Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.ru

18 і

Работа добавлена на сайт samzan.ru: 2016-06-09


                                            МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ......................................................................................................3

  1.  Бірлескен кәсіпорындар нарықтық экономикадағы кәсіпорынның ұйымдастырушылық формасы ретінде.................................................................6
    1.     Бірлескен кәсіпорындардың экономикалық мәні, мақсаты, формалары................................................................................................................6
    2.  Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың маңызы және олардың салалық ерекшеліктері...........................................................................10
    3.  Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы бірлескен кәсіпорындардың қызмет етуінің құқықтық негіздері.......................................12

2. Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорны мысалында талдау......................................................................................................................16

2.1 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК құрылу тарихы, негізгі қызметі және  басқару жүйесі ......................................................................................................16

2.2 Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелері) ..................................................19

2.3 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2003 – 2005 жылдардағы қаржылық көрсеткіштеріне талдау.........................................................................................24

 

3. Бірлескен кәсіпорындар қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары...36

3.1 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның даму перспективасы және өзекті мәселелері………………………………………………………………………...36

3.2 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жетілдіру жолдары……………………………………39

         ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................41

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................44

                     

                                    КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерлік отандық экономиканы дамытудағы маңызды құрал екендігі айқын.

Нарықтық экономикаға көшу монополизмнің алдын алу, бәсекелікті дамытуға бағытталған өндіріс құрылымын қайта құру тәрізді радикалды өзгерістерді талап етті. Ал бұл әлемдік тәжірибе көрсеткендей меншіктің, ұйымдық-құқықтық формасының әр түріне бағытталған кәсіпкерліктің дамуынсыз нәтиже бермейді.

Қайта құруға дейінгі кезеңде сыртқы экономикалық байланыстарды басқару елімізде макродеңгейде, яғни мемлекет деңгейінде жүзеге асты. Сыртқы саудада және сыртқы экономикалық қызметтің монополия жағдайында мемлекет қандай ұйымдар, қандай салада,қандай көлемде операция жүргізуін бекітіп отырады, елдің экспорттық-импорттық жоспарын анықтайды. Мемлекет экспорт және импортты рұқсатқағаздар жүйесі арқылы реттеп отырады. Тек 80 арнайы сыртқы экономикалық ұйымдар әлемдік нарықта экспорттық және импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы болды.

Қайта құру кезеңі басталысымен (нақты 1987  жылы) сыртқы нарыққа кез келген өнімі әлемдік нарықта бәсекеге ие отандық кәсіпорындар мен фирмаларды шығаруға құқық беретін мәміле қабылданды. Қазір әрбір ұйым заңнамалар шегінде өзі сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырып, оны микродеңгейде басқара алады. Мемлекет бұл жағдайда реттеу, үйлестіру, бақылау және әсер ету қызметтерін атқарады.

Фирма деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару сыртқы экономикалық саясаттың стратегиялық бағыттарын әзірлеу, шетелдік нарықтағы фирманың тәртібін, сыртқы сауданың жоспарын құру, сыртқы экономикалық қызметті басқару органдарының тиімді құрылымын қалыптастыру, оның фирманың басқа қызметтерімен үйлестіру, шетелдік серіктестермен экономикалық қатынастар шешімін ақпаратпен қамсыздандыру сияқты мәселелерді шешуді талап етеді.

Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің негізі экспорттық өнім өндіру болып табылады. Экспорттық өнім өндірушілер мен қызмет ұсынушылардың өз тарапынан сыртқы нарыққа шығуына мүмкіндік беру сыртқы экономикалық қызметтің (СЭҚ) жаңа формаларының дамуына ғана емес, сонымен қатар шетелдік серіктестермен тікелей өндірістік қатынастар орнату мен фирмааралық, бірлескен кәсіпорындар негізінде бірлесу, жаңа ұйымдастырушылық-шаруашылық құрылымдардың пайда болуына себеп болды. Сыртқы нарықпен қатынас орнатуға сонымен қатар басқа да бағыттар әсер етті. Экспорттық стратегияны әзірлеуде маркетинг пен жарнамаға жоғары назар аудару, сыртқы нарыққа шығу және сыртқы сауда қатынастарына түсу процедураларының ережелерін білу және орындау, сонымен қатар инвестициялық-шаруашылық саясат және елде және сырт елдерде мемлекеттің реттеу механизмі. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру жағдайында елімізде меншіктің әр түрлі формалары пайда болды. Меншіктің әр түрлі жаңа формаларының арасында отандық экономиканың дамуына әсер етуге бағытталған, белгілі орын алатындарының бірі – бірлескен кәсіпорындар. Бірлескен кәсіпорындар – салыстырмалы түрде халықаралық кәсіпкерліктің жаңа ұйымдық-әлеуметтік формасы. Көптеген экономикалық әдебиеттерде бірлескен кәсіпорындар деп шетелдік серіктесі бар, өндірістік, ғылыми-техникалық, сыртқы сауда және т.б функцияларды атқаруға қолданылатын материалдық және қаржылық ресурстарға ортақ меншіктік қатынас орнатылған шаруашылық және құқықтық әріптестік формасын атайды.

Қазақстанда құрылып жатқан бірлескен кәсіпорындар елге жаңа техника мен технологияны, халықаралық маркетингтің қазіргі әдістерін және алдыңғы қатарлы басқару тәжірибесін тартуда позитивті маңыздылыққа ие болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған мәселелер  курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындайды.  

Курстық жұмыстың  мақсаты – бірлескен кәсіпорындардың қызмет ету  және оны жүзеге асыру механизмдерінің негізін теориялық зерттеу, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жүргізу негізінде кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметтерін жетілдіруге ұсыныстар жасау.

Сондықтан курстық жұмыс барысында келесі міндеттер қойылды:

  •  Бірлескен кәсіпорындардың теориялық негізін зерттеу;
  •  Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындардың әрекет ету механизмінің құқықтық базасын қарастыру;
  •  «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жүргізу;
  •  Мұнай саласындағы шағын және орта кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің шетелдік тәжірибесіне тоқталу;
  •  Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі қатысушыларының бірі ретінде бірлескен кәсіпорындардың қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары мен механизмдерін айқындау.

Курстық жұмыстың теориялық бөлімінде бірлескен кәсіпорындар түсінігі, олардың мұнай саласындағы қызмет ету механизмінің құқықтық негіздері, Қазақстан өнеркәсібіндегі маңызы талқыланды.

Екінші, сараптамалық бөлімде Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне талдау жүргізу «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жүргізу мысалында жүзеге асты. Кәсіпорынның құрылу тарихынан бастап, басқару жүйесіндегі ерекшеліктерге назар аударылды. Есеп беру жүйесіндегі, салық жүйесіндегі, баға қалыптастыру мәселелеріндегі ерекшеліктер қарастырылды. Соңғы үш жылдағы қаржылық, экономикалық көрсеткіштеріне сараптама жүргізілді.

Үшінші бөлімде «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК даму перспективасы мен проблемамалары қарастырылып, жалпы мұнай-газ секторындағы бірлескен кәсіпорындардың дамуындағы кедергілерді жою, олардың қызмет ету аясын жетілдіру бағытына ұсыныстар жасалды.

Курстық жұмыстың теориялық негізінде отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері, монографиялары, мақалалары, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері қарастырылды. Курстық жұмыстың ақпараттық базасы – ҚР-ның статистика жөніндегі Ұлттық агенттігінің мәліметтері, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның қаржылық қызметінің есебі, интернеттегі ақпараттық сайттар.

Жұмыс барысында ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық, салыстыру, талдау және синтез, индукция, дедукция, жалпылау, топтастыру, математикалық әдістері қолданылады.

  1.  Бірлескен кәсіпорындар нарықтық экономикадағы кәсіпорынның ұйымдастырушылық формасы ретінде

  1.  Бірлескен кәсіпорындардың экономикалық мәні, мақсаты, формалары

Көптеген өтпелі экономика кезеңіндегі елдерде бірлескен кәсіпкерлік формаларының даму үрдісі байқалады. Бірлескен кәсіпкерлік – екі не одан артық елдердің бірігу арқылы білім, өнімді өндіру және өткізу сферасындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және т.б қызметтердегі күштерді біріктіру негізіндегі ортақ өндірістік-шаруашылық қызметі.

Бірлескен кәсіпкерлік құрудағы негізгі мақсаттар мен міндеттер елге алдыңғы қатарлы технологияны, өндірісті прогрессивті ұйымдастыру, басқару, өткізу тәжірибелерін ендіру, шетелдік капиталды тарту, шетел несиелерін жеңілдікті шарттармен алу, экспортты диверсификациялау, ішкі нарықты толтыру, экспортты ұлғайту, импортты төмендету нәтижесінде жеңіл конверттелетін валюта қорларының өсуін қамтамасыз етуге бағытталады.

Бірлескен кәсіпкерлікті жүзеге асыру нысандары болып бірлескен кәсіпорындар табылады. Бірлескен кәсіпорындар дегеніміз – қатысушылардың мүлкін келісілген түрде бірлестіре отырып, шаруашылық қызметті басқаруды бірлесе отырып жүзеге асыруға, алынған экономикалық пайданы кәсіпорын капиталындағы үлеске байланысты бөлуге бағытталған екі немесе одан бірнеше елдер кәсіпорындарының бірлестігі [5].

Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар заңдық тұрғыдан акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ретінде құрыла алады. Бірлескен кәсіпкерліктің халықаралық әріптестіктің бір түрі ретінде пайда болуы өндірістік күштерді интернационализациялау, яғни халықаралық еңбек бөлінісінде артықшылықтарды неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін процеске негізделеді[6].

Бірлескен кәсіпорындардың басқа әріптестік түрлерінен ерекшеліктері:

  •  Қатысушылардың шаруашылық қызметтің бірнеше сферасы – шикізатты игеру, өңдеу, ақырғы өнімді өндіру, технологиялық қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен әзірлемлер, өндірісті қаржыландыру, өнімді өткізу және т.б қызметтер бойынша ұзақ уақытқа (5-10 жыл және одан артық) бағытталған әріптестігі.
  •  Ортақ мақсатқа жету үшін серіктестіктердің меншіктерін (ақша, ғимарат, құрал-жабдықтар) біріктіруі;
  •  Жарғылық қорды және кәсіпорынның басқару органдарын бірлесіп қаржыландыру;

-        Құрылтайшылар арасында жарғылық қордағы үлеске сәйкес алынған пайданы бөлу;

-       Ортақ тәуекел және мүмкін болатын шығындарды олардың шаруашылық шараларға қатысу үлесі бойынша ортақ шектеулі жауапкершілік.

Сондықтан, халықаралық әріптестіктің басқа  формаларына ерекшеленетін бірлескен кәсіпкерліктің айрықша белгілері ортақ мүлік, пайда мен тәуекелді сәйкес бөлу тәрізді элементтер болып табылады.

Жоғарыда айтылған ерекшеліктер сыртқы нарыққа шығу стратегиясында белгілі артықшылықтарға ие болуға мүмкіндік туғызады:

  •  Өндіріс көлемін ұлғайту, бірлескен кәсіпорынның негізгі құралдарын модернизациялауға серіктестердің жоғары қызығушылығын туғызу;
  •  Өндірістің тиімділігін, өнімнің тиімді өткізілуін қамтамасыз етуге серіктестердің жауапкершілігін арттыру;
  •  Серіктестердің тауарды өндіру, сату алдындағы, өткізу, сатылғаннан кейінгі операцияларда күштерін біріктіруге ұмтылуы.

Бірлескен кәсіпорындарды құру өтпелі экономика кезеңінде жұмыссыздықты жоюға, әлемдік нарықта әрекет ету үшін шетелдік серіктестердің маркетинг саласындағы тәжірибелерін игеруге, шетел капиталын тарту, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске енгізу, халықтық тұтыну тауарларының елде тапшыларын сол ел территориясында өндіруге, яғни импортты төмендету арқылы валюта шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді [7].

Ел экономикасындағы қатердің бірі ірі компаниялардың монополизациялануы болып табылады. Бірлескен кәсіпорындар құру монополизммен күрестің бір құралы бола алады. Мемлекеттік кәсіпорындарды нарықтан сырғыту, олардың монополиялық мүдделерін жоюда бірлескен кәсіпорындар техникалық деңгейі және өнім сапасы бойынша күшті бәсекелес болады.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей бірлескен кәсіпорындар отандық кәсіпорындармен сәтті бәсекеге түсіп, оларды өнім сапасын көтеруге, өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр етеді.

Бірлескен кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық мәні меншік иелерінің құралдарының бірігуінен шығады. Яғни аналық компанияның меншігі белгілі деңгейде биліктік сипатқа ие болады. Бірлескен кәсіпорын бірнеше заңды тұлғалар арасындағы келісім нәтижесінде құрылады және тіркеуден өткеннен кейін заңдық тұлға сипатына ие болады. Бірлескен кәсіпорын жеке заңды тұлға бола отырып, өзінің міндеттемелеріне толық жауапкершілік алады. Өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптері бойынша әрекет етіп, толық шаруашылық есеп жүргізеді.

Кәсіпорын өз тарапынан шаруашылық қызмет бағдарламасын жасайды және төмендегідей басқару органдарына ие:

Басқару (правление) кәсіпорынның жоғарғы басқару органы. Ол кәсіпорынның техникалық және шаруашылық бағдарламасын айқыдайды, ассортиментті жаңарту, құрал-жабдықтарды модернизациялау, пайданы бөлу және т.б мәселелерді шешеді.

Дирекция – атқарушы басқару органы. Кәсіпорынның ағымдық қызметін басқарады, оның құрамы жоғарғы басқару органы арқылы қазақстандық және шетелдік азаматтардан құралады. Жоғарғы басқару органының өкілі болып шетел азаматы қабылдануы мүмкін.

Ревизиялық комиссия – жылдық балансты, бухгалтерлік есепті жүргізу реттілігін тексеретін бақылау органы [2].

Серіктесті таңдау шетелдік серіктестермен сыртқы экономкалық байланыс ақпараттарына қатысты жүзеге асырылады. Серіктесті іздеу барысында инвестициялық климатты (экономикалық, саяси және елдегі құқықтық жағдайлар) және оның жақсару мүмкіншіліктері есепке алынуы тиіс.

Бірлескен кәсіпорын қызмет етуінің бірінші белгісі бұл олардың жарғылық капиталының қалыптасуы болып табылады. Яғни,ол - қатысушылар салымының негізінде қалыптасатын негізгі немесе айналым капиталы (теңгеде немесе шетел валютасымен). Жарғылық қордың қалыптасу реті және оның маңызы қазақстандық және шетелдік қатысушылардың келісімімен құрылтайшылық құжаттарды есепке ала отырып бекітіледі. Көптеген арнайы банктердің есептеуі бойынша бірлескен кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы оның жарғылық қоры кәсіпорынды құруға және қызметтің алғашқы кезеңін қамтамасыз етуге кеткен жалпы шығындарға тең болса, не оның 50% құрағанда ғана қамтамасыз етіледі.

Қажеттілік туындаған жағдайда БК несие құралдарын пайдалана алады.

БК пайдасы деп оның экономикалық қызметінің нәтижесін айтады. Пайданың көп бөлігі негізінен отандық қатысушыда ұлғаймалы өндірісті кеңейту, қоғамдық тұтыну қорларын құру және жалпы мемлекеттік шығындарды шешу сияқты мәселелерді жүзеге асыру үшін қалдыру көзделеді.

Жарғылық қордағы үлесіне байланысты шетелдік қатысушы өз пайдасын алады, ал елден алып қайтқанда пайдаға салық салынады.

Бастапқы кезеңде үкімет шетел капиталын тартуды көздейді де, БК қызметіне белгілі жеңілдіктер енгізеді.

Бірлескен кәсіпорындардың қызмет әрекетінің тоқтатылуы келесі жағдайлар нәтижесінде жүзеге асырылуы мүмкін:

  •  Қызмет ету мерзімінің аяқталуы;
  •  Көзделген мақсатқа жету;
  •  Қатысушылар арасындағы өзара келісіммен және т.б заң, жарлық, құрылтайшылық құжатта ескерілген мәселелер бойынша [2].

Бірлескен кәсіпорынның жойылуы оның құрылтайшыларымен бекітілген ликвидациялық комиссиямен, ал егер банкроттық жағдайында сот үкімімен сайланған ликвидациялық комиссиямен жүзеге асырылады.

Бірлескен кәсіпорын ұлттық экономикадағы жеке экономикалық бірлік ретінде өзіне тән сипатты белгілері мен ерекшеліктері бар. Оларды белгілі критерийлер бойынша,яғни пайда болу сипатына, ұйымдастыру формасына, серіктестердің үлестік қатысуна, әріптестіктің кешенділігіне, қатысушылардың басқаруға әсер ету және экономикалық кезеңдердің байланысу түрлеріне қатысты жіктеуге болады [8].

Пайда болу сипатына байланысты  олар белгілі шетелдік үлестік қатысу нәтижесінде жаңа кәсіпорынның пайда болуын немесе қайта құрылудағы бірлескен кәсіпорынның еншілес немесе филиалдарының қалыптасуын сипаттайды.

Көбінесе бірлескен кәсіпорындар шетелдік капиталды бұрын құрылған кәсіпорындар мен ұйымдардың өндіріс масштабын кеңейту, тиімділігін арттыру үшін тарту нәтижесінде құрылуы мүмкін. Бұл шетелдік серіктестің жалпы капиталға салымы не қазақстандық кәсіпорынның акцияларын иемдену арқылы жүзеге асырылады. Осындай жолмен құрылған БК-дар арасындағы келісім өндіріс көлемін анықтау, өнімді бөлу және өткізу, салықтарды төлеу реттілігі, басқару жүйесі және әріптестік мерзімі тәрізді мәселелерді қамтиды.

Жаңа кәсіпорын құру немесе ескі кәсіпорынды кеңейтуге серітестердің қаржылық ресурстары жетпеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда инвестициялық банктер араласады. Олар кәсіпорын қызметін жобалау үрдісінен бастап, оны жүзеге асырғанға дейін қаржыландыруы мүмкін. Мұндай қаржыландыру көптеген дамушы елдерде қолдау тапқан. Оның мәні бірлескен кәсіпорынның тек өмірге қабілетті жобаларын ғана шетелдік қаржылық мекеме жергілікті үкіметтің және банктің кепілдігінсіз қарызға қаржыландырады. Несиегерлердің қаржылық кеңесшілері ұтылып қалмас үшін жобаның экономикалық параметрлерін толығымен қарастырып, оның жүзеге асуының соңына дейін бақылау жүргізеді. Бұл бірлескен кәсіпорын формасы құрылыс саласына көбінесе тән, себебі объектінің толық уақыт мерзімінде қаржылық қамтамасыз етілуіне кепілдік береді және құрылыстың аяталуын жылдамдатады. Көптеген елдердегідей бұл форма Қазақстанда да кең қолдау таппаған[9].

Ұйымдастырушылық тұрғысынан бірлескен кәсіпорындар бірзауыттық және көпзауыттық болып бөлінеді. Бірзауыттық формадағы кәсіпорындарға ірі, орта және шағын кәсіпорындар жатады, ал көпзауыттық кәсіпорындарғы трестер, концерндер, комбинаттар кіреді. Қазіргі уақытта еліміздегі бірлескен кәсіпорындар бірзауыттық сипатқа ие.

Жарғылық капиталдағы үлестеріне байланысты БК мажоритарлық, яғни бір серіктестің үлесі 50%-тен асады, тең паритеттік- үлестері тең дәрежеде, миноритарлық, бір қатысушысының үлесі 50%-тен кем болып бөлінеді. Жарғылық капиталдағы үлес серіктестердің кәсіпорынды басқару, бақылау деңгейін анықтайды.

Кешендік әріптестік бойынша БК тең құқықты, яғни оның қатысушылары басқару шешімдеріне тең құқыққа ие және тәуекелді тең дәрежеде бөліседі, және келісімді, яғни оның қатысушылары әріптестік, шығындарды, тәуекелді, пайданы бөлу туралы келісім жасайды.

Экономикалық кезеңдердің байланысу түрлеріне байланысты БК көлденең, тік және диагоналды болып бөлінеді. Көлденең БК-да біртекті өндірістік және саудалық кезеңдердің интеграциясы жүзеге асады.

Тік БК-да өндірістік және саудалық кезеңдердің кезекпен тізбектелуі орындалады.

Диагоналды БК-да әр түрлі сала, өндіріс және сауда кезеңдерінің бірігуі жүзеге асады.

Басқарудың әсер етуіне байланысты олар тең дәрежелі және ассиметриялы болып келеді. Тең басқаруда қатысушылар шешім қабылдауда тең құқыққа ие де, ал ассиметриялы басқаруда әр түрлі мәселелер бойынша бір жақ басымдыққа ие болады.

1.2 Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың маңызы және олардың салалық ерекшеліктері

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жолдауында приоритетті мақсаттар мен стратегиялар және олардың жүзеге асуының құрамына: «Ашық нарықтық, жоғарғы деңгейдегі шетел инвестициялары мен ішкі жинақтарға ие экономикаға негізделген экономикалық өсу» кіреді.

Қазақстанда құрылып жатқан бірлескен кәсіпорындар жаңа техника мен технологияны, халықаралық маркетингтің қазіргі әдістерін және алдыңғы қатарлы басқару тәжірибесін тартуда маңызды рөл атқаруы мүмкін. Еліміздегі бірлескен кәсіпорындарға инвестиция ағымы ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуді қамтамасыз ету бағытындағы материалдық және қаржылық ресурстарды үйлестіруге мүмкіндік береді. Алдыңғы қатарлы техника мен технологияға ие өндірістік бірліктерді құру  олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады, нәтижесінде олар ішкі нарықта жетістікті бәсекеге түсіп, өндіріс шығындарын төмендетіп, өнім сапасын көтере алады. Бір жағынан бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды құру қазақстандық серіктеске  шетелдік қатысушылардың саудалық, әкімшілік, т.б байланыстарын, коммерциялық тәжірибесін, жергілікті жағдайларын пайдалауға және өз өнімімен сыртқы нарыққа шығуға мүмкіндіктер туғызады [11].

БК елдер арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды қиындататын кедергілердің алдын алуға жол ашады.

БК құруға деген қажеттілік кәсіпорынның оптималды көлемін құруға және құралдардың жетіспеушілігіне байланысты туындауы мүмкін. Шетелдік серіктестерді тарту қазақстандық кәсіпкердің жаңа кәсіпорын құруға немесе кеңейтуге кететін өндірістік шығындарын еңбек пен өткізуді рационалды ұйымдастыру, алдыңғы қатарлы технологияны қолдану, транспорттық шығындарды қысқартуға мүмкіндігін арттырады.

Бастапқыда елімізде заңнамаларда қазақстандық қатысушылардың жарғылық қордағы үлесі 51%- тен аз болмауы тиіс деп қарастырылды. Алғашқы кезеңде отандық қатысушылардың жоғары деңгейі негіз болды. Себебі, әр түрлі меншік формасындағы  кәсіпорындар әріптестікке түсу нәтижесінде, бізде қалыптасқан идеология бойынша «біріншінің» приоритетін қамтамасыз ету мақсат етілді. Қазіргі уақытта қазақстандық жақ бірлескен кәсіпорын жарғылық капиталының аз бөлігін иеленуге келісім бере алады.

Сыртқа нарыққа жаңа өніммен шығу үрдісінде экономикасы жаңа көтеріліп келе жатқан елге жауапкершіліктің үлкен бөлігін алу тиімсіз болып табылады.

БК Қазақстанда 1992 жылдардан бастап құрылып келеді. Қазіргі уақытта олардың саны 2000-ға жуық,оның ішіндегі 70%-і шағын, 1000-ы шетелдік инвестициялармен кәсіпорындар (ПИИ), ЖІӨ-нің 15%-ін өндіреді. Қазақстанның бірлескен әріптестігі Ресей, Түркия, Германия және АҚШ елдерімен көп көлемде жүзеге асырылған. Көптеген шетелдік инвестициялармен кәсіпорындар Қазақстанда капиталмен тәуекелге бармау үшін шаруашылық субъектілер ретінде қызмет етуді жөн санайды. Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың 80%-і сыртқы саудалық делдалдық қызмет атқарады. Көптеген өндірістік профильдегі бірлескен кәсіпорындар өздерінің қызметтерін әртараптандыруға, 20-30 бағытқа дейін кеңейтуге ұмтылады. Өндірістік сферадағы БК төмен көрсеткіші отандық өндірістік базаның артта қалуы, олардың алғашқы ірі капитал салымдарының жетіспеушілігі себеп болады. Сондада қазіргі уақытта өнеркәсіптік салада, мұнай өнеркәсібіндегі әріптестік үлесі ұлғайған 1993 жылдың 1 қаңтарындағы тіркелген кәсіпорындардың салалық құрылымына келсек, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру саласындағы бірлескен кәсіпорындар – жалпы кәсіпорындар санының 80%-ін, екінші отын өнеркәсібіндегі (мұнай және газ) бірлескен кәсіпорындар- 56,7%. Үшінші орында-агроөнеркәсіп саласындағы бірлескен кәсіпорындар-26,3%.

Шетел инвестицияларының салалық құрылымын талдағанда, негізгі капитал салымдары шикізат салаларына (мұнай және газ) шоғырланған.

Мұнай жіне газ өнеркәсібі Қазақстанның экономикалық дамуының локомативі болып табылады. БК ретінде шетел капиталымен өзара әсерлесу мұнай және газдың әлемдік нарығына енуге, ұлттық құрал-жабдық өндірісінің дамуына, алдыңғы қатарлы батыс және азиялық елдермен байланыстарды нығайтуға, мұнай құбырлары жүйесін дамытуға және саяси беделді қалыптастыруға әсер етеді.

Көптеген шетелдік серітестер Теңіз, Қарашығанақ мұнай кен орындарын игеруге ниет танытады, себебі ТМД мемлекеттері ішінде Қазақстан неғұрлым шетелдік инвестициялардың орналасуына қолайлы жағдайлар тудырып отыр.[12].

Бірлескен кәсіпорындардың салалық ерекшеліктерін талдай келіп, мынадай қорытындыларға келуге болады:

  1.  Бірлескен кәсіпорындарды құру бастапқы кезеңдермен салыстырғанда минералды-шикізат кешенінің өндірістік салаларына ауысты;
  2.  Мұнай-газ секторындағы бірлескен кәсіпорындардың белгілі көлемін шетелдің ірі компаниялары алады. Бұл аспект экспортқа бағытталған салалардың перспективасын көтеруге, осының әсерінен басқа салалардың дамуына әсер етуі мүмкін;
  3.  Бірлескен кәсіпорындардың белгілі бір мөлшері қызмет көрсету сферасында да бар, олар ірі емес, бірақ экономиканың нарықтық және өндірістік құрылымының дамуының қуатты  әлеуеті болуы мүмкін;
  4.  Аграрлық сектордағы БК даму төмендігі сақтануды қажет етеді. Бұл мақсатта ауыл шаруашылығын ынталандыру саясаттарын жүзеге асыру шараларын жүргізу қажет.

1.3 Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы бірлескен кәсіпорындардың қызмет етуінің құқықтық негіздері

Бірлескен кәсіпорындар екі негізгі ұйымдастырушылық формаға ие: корпоративтік және контрактілік. Корпоративтік формада БК қатысушылары заңды тұлға болып табылатын корпорацяны ұйымдастырады және өз қызметтерін жүзеге асыру үшін белгілі бір капитал бөлігінің иесі бола алады. Ал контрактілік формада қатысушылар өздерінің заңдық сипатын сақтайды, қосымша заңды тұлға құрылмайды. Ал басқа белгілері бойынша корпоративтік формаға ұқсас [12].

Корпоративтік форманың жиі тараған түрі серіктестіктер болып табылады. Ортақ пайданы алу үшін қатысушылар әріптестік істі ұйымдастырады.

Мұнай өндіруші елдерге серіктестік туралы келісім жасау концессияларға қарағанда салыстырмалы түрде артықшылықтар береді. Егер концессиялар белгілі территорияға құқықтан  бас тартуды талап етсе, серіктестік туралы келісім пайдалы қазбаның меншік иесі-мемлекеттің құқықтарын кеңейтеді. Әзірлеу алаңдарының көлемі қысқарады, сонымен қатар көптеген жағдайда ұлттық компанияға бірлескен кәсіпорынның акцияларының бақылау пакеттері беріледі.

Тағы бір маңызды мәселе, шетелдік серіктеске тек мұнайды өндіру міндеттемелері ғана жүктелмейді, сонымен қатар мұнайды тасымалдау, өңдеу, өткізу шараларын да орындауы тиіс. Өндірілген мұнайды бөлу қатысу үлесіне байланысты жүзеге асырылады. Кейде ұлттық компанияға тиесілі мұнай бөлігін шетелді ксеріктеске өткізу мүмкіндіктері де қарастырылады. Мұндай жағдайда ұлттық компаия оған сәйкесінше комиссиондық сыйақы төлейді.

Сонымен қатар әлемдік тәжірибеде қолданылатын келісім түрлеріне фъючерстік контрактілер, опцион, своп тәрізді IPE (Лондондағы халықаралық мұнай биржасы) және NYMEX (Нью-Йорктегі тауар биржасы) әлемдік биржаларында жүзеге асырылатын келісімдерді жатқызуға болады.

Фъючерстік контракт белгілі бір болашақтағы күнге сәйкес баға бойынша шикізат немесе тауарларды сату-сатып алу туралы жасалатын келісім болып табылады.

Мұндай контрактілерде жеткізілім бағасы, оның көлемі,айы жәнеорны көрсетіледі. Фъючерстік контрактілердің артықшылықтары кез келген компания шағын көлемде келісімдерді жүзеге асыра алады, нарықтың жоғары өтімділігі, ол заңмен қатал түрде реттеліп отырады.

Опцион мұнай және мұнай өнімдеріне фъючерстік контрактіні сату және сатып алуға құқық беретін келісім түрі болып табылады. Опцион бағасы бір баррельге 0.2-1.5 АҚШ доллары арасында ауытқып отырады. Оның артықшылығы, егер фъючерстік контрактіге баға төмендейтін болса, шығындар тек оның алғашқы төлеміне ғана тең болады, ал қолайлы жағдайларда шектелмеген пайда алуға мүмкіндік береді.

Своп келісімінің қатысушылары бір біріне белгілі болады, ал мысалы фъючерстік контрактілерде сатушы мен сатып алушы бір бірін білмейді.

Своп бір жаққа болашақтағы белгіленген бағаны иемденуге мүмкіндік береді, ал келесі жақ егер нақты және белгіленген баға арасындағы айырмашылыққа байланысты баға төмендейтін болса,сол шығындарды жабуға өзіне жауапкершілік алады.

Қазақстанда мұнай операцияларын жүзеге асыру «Мұнай туралы», «Пайдалы қазбалар туралы» заңнамаларда бекітілген. Пайдалы қазбаларды пайдалануға байланысты контрактілерді бекіту және жасау нормалары «Пайдалы қазбаларды игеру операциялары бойынша контрактілерге отыру және бекіту реті» туралы құжаттарда қарастырылады.

Контракт пайдалы қазбаларды игерудің құқықтық негізінің және рұқсатқағаздардың бөлінбес бөлігі болып табылады. Бұл принцип мынадан көрінеді:

  •  Рұқсатқағазсыз контракт жасауға келісім берілмейді;
  •  Контракт шарттары және рұқсатқағаз шарттары бір біріне қайшы келмеуі тиіс;
  •  Рұқсатқағазды жарамсыз деп тану автоматты түрде контрактінің де жарамсыздығын айқындайды.

Егер пайдалы қазбаны игеруші кен орнын әзірлеуге рұқсатқағаз алған болса, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің Өкілетті органымен контрактіге отыруға мүмкіндігі бар. Бұл «ҚР-дағы пайдалы қазбаларды игеруге байланысты контрактілерді бекітетін және жүзеге асыратын ҚР Үкіметінің Өкілетті органдары туралы» (1996 жыл 26 мамыр), «ҚР-дағы пайдалы қазбаларды игеруге байланысты операцияларды жүргізуге контрактілерді бекіту реті туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 6 қыркүйектегі №1092 үкімімен бекітілген) құжаттарда қарастырылған [3].

Бастапқыда бұл өкілеттіліктер Мұнай және газ министрлігі, кейіннен Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне тиесілі болды. 1997 жылдың қыркүйегінен бастап Өкілетті орган ретінде пайдалы қазбаларды игеру сферасындағы нақты бақылау жүргізетін орган болып Инвестициялар жөніндегі Мемлекеттік комитет қызмет атқарады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда «ҚР-да пайдалы қазбаларды игеру операцияларын жүргізудің модельді контрактісін бекіту туралы» ҚР Президентінің 1997 жылдың 4 наурыздағы Жарлығы арқылы мұнай және газ секторындағы әріптестік қатынастар реттеліп отырады. Мұнда пайдалы қазбаларды игеру шарттары, серіктестердің құқықтары мен міндеттері, контрактілік территорияның қызмет ету шарттары неғұрлым айқын көрсетіліп, инвесторларға тиімді кепілдікті айқындады [4].

Мұнай және газ секторындағы мемлекеттік реттеу өкілеттіліктері ҚР-ның үкіметіне жүктелген. Көмірсутектерге табиғи түріндегі мемлекеттік меншік сақталады, ал инвестордың меншігі контрактімен анықталады. Үкіметтің отандық және шетелдік инвесторлар өндірген мұнай үлесінен әлемдік бағамен өз меншігіне алуға артықшылық құқығы берілген. Әлемдік тәжірибеде бұл рұқсат етіледі.

Контрактілерге отыру кезеңінде өте жоғарғы талқылауды қажет ететін мәселелердің бірі қоршаған ортаны қорғау, пайдалы қазбаларды игеру және қорғау және көрсетілген шарттарды орындауды бақылау болып табылады.

Контрактіге отыру кезеңінің соңғы сатысы -оған қол қою және тиісті өкілетті органда тіркеуден өткізу. Контрактіні тіркеуден өткізу «ҚР-дағы пайдалы қазбаларды игеруге байланысты операцияларды жүргізуге контрактілерді тіркеу реті туралы» құжатпен жүзеге асады.

Пайдалы қазбаларды игеру операцияларды жүргізу контрактісі азаматтық-құқықтық құжат болып табылады және ол азаматтық заңнамаға сәйкес құрылуы тиіс. Контрактінің тағы бір мәселесі мұнай операцияларын жүргізу ұзақтығы, барлық мерзім шегінде олар қандай шарттармен жүргізіледі, қандай деңгейде олар пайдалы қазбаны игерушілер арасындағы қатынастарғы тәуелді екендігі болып табылады.

Әрбір бекітілген контракт Қазақстан республикасының талаптары мен міндеттерінің орындалуына, мемлекет қызығушылықтарын қорғауға, қоршаған ортаны қорғау параметрлерінің сақталуына негізделуі керек.

Қазақстандық заңнамаларда контрактілердің жүзеге асуында өнімді бөлу келісімі айқын түрде көрсетілмейді. Әдетте 50%-50% принципіне негізделінеді. Әлемдік тәжірибеде өнімді бөлу келісімі жобаның жүзеге асуына тікелей тәуелді түрде жүргізіледі,яғни динамикалық шкала бойынша бөлінеді. Егер инвестор өзінің салған капиталының қайтарым процентін көп алатын болса, яғни табыстың ішкі нормасы ұлғайған сайын, соғұрлым оның мемлекетке беретін өндірілген көмірсутектерінің көлемі артып отыруы тиіс.

Контрактілерде инвестордың мемлекет бюджетіне төлейтін салық түрлері көрсетіледі. Әдетте көмірсутектерді өндіруге салынатын салықтар екі түрге бөлінеді: барлық шаруашылық қызмет түріне салынатын салықтар және мұнай өндірісіне салынатын арнайы салықтар. «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да төлемдер туралы» Заңға сәйкес пайдалы қазбаларды игерушілерге салынатын салықтар жазылымдық, коммерциялық анықтау, өндіру бонустары, роялти, үстеме жоғарғы пайдаға салынатын салықтар болып бөлінеді.

Айта кететін жайт, Қазақстандағы мұнай операцияларымен айналысатын бірлескен кәсіпорындардың қызметін реттеу барлық халықаралық стандарттарға жауап береді. Мұнай операциялары саласында салынған капиталдың қауіпсіздігі туралы кепілдік құқықтар, мұнай операцияларын  мемлекеттік басқару мен бақылау модельдерін жетілдіру шаралары әзірленген.

2. Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындар қызметіне «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бірлескен кәсіпорны мысалында талдау

2.1 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК құрылу тарихы, негізгі қызметі және  басқару жүйесі

1993 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі мен Түрік Ұлттық мұнай компаниясы (ТПАО) арасында  «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойылды. «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорны мұнай өндірісі саласы бойынша егемен Қазақстандағы тұңғыш бірлескен кәсіпорын ретінде 1993 жылдың 4 ақпанында ресми тіркеуден өтті. БК-нің бастапқы құрылу кезеңдерінде негізгі құрылтайшылары « Түркие Петроллери Аноним Ортаклиги» (ТПАО), «Каззарубежгеология» және «Мұнайгаз» Мемлекеттік холдингтік компаниясы болатын. Олардың еншілері сәйкесінше 49%, 26%, 25% көлемінде болды. 1994 жылдың 31 мамырында бірлескен кәсіпорын жайлы келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында ҚР Үкіметі мен БК арасында «Көмірсутектерді барлау, әзірлеу, өндіру және өткізу» келісімі (№1 Келісім) жасалды. №1 Келісім өз күшіне енген күннен бастап 25 жыл уақыт мерзімінде әрекет етеді және БК Қатысушыларының өзара келісімі бойынша ұзартуға мүмкіндік жасалған. Бастапқыда келісім жеті рұқсатты алаңды қамтыған болатын және келісімнің шарттары бойынша БК көмірсутектердің коммерциялық қорлары анықталмаған жағдайда олардан бас тарта алады. 1997, 1998, 2000 жылдар ағымында БК бес рұқсатты алаңнан бас тартты. 1997 жылы екі отандық құрылтайшыларының еншілері «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясына беріледі де, кәсіпорын 1998 жылдың 3 ақпанында қайтадан тіркеуден өтеді. 1999 жылдың  18 мамырында ҚР Инвестиция жөніндегі агенттігі және «Қазақтүрікмұнай» БК арасында  2026 жылдың 26 желтоқсанына дейін белгіленген «Оңтүстік Қаратөбе аймағындағы көмірсутектерді барлау және өндіру» келісімі (№2 Келісім) жасалады. 2002 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Үкіметі үкімімен  «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясы мен  «Мұнай және газды тасымалдау» Ұлттық компаниясы қосылып, нәтижесінде жаңа кәсіпорын «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы (ҚМГ) құрылады. «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясының еншісі ҚМГ-ға (51%) беріліп, 2002 жылдың 17 ақпанында БК тіркеуден өтеді. Қазіргі уақытта ол өз қызметін қарқынды жалғастырып, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы кен орындарында мұнайды әзірлеп, сатуда. Қазір бірлескен кәсіпорын осы аймақтарда үш блок бойынша мұнайды игеру жұмыстарын жүргізеді:

1) Елемес–Бекболат блогы (20. 03. 1996ж.)

2) Шығыс Ақжар блогы (30. 04. 2003ж.)

3) Оңтүстік Қаратөбе блогы (1999ж.)

. «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорны «Шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының /21.06.1991 ж./ 1 бөлімінің 2-бабына сәйкес Жауапкершілігі шектеулі серіктестік түріндегі заңды тұлға болып табылады. БК құру және оның коммерциялық қызмет шарттары:

  •  ҚР Үкіметі және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК арасындағы МГ№42 /23.02.1995/ рұқсатқағазы (лицензия) бойынша мұнайды барлау, әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу және өткізу Келісімімен /31.05.1995/;
  •  МГ№307 рұқсатқағазы бойынша /26.12.1995/ Оңтүстік Қаратөбе кен орнындағы көмірсутекті шикізатты барлау мен өңдеу Келісімшартымен /18.05.1999/;
  •  ЖШС БК Жарғысымен;
  •  Құрылтайшылық келісіммен;
  •  ҚР Салықтық заңнамасымен басқарылады және реттеледі.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК коммерциялық мақсаты -  рұқсатты алаңдарда мұнай және газды барлау, анықталған кен орындарын әзірлеу, рентабельділік қағидасы шегінде өндірілген көмірсутек шикізаттарын өткізу және экспорттау шараларын бірлесе отырып жүзеге асыру. Екі жақты келісім бойынша БК қызмет сферасын кеңейте алады. БК өзінің коммерциялық мақсатын жүзеге асыру барысында ҚР Заңнамасы шегінде келесі құқықтарға ие болады:

  1.  Меншікке иелік етеді және пайдаланады;
  2.  Үшінші жақпен келісім жасай алады;
  3.  Қазақстандық немесе шетелдік банктерден несие ала алады;
  4.  Респупликада немесе шетелде банктік шоттар ашып, оларды еркін пайдалана алады;
  5.  Үшінші жаққа қатысты БК өз мүлігін кепілдендіре отырып, жауапкершілік алады;
  6.  БК өз құрылтайшыларының қарыздары мен міндеттемелеріне жауапкершілік алмайды, және құрылтайшыларының да кәсіпорынның міндеттемелеріне қатысы жоқ;
  7.  БК ресми тілдері ретінде қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдері табылады.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС Құрылтайшылары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (51%) және Түрік ұлттық мұнай компаниясы (49%) болып табылады. Жарғылық капиталы 4 млн. АҚШ долларын құрайды. Қазақстандық жақ бастапқыда жарғылық капиталға географилық координаттары Батыс Қазақстанның картасында көрсетілген алаңдардағы скважиналарды бұрғылау мәліметтері, геологиялық және геофизикалық ақпараттар түрінде 1 500 000$ АҚШ доллары көлемінде қаржы салған болатын, яғни ол Жарғылық қордың 60% құрады, ал Түрік жағы ақша құралдары түрінде 1 000 000$ АҚШ долларын салады, яғни  Жарғылық қордың 40% тиесілі болатын. Келісімге сәйкес қазақстандық жақ Жарғылық қордағы өз үлесінің 9% түрік жағына береді. 1994 жылдың 27 маусымындағы Жарғылық қордағы үлесті ұлғайту үкіміне сәйкес Қазақстандық жақ геологиялық ақпараттар түрінде 765 000$ АҚШ доллары көлемінде, Түрік жағы ақша құралдарымен 735 000$ АҚШ доллары көлемінде қаржы салады[13,14].    

Бірлескен кәсіпорынның жоғарғы басқару органы ретінде Қазақстан және Түркия мемлекеттерінің әрқайсысынан төрт адамнан сайланған, жалпы сегіз мүшеден құралатын Жалпы Жиналыс( Общее Собрание) танылады.

Жалпы Жиналыс төрағасы Қазақстандық жақтан, орынбасары Түркия мемлекетінен сайланады. Әрбір мүшесі бір дауысқа ие және екі жыл мерзімге тағайындалады.

Жалпы Жиналыс отырысы оның төрағасының немесе орынбасарының 30 күн алдын-ала жазба нұсқада жариялап шақыртуымен ұйымдастырылады.

Жалпы Жиналыс отырысы жылына екі рет немесе қажетінше одан артық ұйымдастырылуы мүмкін. Жалпы Жиналыс бірлескен кәсіпорынның оперативтік қызметінен басқа барлық мәселелер мен сұрақтарды шешуге құқылы.

Жалпы Жиналыстың шешімін міндетті түрде талап ететін мәселелерге келесілер жатады:

  •  БК Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
  •  Жарғылық капитал көлемін ұлғайту немесе төмендету;
  •  Жарғылық капиталдағы үлесті өзгерту немесе беру;
  •  БК қызметін және негізгі даму бағыттарын анықтау немесе өзгерту;
  •  Үшінші заңды тұлғалармен бірлесу мәселелері;
  •  Филиалдар немесе өкілеттіліктер ашу және жабу;
  •  Құрылтайшылар арасында табысты бөлу және оны төлеу мерзімі;
  •  БК шығындарын жабу;
  •  Дирекция мүшелерін қызметіне тағайындау және босату;
  •  Ликвидациялық комиссияны тарта отырып, бірлескен кәсіпорынның қызметін тоқтатуын ( жойылуын) жүзеге асыру;
  •  БК атынан сотқа және арбитраждық сотқа шағым жасау;
  •  Ұйымдық келісімдерді қорытындылау.

Жалпы Жиналыс өзінің мүшелерінің немесе резервтік мүшелерінің ішінен Жалпы Жиналыс комитетін немесе басқа да комитеттерді құра алады. Комитеттің міндеттерін, өкілеттіліктері мен жұмыс әдістерін Жалпы Жиналыс анықтайды.

Жалпы Жиналыс мүшелері өз қолма-қол шығындарымен қатар, әрбір өткізілген отырыс үшін бір реттік сыйақы алады.

Бас дирекция іскерлік және маманданған қабілеті бар алты нақты мүшеден құралады.

Бас дирекция құрамы:

Бас директор – ҚР-ның азаматы, орынбасары – Түркия мемлекетінің азаматы. Екеуі де тең құқыққа ие.

Қаржылық директор – ҚР-ның азаматы, орынбасары – Түркия мемлекетінің азаматы.

Өндірістік директор – Түркия мемлекетінің азаматы, орынбасары – ҚР-ның азаматы.

Жалпы Жиналыс Бас дирекцияны үш жыл уақыт мерзіміне сайлайды.

Бас дирекция БК қызметін кәсіпорын мақсаты шеңберінде, Жалпы Жиналыс шешімдері және еңбек келісімшарттары негізінде жүзеге асырады.

БК қызметіне байланысты мәселелерді шешу бірауыздан бас директор және орынбасарына жүктелген. Пікірталас туындаған жағдайда Жалпы Жиналыс араласады[15].

Бас дирекцияның функциялары:

  •  Өз қызметі бойынша БК Жалпы Жиналысына есеп береді;
  •  Жалпы Жиналыс шешімін жүзеге асырады, нәтижесін баяндайды;
  •  Жылына бір рет немесе жағдайдың өзгеруіне байланысты одан артық болуы мүмкін коммерциялық саясат және басқа да кәсіпорынды басқаруға байланысты мәселелер жайында баяндама жасайды;
  •  Әрбір тоқсан сайын жұмыстар ағымы, БК айналымы және қаржылық жағдайы туралы есеп береді;
  •  Қаржылық жыл аяқталғаннан кейін үш айдан артық кешіктірмей қаржылық есеп, кірістер мен шығыстар есебін және БК қызметінің рентабельділігін баяндауы тиіс;
  •  Жалпы Жиналыс талабы бойынша Бас директор БК жағдайына маңызды әсер ететін негізгі жұмыстар, шаралар, коммерциялық келісімшарттар жөнінде баяндама жасайды;
  •  Дирекция мүшелері және орынбасарлары Жалпы Жиналыс келісімінсіз басқа кәсіпорындарда міндетті қызметтерді атқаруға құқығы жоқ;
  •  БК жұмысқа қабылдау және босату, ұжымдық және жеке еңбек келісімшарттарын қорытындылау, мазмұндау, аяқтау мәселелерін өздігінше шешеді.

2.2 Бірлескен кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (есеп беру жүйесі, салық жүйесі, баға қалыптастыру мәселелері)

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің қызмет ерекшелігін толығымен түсіну мақсатында мұнай саласындағы кәсіпорындар қызметіндегі негізгі мәселелерге тоқтала кетуге болады.

Есеп саясаты

БК-ның есеп саясаты және оның принциптерінің ерекшелігі бірлескен кәсіпорын құрылған күннен бастап, яғни 1993 жылдан бері Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде есеп жүргізіп келеді. Сәйкесінше барлық қаржылық көрсеткіштер АҚШ долларында көрсетіледі.

БК бухгалтерлік процедураларының мақсаты бірлескен кәсіпорынның нақты шығындары мен табыстарын айқын көрсететін бухгалтерлік есеп принциптерін бекіту болып табылады. БК ның бухгалтерлік процедуралары №1 Келісімге сәйкес Бірлескен шотты қолдануды және №2 Келісімге сәйкес Мұнай операцияларының шотын («Бірлескен шот») қарастырады.

Бірлескен шот деп БК-ның өз қызметіне қатысты барлық төлемдерді, шығындар мен түсімдерді, сонымен қатар БК Қатысушыларыан алынған аванстарды көрсететін шоттар тобын атайды. Мұндай шоттар үш субшоттан құралады: бірі – барлау, екіншісі  - әзірлеу және игеру, үшіншісі  - операциялық шығындар бойынша[17].

БК жалпы мұнай саласының форматтары бойынша арнайы қаржылық есеп дайындайды. Ол басқару органдарына есеп берумен қатар, әр тоқсан сайын Энергетика және минералды ресурстар министрлігі және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына қаржылық есеп нәтижелерін ұсынады. Қаржылық есеп Бірлескен шот бойынша бірлескен кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы есептен, Кірістер мен шығыстар есебінен, Ақша құралдарының қозғалысының есебінен, Құрылтайшылар капиталындағы өзгерістер есебінен құралады.

Қаржылық есептегі ерекшелігі бар бірнеше ұғымдарға тоқтала кетуге болады:

Шығындарды қаржыландыру және жабу

БК рұқсатты алаңның нақты блогында шығындаған мұнай шығындарын тек осы блокта өндірілген мұнай есебінен келесі түрде жаба алады:

  1.  БК мұнай шығындары әр блок бойынша жеке есептелетін капиталды шығындардан және ағымдық шығындардан құралады.
  2.  Капиталды шығындар барлау және игеру шығындарынан құралады.
  3.  Капиталды шығындар рұқсатты алаңның нақты блогында Либор плюс 3%- тен артық емес проценттік мөлшерлемесін есепке ала отырып, барлық осы блокта өндірілген және сақталған мұнайдың роялти есептелгеннен кейінгі құнының 60%- мен жабылады  (Капиталды шығындарды жабатын мұнай).
  4.  Капиталды шығынар келесі кезекпен өтеледі:

а) Барлау шығындары

б) Игеру шығындары

5. Ағымдық шығындар күнтізбелік жыл ағымында рұқсатты алаңның нақты блогында өндірілген және сақталған мұнайдың роялти және капиталды шығындарды жабатын мұнай көлемі есептелгеннен кейінгі құнынан алынады.

6.  Рұқсатты алаңның нақты блогында өндірілген және сақталған мұнайдың роялти, капиталды және ағымдық шығындар өтелгеннен кейінгі қалған бөлігі осы блоктан белгілі күнтізбелік жылы алынған Пайда мұнайы болып табылады. Пайда мұнайына табыс салығының 25%-і есептелгеннен кейінгі көлемі, яғни таза пайда Қазақстан және Түркия жақтары арасында олардың үлестеріне қарай пропорционалды қатынаста бөлінеді.

Басқару гонорары

Бірлескен кәсіпорын Түрік жағының шығындаған техникалық көмегін және әкімшілік шығындарын көрсету мақсатында барлық капиталды, ағымдық және басқа да шығындарды 2% көлемінде Түрік жағына басқару гонорарын аударады. Басқару гонорары рұқсатты алаңдағы коммерциялыө анықталу болғанға дейінгі шығындарға жататындықтан, барлау шығындарының бөлігі ретінде қаржыландырылады.

Болашақтағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша міндеттемелер

№2 Келісімге сәйкес БК Қатысушылардың Жалпы Жиналысымен және ҚР Инвестиция жөніндегі агенттігімен бекітілген жалпы даму бағдарламасында көрсетілген мерзімде және көлемде жойылу қорына кезеңдік аударымдар (төлемдер) жасап отыруы міндетті.

Шартты және мүмкін болатын міндеттемелер

  1.  Операциялық ортаға байланысты
  2.  Үкіметтің әсер етуі, баға қалыптастыру және тасымалдау мәселелері
  3.  Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
  4.  Салық жүйесі
  5.  Инвестиция бойынша міндеттемелер
  6.  Болашақтағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша міндеттемелер
  7.  Зейнетақы бойынша жұмыскерлерге міндеттемелер

Салық жүйесі

БК және оның Қазақстандық, Түркиялық жақтары №1 Келісімге сәйкес қарастырылған салықтар мен төлемдерді өтеуге міндетті. Бұл Келісім күшіне енген күннен кейінгі жаңа салықтар түрі кірістірілмейді деп көрсетілген.

БК мемлекетке мұнай өндіру көлеміне байланысты төмендегідей шарттармен бір реттік Бонустар төлейді:

  1.  Әрбір рұқсатты алаң блоктарынан 3 млн. тонна көлеміндегі мұнайдың куммулятивті көлемі өндірілетін болса, 1 500 000 АҚШ доллары төленеді;
  2.  Әрбір рұқсатты алаң блоктарынан 3 млн. тонна жылдық мұнай көлемі өндірілетін болса, 10 000 000 млн. АҚШ доллары көлемінде төленеді;
  3.  Әрбір рұқсатты алаң блоктарынан 10 млн. тонна куммулятивті мұнай көлемі өндірілетін болса, 20 000 000 АҚШ доллары көлемінде төленеді.

БК кез келген күнтізбелік жылы мемлекетке кез келген рұқсатты алаң блогында өндірілген мұнай көлеміне байланысты төмендегі прогрессивті ауытқымалы шкала бойынша роялти төлейді (№1 Келісім бойынша):

Күнтізбелік жылы өндірілген мұнай көлемі:

  1.  - 1,0 тонна аралығында -3%

1,0 - 3,0 тонна аралығында - 4,5%

3,0 - 5,0 тонна аралығында - 5,5%

5,0 - 10,0 тонна аралығында - 6%

10,0 - 20,0 тонна аралығында - 8%

20,0 - 30,0 тонна аралығында- 10%

30,0 - 50,0 тонна аралығында - 11%

50,0 тоннадан жоғары - 12,5%

№2 Келісімге байланысты оның деңгейі мұнай өндіру көлемі бойынша 2%-4% аралығында ауытқиды.

Роялтиді төлеу Үкіметтің қалауы бойынша ақша немесе табиғи формада жүзеге асады.

БК салықтық міндеттемелерді Келісімдерге сәйкес жүзеге асырады.

№1 Келісімге сәйкес БК мұнай кірістеріне салынатын табыс салығын 25%  мөлшерінде төлейді. Егер ішкі табыс нормасы (ІТН)  30%-тен асатын болса, төмендегі шкала бойынша қосымша табыс салығы төленеді (ҚТС):

Ішкі табыстың қалыпты нормасы – 22%

  •  ІТН 30%-ке дейін болғанда, ҚТС алынбайды
  •  ІТН 30-32% көлемінде болғанда, ҚТС 30% құрайды
  •  ІТН 32-35% көлемінде болғанда ҚТС 34% құрайды
  •  ІТН максималды деңгейі 35%-тен асқанда, ҚТС 38% құрайды

№2 Келісімге сәйкес БК осы келісім күшіне енген уақытқа дейінгі салық заңнамасымен бекітілген табыс салығын төлеуге міндетті болып саналады. Егер БК ішкі табыс нормасы 20%  асатын болса, қосымша табыс салығын төлеуге тиіс болады. №2 Келісімге сәйкес ҚТС максималды ставкасы 30% құрайды, яғни ішкі табыс нормасы 30% және одан жоғары көлемді құрайтын болса.

БК жыл сайын жерге, яғни территорияға жал (аренда) төлемін жасап отырады. Ол келесі ретпен рұқсатты алаңның әрбір шаршы шақырымына төленеді:

Барлау кезеңі:

Бірінші фаза (4 жыл) – 20 АҚШ доллары

Екінші фаза (4 жыл) – 40 АҚШ доллары

Үшінші фаза (3 жыл) – 60 АҚШ доллары

Игеру кезеңі – 60 АҚШ доллары

Баға қалыптастыру мәселелері

Бірлескен кәсіпорынның қызметі экономикалық, саяси, әлеуметтік, яғни Қазақстандағы бизнесті жүргізуге тән тәуекел түрлерімен тығыз байланысты. Бұл тәуекел түрлеріне үкімет саясатының, экономикалық жағдайдың, салықтық және құқықтық сферадағы өзгерістердің нәтижелері, валюта бағамының ауытқулары және келісімшарт құқықтарының жүзеге асу мүмкіндіктері әсер етеді.

Бірлескен кәсіпорын экспорттық квотаға, яғни ҚР Үкіметінің мұнай өндіруші компанияларға белгілейтін жыл сайынғы шетелге өткізілетін мұнай көлемі шектеуіне тәуелді. Қазіргі кездегі Қазақстандағы саяси және экономикалық жағдай Үкіметтің ішкі мұнай өңдеуші зауыттарды экспорттық бағадан елеулі түрде төмен бағалы мұнаймен қамтамасыз ету мақсатындағы отандық мұнай өндірушілер қызметіне мейлінше әсер етуге бағытталуымен сипатталады.

Мұнай өндіруші саладағы кәсіпорындардың баға қалыптастыру мәселелері біршама ерекшеліктерге ие.

Мұнайдың халықаралық нарықтық бағасы БК-ның екі жақтық таңдауы бойынша өндірілетін мұнайдың тығыздығы мен сапасына сәйкес келетін кем дегенде бір мұнай эталонына өндіру операциясы басталғанға дейін, сапа айырмашылықтарын және транспорт шығындарын есепке ала отырып анықталуы тиіс.

БК мұнай эталонының  бағасын Платтц басылымындағы «Мұнай бағасының жаңалықтарының» «Шикі мұнай» секциясындағы көрсеткіштер бойынша алады, яғни онда көрсетілген мұнай эталоны және БК өндірген мұнайдың сапа бойынша және жеткізу құны бойынша айырмашылықтары есепке алынады. Мұнай бағасы Платтцтың өткен аптадағы немесе сатылған мұнайдың транспорттық накладнаясы көрсетілген күннен кейінгі аптадағы көрсеткіштері бойынша белгіленеді. Егер талап етілетін баға осы апталардың ешбірінде көрсетілмесе, онда осы аптадан кейінгі жақын арадағы апталардың біріндегі нарықтық баға алынады. Егер Платтцта «Мұнай бағасының жаңалықтары» басылмайтын жағдайда, екі жақтың келісімі бойынша мұнайдың нарықтық бағасы көрсетілетін балама басылымды қолдануы тиіс.

Отандық тұтынушыларға мұнай бағасы Платтцта көрсетілген әрбір мұнай эталонының орташа арифметикалық көлемі ретінде алынып, сәйкесінше транспорт шығындары және сапасы бойынша айырмашылықтары есептелінген бағамен сатылуы тиіс.

  1.  «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2003 -2005 жылдардағы қаржылық көрсеткіштеріне талдау

Кесте 1. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК 2003-2005 жылдардағы қаржылық-экономикалық көрсеткіштері

Жылдар

Өндіріс шығындары

(АҚШ доллары)

Өткізілген өнімнің

көлемі(тонна)

Өнім бірлігінің өзіндік құны(АҚШ доллары)

2004

2005

38 160 961

48 364 675

408 931

340 968

93

142

Өнімді өткізуден түскен табыс(АҚШ доллары)

Өндірістік

персоналдың

орташа тізімдік

саны(адам)

Еңбек өнімділігі(АҚШ доллары/адам)

2004

2005

84 361 000

109 724 000

180

201

468 672

545 891

Салық төлегенге дейінгі табыс(АҚШ доллары)

Өндіріс

шығындары

(АҚШ доллары)

Рентабельділік коэффициенті

2003

2004

2005

6 751 000

24 765 000

41 142 000

14 573 000

38 160 961

48 364 675

46%

65%

85%

Меншікті капитал

(АҚШ доллары)

Қарыз капиталы

(АҚШ доллары)

Қаржылық тұрақтылық коэффициенті

2003

2004

2005

7 934 000

18 516 000

28 157 000

215 799 000

194 124 000

168 683 000

0,04

0,1

0,17

Ағымдық активтер

(АҚШ доллары)

Қысқа мерзімді

міндеттемелер

Өтімділік коэффициенті

2003

2004

2005

19 523 000

31 910 000

39 312 000

3 819 000

6 808 000

10 238 000

5,1

4,6

3,8

Өнімді өткізуден түскен табыс

НҚ орташа

жылдық құны

Қорқайтарымдылық

коэффициенті

2003

2004

2005

45 235 000

31 910 000

109 724 000

182 747 500

130 066 500

57 239 500

25%

65%

191%

Дебиторлық берешектің орташа

көлемі

Өнімді

өткізуден түскен

табыс

Дебиторлық берешек айналымдылығы

коэффициенті

2003

2004

2005

3 762 000

2 563 500

36 500

45 235 000

84 361 000

109 724 000

8,3%

3,03%

0,03%

Кредиторлық берешектің орташа

көлемі

Өнімді

өткізуден

түскен табыс

Кредиторлық берешек

айналымдылығы

коэффициенті

2003

2004

2005

163 000

540 000

1 441 500

45 235 000

84361 000

109 724 000

0,36%

0,6%

1,3%

Экономикалық тиімділікті бағалау.Өнім бірлігінің өзіндік құн көрсеткіші.  Бір тонна мұнайдың өзіндік құны 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 49 АҚШ долларына артық болған. Себебі 2004 жылғы өндіріс шығындары 38 160 675 АҚШ долларын құраса, 2005 жылы өндіріс шығындары 48 364 675 АҚШ долларын құраған болатын, яғни 10 203 714 АҚШ долларына артық. Жоба бойынша 2005 жылы өндіріс шығындары 28 428 246 АҚШ доллары көлемінде жоспарланған.

Өткізілген өнім көлемі 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 67 963 тоннаға кем. Жоба бойынша өткізілетін өнім көлемі 363 728 тонна көлемінде жоспарланған және сәйкесінше жоспар бойынша өнімнің өзіндік құн көрсеткіші 78,16 АҚШ долларын құрауы тиіс болатын. Жоспарлық және нақты көрсеткіштер арасындағы ауытқу 63,68 АҚШ долларын құрайды. Осыған сәйкес бір тонна мұнай бағасы да жоспардағы мәнінен 61 АҚШ долларына артық, яғни жоспар бойынша 253 АҚШ долларына сәйкес келсе, нақты бағасы 314 АҚШ долларына тең болған.

Еңбек өнімділігі көрсеткіші. Бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 77 216 АҚШ долларына артық болған. Себебі өнімді өткізуден түскен табыс 2005 жылы өткен жылғы көрсеткішінен 25 363 000 АҚШ долларына артық болған. Сонымен қатар 2005 жылы өндірістік персоналдың орташа тізімдік саны 21 адамға артқан.

Өнім рентабельділігін бағалау.2003, 2004, 2005 жылдардағы рентабельділік көрсеткіші оң нәтижемен сипатталады, орташа есеппен оның мәні үш жыл ішінде 19,5% өскен. Бұл маңызды өсуді салық төлегенге дейінгі табыстың өсуімен түсіндіруге болады. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы ол 18 014 000 АҚШ долларына, 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 16 377 000 АҚШ долларына өскен (сурет 3).

Қаржылық тұрақтылықты бағалау.Бұл көрсеткіш 2003, 2004, 2005 жылдар бойынша өзінің қабылданған мәнінен (0,5) төмен деңгейімен сипатталады, сәйкесінше 0,04; 0,1; 0,17. Оның төмен деңгейі қарыз капиталы құрамындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер көлемінің жоғары деңгейімен түсіндіріледі.

Бірлескен кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелері Бірлескен кәсіпорын Қатысушыларына міндеттемелерден және Болашақтағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша міндеттемелерден құралады.

Бірлескен кәсіпорын Қатысушыларына міндеттемелер мұнай кен орындарын барлау және игеруге жұмсалған қаржылық шығындар бойынша кәсіпорынның міндеттемелері болып табылады. Ол көрсеткіш 2003 жылы 211 980 000 АҚШ долларын, 2004 жылы 187 133 000 АҚШ долларын, 2005 жылы 158 118 000 АҚШ долларын құраған.

2005 жыл ағымында Бірлескен кәсіпорын қаржыландыру бойынша міндеттемелерін жабу үшін 39 499  мың АҚШ доллары және Қатысушыларға таза табысты бөлу түрінде 14 127 мың АҚШ доллары көлемінде төлем жасады.

Өтімділікті бағалау.Ағымдық өтімділік көрсеткіші 2003, 2004, 2005 жылдары өзінің қабылданған мәнінен (2) кері ауытқушылықты көрсетпейді. Бірақ көрсеткіштің төмендеу үрдісі байқалады, 2004 жылы ол 2003 жылмен салыстырғында 0,5, ал 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 0,8-ге төмендеген. Бұл қысқа мерзімді міндеттемелер көлемінің 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 2 989 000 АҚШ долларына, 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 3 430 000 АҚШ долларына өскендігімен түсіндіріледі.

Іскерлік белсенділікті бағалау.Қорқайтарымдылық коэффициентінің 2003, 2004, 2005 жылдар ішінде өсу үрдісі байқалады. Үш жыл ағымында бұл көрсеткіш өзінің төмен деңгейін 2003 жылы қабылдаған. Ол негізгі құралдардың орташа жылдық құнының жоғары деңгейімен түсіндіріледі, 2004 жылы негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2003 жылмен салыстырғанда 52 681 000 АҚШ долларына кеміген, сәйкесінше өнім өткізуден түскен табыс 39 126 000 АҚШ долларына артқан, 2005 жылы негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2004 жылмен салыстырғанда 72 827 000 АҚШ долларына кеміген, өнім өткізуден түскен табыс 25 363 000 АҚШ долларына өскен.

Дебиторлық берешек айналымдылығы коэффициценті. Бұл көрсеткіш деңгейі 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 5,27% , ал 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 3%-ке кеміген. Соңғы екі жылда дебиторлық берешек көлемі едәуір төмендеген (2003 жылы – 5 097 000 АҚШ доллары, 2004 жылы – 30 000 АҚШ доллары, 2005 жылы – 43 000 АҚШ доллары). Сәйкесінше әр жылдағы дебиторлық берешектің орташа көлемі де кеміген.

Кредиторлық берешек айналымдылығы коэффициценті. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 0,24% , ал 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 0,7% өскен. Бұл өсім әр кезеңге сәйкес кредиторлық берешектің орташа көлемінің өсу үрдісімен түсіндіріледі. 2005 жылы ол өзінің жоғары мәнін қабылдаған. Жағдайды бірлескен кәсіпорынның мұнайды тасымалдау жұмыстары бойынша «Уральскнефтегазгеология» АҚ алдындағы (972 000 АҚШ доллары) және «Транс Азия Констракшн» АҚ алдындағы (187 000 АҚШ доллары) міндеттемелерімен түсіндіруге болады.

3. Бірлескен кәсіпорындар қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары

         3.1 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның даму перспективасы және өзекті мәселелері

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК шетелдік қатысушысы бар кәсіпорын бола отырып, салыстырмалы түрде шағын компанияға жатады және өз дамуында белгілі кедергілерге, проблемаларға ие.

Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінде шағын бизнес формаларының пайда болуына бірнеше жағдайлар әсер етті. Біріншіден, шикізаттық базаның мұнай өндірісі динамикасындағы ірі ашылулар маңызының төмендеуі, жаңа, әлі игерілмеген, ескі кен орындарындағы қиын өндірілетін қорлар көлемінің өсуін сипаттайтын дамудың өрлеу сатысына өтуі болып табылады. Мұндай қорларды игеру әрбір объектіге жеке назар аударуды талап етеді. Яғни жаңа ұсақ кен орындарының пайда болуы ірі тік интеграцияланған компаниялардың жоғары шығындары мен кен орындарының көлеміне байланысты үнемдеуге бағытталуы олардың стратегиялық экономикалық қызығушылықтарына қайшы келеді. Өнімділігі аз объектілерді игеру шағын, аса жоғары шығындарға ие емес, инновацияға икемді және бейім, тәуекелге дайын кәсіпорындарға қолайлырақ. Мұндай объектілер көлемінің өсуі жеке мұнай өндіруші кәсіпорындардың пайда болуы мен олардың тез қарқынмен өсуін талап етеді[19].

Келесі бір жағдай, яғни шағын компаниялардың және қазақстандық интеграцияланған компаниялардың  пайда болуына себеп – ескі мұнай өндіру аймақтарындағы және мұнай өндіру қызметінің нәтижесінде қалыптасқан көппрофильді елдімекендердегі жұмысбастылық проблемасы.

Ірі компаниялар көп жылдар бойы кен орындарын әзірлеу, игеру және олардың тозуына байланысты өз қызметтерін жаңа аймақтарға ауыстырып отырады. Яғни бұл бұрынғы ескі аймақтарда белгілі кәсіби топ жұмыс күшінің артықшылығын туғызады. Жұмыс күшінің төмен мобильділігі, олардың жеке өз тарапынан аймақаралық ағымдарының шектеулі көлеміне байланысты массалық қайта орналастыру проблемасы мемлекеттің мойнына артылады. Бюджет құралдарының жетіспеушілігі салдарынан мемлекет бұл проблеманы шешуде осы территориялардағы шағын кен орындарын әзірлеуге шетелдік инвесторлар арасында тендерлер ұйымдастырады.

Әр түрлі мұнай өндіруші елдер тәжірибесінде мұнай өндіру саласындағы шағын және орта бизнес – бұл біріншіден, саланың шектен тыс монополизациялануына қарсы әрекет етуші фактор, екіншіден, шағын, рентабельділігі өте төмен, қиын игерілетін қорларға ие кен орындарын игеруге және қалдық мұнай қорларын игеруге әсер етуші негізгі өндірістік күш. Шикізаттық базаның табиғи тозу процесі, максималды көлемде көмірсутектерді алуға кепілдік беретін пайдалы қазбаларды рационалды пайдалануға ұмтылу, жеке мүддені қолдаудағы мемлекет саясаты мұнай өнеркәсібіндегі шағын компаниялардың пайда болуына, даму және өркендеуіне себеп болған факторлар болып табылады.

Мысалы, АҚШ-та тік интеграцияланған компаниялармен қатар он мыңға жуық құрамында көбінесе тәулігіне бірнеше тонна мұнай өндіретін ұсақ, тәуелсіз фирмалар бар. Олардың негізгі қызмет ету сфералары – мұнайды барлау, игеру, қызмет көрсету және инновацияларды енгізу. Олардың көбі рентабельділігі төмен скважиналардағы қиын өндірілетін және қалдық қорларды игерумен айналысады. Мұндай тәуелсіз компаниялар елдегі мұнай өндірісінің 40%-ін, табиғи газдың  65%-ін қамтамасыз етіп, сала құрылымындағы маңызды звено болып табылады. Американдық мұнай өндіруші компаниялардың жемісті қызмет етуі бір жағынан Энергетикалық реттеу бойынша федералдық комиссияның елдегі антимонополиялық заңнаманың орындалуын қадағалауы, мұнай өндіруші нарықтағы бәсекелестік күреске ықпал етуі, екінші жағынан икемді салық және жеңілдіктер жүйесі арқылы шағын кәсіпорындарды қолдап, олардың іскерлік белсенділігін ынталандырудан көрінетін мемлекеттің мақсатты бағытталған саясатына байланысты жүзеге асырылып отыр.

Тәуелсіз кәсіпорындар үшін жеңілдіктер енгізу немесе қысқарту сияқты салық жүйесіндегі өзгерістер алдын ала мұнай өнеркәсібінің өкілдерімен талқыға салынады[19].

Бұл ойластырылған саясат американдық мұнай өнеркәсібінің жалпыға мәлім феноменін қалыптастырды: кезеңдік баға толқулары мен энергетикалық әлемдік дағдарыстарға қарамастан, 8-10 мәрте қорлармен қамтамасыз етілген АҚШ-тың мұнай өндірісі соңғы 20 жылда 10%-тен артық төмендеген жоқ.

Канадада мұнай көлемінің 1/3-і шағын, жеке компаниялармен өндіріледі. Ұлыбританияда мұнай-газ саласында маңызды рөлді жаңа технологияларды, өндірістік құрал-жабдықтарды және қызметтерді әзірлеуге маманданған кіші фирмалар атқарады.

Шетел тәжірибесі көрсеткендей, әділетті бәсекені орнату үшін және шикізаттық базаның табиғи тозу процесінде максималды өндіріске қол жеткізу үшін шағын мұнай өндіруші кәсіпорындарды мемлекеттік деңгейде қолдау және ынталандыру қажет.

Қазақстанда объективті себептерге байланысты пайдалы қазбаларды пайдалану заңнамалары, жалпы құқықтық база қалыптасудың бастапқы сатысында табылады. Олар пайдалы қазбаларды пайдалану объектілерін игеруді жетілдіру тұрғысынан да, пайдалы қазбаларды игеру субъектілері-өндіруші сала кәсіпорындары, соның ішінде шағын кәсіпорындар тұрғысынан да әрі қарай дамуды талап етеді.

Шағын өндіруші кәсіпорындарға басқа шаруашылық субъектілерге қарағанда бірнеше ерекшеліктер тән. Пайдалы қазбаларды игеруге қол жеткізу ресурстық база есебі, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, әділетті бәсеке принциптерін сақтау сияқты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және енгізу мемлекеттік заң және атқарушы билік органдарының негізгі міндеттері болып табылады.

«Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Пайдалы қазбалар туралы», «Кәсіпорындар мен ұйымдар табысына салық туралы», Салық кодексі, «Өнімді бөлу келісімі туралы» заңдарды, мұнай өндіруші шағын кәсіпорындарды қолдау туралы заңдарды жетілдіріп, қабылдауды талап етеді.

Көптеген мамандар пікірі бойынша «Пайдалы қазбалар учаскелерін қолдануға арнайы салық режимі» туралы Қазақстан Республикасының заңын қабылдау қажет делінеді.

Қазіргі кезде заңнамамен шешілмеген проблемалардың бірі- лицензия иесімен әлі игерілмеген объектілердегі пайдалы қазбаларға қол жеткізу мүмкіндігін ықшамдау. Яғни негізгі лицензия иесі мен уақытша тартылған кәсіпорын арасындағы өзара тиімді әріптестікті заңнамалық актілермен бекіту, тартылған кәсіпорынға меншік құқығын және қызмет нәтижесінде өндірілген мұнайды иелену құқығын бекіту сияқты мәселелерді шешу талап етіледі.

Бүгінгі қазақстандық заңнамаларда әр түрлі көлемдегі өндіруші кәсіпорындар үшін де, әр түрлі өнеркәсіп саласының кәсіпорындары үшін де салық салу жүйесі және салық мөлшерлемелері де бірдей бекітілген. «Пайдалы қазбалар туралы» заңда қарастырылған ресурстық төлемдер жеңілдігі өте шектеулі көлемде. Сондықтан әлсіз антимонополиялық саясат жағдайында жоғарыдағы заңнама және салық саясаты мұнай өндіруші саладағы шағын және орта бизнестің тиімді даму мүмкіндігін жояды.

Шағын және орта бизнесті қолдау барсындағы мемлекеттің мақсатты бағытталған саясаты ең алдымен инновациялық қызметті интенсификациялауға және отандық инвестицияларды екі елдің де мұнай өнеркәсібіне тартуға мүмкіндік туғызады.

Көптеген мұнай өндіруші саладағы бизнестің шағын формаларын белсенді дамытып отырған елдердің тәжірибесін талдау және біздің елдің нақты жағдайларына үйлестіре қолдану, олардың қателіктерін, шектеулерін ескеру, отандық заңнаманы оперативті жетілдіру Қазақстанның мұнай-газ секторының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және ескі мұнай- кен орындарының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан мұнай-газ секторындағы институционалдық қайта құрулар мынадай сипатта болуы тиіс:

  •  Ірі интегрцияланған құрылымдардың әлсіреуі барысында жеке аймақтар шеңберінде мұнай-газ секторының ұйымдастырушылық құрылымының дамуы;
  •  Ірі компаниялардың мұнай-газ өндіру қызметінің олардың тиімді қызмет етуі жағдайларының төмендеуіне байланысты басқа перспективті аймақтарға ауысуы.

Осы бағыттағы институционалдық қайта құруларды жүзеге асыруға бағытталған құқықтық және экономикалық алғышарттар ұлттық шаруашылық айналымына ұсақ мұнай кен орындарын тартуға, көмірсутектерді өндіруді тұрақтандыруға, жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын ашуға, қорларды қолдану тиімділігін арттыруға, жалпы жаңа кәсіпорындардың сыртқы нарыққа шығу мүмкіндіктерін ұлғайтуға себеп болады.

3.2 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жетілдіру жолдары

Бірлескен кәсіпорынның жемісті қызмет етуі біздің еліміздің және шетелдік инвесторлардың мүдделерінің сәйкес келуіне тәуелді. Бұған бірлескен кәсіпорын қызметін экономикалық және құқықтық ынталандыру тетіктерін күшейту арқылы қол жеткізуге болады. Бұл бағыттағы бағдарлама алдымен қаржылық ынталандырушы тетіктер көмегімен жүзеге асырылады. Яғни тиімді салықтық жағдай бірлескен кәсіпорынның жоғарғы қайтарымдылығын қамтамасыз ете алады.

«Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Пайдалы қазбалар туралы», «Кәсіпорындар мен ұйымдар табысына салық туралы», Салық кодексі, «Өнімді бөлу келісімі туралы» заңдарды, мұнай өндіруші шағын кәсіпорындарды қолдау туралы заңдарды жетілдіріп, қабылдауды талап етеді.

Көптеген мамандар пікірі бойынша «Пайдалы қазбалар учаскелерін қолдануға арнайы салық режимі» туралы Қазақстан Республикасының заңын қабылдау қажет делінеді.

Бүгінгі қазақстандық заңнамаларда әр түрлі көлемдегі өндіруші кәсіпорындар үшін де, әр түрлі өнеркәсіп саласының кәсіпорындары үшін де салық салу жүйесі және салық мөлшерлемелері де бірдей бекітілген.

Екінші бір мәселе – амортизация. Нарықтық экономикадағы елдердің көбінде салық мөлшерлемелерімен қатар амортизация анықталып, бекітіледі. Негізгі қорлардың жаңарып отыруы өндіруші өнеркәсіптің іскерлік белсенділігін арттырады

Қазақстан үшін бірлескен кәсіпорындар сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өніммен шығуға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Бірлескен кәсіпорындардың сыртқы нарықтағы экономикалық қызметін күшейту факторы - Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру.

ДСҰ ережелерінде Қазақстандағы шетел инвесторларын және авторлық құқықты қорғауды қамтитын мәселелер бар. Сонымен қатар еліміз сауда жанжалдарын реттеу және халықаралық сауданың жаңа ережелерін әзірлеу мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады. Ескеретін жайті экономика жалпы алғанда дамығанымен, жеке салалардың артта қалу қаупі де бар. ДСҰ-на кіру алдында ұлттық мүдде мен салалық мүддені ажыратып алу қажет. Салалық мүдде сыртқы нарыққа қол жеткізуді, өндірісті толықтыратын импорттық комплектілер мен шикізатты талап етеді, бірақ сонымен қатар ішкі нарықты бәсекелес өнімді импорттаушылардан да қорғау міндеттеледі. Жеке салалардың қызығушылықтары бір біріне қайшы келіп жататындығы белгілі, әрбір сала өзін бәсекеге қабілетті санайды және қолдауды талап етеді. Ал егер олардың барлығын қорғау өмір сүру деңгейінің төмендеуіне алып келеді.

ДСҰ-на кіру тарифтердің төмендетілуіне байланысты импорттың ұлғайуына және шетелдік инвестиция ағымының төмендеуіне алып келеді деген пікірлер тарап жүр. Керісінше, ДСҰ-на мүше елдерде тікелей инвестиция ағымы өте жоғары және оған кірудің өзі де шетел инвестицияларының өсуімен сипатталады. Мысалы Болгарияда ДСҰ-на  кіргеннен кейінгі жылдары инвестиция ағымы 5 есеге өскен. Қазақстанда инвестициялардың вертикалды типі кең тараған. Бұл тип өндірілген өнімнің реэкспортын  тудырады және импорттық комплектілерді қолдануды сипаттайды. Сондықтан импорттық тарифтерді төмендету оң әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар шетелдік инвестициялардың ағымына тек импорттық тарифтер ғана емес, жергілікті нарыққа  тауарды жеткізудің жиынтық шығындары да әсер етеді.

                                               Қорытынды

Отандық кәсіпкерлікті дамыту 1992 жылдардан бастау алады және күні бүгінге дейін оның интенсивті бағыттарын жетілдіру жолдары ұсынылып, жүзеге асырылып жатыр. Қазақстанның алдыңғы қатарлы елу бәсекелес елдің қатарына енуі де, алдымен ішкі нарықтағы бәсекелестікті күшейтіп, сыртқы нарыққа сенімді түрде жетістікке жете алатын отандық кәсіпкерлердің «таңдаулылары» шығуы тиіс. Ол үшін кәсіпкерліктің меншік, ұйымдық-құқықтық формаларына, қызмет аясына байланысты әр түрінің, яғни кәсіпкерлік инфрақұрылымының жан-жақты дамуы қажет. Отандық кәсіпкерлікте бірлескен кәсіпорындардың маңызы артып келеді. Себебі олар алдыңғы қатарлы технологияны, өндірісті прогрессивті ұйымдастыру, басқару, өткізу тәжірибелерін ендіру, шетелдік капиталды тарту, шетел несиелерін жеңілдікті шарттармен алу, экспортты диверсификациялау, ішкі нарықты толтыру, экспортты ұлғайту, импортты төмендету нәтижесінде жеңіл конверттелетін валюта қорларының өсуін қамтамасыз етуге, өндірістік күштерді интернационализациялау, яғни халықаралық еңбек бөлінісінде артықшылықтарды неғұрлым тиімді пайдалануға, мемлекеттік кәсіпорындарды нарықтан сырғыту, олардың монополиялық мүдделерін жоюда техникалық деңгейі және өнім сапасы бойынша күшті бәсекелес болуға, сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өнімдермен шығуға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыс аясында мемлекетіміздегі мұнай саласындағы бірлескен кәсіпорындар қызметін кеңірек ұғыну және олардың қызмет етуінің даму перспективасын, проблемаларын айқындау мақсатында  «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК қызметіне талдау жасалған болатын, ол мемлекетіміздегі мұнай саласындағы тиімді жұмыс атқарып жатқан кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Бірлескен кәсіпорын қызметіне Қазақстандағы бизнесті жүргізуге тән экономикалық, саяси және әлеуметтік тәуекелдер елеулі әсер етеді. Бұл тәуекелдерге үкімет саясатының нәтижелері, экономикалық жағдайлар, салықтық және құқықтық сферадағы өзгерістер, валюта бағамдарының тербелістері, келісімшарттық құқықтардың жүзеге асу мүмкіндіктері жатады.

Бірлескен кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің мұнай өндіруші компанияларға бекітетін жыл сайынғы экспорттық квотасына тәуелді. Сонымен қатар бүгінгі таңдағы Қазақстандағы экономикалық және саяси жағдай Үкіметтің уақыт өткен сайын отандық мұнай өңдеуші компанияларды экспорттық бағадан әлдеқайда төмен бағалы мұнаймен қамтамасыз ету мақсатындағы мұнай өндіруші компаниялар қызметіне мейлінше әсер етуге тырысуымен сипатталады. 2005 жылы, мысалы, ішкі нарықта сатылған мұнай бағасы экспорттық бағадан жарты құнына төмен болған. Бірлескен кәсіпорын өндірген мұнайдың 98%-і экспортқа шығарылған, яғни жалпы өндірілген 340 986 тонна мұнайдың тек 16 000 тоннасы ішкі нарықта сатылған.

Бірлескен кәсіпорын қызметіне әсер ететін мәселелердің бірі – тасымалдау мәселелері. Кәсіпорын өндірген мұнай Қазақстандық жақтың еншілес компаниясы «ҚазТрансОйл»-ға тиесілі мұнай құбырларымен тасымалданады. «ҚазТрансОйл» мұнайды тасымалдау нарығында монополист болып табылғандықтан, бірлескен кәсіпорынның экспортқа шығаруға мүмкіндігі бар мұнай көлемінің тасымалдау шығындарына елеулі әсер етеді. Соңғы жылдарда «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау компаниясы өзінің тасымалдау тарифтері тұрақтылығын ұстап тұруға күш салып келеді, мысалы биылғы жылы бір тонна мұнайды 1000 шақырымға тасымалдау тарифі 19,5 АҚШ доллары көлемін құрады.

Бірлескен кәсіпорын Қазақстандағы барлық мұнай өндіруші компаниялардан талап етілетін пайдалы қазбаларды пайдалануға байланысты заңдарды және Келісімшартта айқындалған шараларды орындауға міндетті. Жүргізілген аудиторлық бақылау нәтижелері бойынша бірлескен кәсіпорын заң талаптары мен шарттарды орындап жатыр деген қорытындыға келуге болады.

Жалпы кәсіпорын құрылған күнінен бастап 216 357 метр бұрғылау жұмыстарын жүргізіп, 116 барлау және 5 өндіру ұңғыларын тамамдады. 1993-2005 жылдар аралығында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-і 400 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК мемлекетіміздегі мұнай саласындағы тиімді жұмыс атқарып жатқан кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Әр түрлі мұнай өндіруші елдер тәжірибесінде мұнай өндіру саласындағы шағын және орта бизнес – бұл біріншіден, саланың шектен тыс монополизациялануына қарсы әрекет етуші фактор, екіншіден, шағын, рентабельділігі өте төмен, қиын игерілетін қорларға ие кен орындарын игеруге және қалдық мұнай қорларын игеруге әсер етуші негізгі өндірістік күш. Шикізаттық базаның табиғи тозу процесі, максималды көлемде көмірсутектерді алуға кепілдік беретін пайдалы қазбаларды рационалды пайдалануға ұмтылу, жеке мүддені қолдаудағы мемлекет саясаты мұнай өнеркәсібіндегі шағын компаниялардың пайда болуына, даму және өркендеуіне себеп болған факторлар болып табылады.

Көптеген мұнай өндіруші саладағы бизнестің шағын формаларын белсенді дамытып отырған елдердің тәжірибесін талдау және біздің елдің нақты жағдайларына үйлестіре қолдану, олардың қателіктерін, шектеулерін ескеру, отандық заңнаманы оперативті жетілдіру Қазақстанның мұнай-газ секторының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және ескі мұнай- кен орындарының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан мұнай-газ секторындағы институционалдық қайта құрулар мынадай сипатта болуы тиіс:

  •  Ірі интегрцияланған құрылымдардың әлсіреуі барысында жеке аймақтар шеңберінде мұнай-газ секторының ұйымдастырушылық құрылымының дамуы;
  •  Ірі компаниялардың мұнай-газ өндіру қызметінің олардың тиімді қызмет етуі жағдайларының төмендеуіне байланысты басқа перспективті аймақтарға ауысуы.

Осы бағыттағы институционалдық қайта құруларды жүзеге асыруға бағытталған құқықтық және экономикалық алғышарттар ұлттық шаруашылық айналымына ұсақ мұнай кен орындарын тартуға, көмірсутектерді өндіруді тұрақтандыруға, жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын ашуға, қорларды қолдану тиімділігін арттыруға, жалпы жаңа кәсіпорындардың сыртқы нарыққа шығу мүмкіндіктерін ұлғайтуға себеп болады.

Негізгі түйін отандық кәсіпкерлікті дамытудың көздері тиімді құқықтық база, кәсіпкерлер құқықтарын ұлғайту, мемлекеттік бюрократиялық, жемқорлық кедергілерді жою, ақпаратқа, қаржыға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуде екеніне келіп тіреледі.

                      

                            ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1.  ҚР Президентінің 1995 жылдың 2 мамырындағы «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңдық күші бар №2255 Жарлығы (29.12.03 өзгертулер және толықтырулармен);
  2.  ҚР-ның 1998 жылдың 22 сәуіріндегі №220-I «Шектелген және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» заңы (29.12.03 №512-II; 18.03.04 №537-II өзгертулер енгізілген);

3.     «ҚР-дағы пайдалы қазбаларды игеруге байланысты операцияларды жүргізуге контрактілерді бекіту реті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 6 қыркүйектегі №1092 үкімі;

4.     «ҚР-да пайдалы қазбаларды игеру операцияларын жүргізудің модельді контрактісін бекіту туралы» ҚР Президентінің 1997 жылдың 4 наурыздағы Жарлығы;

5. Галумов Э.А «Внешнеэкономическая деятельность предприятия»,М.: Бизнес-школа, 1999 г, 298 с;

6. Әубакіров К. «Экономикалық теория» - Алматы: «Экономика»,  1998 ж, 317б;

7. Бусыгин А.В. Предпринимательство. Основной курс. М.: «Экономика», 1994 ж, 403c;

8. Гайнутдинов Э.М. «Основы предпринимательства», Минск: «Высшая школа», 2000 ж, 489 с;

9. Горфинкель В.Я. «Предпринимательство», М.: «Банки и биржи», 1999 ж, 377с;

10. Панкратов Р.Г. Коммерческая деятельность. М.: ИВЦ «Маркетинг», 1996 ж, 287с;

11. Кантарбаева А.С. «Предпринимательство, институциональный  и эволюционный подход», Алматы: «Раритет», 2000 ж, 348с;

12. Сборник «Предпринимательство и право», Алматы: «БИКО»,    2003 ж;

  1.  ҚР Үкіметі және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК арасындағы МГ№42 /23.02.1995/ рұқсатқағазы (лицензия) бойынша мұнайды барлау, әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу және өткізу Келісімі /31.05.1995/;

14. МГ№307 рұқсатқағазы бойынша /26.12.1995/ Оңтүстік Қаратөбе кен орнындағы көмірсутекті шикізатты барлау және өңдеу Келісімшарты /18.05.1999/;

15. ЖШС БК Жарғысы;

16. 2002-2005 жылдардағы бірлескен кәсіпорынның Бірлескен шотының есебі;

17. «KPMG Janat LLC» тәуелсіз аудиторлық компаниясының есебі;

18. Н.Н.Селезнева, А.Ф.Ионова: Финансовый анализ. Управление финансами. –М: ЮНИТИ – ДАНА, 2006.

19. Джонсон Д. Международный нефтяной бизнес, налоговые системы и СРП.: ЗАО «Олимп-бизнес», 2000г, 357 c.

PAGE   \* MERGEFORMAT1




1. А. ока сферична ~ спотворене зображення на сітківці внаслідок недосконалості оптичної системи кришталика;.html
2. х годов и двух мировых войн произошел своего рода естественный отбор компаний
3. темами размещёнными на стенах по рамам окон и дверных коробок или другим образом.html
4. так называемых и качественных
5. Разработка технологического процесса на изготовление детали «Вал»
6. Советы мастера производственного обучения
7. Конституциональная психология Кречмера и Шелдона
8. 1к-в пр.тов.обращении Ав5я-Н
9. Реферат- Учет импортных операций.html
10. Или их собственный День Рождения потому что все им дарят подарки поздровляют
11. Семейное воспитание в наследии ЯА Коменского
12. Реклама Методы воздействия на аудитори
13. 80 слов Чувство Родины прорастает как все большое из малого зернышка
14. Тема 2 История государства и права Древнего Египта [2] Тема 3
15. Тема ’ 30 Ежегодные дополнительные оплачиваемые отпуска Выполнил- Ст.html
16.  Общая часть 5 1
17. Билеты по философии
18. Введение Автомобильный транспорт России представляет собой наиболее гибкий и массовый вид транспорта
19. Тема 18. Авторитарный политический режим
20. выделил пятый индустриальный технологический уклад 19902040 гг