органнан басқа банктік қадағалауды штат департаменттері, депозит/ді сақтандыру б/ша федеративті корпорация федератив деңгейінде қызметін ж.а.  Көптеген дамыған мемлекет/ң О.Б/ң негізгі ж/е жалғыз қағидасы ол экономика/ғы ақша массасы/ң өсу қарқынын есеп индексіне қарай дұрыс қадағалау б.т. осы қағиданы Неміс федеративті банкі, англия банкі, АҚШ/ң федеративті резертік жүйесі қолданады. Ұлттық ақша бірлігі/ң валюта бағамын бірқатар елдер реттеп отырады. Оларға: Австрия, Бельгия ж/е Нидерланд

Дамыған елдер/ң реттеу құралдарын келесі критерий б/ша бөліп қарастыруға б/ы:

- Дәстүрлі ж/е дәстүрлі емес

- Әкімшілік н/е нарықтық

- Жалпы қолданыстағы н/е жеке сектордағы

- Тікелей н/е жанама әрекет етуіне б/ты

- Қысқа, орта ж/е ұзақ мерзімді құралдар.

Осы ұзақ мерзімді а.н.р құралдарын Неміс банкі сонау 60жылдардан бастап қолданып келе жатыр. Шет мемлекет/ң О.Б/ң дисконт н/е кепіл саясатына тоқталсақ, бұл саясатты барлық еуропа мемлекеттері қолданады екен.

52. Мемлекет экономикасын ақша-несиелік реттеудің негізгі       міндеттері мен мақсаттарын анықтау

Ақша-несие саясаты елден макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты — бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттіК ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.

Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикада ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.Ұлттық банктің пайыздық саясаты нарықта сапалы параметрді белгілеу жолымен ақша айналысын реттеудің маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік несиелер құнын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның соңғы сатыдағы кредитор қызметін қамтамасыз етеді.Несие бойынша сыйақы ставкалары ақша-несие саясатын бір құралы ретінде нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету үшін пайдаланылады. Осы құрал Қазақстанның Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкаларынан және оның іске асыратын операциялары бойынша тағы басқа сыйақы ставкаларынан тұрады. Ресми сыйақы ставкалары несие бойынша сұраныс пен ұсыныстан құралатын нарықтың жалпы жағдайына, инфляция деңгейіне тәуелді. Қазіргі кезде ресми сыйақы ставкаларының төмендеу тенденциясы байқалуда.

Позитивті пайыздық ставканы Қазақстанның экономикасын және қаржысын сауықтырудың кепілі деп жиі айтылатынын атап еткен жөн. Шынында да позитивті пайыздық ставка инфляцияға қарсы қызметті орындауға қабілетті, себебі ол жинақтарды ынталандыру нәтижесінде пайда болатын сұранысты тежейді және несиені қымбаттату арқылы инвестициялық салымдарды шектейді.

53. Дамыған елдердің ақша-несиелік реттеу тәжірибесіне сипаттама беру  

Елдің Орталық банкі – мемлекеттің және коммерциялық банктер арқылы заңмен бекітілген құралдардың көмегімен ақша-несие ағындарын реттейтін делдал.  Қазіргі уақытта әлемнің әрбір елдерінде өз орталық банкі бар, алайда елдің саяси және қаржылық-экономикалық дамуының ерекшеліктеріне байланысты олар өзіндік ерекшеліктерге ие.Орталық банк несие жүйесін реттеу саласында кейбір билік өкілеттіктеріне ие бола отырып, коммерциялық банктік мекеменің және мемлекеттік ведомствоның жекелеген ерекшеліктерін бойына сіңірген. АҚШ, Германия, Швейцария, Швеция және Нидерланд заңнамасында Орталық банктердің осы елдердің парламенттеріне тікелей бағынуы көзделген, мемлекеттердің көпшілігінде Орталық банктер қазынашылыққа (Англия Банкі) немесе Қаржы министрлігіне бағынады. Бірқатар елдердің заңнамасында Орталық банктердің Парламентке есеп беруі көзделген (мысалы, АҚШ, Германия, Жапония).Орталық банкке заң жүзінде жүктелген қызметінің басты мақсатын орындау – баға тұрақтылығын қамтамасыз етуі оның атқарушы үкіметтен белгілі бір дәрежеде тәуелсіз болуын көздейді және Орталық банктің үкіметтен тәуелсіз болуы оның саяси және экономикалық нысанын білдіреді.Саяси тәуелсіздік – бұл Орталық банктің ақша массасының мақсатты бағыт-бағдарларын белгілеудегі дербестігін білдірсе, ал экономикалық тәуелсіздік – орталық банктің ақша-несие саясатының құралдарын таңдаудағы дербестігі болмақ.Мемлекеттік билік органдарымен қалыптасқан өзара қарым-қатынастар Орталық банктің баға тұрақтылығын қолдау мүмкіндігін анықтайтын маңызды фактор болып табылады. Орталық банк пен мемлекеттік билік органдары өкілдерінің арасындағы  тұрақты байланыс соңғыларының Орталық банктің іс-қимылына деген сенім деңгейін арттырады және олардың басты мақсатқа қол жеткізуіне – баға тұрақтылығын қамтамасыз етуіне оң әсерін тигізеді.Орталық банктің атқарушы биліктен тәуелсіз болу дәрежесі әр түрлі елдерде бірдей емес.

Англия Банкі тәуелсіздігі мейлінше төмен Орталық банктердің бірі болып табылады. Англия Банкі мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастар “Англия Банкі туралы”, заңмен (1946 ж.) реттеледі, соның негізінде банк мемлекеттік банкке айналды. Бұл заңға сәйкес, Қазынашылықтың Англия Орталық банкінің қызметіне айтарлықтай ықпал етуге құқығы бар. Ақша-несие саласында банкке тек қана кеңес беру функциясы бөлінген. Англия Банкінің басқарушы органының – Басқарманың міндетіне ақша-несие саясатының мәселелерін Қаржы министрлігімен (Қазынашылықпен)  үйлестіру кіреді. Оның басқарушысы ресми түрде осы салада шешімдер қабылдауға жауапты және Парламентке есеп береді. Осылайша, Англия Банкі Қазынашылықтың бақылауында, Қазынашылық Орталық банкпен алдын – ала жүргізілген кеңес алмасудан кейін оған ұсыныстар жасауға уәкілетті.Англия Банкі сияқты Италия Банкі де ақша-несие саясатын жүргізуде үкіметтен елеулі түрде тәуелді. Әкімшілік тұрғыдан ол Қазынашылыққа бағынады және соңғысында құрылған Несиелер және салықтар жөніндегі министрлікаралық комитеттің жасаған ұсыныстарын орындауы тиіс. Италия Банкі  үкімет кеңесшісі болып табылады.

Сонымен, дәстүрлі түрде орталықтандырушылық және күшті саяси билікке тән елдерде Орталық банк, әдетте, заң жүзінде үкіметке тәуелді болады. Ал федералдық мемлекеттерде Орталық банктердің дербестігі әлдеқайда жоғары.Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Италия Орталық банктерінің үкіметтен тәуелсіз болу деңгейінің әртүрлі болуы - осы елдердегі инфляцияның қарқынымен үндеседі. Орталық банктердің тәуелсіздік деңгейіне жүргізілген зерттеулердің бірінің нәтижесі Орталық банктің саяси  тәуелсіздігі мен инфляцияның төмен деңгейі арасындағы  өзара байланыстың күшті екендігін көрсетеді.Соңғы инстанциядағы несие беруші бола отырып, Орталық банктер қаржы ресурстарының уақытша жетіспеушілігін бастан кешіп отырған несиелік-банктік мекемелерге несиелер береді .Орталық банктердің тағы бір маңызды функциясы – үкіметтің қаржы агентінің рөлін атқару, яғни, үкімет шоттарын жүргізу және әртүрлі үкіметтік ведомстволардың активтерін басқару болып табылады. Кейбір елдерде, мысалы, АҚШ-та Орталық банк бұл функцияны коммерциялық банктермен бірлесіп атқарады. Басқа бір мемлекеттерде, мысалы, Италияда Орталық банк шын мәнісінде мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлері болып табылады.Бұдан басқа, Орталық банктер мемлекеттік борышты басқаруды жүзеге асырады, талдамалық зерттеулер жүргізеді және статистикалық деректер базасын жүргізеді, банкноталар дайындайды және т.б.Талдамалық және статистикалық зерттеулер жүргізудің  функциялары өзінің сипаты бойынша әртүрлі елдердің Орталық банктерінде мүлдем бірдей және тең мағынада болмауы мүмкін. Ақша-несие және валюта саясаты саласындағы негізгі зерттеулер төлем баланстарының деректерін негізге алады. Бұл кейбір елдерде (Бельгия, Германия, Франция, Нидерланд, Жапония) Орталық банкке осы тәрізді деректерді жинау мен талдау функцияларының берілуіне себепші болды.

54. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бөлімшелеріндегі резервтік қорды ұйымдастыру тәртібін көрсету

Қолма-қол ақшаның резервтiк қорлары (бұдан әрi - резервтiк қорлар) Ұлттық Банктiң әрбiр бөлiмшесiнде құрылады. Резервтiк қорларда қолма-қол ақша эмиссиялық бумада, Ұлттық Банктiң бумасында және клиенттердiң бумасында болады.

     Эмиссиялық бумадағы қолма-қол ақша резервтiк қорларда оларды парақтап санамай-ақ немесе көлемi бойынша қайта санамай-ақ сақталады.

     Ұлттық банк бөлiмшелерiнiң бумасындағы айналымға жарамды қолма-қол ақша резервтiк қорларда оларды парақтап санамай-ақ немесе көлемi бойынша қайта санамай-ақ қалыптасқаннан бастап бiр жыл аралығында, ал жарамсыз банкноттар мен ақаулы (бүлiнген) металл ақшалар 2 жылға дейiн сақталады.

     Клиенттердiң бумасындағы қолма-қол ақша резервтiк қорларда оларды парақтап санамай-ақ немесе көлемi бойынша қайта санамай-ақ клиенттерден алған күннен бастап 15 жұмыс күнi аралығында сақталады.

    Ұлттық банк бөлiмшесi мен Ұлттық банктiң орталық аппаратының арнайы өкiлеттi бөлiмшесiнiң басшысы резервтiк қорларды ақша айналымы үшiн қажеттi банкноттар мен металл ақшалардың барлық нақты құнындағы қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету және тозған (ақаулы) банкноттарды дер мезгiлiнде жеткiзу жөнiнде шаралар қабылдайды.

. Кассалық құжаттарға қол қою және резервтiк қорлармен операциялар және айналым кассасындағы қолма-қол ақшамен операциялар жасағанда қойманы ашып-жабу жөнiндегi мiндеттер Ұлттық Банк бөлiмшелерi бойынша бұйрыққа сәйкес мынадай лауазымды адамдарға:

     * қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар жөнiндегi бөлiмнiң бастығына, ал ол уақытша болмаған кезде - Ұлттық банк бөлiмшесi бастығының орынбасарына;

     * Ұлттық банк бөлiмшесi бас бухгалтерiнiң орынбасарына, ал ол уақытша болмаған кезде - Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң бас бухгалтерiне;

     * касса меңгерушiсiне жүктеледi.

     Резервтiк қорларды сақтау және олармен операциялар жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердiң бөлiнуiне қарамастан бөлiмшенiң басшысы мен бас бухгалтерi резервтiк қорлардың сақталуы мен эмиссиялық-кассалық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн дербес жауап бередi. Ұлттық банк бөлiмшесiнiң басшысы, бас бухгалтерiнiң орынбасары, касса меңгерушiсi, сондай-ақ қолма-қол ақша айналымы үшiн жауапты Ұлттық Банктiң арнайы өкiлеттi бөлiмiнiң басшысы (бұдан әрi - арнайы өкiлеттi бөлiмнiң басшысы):

     * заңды (оның iшiнде екiншi деңгейдегi банктерге) және жеке тұлғаларға дер кезiнде кассалық қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге;

     * Ұлттық Банк бөлiмшелерiнiң резервтiк қорларында тұрған барлық құндылықтардың толық сақталуын қамтамасыз ету және тиiсiнше сақтауды ұйымдастыруға;

     * құндылықтармен операциялар жасайтын касса қызметкерлерiн тиiсiнше тағайындауды және оларды дайындау мен бiлiктiлiгiн көтеру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруға;

     * дұрыс санамау, ысырап ету және ұрлау жағдайларына жол бермеу, ал ондай жағдайлар бола қалса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес кiнәлi адамдардан келтiрiлген залалды төлеттiрiп алу шараларын қабылдауға;

     * құндылықтарға жүргiзiлген тексерулердiң нәтижесi бойынша анықталған кемшiлiктердi жою үшiн осы тексерудi жүргiзген адамдардың жазбаша нұсқауларын мiндеттi түрде орындауға мiндеттi.

55. Банктердің операциялық кассаларына қолма-қол ақшалардың түсуін ұйымдастыруға сипаттама беру

Қ.Р-дағы екiншi деңгейдегi банктер өздерiнiң кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктiң Басқармасының қаулысымен бекiтiлген “ҚР екiншi деңгейдегi банктерге кассалық операцияларды жүргiзу” ережесiне сәйкес жүзеге асырады.

Осы ережеге сәйкес, кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сортау, орау және сақтаумен байланысты операцияны бiлдiредi.

Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшiн банктерде мынадай бөлiмшелер болуға тиiс:

• кiрiс кассасы;

• шығыс кассасы;

• кiрiс-шығыс кассалары;

• қайта санау кассасы;

• кешкi касса;

• сыртқа шығатын касса.

Банк кассасына клиентерден қолма-қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттiк шоттар бойынша есепке алу мынадай кiрiс кассалық құжаттар көмегiмен жүргiзiледi:

1. қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;

2. кiрiс кассалыө ордер бойынша.

Кассадағы қолма-қол ақшаны өткiзу үшiн клиент кiрiс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткiзiлетiн банкнота мен монеталардың тiзiмiн жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетедi.

Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейiн, кассир қабылдаған соманы, кiрiс кассалық құжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кiрiс кассалық құжатқа қолын қойып, түбiртекке “Кiрiс кассасы” деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға бередi.

Банк клиентiнiң ағымдық және корреспонденттiк шотынан қолма-қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:

1. ақшалай чекпен;

2. шығыс кассалық ордермен.

Банк клиентi қолма-қол ақша алуға арналған кассалық құжаттарын операциондық жұмыскерге бередi, ол құжаттарға қажеттi тексерулер жүргiзiп, оларды бақылаушы-бухгалтерлерге бередi, сөйтiп шығыс кассалық ордерiнде көрсетiлген қолма-қол ақша сомасы шығыс жөнiндегi кассалық журналда есепке алынады.

Шығыс құжатын алған бақылаушы-бухгалтер мынадай жұмыстарды жүогiзуге мiндеттi:

1. қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктiң жауапты тұлғаларының қолдарының барлығын тексерiп, оны қол қою үлгiсiмен салыстыруға;

2. құжатта көрсетiлген соманың саны мен жазба түрдегiсiн салыстыруға;

3. клиентттiң лауазымды тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын тексеру және оларды үлгiде қойылған қолдарымен өзара салыстыру.

Содансоң барып кассир қолма-қол ақшаны алушыны кассаға чектегi номерi бойынша шақырып, тағы да қандай соманы алатындығын нақтылап алып, содан кейiн ақшасын бередi.

Қайта есептеу кассасы клиенттiң инкассацияланған ақшалай түсiмдерiн қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирi, бақылаушы кассирдiң қатысумен кешкi кассаның кассирiнен және бақылаушы кассирден инкассаторлық сөмкенi қабылдап, ақшаны оған тiркеме құжаттар негiзiнде қайта санаудан өткiзiп, қабылдап алады.

Инкассаторлардан қолма-қол ақшасы бар сөмкелердi кассирлер қабылдау барысында мыналарды тексередi:

1. келiп түскен сөмкелердiң тұтастығын;

2. сөмкедегi қойылған пломбаның банктегi пломбының үлгiсiмен сәйкестiгiн;

3. инкассаторлар тапсыратын сөмкелердiң құжаттағы сөмкенiң номерiмен сай келуiн;

4. қабылдайтын соманың құжатта көрсетiлген сомамен сәйкестiгiн.

56. ҰБ-тің РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүргізу тәртібіне сипаттама беру

Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мы-надай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

- ресми қайта қаржыландыру мәлшерлемесі;

- ресми есептік (дисконттъщ) мөлшерлемесі;

- РЕПО және кері РЕПО операииялары бойынша сыйакрі мвлшерлемесі;

- «овернайт» займдары бойынша сыйақы мәлшерлемесі;

- күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттың банктің коммерциялың вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдың пайыздың мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлың вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдың пайыздық, мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.

РЕПО операциялары бойынша мөлшерлемелер 8.12.2006 ж. бастап, мерзімдер бойынша күн сайын белгіленеді.

Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде банк-терге берілетін несиелер көлемін реттеуде банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттың банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

57.Мемлекеттің орталық банкі және оның экономиканы ақша-несиелік реттеудегі ролін анықтау

Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.

Орталық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.Оған жету үшін Орталық Банк келесі мәселелерді шешеді: мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау және жүргізу, валюталық реттеу мен бақылау жасау, төлем жүйесінің жұмысын жасауын қамтамасыз ету, тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз етуге жағдай жасау.

Орталық Банктің негізгі мақсатарының ішінде ақша-несие саясатын халықаралық стандартарға жақындату қарастырылған, бұл үшін Орталық Банк нарықтық пайыз мөлшерлемесін қадағалап отырады.Ақша-несие саясатының операциялық негізді жетілдіру жұмыстары және ақша-несие саясатының тәсілдері мен құралдарын оптималдау, трансмиссиондық механизм моделін құрастыру және инфляциялық таргеттау принципіне өтуге дайындақты жалғастырады.

Келер жылдары экономика қызып кету қаупі , мемлекеттік бюджет шығындарының өсуі ақша-несие саясатының қатандауына әкелуі мүмкін.

Ақша-несие саясатының бсқа негізгі мақсаты капитал қозғалысымен бацланысты тәуекелді реттеуді жаңадан қарауы мен 2007ж 1 қаңтарынан бастап валюталық режимнің толық либерализациясына жету болып келеді.

Валюталық режимін либерализациясын реттеудің негізгі мақсаты 2007ж бастап валюталық операцияларды жүргізуге шек қою мен ұлттық валютаның толық конвертациялану принципіне көшу үшін жағдай жасау.Бұл үшін келесі жұмыстарды жасау қажет.Біріншіден, валюталық операцияларды жүргізу барысында тәуекелді хеджирлау құралдарын қолдану үшін жағдай жасау.Екіншіден, ақша-несие саясатының мақсаттары мен сыртқы шоктарды реттеу үшін шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты реттеу құралдарын жақсарту.Үшіншіден, реттеудің халықаралық принцптері мен қаржылық мекемелердің валюталық операцияларын қадағалауды қамтамасыз ету.

Орталық Банк "қалқып жүретін айырбас бағамы’’ саясатын жалғастырады.Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.

Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.

Кіріспе

Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.

Мемлекеттің ақша-несие саясаты нақты сектордың дамуына,нарықтың барлық субьектілерінің дамуына қажетті экономикалық,институционалды,ұйымдастырушылық және құқықтық ортаны қалыптастыруда.

Ақша-несие құралдарының көмегімен мемлекет бос ақша ұсынысына әсер етеді және ссудалық капиталдың бағасын өзгертеді.Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді.

Мемлекеттің экономикалық саясаты монетарлы деп аталады, негізінен ақша-несие тәсілдерін қолданады.

Көптеген нарықтық экономикасы бар елдерде ққазіргі кезде ЭМР-де қолданатын ақша-несие құралдарын Орталық банк, ал Қазақстанда – Ұлттық банк қолданады.Оның мемлекетте ақша эмиссиясын жасауға монополиялық құқығы бар.

Несиелі қатынастар сферасында Орталық банктен басқа институттар жұмыс істейді: мемлекеттік банктер және арнайы функциялы органдар, Қаржы министлігі және қаржы органдары. Олар несие операцияларына қатысады, бірақ ақша айналысын және мемлекеттегі жеке ссудалық капиталдың қозғалысын реттемейді, оларға әсер ете алмайды.

Қорыта келгенде, Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляция деңгейінің төмен қарқының ұстауға бағытталған.бұл жұмыстарды жасау үшін ақша базасының деңгейін реттейді.

Орталық Банк "қалқып жүретін айырбас бағамы’’ саясатын жалғастырады.Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.

Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.

  1.  Инфляция әлеуметтік-экономикалық процесс ретінде

Инфляцияның ішкі және сыртқы факт айыра білу қаж Ішкі ф арасында ақшаға жатпайтын ж ақшалай монетарлық ф бөлуге б АҚ жатпайтын –шаруашылық сәйкестіктің бұзылуы ,эк циклдық дамуы,өндірістің монопализациялануы,инвестициялардың теңгерімсіздігі,әлеуметтік саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары.Ақ ф мем қарж дағдар үш бюджет тапшылығы,мем борыштың өсуі,ақ эмиссияы несие жүй кеғеюі ақ айнал жылдамд артуы нәтиж несие құралд өсуі жә басқалары жатады Инфляцияның іс –әрек қарж проблем байланыстырып отыру қажет ,өйткені инф құбылысы мынандай қарж факторл тәуелді –белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану инф сипаттағы шараларды мем бюджет арқылы қарж ауқымы –мем бюд тапшылығын жабудығ әдістері мем берешектерін көлемі .Нарықтық экон кезінде қаржы инфл процеске бірғатар факт арқылы айтарлықтай әсер етеді инф тенденциялардв күшейтеді   

1 факт –мем шығыст өсуі ,бұл ерекше төлей алушылық сұранымының артуына жеткізеді ,тікелей баға белгілеуге әсер етеді .Тауарлар мен қызм бағаның көтер байланысты ақшаның құнсыздануы бюдж шығ көбеюіне соқтырады ,ал оның кірістері ен алдымен салык түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды.Бұл сөзсіз болатын ұзақ уакытка созылган тапшылыкка ұрындырады.

2 фак- табыска салынатын салыктын көбеюі .Салыктын едәуір бөлігі  баға механизмң арқылы тұтынушыға ауысады нарықтағы бағаның  көтерілуің басты себебі болады.

3 фак-бюджеттің ұзақ уақытты тапшылықтары өндірістік емес бағаның шығын неғұрлым өсуімен байланысты.Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады 1ден ,инф тауарлар мен қызмет бағаның өсуі салдарынан мем шығыст өсуімен жандандырады.2ден,инф қаржы ресурстарын құнсыздандырады жәнесалық түсімдерін арттырудын қажетт тудырады 3ден-инфл процесс мем ерешег проблемаларын шиеленістіреді Төмен инфл немесе оның болмауы ұлттық шарашыл түрлі денгей қарж көрсет жақсартатыны туралы  ұқсас жағдайдақаржы қатын оң бағыттылығы инф деңгейін төмендетеді.

Инф процестің қуаттылығын бағалауды инф турл мын критерийлер бойынша ажыратылады бағалар өсу қарқыны бойынша ,баяу-баға жылына 10 пайыз өскенде аөша номиналдық ққны сақталады кәсіпкерлік тәуекел болмайды ,өршімелі- баға 100 пайыз шегінде өскенде ақшаның затталынуына өседі ,гиперинфляция –баға жүздеген пайызға өскенде баға мен табыстардың арасындығы алшақтық ұлғыя бастайды .Бағалар өсуінің теңгерңмдңлңк нәтижесі бойынша ,теңдестірілген және теңгестірілмеген инфляция  теңдестірілген инф кезінде әртүрлі тауарлардың баіасы бір біріне қатысты өзгерусіз қалады,тенмеген – ара қатынасы он бойы өзгеріп отырады әртүрлә уйлесімде,болжаулық дәрежесіне қарай –күтілген ,болжалды және күтілмеген ,-шығу немесе пайда болу орнына қарай ,-импортталынған және экспортталынған,-дамудың әркелкілігімен сипатталынатын сатылы,баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған ,бірқатар тауар тапшылығы кушейген кездегі тұқыртылған инф  ажыратады

59. Артық резервтер ақшаның комммерциялық банктер үшін маңызын анықтау  Жариялы экономика мен көп валюталы ақша жүйесінде коммерциялық банктердің орталық банк қамтамасыз ететін басы артық ақша резервтерінен де басқа, жаңа депозиттердің неше түрлі кең спектрлерін құруға мүмкіндіктері мол. Еліміздің банктеріне қазіргі жағдайда дәл осы сипат тән болып тұр. Ақша ресурстарын тарту үшін сыртқы және ішкі ақша рыноктарының көптеген сегменттерінің пайда болуы коммерциялық банктерді ҚР Ұлттық банктің резервтік жүйесінен мүлдем тәуелсіз болуына жол ашып отыр. Бұдан шығатын қорытынды – Қазақстанның коммерциялық банктерінде өздерінің несиелік экспансиясын қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде басы артық ақша резервтерінің болуын ҚР Ұлттық банкі қамтамасыз етіп отырған жоқ. Олар оны ішкі және сыртқы ақша рыногы арқылы тартып отыр. Осылай коммерциялық банктердің орталық резервтік ақшаның және ҚР Ұлттық банктің эмиссиялық бастамасының қатысуынсыз, өз бетінше корпоративтік ақша жасай алу қабілеті ақша ұсынысы артуының негізгі факторы болып шығады.

      Коммерциялық банктерде  жаңа депозиттердің құрылу процесі  Ұлттық банктің резервтік ақшасы арқылы бақылауды әлсіретті. Сөйтіп, жалғыз эмиссиялық институт және ақша массасы айналымын реттейтін монетарлық орган болып есептелетін Ұлттық банк қолындағы құзырын жүргізе алмай, қалды. Яғни қазіргі кезде резервтік ақша Ұлттық банктің белсенді ұстанымы арқылы айналымға шығып жатқан жоқ, керісінше, коммерциялық банктер Ұлттық банкті ақша резервімен қамтамасыз етіп жатыр. Эмиссиялық белсенділікті коммерциялық банктер қолына алып алған.

60. Ақша базасының құрамын депозит арқылы түрлендірудің маңызын талдау

Бүгінгі таңда Қазақстандағы депозиттердің мөлшері банк жүйесіндегі банкроттардың мөлшерінен асып түседі,яғни ақшаның жаңа формасы «ескі» ақшаның орнын басып қана қоймай оны мультипликациялап отыр.Бұл М1(М0+халықтың талап еткенге дейінгі депозиттері +заңды тұлғалардың шоттарындағы қаражат)ақша агрегатының пайда болуына әкеп соқтырады.Несиелік ақшаның болуы мен несиелеудің икемді жүйесіне көшу шектеулі,өтімді пассивтердің қалыптасуын қажет етеді,яғни халыққа пайыз әкелетін М2(м1+мерзімді салым ақшалар+талап еткенге дейінгі жинақ салым ақша) ақша агрегатының қажеттілігін тудырады. Ақша ұсынуда мемлекет  пен коммерциялық банктер арасындағы қатынас өзгеріп екінші деңгейлі банктер ақшаны көбірек ұсына бастады. «Резервтік ақшалар» банк секторының өтімділігі мен коммерциялық банктердің ішкі және сыртқы несие-депозиттік экспансиясын реттеу міндетін әлсіретіп алды. Резервтік ақша жасаудың коммерциялық банктердің депозиттік-несиелік экспансиясының дамуы соңынан пассивті түрде ілесіп отыру нәтижесінде, орталық банктің ақша ұсынуды реттеудегі дәстүрлі ынталандыру немесе шектеу құралдары әлсіреп қалды. Бұл жағдай Қазақстанда көптеген өтімділік коэффициенттерін жасауға және сол коэффициенттер мәнін жиі өзгертуге ұшыратты. Ақша ұсынысын реттеудің мұндай қалпы ақша-несие саясатын жүргізуді күрделендіре түсіп, оның құралдарын әлсіретеді. Мұндай жағдайда ақша-несие саясатының ақша массасын дәстүрлі құралдармен бақылауын жүзеге асыру қиындады.

     Депозиттердi тарту мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

     Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.

  1.  Ақша-несиелік реттеудің түсінігі мен әдістерінің жіктелуі.
  2.  Ақша массасының түсінігі және құрылымы.
  3.  Ақша базасының құрамы және компоненттері.
  4.  Ақша базасы мен акша массасын реттеу.              
  5.  Ақша мультипликаторының   мағынасы  мен  маңызы.
  6.  Ақша базасын сегменттеудің негіздері.
  7.  Ақша-несиелік реттеу - мемлекеттің ақша-несие саясатының бір элементі ретінде.
  8.  Ақша агрегаттарының сипаттамасы.
  9.  Ақша-несиелік реттеудің пәні, мақсаты мен міндеті.
  10.  Ақша базасына ықпал ететін факторлар.
  11.  Ақша агрегаттары туралы түсінік, олардың түрлері.
  12.  Ақша несиелік реттеу әдістерінің түсінігі және оларды классификациялау.
  13.  Ақша- несиелік реттеудің объектілері мен субъектілері.
  14.  Артық резервтік ақшалар және оған сипаттама.
  15.  Ақша массасының құрамы және құрылымы, оған ықпал ететін факторлар.
  16.  Инфляциялық таргеттеу тәжірибесі.
  17.  Ақша-несиелік реттеу қатынастарының негізгі элементтерін болжау.
  18.  Мультипликатор коэффициенті және оның мазмұны.
  19.  ҚР ақша массасының құрылымының және құрамының ерекшеліктері.
  20.  Ақша массасын  бағалаудың әдістері.
  21.  Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің ерекшеліктері.
  22.  Экономиканы ақша-несиелік  реттеудің әдістері мен құралдары.
  23.  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің халықаралық валюта-қаржылық       ұйымдармен ынтымақтастығы.
  24.  Ақша несиелік реттеудің құралдары және олардың классификациясы.
  25.  Артық резервтер және оның қалыптасу ерекшеліктері.
  26.  Міндетті резервтік ақша және оны қалыптастыру тәртібі.
  27.  Ақша-несиелік  саясатты болжау.
  28.  Валюта нарығындағы  орталық банктердің  интервенциясы.
  29.  Мемлекет тарапынан ақшаны ұсынудың жолдары.
  30.  Ақша айналымын реттеу әдісі ретіндегі касса айналымын болжау.
  31.  Банкноттар эмиссиясына сипаттама.
  32.  Қазақстандағы ақша базасының құрылымы.
  33.  Инфляцияның экономикалық салдары.
  34.  Ақша белгілерінің резервтік қорлары,  олардың мәні.
  35.  Ақша айналымын эмиссиондық –кассалық реттеу.
  36.  Минималды резервтік талаптар және оларды ақша-несиелік реттеу құралы ретінде қолдану.
  37.  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі заң және нормативтік актілерінің ақша-несиелік реттеу жүйесіндегі ролі.
  38.  Елдегі инфляциялық таргеттеу тәжірибесі.
  39.  Ақша-несие саясаты және оның негізгі бағыттары.
  40.  ҰБ-тің валюталық реттеу саласындағы қызметтері.

  1.  Ақша-несиелік реттеудегі Орталық банктің ролін анықтау
  2.  Қазақстан банктерінің минималды резервтік талаптарды орындауын талдау
  3.  Ұлыбритания экономикасын ақша-несиелік реттеу ерекшеліктерін тадлдау  
  4.  Инфляция әлеуметтік-экономикалық процесс ретінде.
  5.  ҰБ-тің қазіргі кездегі ақша-несиелік саясатының ерекшеліктеріне сипаттама беру
  6.  Қазақстан Республикасының 2013 жылға арналған ақша-несие саясатының  негізгі бағыттары кқрсету
  7.  Инфляцияның әлеуметтік салдарын анықтау
  8.  Қазақстан Республикасындағы эмиссиялық операцияларды                                                                                                                                                      ұйымдастыру принциптеріне сипаттама беру  
  9.  ҚР-ғы инфляцияның негізгі факторларын анықтау
  10.  Қазақстандағы ақша агрегаттарының ерекшеліктері талдау
  11.  Дамыған елдердегі ақша-несиелік реттеудің негізгі әдістері мен құралдарына сипаттама беру
  12.  Мемлекет экономикасын ақша-несиелік реттеудің негізгі       міндеттері мен мақсаттарын анықтау
  13.  Дамыған елдердің ақша-несиелік реттеу тәжірибесіне сипаттама беру  
  14.  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бөлімшелеріндегі резервтік қорды ұйымдастыру тәртібін көрсету
  15.  Банктердің операциялық кассаларына қолма-қол ақшалардың түсуін ұйымдастыруға сипаттама беру
  16.  ҰБ-тің РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүргізу тәртібіне сипаттама беру
  17.  Мемлекеттің орталық банкі және оның экономиканы ақша-несиелік реттеудегі ролін анықтау
  18.  Инфляция әлеуметтік-экономикалық процесс ретінде
  19.  Артық резервтер ақшаның комммерциялық банктер үшін маңызын анықтау  
  20.  Ақша базасының құрамын депозит арқылы түрлендірудің маңызын талдау




1. Об образовании Федеральным законом от 22 августа 1996 г
2. го по 1903 pp. Надвиробництво продукції погіршення її збуту зумовили скорочення або повну зупинку діяльності б
3. Тема- Вивчення фотоелектричних явищ в напівпровідниках та характеристик напівпровідникового фотоелемента
4. Лабораторная работа 1 ОБЩИЕ СВОЙСТВА СТРОИТЕЛЬНЫХ МАТЕРИАЛОВ Цель работы- ознакомление с методами оп
5. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук Киї1
6. Актуальні проблеми взаємозвязку навчання та виховання
7.  Средства наглядности оборудование занятия перечень иллюстрированного материала и для практической де
8. Відомство замінено словом
9. Три Основы Салясат уль Усуль является одной из важнейших книг великого ученого Неджда Мухаммада ибн Абдуль
10. Лабораторная работа 9 Тема- Работа с таблицами Теоретическая часть Таблица состоит из строк и столбц
11. Им там 14лет У вас когда нибудь было чувство что за вами следят чьи то пристальные глаза У кого бывало те
12. на тему- Реклама туристского продукта и услуг в сети Интернет Студент ИСК 2 курс гр
13. Г ЗУБЧАТЫЕ И ЧЕРВЯЧНЫЕ ПЕРЕДАЧИ Раздел 1- Прямозубые зубчатые передачи
14. К розничной торговле относятся все виды деятельности связанные с реализацией товаров и услуг непосредств
15. Особенности государственной поддержки малого бизнеса
16. Стаття 8 і КЗпП України конкретизує це конституційне положення щодо вітчизняного трудового законодавства
17. разному их взгляды имеют общий знаменатель- основу мира они видят в определенном материальном принципе.
18. Реферат- Зависимость объема потребления от величины дохода
19. первых анархией после падения Аккада во время которой многие постройки были разрушены а вовторых политик
20. Валютные ценности как объекты гражданских прав