Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.ru

есептеу ж-е конструкция ~~ру негіздері Машина б~лшектеріні~ конструкциясын ~арастыр~анда келесі талапта

Работа добавлена на сайт samzan.ru: 2016-06-20

1.есептеу ж/е конструкция құру негіздері

Машина бөлшектерінің конструкциясын қарастырғанда келесі талаптарды білу керек:

1.м. бөлшектері белгілі мөлшерде қондыру орнына сәйкес жасалынуы ж/е сол маш-ң жұмыс істеу қабілетін қамтамсыз ету керек.

2.м.бөл-і берік тозуға шыдамды ұзақ уақыт сынбастан сенімді қыхмет атқару қажет.

3.м.бөл-н дайындау технологиясы оңай ж/е арзан болуы керек.

4.м.бөл-ң салмағы жеңіл болуы керек.

Беріктік ең негізгі талаптардың 1і.Көптеген бөл-ң өлшемі беріктікке есептеу арқылы табылады. Беріктікке есептеу бөл-ке түскен күшке байланысты 2 түрлі болады.Егер бөл-ке тұрақты кұш сер етсе,оны беріктікке есептеу жолы ,тұрақсыз күш әсер ткен жағдайда есепеу жолынан өзгеше келеді.

3.механикалақ берілістер.Тісті берілістер.Тісті берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері-Тісті берілістер деп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін және қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады. Тісті беріліс ауыр және жеңіл өнеркәсіптерде, жону станоктарында, машиналарда көп кездеседі.

Барлық тісті берілістерді бірнеше түрге бөлуге болады.

Біріншіден, тісті дөңгелектердің геометриялық осьтерінің орналасуына байланысты: 1)осьтері өзара параллель орналасқан берілістер(цилиндрлік тісті беріліс) 2)осьтері өзара қиылысқан берілістер (конусты тісті беріліс)

3)осьтері өзара айқасқан берілістер (червякты тісті беріліс) 4) осьтері бір түзудің бойында орналасқан берілістер(планетарлық тісті беріліс)

Екіншіден, берілістер ілінісуіне байланысты:

1)сырттай ілінісетін тісті берілістер;

2) іштей ілінісетін тісті берілістер.

Үшіншіден, тіс профильдері бойынша:

1) эвольвента профильді тісті берілістер;

2) циклоид профильді тісті берілістер;

3) профилі шеңбер доғасымен шектелген тісті берілістер;

4) толқынды ілініс;

Төртіншіден, тістің орналасуына байланысты: 1) тік тістілер; 2) қиғаш тістілер; 3) шервон тістілер; 4) қисық тістілер

Тісті берілістердің артықшылықтары:

1.Тісті берілістің көмегіменөте үлкен қуат беруге болады(100 000 аттық күш) және берілістер ықшамды, көлемі шамалы;

2.Басқа берілістерге қарағанда біліктеріне, тіректеріне күш аз түседі;

3.ПӘК өте жоғары(η=0,97…0,98).

 Тісті берілістердің кемшіліктері:

1.Дайындалуы күрделі;

2.Жұмыс кезінде шу көп болады;

3.Қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігі өте нашар.

4.Эвольвента пішінді тісті берілістерден қысқаша мәләмет-Тісті берілістердің пішініне қойылатын бірінші талап,оның лездік беріліс саны тұрақты болуы қажет. Екіншіден, дайындау технологиясы күрделі болмауы қажет. Осы екі талапқа эвольвента пішінді тиісті ілініс сәйкес келеді.

Эвольвента - кез-келген нүктенің сызатын  тік сызықты радиусы rb үйкеліссіз шеңбер бойымен домалап өтетін қисық. Бұл сызық шығару сызығы, ал шеңберді негізгі шеңбер деп атайды.

Эвольвентаның құрастырушы сызығы әр уақытта оған перпендикуляр болады. Ал ρ кесіндісі қисықтың радиусы болып табылады.

6.Тісті дөңгелектердің материалдары-Тіс дөңгелектерінің материалдары иілу беріктігіне және сыртқы беттердің қаттылығына төзімді болу керек. Сондықтан көбінесе, тісті дөңгелектерді болаттан жасайды. Болаттар қаттылығына байланысты (НВ) 2 топқа бөлінеді:

1) HB<350, оларды жақсартады (термиялық өңдеу) және қыздырудан өткізеді.

2)  HB>350 оларды шынықтырылған, цементтелген, азотталған.

Термиялық өңдеу, шынықтыру 3 түрге бөлінеді:1) Барлық көлемі бойынша-бұл болаттардан тістері аз дөңгелек жасайды. Маркалары 40,45,40XH

2) Цементеу.Бұл жерде тістер бетін көміртегімен қанықтырады. Маркалары: 15,20,20Х. Сондықтан, иілу беріктігі жоғары болады.

3) Азотпен шынықтыру. 0,1-0,6 мм қалыңдықта тіс беттерін  азотпен қанықтырады.Сондан кейін, болатқа молибден қосады. Бұл болаттар шаңды батпақ жерлерде жұмыс істейтін машиналарда қолданылмайды.

Шойындар тісті дөңгелектердің материалдары ретінде габаритті үлкен ашық жерде жұмыс істейтін тісті дөңгелектер үшін қолданылады.

Пластмасса ретінде дөңгелектерді жасауға текстолит, капрондар пайдаланылады.

7.Тісті берілістерді жаңасу беріктігін есептеу-

8.Қиғаш ж/е шевронды цилиндр тісті берілістерді есептеудің ерекшеліктері- Тіс дөңгелектерінің материалдары иілу беріктігіне және сыртқы беттердің қаттылығына төзімді болу керек. Сондықтан көбінесе, тісті дөңгелектерді болаттан жасайды. Болаттар қаттылығына байланысты (НВ) 2 топқа бөлінеді:

1) HB<350, оларды жақсартады (термиялық өңдеу) және қыздырудан өткізеді.

2)  HB>350 оларды шынықтырылған, цементтелген, азотталған.

Термиялық өңдеу, шынықтыру 3 түрге бөлінеді:

1) Барлық көлемі бойынша-бұл болаттардан тістері аз дөңгелек жасайды. Маркалары 40,45,40XH

2) Цементеу.Бұл жерде тістер бетін көміртегімен қанықтырады. Маркалары: 15,20,20Х. Сондықтан, иілу беріктігі жоғары болады.

3) Азотпен шынықтыру. 0,1-0,6 мм қалыңдықта тіс беттерін  азотпен қанықтырады.Сондан кейін, болатқа молибден қосады. Бұл болаттар шаңды батпақ жерлерде жұмыс істейтін машиналарда қолданылмайды.

Шойындар тісті дөңгелектердің материалдары ретінде габаритті үлкен ашық жерде жұмыс істейтін тісті дөңгелектер үшін қолданылады.

Пластмасса ретінде дөңгелектерді жасауға текстолит, капрондар пайдаланылады.

9.Ілінісудегі күшетер. Қиғаш тісті берілістерді есептеу-1)Іліністі күштер:

Шеңберлік күш:     

Осьтік күш:   тік тістілер

Радиалдық күш:

10.Конусты тісті берілістер. Конусты дөңгелектің геометриялық өлшемдері- Конусты берілістерді есептеу.Конусты берілістер осьтері қиылысатын біліктердің арасында қуат беру үшін қолданады. Көбіне 90º бұрышпен қиылысатын біліктер арасында қуат береді.

 Конусты берілістердің геометриялық өлшемдері.

Re -  cыртқы конустық қашықтық.

δ1 , δ2 - конустар төбесіндегі бұрыштар.

Беріліске әсер негізгі күштер.

Ft -  шеңберлі күш F=2T/d

Fr -  радиандық күш. Fr=

Fa - осьтік күш.

 -сыртқы бөлгіш диаметрі =

-бөлгіш шеңбердің орта диаметрі =

-тістер биігтігінің сыртқы диаметрі =

- сыртқы конустық қашықтық

-орташа конустық қашықтық

 

- тісті дөңгелек ені

11. Конусты тісті берілістерді беріктікке есептеу- Конусты берілістердің жанасу беріктігіне тексеру есебі мына формула бойынша жүргізіледі

T2- дөңгелектегі момент, Нмм

KH -жүктеме коэфиценті,b,R, мм

-цилиндірлі тісті берілістермен алынады

12. Червякты берілістер. Червякты жұптың кинематикасы мен геометриясы?

Өзара айқасатын біліктер арасында қозғалысты беруге  червякты берілістер қолданады. Бұл берілістердің  қозғалысы винт жұптарының қозғалысына ұқсас. Винт қызметін червяк атқарады да, червяк дөңгелегі ұзын гайканы шеңбер бойымен игенде шықан секторга ұқсайды.Cондықтан бұл берілісте тісті берілістің, сондай ақ винтті берілістердің қасиеттері бар. Доға пішінді етіп жасалған червяк дөңгелегінің тісі жанасу кернеуін азайтуға мүмкіндік береді.

Червякты берілістердің артықшылықтары:

1.Беріліс санының көптігі,u=8…80

2.Бірқалыпты және дыбыссыз жұмыс істейді

3.Көлемі мен салмағы аз

4.Өздігінен тежеу қабілеттілігі

Червякты берілістердің кемшіліктері:

1.ПӘК өте төмен u=0.7…0.9

2.Жасалу технологиясы өте күрделі, қымбат

3.Өте аз қуат беруге болады 50кВт

4.Үйкеліс күшін азайту үшін арнайы антифрикционды май қолдану керек.

Чевякты жүктің кинематикасы мен геометриясы.

Червякты беріліс кинематикасы тісті беріліс кинематикасынан өзгеше келеді.

Беріліс санының шамасының диаметірлер қатынасы арқылы анықтауға болмайды, бұл беріліс саны тістер саны арқылы анықталады.    

    n1, z1- дөңгелектің айналым саны, тістер саны.

    n2, z2- червяктың айналым саны, червяктың бұранда санының кірме саны.

Беріліс саны  8÷80  дейін, қазіргі кезде стандартталған.     -ілініс модулі

P-ілініс қадамы

 червяктың бөлгіш диаметрі

 червяк орамының төбесінің диаметірі

 червяк орнамының ойғышының диамеітірі

Червяк жұмысы бұрандалы винтерге ұқсас, сондықтан бұранда сызығының кіру саны 1-2 және 4 кірмелі болып келеді.

Червяк орамының кірме саны артқан сайын берілістердің ПӘК-і жоғарылайды. Червяктың бұранда сызығының көтерілу бұрышы:

                                      

    -кірме саны

   q- червяк диаметірінің коэффициенті

  - червяк жүрісі

Червяк бұрандасының ұзындығы олардың кірме санына байланысты қабылданады. МЕСТ бойынша.

Егер z1 =1,2 болса, онда b1=(11+0,06z2)m

Егер z1= 4 болса, онда  b1=(12,5+0,09z2)m

13. Червякты іліністегі сырғанау. Червякты  берілістердің пайдалы әсер коэффициенті?

Червяктың орамын қозғалысқа келгенде ч.дөңгелектің тісінің бойымен сырғанайды.Ч-пен ч. Дөңгелегі 1-1мен перпендикуляр 2 жазықтықта айналуына байланысты қосымша сырңанау п.б.   Червяк берілісінің ПӘК-і

Үйкеліс коэффициентінің азаюына байланысты үй. Бұрышының шамасы өсіп ч.ты берілістің ПӘК  көбейеді. Сонымен қатар ч-ң көтерілу бұрышының өсуіне байланысты да оның ПӘК-ін арттыруға болады.

14. Червякты берілістерді түзету?

Ч-ты берілісте түзету тек ч. Дөңгелегі арқылы жасалады.Түзету коэффициенті

Түзетілген ч,ты берілісте ч,тың бастапқы цилиндрінің диаметрінен басқа өлшемдері өзгеомейді. Тек есте болатын 1жайт түзету шамасы х=+- 1мм-ден аспауы тиіс.

15. Червякты берілістің бұзылу себептері және жұмыс істеу қабілеттілігі?

Тісті беріліске қарағанда бұл берілісте сырғанау  жылдамдықтары өте жоғары және оларды майлау өте қиын. Тістердің майлаусыздан қабысып қалуынан және тозуынан олар қажалады. Сондықтан беттері бұзылады. сондықтан жұмы істеу уақыты тістердің тозуына байланысты. Сондықтан жұмыс істеу қабілеттілігі істің тозуына байланысты деп санаймыз. Беріләстің тозуынан ч. Дөң-ң тістері сынады.

16. Червяк пен червякты дөңгелектің материалдарын таңдау?

Червяк материалын көлемдік және беттік шынықтырудан өткен , қаттылығы    45÷55-ке дейін жететін болаттардан жасайды.

Червяк дөңгелектері

Дөңгелек көбінесе екі бөліктен тұрады. Біліке орналасқан негізгі бөлігі болаттан не шойыннан жасалады. Сол бөлікке қоладан жасалған тәж қолданады. Болат пен қола үйкеліс коэфицентінің азаяуына байланысты беріліс ұзақ уақыт жұмыс істемейді.

4540H маркалы болатан жасалады. Червяк дөңгелегінің материалы олардың тәжінің сырғанау жылдамдығына байланысты алынады. Егер сырғанау жылдамдығы 5…30м/с болса, онда тәж қоладан, егер 6м/с улкен болса, онда  алюминий немесе темірден жасалған. Егер жылдамдығы 2 м/с-тан кіші болса шойындардан жасалған СЧ15, СЧ18, СЧ2 маркалы шойындар.

17. Мүмкіндік кернеулер. Ілінісу кезіндегі түсетін күштер?

Мүмкіндік кернеулер

Мүмкіндік кернеулер кестеден алынған мағыналарды төзімділік коэффициентіне көбейтіп анықталады.

-мүмкіндік жанaсу кернеулері

- мүмкіндік иілу кернеулері симметриялық циклдағы реверстік берілістер(қозғалу, айналу бағытын өзгерте алатын)

- мүмкіндік иілу кернеулері пульсирлік цикл (ревертік емес берілістер)

 - кестеден алынған мағыналарды материалға байланысты алады.

     =60∙n_2∙t     n- айн/мин; t- уақыт мерзімі; N_ реверстік берілістерге екі есе кем алынады.

0,67≤K_HL≤1.15

Егер де >1.15, онда =1.15ден алынады.

       =60∙n_2∙t    Шойыннан жасалған дөңгелектерге =1

Айналмалы жүктемелерге N орнына   

мұндағы х=4→K_HL

              х=9→K_HҒ

Ілінісу кезінде пайда болатын күштер.

- Шеңберлік күш

- Осьтік күш

- радиалды күш

18. Червякты берілістерді беріктікке есептеу?

Ч.ты берілістер жасау беріктігіне жай  тісті берілістерге сәйкес Герц формуласы бойынша есептеледі.

Ч.денесін қатаңдықпен беріктікке есептейді. Ең үлкен июші момент Ғt күшінің әсерінен болады.  М1=Ftl/4

19. Белдікті беріліс. Олардың түрлері. Артықшылықтары мен кемшіліктері-Белдікті беріліс - қозғалыс және қуаЧт бір біліктен екінші білікке белдік пен шкиф арасындағы үйкеліс күші арқылы берілетін беріліс. Белдіктер динамикалық күштерді азайтады және тісті берілістерге қарағанда арзанға түсуіне байланысты техникада кеңінен қолданылады. Белдіктер көлденең қимасына қарай жалпақ,сына тәрізді және жұмыр болып үш түрге бөлінеді.

Сына және жалпақ кең қолданыста жұмыр шкифпен жанасқанда меншікті қысым пайда болады. Сондықтан тез тозады.

Белдікті берілістердің артықшылықтары:

1.Қуаты едәуір қашықтыққа беруге мүмкіндік туғызады. (15…60)

2.Белдікті беріліс басқа берілістерге қарағанда бірқалыпты және дыбыссыз жұмыс істейді.

3.Белдік өзінің сырғанау қабілеттілігіне байланысты динамикалық және соққы күштерді азайтады.

4.Белдіктің құрамы қарапайым, арзан келеді және олардың бүлінген бөлшектерін тез ауыстыруға болады.

Белдікті берілістердің кемшіліктері:

1.Жұмыс істеген беріліс соңы тұрақсыз.

2.Шкифтерге жылдамдығы арқан сайын жұмыстың істелген мерзімі азаяды.

3.Орташа жылдамдықпен жұмыс істеген мерзімі 5000сағат. Ал жоғарғы жылдамдығы берілістер күші 500сағат.

4 .ПӘК төмен 0,85-0,95

Қазіргі уақытта белдікті берілістер қозғалыста өте үлкен қашықтыққа беретін немесе беріліс санының дәлдігін үлкен жерлерде қолданады. Ал егер P=50кВт болса, онда шкиф мөлшері өте үлкен, әрі ыңғайсыз келеді.

                

Белдікті берілісті қолданылуы:

Үлкен қашықтыққа беру үшін, беріліс санының дәлдігін қажет етпейтін жерлерде, қуат 50кВт-тен аспайды.

Белдікті берілістер конструкциясына байланысты мына түрлерге бөлінеді:

1.Кіретін роликсіз, бірбағытта айналатын белдікті беріліс.

2.Кіретін роликті, бірбағытта айналатын белдікті беріліс.

3.Айналыс бағыты өзгеретін белдікті беріліс.

4.Қозғалысты бірнеше білікке беретін белдікті беріліс.

Жасалатын материалдарына байланысты белдікті берілістер былай бөлінеді:

1.Қайыстан жасалған белдікті берілістер иілгіш келетіндіктен, кіші диаметрлі шкифтерде жұмыс істеуге блады (қалыңдығы δ=3…6мм; ені b=20…300мм). Белдіктің бұл түрімен үлкен жылдамдықта жұмыс істеуге болады(ϑ=40…45м/с). Бағасы өте қымбат және өндірістің өте қажетті жерлерінде пайдаланылады.  

2.Резина араласқан белдік бірнеше қабат мақтадан жасалған матадан тұрады. Бұл белдікті берілістер бүлінбейтін таза жерлерде қолданылады.

3.Мақта-матадан жасалған белдікті берілістер өте созылғыш, жылдам жұмыс жасайды. Олар серпімді, үлкен жылдамдықпен кіші диаметрлі шкифтерде жұмыс істей алады.  

4.Жаңа материалдардан жасалған жалпақ белдіктер полиамид, пластинадан жасалады. Жылдамдығы 80…100м/с-қа дейінгі берілістерде қолдануға болады.

5.Жұмыр және сына тәрізді белдіктер. Жұмыр белдіктер теріден,капроннан жасалады. Диаметрі 3…12мм аралығында. Сына тәрізді белдіктер мақта-матадан жасалады, кіші диаметрлі шкифтерде қолданылады.

20. Белдікті берілістердің негізгі сипаттамалары-Белдікті берілістердің негізгі сипаттамалары:

1.Қуат.(0,3-50кВт)

2.Беріліс қатынасы және жылдамдық. Сына тәрізді беріліске u=10ға дейін, u=4тен аспау керек, себебі олардың көлемі үлкейеді.  

3.Қолдану саласы.Жалпақ белдіктіктер өте үлкен қашықтықта өте үлкен жылдамдық.

4. Осьаралық қашықтық.

a_ω=2(D_1+D_2 )

Сына тәрізді a_ωmin=0,55(D_1+D_2 )+h

h- белдік қимасының биіктігі.

a_ωmax=0,55(D_1+D_2 )+h

21. Белдікті берілістердің кинематикасы. Белдіктегі кернеу мен күштер?

Белдіктегі кернеу мен күштер.

Күштер:

беріліс тоқтап тұрғандағы тарту күші

бірінші шкифтен тарту күші

екінші шкифтегі трту күші

 

-Шеңберлік

- шеңберлік момент            

Кернеулер

1)  

2)  

  - Тарту күш-н болады

  -бірінші шкиф кернеуі

  -екінші шкиф кернеуі

  - инерция күшінен пайд болатын кернеу

22.Белдіктің жұмыс істеу қабілеттілігі және белдікті берілістерді есептеу

Белдіктің жұмыс істеу қабілеттілігі

1.Қуаты едәуір қашықтыққа беруге мүмкіндік туғызады. (15…60)

2.Белдікті беріліс басқа берілістерге қарағанда бірқалыпты және дыбыссыз жұмыс істейді.

3.Белдік өзінің сырғанау қабілеттілігіне байланысты динамикалық және соққы күштерді азайтады.

4.Белдіктің құрамы қарапайым, арзан келеді және олардың бүлінген бөлшектерін тез ауыстыруға болады.

 Белдікті берілістерді есептеу

Сына тәрізді белдіктерді есептеу жолдары:

1. Арнаулы грамма бойынша берілетін қуат пен айналу жиілігі бойынша белдіктің түрі мен профилін анықтау.   

2.МЕСТ бойынша шкиф диаметрлері анықталады.

3. Керекті белдіктер санын мына жолмен анықтайды:

 а) МЕСТ кестесінен алынған белдік түрі бойынша мүмкіндік қуат алынады;

 б)кесте бойынша дұрысталған коэффициенттер есептелінеді;

 в)белдіктің керекті санын анықтайды;

   

-дұрысталған коэффициент

Р0- мүмкіндік қуат

23.Жалпақ белдікті берілістерді тарту қабілетіне байланысты есептеу.

Жалпақ белдікті есептеу сырғанау графигіне негізделген. Сырғанау графигі тарту коэффициентімен салыстырмалы сырғанау коэффициентінің байланысын көрсетеді.

  Тарту коэффициенті – пайдалы беріліс күшінің белдік тармақтарының тартылу күшінің қосындысына қатынасы.

- Салыстырмалы сырғанау

V1- жетекші шкифтегі айналу жылдамдығы  

V2-жетектегі шкифтегі айналу жылдамдығы

Сырғанау графигін эксперимент арқылы анықтайды.

Сырғанау графигі.

Белдікті берілісті есептеуде олардың жұмыс істеу жағдайын, орналасу режимдерін ескеру керек. Олар кейбір түзету коэффициенті арқылы алынады. Осы коэффициентті мына формуламен анықтайды:

- берілістің орналасуын  және белдіктің керілуін есептейді.

- қамту бұрышын есептейді.

-жылдамдық коэффициентін белдіктің жылдамдығына байланысты алады.

24.Сына тәрізді, кесетін ролигі бар, тісті белдікті берілістерді есептеу

Сына тәрізді белдіктерді есептеу жолдары:

1. Арнаулы грамма бойынша берілетін қуат пен айналу жиілігі бойынша белдіктің түрі мен профилін анықтау.   

2.МЕСТ бойынша шкиф диаметрлері анықталады.

3. Керекті белдіктер санын мына жолмен анықтайды:

 а) МЕСТ кестесінен алынған белдік түрі бойынша мүмкіндік қуат алынады;

 б)кесте бойынша дұрысталған коэффициенттер есептелінеді;

 в)белдіктің керекті санын анықтайды;

   

-дұрысталған коэффициент

Р0- мүмкіндік қуат

Цилиндірлі тісті берілістерді есептеу.

1)Іліністі күштер:

Шеңберлік күш:     

Осьтік күш:   тік тістілер

Радиалдық күш:

2)Түзу және қиғаш тісті дөңгелектерді есептеу. Жанасу беріктігін есептеу. Бұл есептеуді жатық берілістерге жүргізеді. Егер тістің жұмыс істеу қабілеттігі оның жанасу беріктігіне қатысты болса, онда оларды есептеу біліктер ара қашықтығына байланысты жүргізіледі. Осы беріктіке есептегенде әсер ететін күштер тістің орталық цетіріне шоғырланған. Ең үлкен жанасу кернеуі Герц формуласымен байланысты есептелінеді

Түзу тісті к=310 қиғаш тісті к=270 -дөңгелектің білігіндегі момент, H*мм

u - беріліс қатынасы

b- дөңгелек тәжісінің ені (тіс ұзындығы),мм

- осьаралық қашықтық,мм

k- тістердің орналасуын ескеретін сандық коэффициент

kH- күш коэффиценті

;

- тістердің арасындағы жүктемелердің әркелгілігін ескертетін коэффициент

- дөңгелектің тәжісінің еніндегі  жүктемелердің әркелгілігін ескертетін коэффициент

- динамикалық коэффициент, тістің қандай жылдамдықпен және дәлдікпен дайындалғанына байланысты алынады.

Жанама кернеулеріне байланысты беріктік шарты:

                                             (2)

[]- дөңгелек материалының мүмкіндік жанама кернеуі

(2) формуладан жобалау есептеудің осьаралық қашықтығын анықтауға болады

         

  (3)

Мұндағы:   

- түзутістілерге

- қиғаштістілерге

- шеврондытістілерге

  (4)

Қиғаштісті берілістерге

; мұндағы - дөңгелек тірекке байланысты симметриялық симметриялық емес, консольді күйде орналасса және                                         мөлшеріне байланысты таблицадан алынады. Табылған стандарттық мөлшерге дейін дөңгелетеді. Сонан кейін берілістің геометриялық параметрлерін анықтайды. Сонымен қатар           есептеп, жылдамдық (ν) және дәлдікті анықтайды.

 Егер де  үлкен болып, ал кішірейсе, онда  (2.6) және (2.7) формулалар бойынша берілістің беріктігін тексеру қажет.

3. Дөңгелектердің тістерін иілуге есептеу

Жабық берілістерге мына формуланы қалданылады:

                                        (5)

мұндағы: -шеңберлік күш;

b-дөңгелектің тәжісінің ені;

-стандарттық нормальды модуль, қиғаштістілерге , түзу тістілерге m - шеңберлік модульді алады;

-күш коэффициенті;

-тістің ұзындығы бойынша жүктемелердің әркелкілігін ескеретін коэфициент;

--динамикалық коэффициент. Бұл коэффициент кестеден алынады.

-тістің формасын ескеретін коэффициент. Кестеден тістердің эквивалентті санына байланысты алынады.

-тістердің арасындағы жүктемелердің әркелкілігін ескеретін коэффициент, тіктістілерге =1

- иілудегі мүмкіндік кернеу. Егер де екі дөңгелектің қайсысында

көп болса, соған есептеуді жүргізу керек.

Ашық берілістерге жобалап есептеуді иілу кернеуі арқылы жүргізеді. Осы (5) формуладан модульді анықтайды.

    (6)

мұндағы:  дөңгелектің енінің коэффициенті, немесе  - тік тістілерге,  - қисықтістілерге.

25.Біліктердің материалдары және оларды беріктік пен қаттылыққа есептеу.

Біліктердің материалдары және оларды өңдеу

Түзу білікерді көбінесе легірленген және көміртекті болаттардан жасайды. Мысалы болат 5- шынықтырылмаған біліктер үшін. 40,50,40Х - өте жоғары жылдамдықта жұмыс істейтін біліктер үшін қолданылады.

Х- хром қосылған (цементтелген, шынықтырылған)

Н- никель қосылған.

 Біліктерді беріктікке есептеу.

Біліктер өздерінің атқарату қызметіне байланысты айналу моментін беруге және тісті дөңгелектерді, шкивтерді, жұлдызшалар мен муфталарды т.б. айналмалы бөлшектерді орналастыруға қолданылады. Осыған байланысты біліктерге айналдырушы момент пен отырғызылған бөлшектердегі күшпен пайда болған ию моментінің шамасы белгісіз болады. Сондықтан біліктерді есептеу үш кезеңмен: алдын ала есептеу; жобалап есептеу; тексеріп немесе анықтап есептеу жолдарымен орындалады.

Алдын ала есептеу. Біліктерді алдын ала есептеу тек қана айналу моменті арқылы жүргізіледі. Біліктер тек айналу моментіне жұмыс істейді деп жорамалдаймыз, бірақ ию моментін де ескеруіміз қажет, сондықтан мүмкіндік кернеу шамасын аз аламыз [τ] = 10...40 (МПа)

τ = ≤ [τ]

;

Осыған орай жалпы машина жасау өнеркәсібінде редуктордағы біліктердің диаметрін   (мм)

Р(кВт), n-  - өлшенеді.

Сондай-ақ электрқозғалтқышымен жалғасатын білік диаметрі.dэл.

Біліктерді жобалап есептеу. Бұл есеп айналу және иілу моменттері арқылы жүргізіледі.

Біліктердің қауіпті қималарының диаметрлері беріктік теориясының энергетикалық теориясының келтірілген момент арқылы анықталады.

Мкел =

Тексерілген кезде беріктіктің үшінші теориясы бойынша жобалап есептейді.

3)Біліктерді тексеріп (анықтап) есептеу.

Біліктердің істен шығуы -олардың тозуы. Айналған кезде біліктердегі иілу кернеулері симметриялық циклмен, ал бұралу кернеуі пульсирлі циклмен өзгереді.

Иілдіретін және айналдыратын моменттердің эпюрлері арқылы біліктердің қауіпті қималары анықталады.Бұл екі момент бірігіп әсер еткен жағдайда біліктің беріктік қоры мына формуламен есептеледі.

Мұндағы:ілу кезіндегі  беріктік қоры.

-бұралу кезіндегі беріктік қоры.

айнымалы кернеулердің амплитудасы.

Ал     

Болат 3-=450МПа.

-масштаб факторы,кестеден біліктің диаметрі,материалы,күш түріне байланысты алынады.

,-иілу ,бұралу кезіндегі шоғырдану коэффиценттері.Кестеден кернеу шоғырлануынан туындайтын факторлерге байланысты алынады.

материалдардың,кернеудің ассиметриялы цикліне әсер ететін ескеретін коэффиценттері.

-беріктік коэффициенті,біліктердің термиялық өңдеу әдісіне байланысты.

Біліктерді қатаңдылыққа есептеу

Бұралу қатаңдығы көлденең иілу қатаңдық және бұралу қатаңдығы болып бөлінеді

Біліктердің иілу қатаңдығы оған отырғызылған бөлшектердің жұмыс істеу қабілеттілігіне әсер етеді.

Егерде біліктердің қатаңдылығы аз болған жағдайда :

1)күштер тістердің өн бойымен біркелкі әсер етпей,күш шоғырлануы пайда болады.

2)біліктердің иілуінен подшиниктер қисайып,қысылып қалуы мүмкін.

3)металл жонатын станоктарда бөлшектерді өңдеудің дәлдігі мен беттердің сапасы төмендейді.

-тіректердің қисаю бұрышы,ол шектеледі.

=0.001рад. - сырғанау подшипниктері үшін;

=0.01рад. - радиалды подшипниктер үшін.

Станок жасауда (у) мына мөлшерден аспау керек

е- тіректердің ара қашықтығы

Тісті берілістердің біліктері үшін:

m- тіс модулі.

26.Домналау подшипниктерін есептеу және оларды таңдау

Домалау подшипниктері. Бұл подшипниктер білік пен тіректер арасында шариктер немесе роликтер орналастырылады. Сондықтан оларда домалау үйкелісі пайда болады.

Домалау подшипниктері

Ішкі диаметр:1мм-5м-ге дейін;

Салмағы:0,5г-3,5т дейін;

Көбінесе домалау подшипниктері домалау жолдары бар сыртқы және ішкі  шығыршықтан , осы шығыршық жолдарында домалайтын шариктерден немесе роликтерден және сепаратордан тұрады. Сепаратор домалау бөлшектерін бір-бірінен бөліп , бағыттап олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтмасыз етеді.Сырғанау подшипниктерінен домалау подшипниктерінің артықшылығы:

Аса көп күтімді қажет етпейді және жұмыс кезіне қызуы шамалы болады. Сонымен қатар үйкеліс күшінің моменті және жүргізу моменті аз, майлау материалы көп жұмсалмайды.

Домалау подшипниктері кеңінен стандартталған, мамандандырылған зауыттарда шығарылады.

 Кемшіліктері:

1)жоғары бұрыштық жылдамдықпен үлкен күш әсер еткенде шыдамдылықтың кемуі;

2)соққы және айнымалы күштерді қабылдау шектілігі.

Домалау подшипниктері домалау бөлшектерінің пішініне қарай шарикті және роликті болып бөлінеді. Роликтің пішініне қарай:

а)ұзын және цилиндрлі роликті ;

б) бұрама роликті;

в)ине тәрізді роликті;

г)конусты роликті;

д)диаметрәі кіші , ұзын цилиндрлі роликті;

Шарикті подшипник роликті подшипникке қарағанда үлкен жыдамдықтарда жаксы жұмыс істейді.

Домалай подшипниктері домалау бөлшектерінің қарар  санына қарай бірқаралы, екіқатарлы және көп қатарлы болып бөлінеді.

Қабылдау күшінің бағытына қарай радиалды күшті қабылдайтындарын- радиалды , ал тек қана осьтік  күшті қабылдайтындарын-сүйеніш,радиалды және осьтік күшті қабылдайтындарды - радиалды-сүйеніш деп бөледі.

Габалидтік өлшемдері (диаметрі, ені, және биіктігі) МЕСТ бойыша бекітілген.

Домалау подшипниктері радиалды габалидті өлшемдері бойынша өте жеңіл(екі сериялы); ерекше жеңіл (екі сериялы); жеңіл; орташа; ауыр (барлығы 7 серия) болып, ал көлденеңі бойынша - енсіз; әдеттегідей; кең және ерекше кең әр түрлі серияға бөлінеді.

Көбінен жеңіл, орташа подшипниктер кеңінен таралған.

Домалау подшипниктерінің шариктері, роликтері және шығыршықтары көбінесе ШХ6, ШХ9,ШХ15 және ШХ15СГ сияқты жоғары көміртекті хромды болаттардан жасалады. ШХ15СГ - 0,5% кремний (С) Г (1% марганец).

Домалау подшипниктерінің шариктері, роликтері , шығыршықтары аз көміртекті қоспалы шынықтырылған және цементтелген болаттардан жасалады.

Сепараторлардың көміртекті жұмсақ болаттан, қоладан, аллюминий қоспаларынан, пластмассалардан жасалады.

Домалау подшипниктерінің конструкциясы мен атқаратын қызметі.

Конструкциялары: радиалды бір қатарлы шарикті подшипник - Бұлар сыртқы және ішкі шығыршықтан, бір қатар шариктермен сепаратордан тұрады.Бұл подшипниктер көбінесе радиалды күштер кезінде пайдаланады.Бұл подшипниктер өзінің жинақтылығы, жеткілікті жүк көтергіштігі, шыдамдылығы, осьтік күштерді қабылдай алатындығымен кеңінен таралған.

Домалау подшипниктерінің номерлері төменгі шартты белгілерді көрсетеді. Ең соңғы цифрын 5 ке көбейтсек, подшипник диаметрі (20...495) мм аралығында анықталады.

Соғынан немесе оңынан санағанда 3-цифр олардың сериясын, ал 4-цифр - түрлерін төмендегіше көрсетеді:

3-ші цифр: 1- өте жеңіл серия,2-жеңіл, 3- орта, 4-ауыр,5- жеңіл,

4-ші цифр: 0- радиалды бір қатарлы шарикті,1- радиалды екі қатарлы сфералық шарикті, 2- радиалды кеспек роликті, 3- радиалды сфералы екі қатарлы,4- ұзын роликті және имелі, 5- бұрмалы роликті,6- радиалды сүйеніш,7- конус роликті, 8- шарикті сүйеніш, 9- роликті сүйеніш.

Ал соңынан қарағанда 5 және 6шы цифрлар подшипник конструкциясын көрсетеді.

Подшипниктерді таңдап алу

Ғ ( келтірілген күшті анықтаған соң) подшипниктердің жұмыс істеу мерзімін (L) анықтаймыз.

(сағ)

- подшипниктің сағат өлшеміне алынған жұмыс істеу мерзімі.

(2500....10000) сағ

- подшипниктің 1 минуттағы айналу саны.

Подшипник динамик жүк көтергіш қабілеттілігі:

 

р= 3- шарикті подшипник

р= 3,33 - роликті подшипник

Табылған динамик жүк көтергіш қабілеттілігі юойынша каталогтан кезекті подшипниктер таңдап алынады.

27.Муфталардың атқаратын қызметі және оның түрлері

Муфталар Машиналар жеке-жеке тораптардан құралады. Ал тораптар бір бірімен муфталар арқылы қосылады. Муфталар көбінесе қозғалтқыш пен редукторды және редуктор мен атқарушы механизмді жалғастыру үшін қолданылады. Машина жасау өндірісінде муфталар мынадай болып жағдайларда қолданылады:

1.Біліктерді өзара жалғастыру үшін.

2.Қозғалтқыштар мен жұмыс істейтін механизмдерді қосу және ажырату үшін.

3. Динамикалық күштерді азйту үшін.

4. Машина тораптарын құрастырғанда пйда болатын қателіктерді жою үшін.

Муфталар атқаратын қызметтеріне қарай бөлінеді:а) механикалық

б) электрлік

в)гидравикалық

Машина өнеркәсібінде тек қана механикалық муфталар қолданылады.

Механикалық муфталар

Бұлар атқаратын қызметіне қарай 3түрне бөлінеді:

1)тұйық муфталар;

2)теңелту муфталары;

3)еркін қозғалатын муфталар.

Тұйық муфталар

Бұл муфталар біліктерді бір тұтас етіп байланыстырады. Олардың кемшілігі: қондыру үшін машинаны тоқтату керек.Тұйық муфталар втулкалы және фланецті болып екі түрге бөлінеді.

Втулкалы муфталар құрылысы қарапайым және көлемі кіші. Сондықтан олар жеңіл машиналарда 60-70мм біліктерді қосуға арналған. Втулкалы муфталар мынадай әдістермен:

1)конусты немесе цилиндрлі штирт арқылы;

2)призмалы немесе сегментті шпонка арқылы;

Втулкалар болаттан жасалады. Кейде втулкалар үшін СЧ12 шойын  пайдаланылады.

Муфталардың негізгі өлшемдері:

Д=(1,5-1,8) d ,   L=(2....4)d

d -  білік диаметрі;  Д - муфтаның сыртқы диаметрі; L - Муфтаның ұзындығы.

Фланецті муфталар жалғастыратын біліктердің ұшына фланецті екі жарты иуфта қондырылып, оларды өзара болаттармен қысып бекітеді.

Жарты муфталар материалы 40,35 болаттардан және көлемді муфталарға СЧ28 маркалы шойыннан жасалады.

Муфтаның өлшемдері :

Д=(3,,,5) d ,   L=(1,5....4)d

Фланецтердің арасындағы үйкеліс күші арқылы  берілетін айналу моменті мынаған тең:

  

 

Мұндағы :

- саңылаумен қойылған болттың тартылу күші.

- үйкеліс бетінің орташа диаметрі

- болттарт саны, - үйкеліс коэффициенті.

Теңелту муфталары

Машина бөлшектерін дәл жасамағандықтан және оларды құрастырғанда жіберілетін қателіктерге байланысты біліктердің осьтері бір-біріне сәйкес орналаспайды. Сондықтан оларды қзара теңестіру үшін теңелту муфталарының негізгі түрлері:

1) тісті муфталар;

2)жылжымалы муфталар;

3) айқас муфталар;

Тісті муфталардың көлеміне байланысты тістер саны (z=30...80) болады.

Артықшылықтары:

а) беріктігіне байланысты үлкен күшті, қуатты береді;

б) тістердің айналу жылдамдығы v=25м/с

в)біліктердің диаметрі d=40...500мм, беретін айналу моменті 700-10000Н*м-ге жетеді.

     - бқлінгіш шеңбердің диаметрі.

в - тістің ұзындығы; һ - тістің биіктігі.

Айқас муфталар

Айқас дискіден және екі жарты муфтадан тұрады.

 

К - жұмыс тәртібінің коэфициенті

Т - айналу моменті

Серпімді муфталар

Жарты муфталар серпімді элемнт арқылы байланысады

 

- есептеу айналу моменті

- құрастырудың сыртқы диаметрі

 

D- серпімді қабықтың сыртқы диаметрі.

28.Бөлшектерді пісіру

Машина бөлшектері әртүрлі тәсілмен қосылады. Оларды ажырамайтын ажырамалы деп бөлеміз.

  Ажырамайтын бөлшектері бұзусыз ажыратуға келмейтіндей етіп қосу. Оларға:

1.Пісіру және дәнекерлеу арқылы қосу.

2.Тойтарма шегемен қосу.

3.Бір-бірімен нығыздап, жылжымайтындай етіп қосу.

Ажырамалы қосылыстарды тез арада бөлшектеп, жинауға болады. Олар бір-бірімен бұранда, штиф, сына және шпонка арқылы қосылады.

    Бөлшектерді пісіріп қосу- бөлшектің аздаған аумағын қыздырып,пластикалық түрге жеткізіп, балқытып қосатын ажырамайтын қосылыс. Бұл қосылыстың беріктігі бөлшектің беріктігінен кем түспейді.       Пісіріп қосылған бөлшектердің артықшылықтары:

- пісіріп қосу технологиясында тойтармалы алмастырғандықтан м

атериалдар 20%-ке дейін үнемделеді;

- пісіріп қосылған бөлшектер берік келеді;

- пісіріп қосу технологиясы өте арзан және ол технологияны автоматтандыруға болады.

Пісіріп қосу кемшіліктері:  

- бөлшектің қосылған жерлерінде аздаған күш кернеуі пайда болады;

- бұл бөлшектер айнымалы күштерді нашар қабылдайды, бірақ, қазіргі уақытта пісіріп қосудың жаңа технологиялары қолданылады. Оған диффузия құбылысын пайдаланып, электрон сәулесі, үйкеліспен пісіру немесе инертті газдардың бүркемесімен пісіру.

 Пісіріп қосудың түрлері:

1. Материалдарды шамалы ауданын қыздыру арқылы балқытып қосу. Оған электр доғасымен, электр шлакпен, электрон сәулесімен, газбен, аргонды доғамен пісіру және т.б. жатады. Бұл әдістермен қалыңдығы 12…40мм-ге дейін бөлшектерді қосу. Ал 2...60мм-ге дейінгі сапасы жоғары болаттар мен түсті металдардың қортпасына

2.Материалдарды пластикалық күйге жеткізіп,қосылатын бөлшектерді күшпен қосу арқылы пісіру. Бұған тоғыстырып пісіру, нүктелі және роликті пісіру әдістері жатады.

29.Бұрандалы қосылыстардың негізгі түрлері,геометриялық параметрлері

Бұранданың негізгі түрлері.

Бұрандалар винттерді пайдалану қасиеттеріне қарай мына топарға бөлінеді:

1.Бекіту бұрандалары - бөлшектерді қосу үшін арналған, профилі үшбұрыштыетіп дайындалады.

2.Қозғалыс немесе күш беретін бұрандалар -  жүрісті деп аталады. Олар данкраттарда, пресстерде, винттерде қолданылады. Мұндай бұрандаларды үйкеліс күшін азайту үшін трапециялы немесе тікбұрышты етіп жасайды.

3. Конусты, үшбұрышты бұранда болып тілінген бөлшектің пішіні бойынша бөледі.

4. Бұранда сызығының кіруіне байланысты винттер бір, екі, үш және көп кірмелі болып бөлінеді.

5.Бұрандалар профилі бойынша:

- үшбұрышты

- төртбұрышты

- трапециялы

- жұмыр

6.Үшбұрышты бұрандалар:

- метрлік МЕСТ бойынша шектелген

- дюймдік біріншіден,профиль бұрышы α=55º болса, екіншіден,бұранда қадамы метрлік өлшеммен (мм) емес,бір дюймге келетін орам санымен көрсетіледі.

30.Бұрандалы қосылыстарды беріктікке есептеу

Бұрандаларда беріктікке есептеу үшін олардың істен шығу түрлерін білу керек. Шамадан артық күш түсе немесе бұранда конструкциясы дұрыс құралмаса, олар екі түрлі жағдайда істен шығады:

Біріншіден, бұранда орамының беріктігініңаздығы;

Екіншіден, бұрандалы қосылыс сырықтың сынуы.

      Бұранда орамы стандартталған болса беріктікке есептемейді, стандартталмаған болса келесі жағдайда есептелінеді:

 1. Винт, болт не шпилка материалының беріктігі олар бұралған бөлшектер материалының беріктігінен ерекше (> <) болған жағдайда. Мысалы, бөлшектер болаттан, ал қораптары пластмассадан жасалса және т.б.

 2. Ұсақ бұрандалар кdимасы аз болады, бұранда диаметрі мен қадамының қатынасы d/P>10…12(d - бұранда диаметрі, P – бұранда қадамы) болған жағдайда олардың орам беріктігін есептеу керек.

 3. Күш, қуатжәне жүріс беруге арналған бұрандалы қосылыстардың да орамдарын беріктікке есептеу керек. Бұранда орамы кесілу кернеуі мен жаншылу кернеуіне есептелуі керек.

Кесілу кернеуіне есептеу.

   Жаншылу кернеуіне есептеу.

 

z- күш түсетін орамдар саны

Н- Гайка биіктігі

Р- Бұранда қадамы

;

 


1. Антропоцентризм и биоцентризм
2. Сила экономического развития втягивавшего Россию на путь капитализма заставила помещиков взяться за рефор
3. тема теоретических воззрений на мир и место в нём человека 3
4. на тему- ПРЕКРАСНОЕ И ВОЗВЫШЕННОЕ МОСКВА 1998 г
5. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата педагогічних наук Луганськ 2000
6. Trditionl clothes mde by populr brnds
7. когда Адам Смит рассмотрел экономические преимущества специализации труда 1776
8. тема химических элементов Д
9. Договор о патентной кооперации
10. РЕФЕРАТ УГОЛОВНАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ ЗА БАНДИТИЗМ
11. Робота з вікнами
12.  Створення індекса забезпечує команда- CRETE [UNIQUE] INDEX індекс ON таблиця [USING тип] поле [клас] [
13. Http---udovichenkoucozru-lod-412
14. Мянсельга находится на территории Кондопожского муниципального района Республики Карелия в 8 км к северо
15. старинной дворянской атмосфере с литературными вкусами
16. В качестве источников водоснабжения могут использоваться все кроме- 6 верховодка; 5
17. казеина сахара жира минеральный солей и воды.
18. малих жанрів в англійському театрі XVIІІ ст
19. РУБЦОВСКИЙ МАШИНОСТРОИТЕЛЬНЫЙ ТЕХНИКУМ Утверждено на заседании предметноцикловой к
20. тематика прикладной математики Чостковская Этикет и обычаи народов мира сервиса и туризма Барчуков И